This resolution is not supported.
СЫРТҚЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлық, қалыптасқан қағидаларға, прагматизмге, өзара пайдаға және елдiң ұлт мүдделерiнiң қорғауға негізделген.

Қазақстан әлемнiң барлық мемлекеттерiнің теңдiгiн, өзара мүдделерімен санасуды, бiр-бiрiнің iшкi істеріне араласпауды, сонымен бiрге, халықаралық мәселелер мен келіспеушіліктерді халықаралық құқық және БҰҰ Жарлығы негізінде ұжыммен, бейбіт түрде шешуді қолдайды.
Мемлекеттiң сыртқы саяси қызметiнiң басымдықтары 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасында бекітілген.
Отандық дипломатияның мақсаты мен мiндеттері, қағидаларына негізделген бұл құжат 2014 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Республика Президентінiң жарлығымен бекітілген.
Сыртқы саясат тұжырымдамасында Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдылықтарын ерекшелеуге болады:
1) ұлттық қауiпсiздiкті, қорғаныс қабiлетiн, егемендiкті, елдi аумақтық тұтастығын барынша қамтамасыз ету;
2) бейбітшілікті, өңірлік және ғаламдық қауiпсiздiктi күшейту;
3) орнықты позицияларды қамтамасыз ету және әлемдiк қоғамдастықта мемлекеттiң жағымды бейнесін қалыптастыру;
4) Бiрiккен Ұлттар Ұйымы негізінде әділ және демократиялық халықаралық тәртіп орнату;
5) аймақтық және халықаралық жүйедегі сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі ілгерілету;
6) “Қазақстан – 2050” стратегиясын табысты iске асыруы үшiн қолайлы сыртқы шарттарды жасау, халықтың жағдайын жақсарту, ұлтаралық келісім мен бiрлiкті сақтау, құқықтық мемлекетті, демократиялық институттарды күшейту, адам құқығы мен бостандығын кепілдендіру;
7) индустриалды-технологиялық дамуға, ұлттық экономиканың бәсекелестiкке қабiлеттілігін жоғарылатуға жәрдемдесу;
8) әлемнiң 30 дамыған мемлекеттерi қатарына кіруге деңгейлі өту;
9) ұлттық-мәдени ерекшелікті сақтау және мемлекеттiң одан әрi дамуында өз жолынан таймау;
10) шетелде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, жеке, отбасылық және іскерлік қызығушылықтарын қорғау;
11) шетелде қазақ диаспорасы мен қазақ тілін қолдау.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негiзгi басымдылықтары:
1. Қазақстан саяси тұрақтылығымен, экономикалық орнықтылығымен Орталық Азия дамуында қауіпсіздігімен белгілі.
2. Қазақстан Еуразия кеңістігінде интеграциялану үдерістерiнiң дамуы бойынша жұмысын бiртiндеп жалғастырып келеді.
3. Қазақстан мемлекеттiк шекараны халықаралық-құқықтық ресiмдеу бойынша, сонымен бiрге, Каспий теңiзінің құқықтық мәртебесін анықтауға, халықаралық құқық нормалары мен негізгі қағидалар негізінде жағадағы мемлекеттер арасындағы тұрақты достық қатынастарды нығайтуға күш салады.
4. Қазақстан мүше болып табылатын ірі халықаралық ұйымдар мен форумдар - БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі және т.б.
5. Қазақстан өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға барынша ұмтылып келеді.
6. Сыртқы экономикалық саясаттың басымдылықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан аймақтық және халықаралық интеграциялану үдерістерiне қатысады, алдыңғы технологиялар мен инвестицияларды тарту үшiн халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді, халықаралық экономикалық ұйымдар мен қаржы институттарына елдiң толық құқықты қатысуын қамтамасыз етеді.
7. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен ғаламдық климатты сақтауға баса назар аударады.
8. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаттың гуманитарлық дамуына да баса назар аударады.
9. Қазақстан парламенттiк дипломатияның әлеуетін парламентаралық құрылым шеңберінде және әлем елдерінің тиісті парламентаралық одақтарымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуы үшін екi жақты формада пайдаланады.
10. Қазақстан негiзгi халықаралық мәселелер бойынша өзінің позициясы, сыртқы саяси бастамалары, мемлекеттің саяси, әлеуметтiк-экономикалық, мәдени-гуманитарлық дамуы туралы әлемдiгi жұртшылыққа дер кезінде және толық ақпарат беруді жүзеге асырады.

Құжаттың толық нұсқасымен www.mfa.gov.kz сiлтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Министрлiгiнiң ресми сайтында танысуға болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Қазақстан XXI ғасырда әлемдiк қоғамдастықтың толық құқылы және лайықты қатысушысы болып табылады. Олар елімізді тұрақты серіктес ретінде қабылдап, жергілікті және ғаламдық кеңістіктегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күшімізді мойындайды.
Бұл нәтиже көп күш пен толассыз жұмысты талап етті. 1990 жылдардың басында КССО ыдырау кезінде Қазақстанның жағдайы тіпті басқаша болатын. Қазақстанның дербес сыртқы саясатының алғышарттары егемендiкпен бiрге қалыптасты.
1990 жылы 25 қазанда Кеңес Одағы құрамындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі елді халықаралық құқықтың субъектісі ретінде анықтаған “Мемлекеттiк егемендiк туралы” декларация қабылдады. Бұл тарихи құжатта былайша жарияланды: “Қазақ КСР-ы халықаралық қатынастарда дербес субъектi ретінде пікір білдіруге, өз мүдделеріне байланысты сыртқы саясатты анықтауға, дипломатиялық және консулдық өкiлдермен қатынас орнатуға, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысуға құқылы”.
Қысқа тарихи мерзiм ішінде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясат саласында елеулi жетiстiктерге жетті: Қазақстанның тәуелсiздiгi 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланып, оны әлемнiң бүкіл елдерi мен халықаралық ұйымдары мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасып, әлемдiк қоғамдастық алдында елдiң абыройы өстi.
Қазақстанның сыртқы саясаты бастапқыда ғаламдық және жергілікті әлемдiк нарықтың тербелісі кезінде елдiң нақты тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған байсалды, прагматикалық қағидаларға сай қалыптасты.
Қалыптасу кезеңiнде сыртқы саясат жан-жақты геополитикалық факторларды (әлемдiк iрi мемлекеттермен көршiлiк - Ресеймен және Қытаймен, АҚШ-тың ғаламдық рөлі, Еуропа одақтарындағы үдерістер), транзиттiк жағдайымызды, теңіз қатынасына тікелей шыға алмайтындығын ескерді. Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан елдің геополитикалық ерекшелігі көпвекторлы сыртқы саясатты нығайтуға, әр түрлi елдермен өзара тиiмдi қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан қазіргі таңда 174 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан. Елде халықаралық ұйымдардың 68 өкілдіктері мен елшіліктері тіркелген. Қазақстан әлемнің 100-ден аса елдерінде дипломатиялық өкiлдiкке ие және 150-ден аса халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады. Бұл көрсеткiштер әлі де артып келеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

Тәуелсiздiк алған бірінші күннен бастап Қазақстан ұлт мүдделерiне жауап беретін және іс жүзінде пайда әкелетін өңірлік және халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы 150 халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады.
Олардың қызметтері шеңберінде Қазақстан өзінің басты міндеттерін белгілейді:
1) еліміздің ұлттық мүдделерiмен санасуды қамтамасыз ету, аймақтық және ғаламдық сипаттағы шешімдерді қабылдауға қатысу;
2) аймақтық және ғаламдық қауiпсiздiктi нығайту бойынша халықаралық күштерге қатысып, үлес қосу;
3) отандық бастамаларды iлгерiлету;
4) әлемдегі қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өңірлік және халықаралық ұйымдар мен форумдардың арасында ынтымақтастықтың пайдалы да ұтымды формасын анықтау;
5) жұмыстың тиiмдiлiгін жоғарылату мақсатында өңірлік және халықаралық ұйымдардың саяси-құқықты, ұйымдастыру-әкiмшiлiк қызметтерін жүзеге асыру.

Қазақстан мүше болып табылатын ірі халықаралық ұйымдар мен форумдар - БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі және т.б.

Қазақстан 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүше болды. Қазіргі таңда БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелерiнің, БҰҰ екі аймақтық комиссияның (ЭСКАТО мен ЕЭК) мүшесі және ЭКОСОС функционалдық комиссиялар мүшелігіне сайланып тұрады. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ жүйесіне кіретін көптеген басқа да ұйымдардың мүшесі.
2013-2015 жылдары Қазақстан адам құқығы бойынша БҰҰ Кеңесінiң мүшеcі болды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ресми түрде 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК-не тұрақсыз мүше болуға өз кандидатурасын ұсынды.
1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ мүшесі болып, 1999 жылы Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды. 2010 жылы Қазақстанның төрағалығымен ЕҚЫҰ Саммиті ұйымдастырылды. 11 жылдық үзілістен кейін өткізіліп тұрған Саммитке ЕҚЫҰ басшылары қатысты. Шараның қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданды. Бұл отандық дипломаттар үшін елеулi жетiстiк болды.
Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті ұйым үшін елеулі оқиға болды. Онда жаңа жағдайларда оның қауiпсiздiк мәселелері бойынша абыройы мен қажеттілігі айқындалды.
ЕҚЫҰ Саммитін өткізгеннен кейін келесі жылы Қазақстан 1995 жылы мүше болған Ислам Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы болды. Осы ұйыммен байланыстың дамуы - мұсылман елдермен қатынастардың одан әрi күшеюіне, платформаның кеңеюіне, сыртқы саяси бастамаларды iлгерiлеуіне, ҚР экономикасына қаржы ресурстарын тартуға, ислам әлемінің саяси, экономикалық, мәдени процестерiне қатысуға мүмкіндік туғызды.
ИҰЫ-на Қазақстанның төрағалық етуі азық-түлiк қауiпсiздiгi жүйесін жасауға бастама болды. 2014 жылы Қазақстан ИЫҰ азық-түлiк қауiпсiздiгi бойынша Астанадағы штаб-пәтермен Ислам Ұйымының Жарғысын бекiттi. Қазіргі таңда жаңа ұйымды құру үдерісi жүріп жатыр.
1992 жылы 5 қазанда ҚР Президенті Н. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Азиядағы өзара iс-қимыл мен сенiм бойынша мәжiлiс құру туралы бастама жасады. Бұл қызметтің мақсаты мен бағыты - Азиядағы тұрақтылық пен қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты көзқарастарды қарастыру арқылы ынтымақтастықты күшейту.
Бұл ұйымға қазіргі таңда 26 мемлекет кiредi –Ауғанстан, Әзiрбайжан, Бангладеш, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Корея Республикасы, Қатар, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Мысыр, Палестина, Пәкiстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжiкстан, Таиланд, Түркия, Үндiстан. Тағы 8 мемлекет – АҚШ, Беларусь, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филиппин, Шри-Ланка - бақылаушылар ретiнде қатысады.
Қазақстан Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінде белсендi жұмыс iстейдi. Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесін жасау туралы келiсiм ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2009 жылы 3 қазанда Нахчыван (Әзiрбайжан) қаласында түркітілдес мемлекеттер Басшыларының 9-шы Саммитінде бекітілді. Бұл құжатты бекіту халықаралық ұйымды жасауға, түркітілді елдер арасындағы ынтымақтастықты жетiлдіруге және түркі халықтарының бiрiгуіне негiз болды.
Қазақстан, сонымен бiрге, түркітілді халықтар арасында рухани байланысты жандандыру мақсатында 2008 жылы құрылған “Түркітілді мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы” халықаралық ұйымына мүше болды және 1993 жылы құрылған Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымына кірді. Ұйымның негiзгi қызметi мүше елдердің арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың толық тiзiмімен www.mfa.gov.kz сiлтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми сайтында толығырақ танысуға болады.

ЖАХАНДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Келiсiмге келу, аймақтық және ғаламдық қауiпсiздiкті сақтау – Қазақстан сыртқы саясатының өзегi, отандық дипломатияның iргетасы болып табылады және бұған оның халықаралық бастамалары негізделген.
500-ге тарта ядродық сынақты басынан кешірген мемлекет ретінде, 1991 жылдың 29 тамызында, КСРО кезінде, Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл әлемдiк тарихта халық қалауы бойынша ядролық полигонның бірінші жабылуы болды. Он сегіз жылдан кейін 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп бекітті.
КСРО ыдырау кезеңінде Қазақстан әлемде төртiншi ең iрi ядролық мемлекет болды, алайда ол ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, тиісті өндiрiстiң және Қазақстандық жерде ядролық қарудың сынақтарын өткізудің инфрақұрылымын жойды.
2009 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті планетаның солтүстiк жартышарында ядролық қарудан еркін бiрiншi аймақты құрды. Келiсiмге Семей қаласында қол қойылды. «Ядролық бестiк» елдері бұл Келісімге кепілдіктер туралы Хаттамаға қол қойып, ортаазиялық бес мемлекетке қарсы күш қолданбауды өз жауапкершіліктеріне алды.
Қазақстан ядролық қарудан толық бас тарту мен жаппай қарусыздану ғана - ғаламдық қауiпсiздiктiң негiзгi шарты екендігіне сенімді.
2012 жылы 29 тамызда Қазақстан АТОМ Жобасына бастамашылық еттi. Оның мақсаты - қоршаған орта мен барлық адам баласы үшiн зиянды ядролық қару сынақтарының зардаптары туралы жұртшылықты түсiнiктi ақпаратпен қамтамасыз ету.
АТОМ Жобасы ядролық қару сынақтарының тоқтатылуы жолында бірігу үшін дүние жүзi азаматтарының назарын аудару арқылы нақты өзгерiстерге мүмкiндiк туғызуға және әлемдiк көшбасшыларға адамның және барлық әлемнің ядролық қарусыз өмір сүруіне құқылы екендігін жеткізуге ұмтылады.
Жердегі кез келген адам ядролық қарудың күшiн жоюға арналған қозғалысқа өз үлесін қоса алады. Қазіргі таңда дүние жүзiнен 210 мыңнан астам адам АТОМ Жобасын қолдап, тиiстi петицияға қол қойған.
2015 жылы 27 тамызда Қазақстанның аумағында, нақтырақ айтқанда Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытында, Атом энерегиясы бойынша халықаралық агенттіктің (АЭХА / МАГАТЭ) Төмен байытылған уран банкін құру туралы Келiсiмге қол қойылды. Бұл жоба ғаламдық деңгейде ядролық қауiпсiздiктi күшейтуге үлкен үлес қосты.
Сонымен бiрге, 2015 жылы Аустрияның астанасы, Вена қаласында иран ядролық бағдарламаға қатысты түсіністік орнады. Бұл ғаламдық ядролық қауiпсiздiк саласындағы жетістікте Қазақстанның да үлесі бар – 2013 жылы Алматыда ирандық ядролық бағдарлама бойынша келiссөздер жүргізілді. Осы келіссөз екі жақтын арасында сенiм атмосферасын орнатуға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан адамзатты бiртiндеп бейбітшілік және қауiпсiздiк аймағына айналдыруға шақырып келеді. Бұл саладағы маңызды бастамалар - бейбітшілік жолындағы, ядролық қарудан азат, ғаламдық ядролық қаруға қарсы жұмыс туралы БҰҰ шеңберінде қабылданған Декларациялар. 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген Президент Н. Назарбаев 2045 жылға - БҰҰ-ның 100-жылдығына дейін ядролық қарудан бас қартқан әлемді құруға шақырды.
Аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттарының бiрi - терроршылдыққа ымырасыз қарсы әрекет болып табылады. Қазақстан барлық формадағы терроршылдықты жазалайды және әлемдiк қоғамдастықтың осы бағыттағы күреске ұжымдық күштерді қабылдауын қолдайды.
Қазақстан БҰҰ-ның талаптарын бұжытпай орындайды және БҰҰ-ның терроршылдықты бақылау Комитетіне атқарылған жұмыс туралы жыл сайын Ұлттық баяндама жасайды. Халықаралық терроршылдықты бақылау коалициясын жасауды қолдап, қызметіне белсенді қатысты. Қазақстан терроршылдықпен күрес бойынша он төрт халықаралық әмбебап ұйымдарға қосылды. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық терроршылдықпен күресте халықаралық нормалармен сәйкес iске асырылуы керек деп есептейді. Сонымен бiрге, болашақта да халықаралық терроршылдықпен күрес туралы келіссөздерді қолдайтын болады.
Қазақстан аумағында террорлық сипаттағы ұйымдар мен қызметтерге тыйым салынған.
Халықаралық терроршылдықпен және экстремизммен күрес кезінде мемлекеттер арасындағы барлық деңгейдегі (ғаламдық, аймақтық, екі жақты) іс-әрекеттердің түсіне келе, еліміз осы салада халықаралық және мемлекетаралық келiсiмдерге қол қойған.
Қазақстан iс жүзiнде терроршылдықпен күрес бойынша халықаралық қоғамдастықты қолдайды және өзара iс-қимыл мен жан-жақты ынтымақтастықты жетілдіреді.

ВИЗА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының елшілігінде визаны рәсiмдеу керек.
Дегенмен, кейбір мемлекеттердің азаматтарына қысқа мерзiмге келу үшін визаларды рәсiмдеу қажет етілмейді:

90 күнге дейін:
Армения
Әзірбайжан
Беларусь
Грузия
Қырғыз Республикасы
Молдова
Моңғолия
Ресей
Украина

30 күнге дейін:
Аргентина
Корей Республикасы
Өзбекстан
Тәжікстан
Түркия

15 күнге дейін:
Австралия
Америка Құрама Штаттары
Бельгия
Біріккен Араб Әмірліктері
Германия
Жапония
Испания
Италия
Мажарстан
Малайзия
Монако
Нидерланд
Норвегия
Сингапур
Ұлыбритания
Финляндия
Франция
Швеция
Швейцария

Виза алуға байланысты толығырақ мәліметті Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сайтынан немесе Қазақстан елшіліктерінен білуге болады.