This resolution is not supported.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстанның экономикасы – Орталық Азиядағы ең iрi экономика және ТМД кеңістігінде екiншi экономика.
Экономикалық өнімнің негiзгi көздері - мұнай, металл, минералдарды өндіру. Алайда соңғы жылдары машина жасау мен бағасы жоғары тауарларды шығаратын өңдеу өнеркәсiптерінің де маңызы артып келеді.
1991 жылы тәуелсiздiгін алғаннан кейiн Қазақстан командалық-жоспарлы жүйеден дамушы нарықтық экономикаға сәтті өтіп, Орталық Азия аумағында мойындалған экономикалық көшбасшы болды.
1999 жылдан бастап Қазақстанның орташа жылдық ЖІӨ-і 7,4 % құрап, алдыңғы қатарлы дамушы елдердің көрсеткіштерін басып озды. Осылайша тәуелсiздiктiң соңғы 20 жылында Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіші 13 есе, өнеркәсiптiк өнiм көлемi 26 есе, ал нақты көрсеткiш 2,7 есеге өсті.
2014 жылы Елдiң ЖІӨ-і 4,3 % өсіп, 227 млрд. АҚШ долларына жетті.

Сонымен қоса, қысқа тарихи мерзiмде адам басына шаққандағы ЖІӨ 17,9 есе өскен, 1993 жылы 696,2 АҚШ доллары болса, 2014 жылы 12 495,6 АҚШ долларын құраған.
Елдің алтынвалюта резервтерi 2015 жылдың 1-қаңтарында 102,5 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 73,6 млрд. доллары Ұлттық қорға тиесілі.
KASE қазақстандық биржадағы сауда көлемі 2014 жылы 260 млрд. АҚШ долларын құраса, бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 % артқан.
Елдiң қаржы секторы бұдан әрi де Президент Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарын iске асыру шеңберiнде дами береді. Бұл жоспарда «ЭКСПО 2017» инфрақұрылымының базасында оған арнайы мәртебе беру арқылы Астанада халықаралық қаржы орталығын жасау (AIFC) міндеттелген. Және де тәуелсiздiк тарихында алғашқы рет қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесі Конституцияда бекiтiлетін болады.
Қаржы орталығының дербестігі жеке тәуелсіз сот жүйесінің жасалуымен бекітіледі, ол ағылшын құқығы қағидаларына сай қалыптасады. Және сот корпусы шетелдiк мамандардан құралған. Либералды салық режимiнiң орталығына қаржы нарығын жасау мүмкiндігін енгізу ескерілген. Инвестициялық резиденттіктің қағидасын енгiзуi белгiленген, яғни орталықтың қызметкерлерi үшiн 5 жылдық мерзiмге визасыз режим жасалады. Бұдан басқа, ағылшын тiлi Астананың қаржы орталығының аумағында ресми тіл болып белгіленеді.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 119,5 млрд. долларды құрады. Экспорт – 78,3 млрд. АҚШ доллары. Импорт – 41,2 млрд. АҚШ доллары.
Қазақстан көлiк-логистикалық инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөледi. Бұл бағытқа «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолын салу, Қытаймен шекарадағы «Хоргос» «құрғақ портын» дамыту жәте басқа да жұмыстар арналған. 2014 жылдан бастап Қазақстан теңiз портына Қазақстан-Түркіменстан-Иран темiр жолы арқылы жететін жолмен қамтамасыз етілген. (қараңыз 6б2б)
2015 жылы Қазақстан Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру бойынша келiссөздi аяқтады, енді жыл соңына дейін БСҰ-ның 162-мүшесі болуы керек.
Қазақстанның жалпы iшкi өнiмiнің құрылымы келесi түрде көрсетілген:
1. Өңдеу өнеркәсібі – 10,3%;
2. Тау-кен өнеркәсібі – 15,7%;
3. Ауыл шаруашылық– 4,2%;
4. Құрылыс – 6,4%;
5. Сауда– 16,2%;
6. Көлік және байланыс – 10,4%;
7. Басқа қызметтер – 35,5%.
Дереккөз – Қазақстанның дамуы банкі.

Дәстүрлі түрде елде ауыл шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлінеді. Қазақстан әлемдегі астықты экспорттайтын елдердің алдыңғы ондығына кіреді және ұнды экспорттау бойынша жетекші орын алады. Өнеркәсiптiк өндiрiстің үлесі Қазақстан экономикасында ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін құрайды.
Қазақстанда қолайлы инвестициялық климатты күшейту - табысты дамудың кепiлі болып табылады. Бұл мәселеге мемлекет баса назар аударуда. Қазақстан бес iрi экономикалық аудандардан тұрады:
Солтүстiк Қазақстан – астық шаруашылығы, темір және тас көмiр кен өндіру, машина жасау, мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi, энергетика.
Шығыс Қазақстан – түстi металлургия, энергетика, орман шаруашылығы және машина жасау.
Батыс Қазақстан – мұнай және газды шығару, өңдеу, машина жасау, хром шығару, өңдеу, Каспий теңізіндегі теңiз тасымалы, мал шаруашылығы.
Орталық Қазақстан – қара және түстi металлургия, машина жасау, мал шаруашылығы.
Оңтүстік Қазақстан – түстi металлургия, құрал жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсiбi – мақта, күрiш, жүн, дән, жемiстер, көкөнiстер, жүзiм.

Өндіріс секторы ерекше орын алады, себебі ғалым-геологтардың бағалауына сәйкес, табиғи қорлардың мөлшерi бойынша Қазақстан әлемде 6-орынды алады. Химиялық элементтер кестесіндегі 110 элементтің 99-ы Қазақстанның жер қойнауында анықталған. Олардың 70-і барланған және 60-ы пайдаланылуда. Елдiң минералды-шикізат базасы 5004 кен орындарынан тұрады, бұның болжалды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан әлемнің жетекші мұнай өндіруші елдерінің қатарына жатады. Мұнай өндiру көлемi шамамен бір жылға 80 млн. тонна мұнай мен газ конденсаттарын құрайды. Елде 200-ден аса мұнай және газ кеніштері бар, өндірілетін мұнайдың қоры - 5,4 миллиард тонна. Бұнымен қоса, Қашаған кенішін пайдалануға берілгеннен кейін, 2020 жылға қарай жылдық өнімді 100 млн.тоннаға дейін көтеру жоспарлануда.
Қазақстан пайдалы қазбалары бойынша әлемді келесі орындарды иеленеді: бiрiншi -мырыш, вольфрам, барит қоры бойынша, екiншi – күмiс, қорғасын, хромит бойынша, үшiншi – флюорит және мыс бойынша, төртiншi – молибден бойынша, алтыншы – алтын бойынша, жетiншi – темiр кенінiң жалпы қорлары бойынша.
Қазақстанда алтынның шамамен 300 кен орны бар деп болжанады, олардың 173-і толық барланған. Бұдан бөлек, шыны және фарфор-фаянстік өнеркәсiпке арналған шикізат ресурстарына бай: сирек кездесетін ғауhарлар, түрлi құрылыс материалдары және қаптайтын материалдар.
Қазақстан ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес, бизнес-климатты белсенді дамытып келеді. 2015 жылдың 30-қыркүйегінде жарияланған Бүкiләлемдiк экономикалық форумның (БЭФ) ғаламдық бәсекелестiкке қабiлеттілік туралы жылдық Есебінде Қазақстан 4,5 орташа баллмен 42-орынды алып, өз позициясын 8 тармақта жақсартқан. Қазақстанда дамыған елдермен бір топта, бұл жерде, дамуда, инновациялық даму мен тиiмдiлiк факторлары басты рөл ойнайды.

«Doing Business-2015» Бүкiләлемдiк банк рейтингiсінің нәтижесі бойынша, 189 елдiң арасында Қазақстан 77-орынды алған, жеке көрсеткіштен бойынша: "Инвесторларды қорғау"– 25-орын, "Салық" – 17-орын, "Меншiктi тiркеу" – 14-орын.
Ғаламдық инновациялық индекс -2014-те Қазақстан алдыңғы жыл нәтижелерімен салыстырғанда өз позициясын 5 тармақта жақсартып, әлемнің 143 елінің ішінен 79-орынды алған.
2014 жылы Лозанна қаласындағы Басқарушы дамудың Халықаралық институты өткізген әлемдiгi бәсекелестiкке қабiлеттiлік рейтингісінде Қазақстан 60 елдің ішінен 32-орынды алып, өз позицияларын 2 тармақта жақсартқан. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына АҚШ, Швейцария және Сингапур мемлекеттері кірді.
"Сыртқы инвестициялар" (20, +9 позициялар), "Iшкi экономика" (28, +9) және "Бағалар" (39, +6) субфакторлары бойынша ілгерілеушілік байқалады.
Қазiргi Қазақстан – бұл экономикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет, оның құрылымында өнеркәсіп секторы жетекші орын алады. Тиiмдi географиялық жағдай, пайдалы қазбалар байлығы, саяси тұрақтылық, жұмысшы күшінің сауаттылығы көп уақытта әлемдiк экономикалық жүйеде Қазақстанның табысты дамуына жол ашады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаларды іске асыру шеңберінде, диверсификациялау және индустрияландырудың негiзiнде елдiң экономикалық дамуының жаңа кезеңiн iске қосу жоспарланады.

СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстан сыртқы сауда-саттық мәселесінде ашық әрі тең құқықтық қатынастарды ұстанады, қазіргі таңға дейін 200-ге жуық елмен өзара тиімді сауда қатынастарын орнатып келеді.
2014 жылы Қазақстандағы сыртқы сауда-саттық айналымы 119,5 млрд. доллардан асты. Экспорт – 78,3 млрд. АҚШ долларын, импорт 41,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда-саттықтағы негізгі серіктестеріне мына елдер кіреді:
Қазақстандық өнім экспортының негізі бағыттары: Италия (16,1 млрд. АҚШ доллары), Қытай (9,8), Нидерланд (8,7), Ресей (5,2), Франция (4,7), Швейцария (4,5).
Қазақстанға кіретін импорттың шығу тегі: Ресей (13,7 млрд. АҚШ доллары), Қытай (7,4), Германия (2,3), АҚШ (2,0).

Қазақстан экспортының негізін мұнай мен газ (77,6 %), металдар мен одан жасалатын бұйымдар (8,3 %), пластмассалар мен каучукты қосқандағы химиялық және соған қатысты өнеркәсіп салаларындағы %), жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен алынатын өнімдер, дайын сауда өнімдері (3,4 %), көліктер мен құрал-жабдықтар, құрылғылар мен аппараттар (1,6 %) құрайды.
Қазіргі уақытта жалпы ұлттық өнімнің жиырма пайызға жуығы экспорт арқылы жүзеге асады. Ол елдің ішкі экономикасындағы бірінші кезектегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін негізгі көзі болып табылады. Көп жағдайда экспорттың ахуалы Қазақстанның әлемдік экономикаға ену үдерісін анықтайды.
Заманауи экспорт сыртқы экономикалық қатынастардың либерализациялануы негізінде дамиды. Оның көлемі, ассортименті мен географиялық ауқымы үнемі өсіп отырады. Қазақстан экспортын халықаралық сауда-экономикалық байланыстардың түрлі формалары арқылы жүзеге асады. Осылайша, Қазақстанның дүниежүзі шаруашылығына тереңдей енуіне қарай оның жаһандық саудадағы орны айқындала түседі.
Қазақстан импорты құрылымында басты орынды көліктер мен құрал-жабдықтар, транспорттық құрал-жабдықтар, химиялық өнімдер мен соған қатысты өнеркәсіп саласының өнімдері (14,0 %), жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен алынатын өнімдер, дайын сауда өнімдері (10,5%), тігін және тігін бұйымдары (3,5 %)көліктер мен құрал-жабдықтар, құрылғылар мен аппараттар (1,6 %) алады.
Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан әрі түрлі мәдениеттер мен сауда жолдарының тоғысында табан тіреген мемлекет ретінде Қазақстан үшін экономикалық интеграциялық үдерістерге атсалысу өте маңызды. 2010 жылы Кедендік одақ, ал 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрылған болатын, соның арқасында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сынды одақ құрамындағы елдер бірыңғай сыртқы сауда саясатын жүргізіп, бірыңғай кедендік тарифтік, тарифтік емес реттеуді қолданады. Сонымен қатар, 2015 жылдың мамыр айында ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісім бекітілген болатын.
Қазақстан ЕАЭО құрамындағы басқа да мемлекеттермен бірігіп Жаңа Зеландиямен және Еуропалық еркін сауда ассоциациядағы (ЕСЕА) Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн сынды елдермен келіссөздер жүргізеді.

Еуразия континентінің жүрегінде орналасқан мемлекетіміз үшін заманауи көлік инфраструктурасының дамуы өте маңызды. Еліміздегі үлкен жобалардың бірі – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы осыған бағытталған жоба. Бағдарлама аясында Қазақстанның жаңа транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды қайтадан құрып, оны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Теңізге шығатын жолы жоқ әлемнің ең үлкен ел ретінде Қазақстанда сыртқы сауда-саттықты көлікпен жабдықтауда қиындықтар бар. Осы орайда 2014 жылы Қазақстаннан Түркіменстан арқылы Иранға, Парсы шығанағының жағасындағы теңіз айлағына барар теміржол желісінің ашылуы үлкен рөл атқарады.
Бұл жоба Қазақстанды Парсы шығанағы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс елдерімен байланыстыратын қосымша жолдарды жасады әрі транзиттік жүк және жолаушылар тасымалын көлемін арттыруға мүмкіндік береді, тасымалға жұмсалатын шығынды қысқартады, саяхатқа кететін уақытты үнемдейді және жол торабы басып өтетін қалалардағы көлік қозғалысының артуы мен ауыл-аймақтарға жетудің оңай болуы арқылы экономикалық өсімді көтереді.
2014 жылы Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері темір жол торабын ашты.
Еуразия континентінің көптеген мемлекеттеріне, ірі көлік тораптары мен терминалдарға жол ашатын Еуропалық және Азиялық автокөлік жолдарының аймақтық жүйелеріне белсенді интеграциялау үдерісі жүріп жатыр.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық көлік жолы дәлізі аса маңызды жобалардың бірі болып табылады.
2016 жылы қолданысқа берілетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік жолы дәлізінің Қазақстандағы бөлігінің құрылысы аяқталып келеді. Дәліздің 8 445 км-ді құрайтын жалпы ұзындығының қазақстандық бөлігі 2 787 км. Бұл жоба «Жаңа Жібек жолы» деп аталады (линк на раздел ВелШелкПуть).
Жобаның осыған ұқсас өзге дәліздерден (Транссиб көлік жолы, Суэц каналы арқылы өтетін теңіз жолынан) артықшылығы жолға кететін уақыттың аздығы мен жол ұзындығы. Егер теңіз дәлізін қолданғанда, жол жүру уақыты 45 тәулікке дейін, «Транссиб» арқылы 14 тәулікке дейін жететін болса, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі арқылы Ляньюньгань қытай портынан Еуропа мемлекеттерінің шекараларына дейінгі уақыт 10 тәулікті құрайды. Бұл шаралардың барлығы ел экономикасының өсуін қамтамассыз ету үшін әрі халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін Қазақстанның өзге елдермен және аймақтармен сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға бағытталған.
2015 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді сәтті аяқтады және жылдың аяғында ұйымның 162-ші мүшесі болып қосылды. Сонымен бірге, бүгінгі күні Қазақстан – Еуропалық Одақпен 2015 жылдың желтоқсанында тереңдетілген серкітестік пен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қою арқылы қарым-қатынастардың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.
Қолайлы географиялық аумағы, елдегі табиғи ресурстар қоры беретін артықшылықтарына орай экономиканың өсу әлеуетін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан дүниежүзілік нарықпен байланысын тереңдетіп, жетілдіруде.

ЭНЕРГЕТИКА

Қазақстанның мұнай-газ секторының дамуы 2014-2018 жылдарда мұнай-газ секторының дамуы бойынша кешенді жоспарына сай жүзеге асырылуда. Ол өзіне сол саланың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті белсенді аспектілерін қамтамасыз етеді. Барлық мұнайгаз процестерінің негізінде, яғни геологиядан бастап мұнайды өңдеуге дейін, алдыңғы қатарлы ғылыми-инновациялық зерттеулер мен жоғары деңгейдегі автоматтандыру жүйесі қарастырылады.

Қазақстанда бірнеше ірі мұнай шығатын орындар бар, олардың әр қайсысының қоры 1 млрд. тонна мұнай эквивалентін құрайды – біріншіден, ол Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Қашаған – соңғы 40 жылда ашылған кен орындарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Оның қоры 38 млрд. баррель, ал алынатыны – 11 млрд. баррель болып табылады. Сонымен қатар табиғи газ қоры да жеткілікті (1 трлн. кубометр).
Қазақстанның мұнай саласындағы дүниежүзілік қауымдастықты қызықтырған алдыңғы қатарлы жобаларының бірі – «Еуразия» жобасы. Ол Каспий маңындағы аймақтық зерттеулерге бағытталған. Ол дүниежүзілік геологиялық ғылымда жаңа үлгілі мысал болып табылады. Жоба үшін 500 млн. АҚШ доллары инвестиция бөлінген. Ғалымдрдың жобалауы бойынша Каспий маңынан жалпы қоры 40 млрд. тонна болатын ірі мұнай шығаратын орындар табылуы әбден мүмкін.
Тәуелсіздікті алғаннан бері мұнай тасымалдайтын магистральді құбыр жүргізу жұмыстары да жүзеге асуда. Осы саладағы ірі жобаның бірі – «Қазақстан - Қытай» мұнай және газ құбырларын жүргізу болып табылады.
Бұның барлығы құбыр арқылы экспорттаудың көлемін арттырды. Қазіргі уақытта экспорттық тасымалдаудың құрылымы мынадай: 3 % - автокөлік; 17 %- танкер; 30 % - темір жол және 50% - құбыр арқылы тасымалдау.
Қазақстан транзиттік мемлекет ретнде 2013 жылы ҚР мен РФ Қытайға Ресейде өндірілген мұнайды Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға келісім шартқа отырды.
Қазақстан экономикасындағы жетекші салалардың бірі – мұнай өңдеу және мұнай химиясы. Қазақстандағы өнім көлемінің артуымен бірге мұнай өңдеу тереңдігін арттыру мен шығарылатын мұнай өнімдерінің сапа стандартының Еуро–4 және Еуро–5 деңгейіне сай келуін қадағалауға бағытталған Шымкент, Атырау және Павлодардағы мұнайды өңдеу зауыттарын модернизациялануда.
Қазақстан дамып келе жатқан мұнай өндіру және өңдеу салаларын иемдене отырып, мұнай және оның өңделген өнімін сыртқа шығаратын ірі импортер ретінде танылып келеді.

Энергетикалық кешен

Қазақстан жылына 70 млн. тоннадан астам мұнай мен газ конденсатын өндіретіндіктен, әлем бойынша мұнай өндіруден алдыңғы қатарда тұрады. Мемлекет мұнай қоры бойынша әлемде 9-орынды алады. Сонымен қатар Қазақстан көмір қоры бойынша 8-орынды, ал уран қоры бойынша 2-орынды иеленеді.
Қазақстанда 200-ден астам мұнай мен газдың шығу орындары барланған, алынатын мұнай қоры 5,4 млрд. тоннаны құрайды. Мұнай мен газдың басым көпшілігі мемлекеттің батыс облыстарында шоғырланған. Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзілік ауқымда, мұнай өндіру көлемі бойынша 17-орында тұр. Жылына 70 млн. тоннадан астам мұнай экспортқа шығарылады, соның ішінде әлемнің 30 мемлекетіне жеткізіліп тұрады, олардың арасында негігілері – Италия, Қытай және Нидерланд.
Дүниежүзілік мұнай қоғамдастығында Қазқстанның орны жылдан жылға нығаюда; мемлекет мұнай нарығында беделді ойыншы болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекетте мұнай саласында 100 қазақстандық және шет ел компаниялары жұмыстарын жүргізуде.
Энергетикалық секторға алты жылға салынған бірегей қаржы көлемі 2,23 триллион тенге (шамамен 14 миллиард доллар, қазіргі уақыттағы жыл сайынғы курстың орташа шамасына байланысты) құрайды. Сонымен қатар, энергетика – тұрақты қайта инвестиция жасау секторы: 2009 жылдан бастап компаниялар өздерінің дамуы үшін бір жылда орташа шамамен 28 % инвестицияларын арттырып, 955,4 милиард тенге салды.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің Қазақстан ЖІӨ-дегі үлесі 26 % ВВП-ны құрайды.
1999 жылдан бастап өнеркәсіптік өндіріс өсімі жылына орташа есеппен 7,8 % құрады. Ірі өнеркәсіптік тораптардың пайда болуы - Қазақстандағы мықты индустриалды дамудың маңызды көрсеткіші. Олардың ішіндегі ірілері: Қарағанды-Теміртау, Шымкент-Кентау, Алматы, Өскемен т.б.
Қазақстан өнеркәсібінің жетекші секторларына тау өндірісі мен металлургиялық кешендер жатады. Қазақстандағы тау-металлургиялық кешеннің басым бағыты - минералды шикізат ресурстарын кешенді түрде игеру, ішкі және сыртқы нарық сұранысын қамтамасыз ететін бұйым шығару.
Қазақстанда химиялық өнеркәсіп едәуір жақсы дамыған, бұған көп жағдайда химиялық өнімнің түрлерін өндіруге арналған шикізат болып табылатын елдің пайдалы қазбаларға бай болуы септігін тигізеді. Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі ірі көлемде фосфор өндіретін елдердің бірі.
Химиялық шикізат пен оны өңдеу орындары Қазақстанның барлық аймақтарында бар деп айтуға болады. Елдің оңтүстігінде минералдық қоспалар, тұрмыстық химия өнімдері, лактар, бояулар шығарылады. Сонымен бірге, техногендік қалдықтар да өңделеді.
ҚР-ның фармацевтикалық секторы елдің өнеркәсіп өндірісі көлемінің 0,1 %–ын қамтиды. Медикаменттер нарығында 6000–ға жуық атауларды кездестіреміз. Сарапшылардың бағалауынша медикаменттер нарығында жұмсалатын қаржы 1 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады әрі тұрақты жылдық үрдіс бойынша 1,5-2 есе өсімді көрсетеді.
Құрылыс салаларының ұйымдарында цемент, шифер, асбестцементтік құбырлар, жұмсақ материалдар, линолеум, санитарлық–құрылыстық фаянс, ғимараттарға және едендерге арналған керамикалық плиталар, ірі панельді үйлер тұрғызуға арналған панельдер мен құрылымдар, қағаз өнеркәсібіне арналған каолин, радиаторлар, конвекторлар мен құрылыс материалдарының басқа да түрлері өндіріледі.
Текстиль және тігін салалары сынды Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде де тұрақты динамикалық даму байқалады. Маталар, төсек жабдықтары, кілемдер, тоқымалар, үстіге киетін киімдер мен бас киімдер және т.б. өндіріледі.
Кешенді мемлекеттік бағдарламалар аясында Қазақстанда машина құрастыру ісі дамуда. Қазақстандағы компаниялар газ, мұнай, тау, кен, металлургия, ауылшаруашылық және құрылыс секторы үшін алуан түрлі күрделі құрылымды жабдықтарды жасап шығарады.
Қазақстан үшін жаңа бағыт болып табылатын көлік шығару өнеркәсібі де дамуда. Елімізде бүгін Toyota, Hyundai, KIA, Skoda, Chevrolet, Renault, АвтоВАЗ, КамАЗ және т.б. сияқты дүниежүзілік өндіруші компаниялардың автокөліктерін құрастыратын кәсіпорындар бар.
Қазақстан өнеркәсібінің салыстырмалы артықшылығы – жергілікті шикізат пен отынның жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі.
2010 жылдан бастап Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму жоспары жүзеге асуда. Инновациялық индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың басты мақсаты бәсекелестікті арттыру мен диверсификациялау арқылы экономиканың өсуін қамтамасыз ету және тұрақтандыру болып табылады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші нәтижелері мемлекет экономикасында оңтайлы өзгерістер болып жатқанын көрсеттң. 2010 жылдан бастап тау-кен өндірісіне қарағанда өңдеуші секторлар көбірек қарастырылуда.
Сонымен қатар, Қазақстанда маңызды сектор өндірісінің модернизациялануын қолдау үшін алуан түрлі институттар мен бағдарламалар қарастырылуда. Мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетілуде, мысалға салықтық жеңілдіктер мен гранттар түрінде.

Қазақстан энергетикасы саласындағы маңызды өнеркәсіптердің бірі – ішкі сұранысты қамтамасыз етуге базалық мүмкіндігі зор көмір өнеркәсібі.
Көмір, лигнит, пен торфтың үлесіне елдің отын-энергетикалық ресурстардың төрттен бір бөлігі сәйкес келеді. Бүкіл әлемдегі көмір деңгейінің 3 %-ын қамтитын Қазақстандағы көмір қоры 34-35 млрд. тоннаны құрап, көмір көлемі бойынша көмір өндіретін әлемдегі жетекші елдердің ондығына кіреді.
Көмірдің геологиялық қорының көп бөлігі саяз жерде, тығыз, мықты пластармен орналасуы көмір тасымалын жүзеге асыру мен өнеркәсіптік орталықтар құруға қолайлы жағдай жасайды. Бұл жайттар металлургиялық өнеркәсіп және энергетикалық мұқтаждықтарға отын өндіру арқылы көмір бассейнінің базасында мықты отын базасын дамытуға мүмкіндік береді.
Электроэнергетика – өнеркәсіптік қызметі елдегі басқа өндірістердің және жалпы ел экономикасының дамуына белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізетін Қазақстандағы маңызды салалардың бірі. Отын-энергетикалық кешен салалары иерархиясында электроэнергетика мұнай мен көмір өнеркәсібінен кейін үшінші орынды иемденеді.
Қазақстанда электр қуатының өндіретін жекешеленген түрлі формадағы 76 электр станциялары бар. Қазақстандағы электр станциялардың қуатының сандық мәні 20 551 МВт. Қуат құрылымының 88 %-ы ТЭС-ке, 12 %-ы - ГЭС-ке, 1 %- ы – генерацияның басқа да түрлеріне тиесілі. Электр қуатының көп бөлігі Павлодар және Қарағанды облыстарында өндіріледі. Электр қуатын өндіретін ірі компаниялар: «ЕЭК» АҚ, «AES Екібастұз» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС станциясы» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ; жылу энергетикасындағы компаниялар: «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Митал Стил Теміртау» АҚ, «Қарағанды жылу» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ.
Қазақстан ішінде және шетелге электр қуаты тасымалын жүргізетін ең ірі диспетчер - «KEGOC» АҚ «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы». Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сынды басқа мемлекеттердің энергобірлестіктерімен ықпалдасу мақсатында Ресей – Қазақстан – Орталық Азия елдерінің бірігуінің схемасы жасалған болатын. «Солтүстік - Оңтүстік» электр тасымалының екінші желісінің құрылысының жетілдірілуі арқасында дамуын жалғастырмақ.
Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларына сәйкес елдегі отын-энергетика кешенінің алдағы даму көрсеткішінің өсуі күтілуде. Мұнай мен газ өндірісі көлемінің артуы көзделуде, қазір факелдарда жанып кететін газды өндіруде едәуір әлеует бар, сонымен бірге алдағы уақытта құбыр желілерінің бірыңғай жүйесін құру, Каспий шельфіндегі газ, мұнай ресурстарын игеру жоспарланып отыр.

ӨНЕРКӘСІП

Қазақстан экономикасындағы өнеркәсiптiк өндiрiс көлімінің салмағы ЖІӨ-нің шамамен 26 % құрайды.
1999 жылдан бастап өнеркәсiптiк өндiрiс жылына орта есеппен шамамен 7,8 %-ға тұрақты өсіп келеді.
Қазақстанның қуатты индустриалды дамуының ең маңызды көрсеткiші - iрi өнеркәсiп тораптарының пайда болуы болып табылады. Олардың ең iрiлерi – Қарағанды-Теміртау, Шымкент-Кентау, Алматы, Өскемен және т.б.

Қазақстан өнеркәсiбiнiң басты секторлары тау-кен кешені мен металлургиялық кешендер болып есептеледі. Қазақстан тау-металлургиялық кешенiнің басты бағыты - минералды-шикізат ресурстарын кешендi қолдану және нарық сұранысының iшкi және сыртқы есептеулері бойынша оларды өңдеудің түпкі өнімін жасау.
Қазақстанда химия өнеркәсiбi жақсы дамыған, ол химия өнiмiнің әр түрлi түрлерiн алу мақсатында пайдалы қазбалар байлығын кең түрде пайдалану үшін мүмкiндiк туғызады. Қазақстан ТМД кеңістігінде фосфордың ең iрi өндiрушiсi болып табылады.
Химия кәсiпорындары Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік орналасқан. Елдің оңтүстiгінде минералды жер тыңайтқыштар және тұрмыстық химия өнімдері, лактар, бояулар өндіріледі. Сонымен қатар, бұл жерде техногендi қоқыстарды қайта өңдеу жүзеге асырылады.
Қазақстанның фармацевтикалық секторы елдiң өнеркәсiптiк өндiрiсi көлемінде шамамен 0,1 % алады. Қазақстанда дәрi-дәрмектердiң тұтас нарығы шамамен 6000 атауды құрайды.Сарапшылардың бағалауынша, дәрi-дәрмектердiң нарығы ақшалай көрсеткiштерде 1 млрд. АҚШ долларынан асады және жыл сайын тұрақты түрде кем дегенде 1,5 есе өсіп отырады.
Құрылыс саласы кәсiпорындарында цемент, шифер, асбестцементті түтiктер, жұмсақ жабын материалдары, линолеум, санитарлық-құрылыс фаянсы, еденге және ғимараттардың бөлшектеріне арналған керамикалық тақташалар, панелдер, ірі панелді үй салуға арналған тағы басқа құрылымдар, қағаз өнеркәсiбi үшiн каолин, радиаторлар, конвекторлар және басқа да құрылыс материалдарының түрлерi өндіріледі.
Қазақстанның жеңiл өнеркәсiбі - тiгiн және тоқыма саласы да тұрақты даму динамикасымен ерекшеленеді. Маталар, төсек-орындар, кiлемдер, тоқымалар, сыртқы киiмдер және бас киім мен басқа да киімдер өндіріледі.
Қазақстанда кешендi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберінде машина жасау жетiліп келеді. Қазақстанның кәсiпорындары мұнай-газ, тау-металлургиялық, ауыл шаруашылық және құрылыс секторлары үшін әр түрлi күрделi жабдықтарды шығаруды іске асырады.
Қазақстан үшiн жаңа бағыт – автомобиль шығару да белсенді жетіліп келеді. Елде автомобиль жинайтын кәсiпорындар бар, конвеерден шығарылатын маркалар қатарында әлемдік және аймақтық өндiрушiлер бар: Toyota, Hyundai, KIA, Skoda, Chevrolet, Renault АвтоВАЗ, КамАЗ және т.б. Қазақстан өнеркәсiбiне тән ерекшелiк - олардың жергілікті отынмен және шикізатпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі.

Қазақстан Республикасының негiзгi машина жасайтын кәсiпорындарын орналастырудың сұлбасы

Қазақстанда 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі мерзімге есептелген индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Инновациялық индустрияландыру бағдарламасын iске қосудың басты мақсаттары - әртараптандыру және бәсекелестiк қабiлетiн жоғарылату арқылы экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Бұл бағдарламаны іске асырудың қорытындылары бойынша ел экономикасында оң өзгерiстер байқалады. 2010 жылдан бастап тау-кен өнеркәсібімен салыстырғанда, қайта өңдеу секторының үдерісі белгіленген.
Бұдан басқа, Қазақстанда нақты сектор кәсiпорындарын жаңғыртуды қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірленген және әр түрлi институттар жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк ынталандырулардың әр түрлі түрлері қолданылады, соның ішінде салықтық жеңілдіктер мен гранттар да бар.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Дәстүрлі түрде елімізде ауыл шаруашылығының дамуына көп назар аударылады. Қазақстан астық шығаратын әлемнің жетекші экспортшыларының ондығына кіреді әрі ұн экспорттауда көш бастаған елдердің бірі.
Елдің солтүстігіндегі егістік жерлердің 70%-ында дәнді-дақылдар мен өсімдіктер: бидай, арпа, тары егіледі. Оңтүстікте күріш, қоза, темекі өсіріледі. Қазақстанда бау-бақша мен жүзімдіктер де аз емес.
Отандық ауыл шаруашылығындағы жетекші салалардың бірі мүйізді ірі қара, жылқы, түйе және доңыз бағуға бағытталған мал шаруашылығы болып қала бермек. Сонымен қатар, елде құс шаруашылығы мен балық аулау кәсібі дамыған.Үкімет аграрлық өнеркәсіп кешені (АӨК) нысандарының бәсекеге қарсы тұру қабілетін арттыруға бағытталған кешеннің дамуына арналған «Агробизнес-2020» Бағдарламасын бекітті.
2020 жылға дейін Бағдарламаның толық жүзеге асырылуы үшін 3 триллион теңге бөлінеді.
Мемлекеттік қолдау шаралары негізінде соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс 5 %-ға артып отыр. Сонымен қатар, қалыпты өсім үрдісі байқалып отыр. Осылайша, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылы 13,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,8 %-ға өскен. Азық-түлік өндірісі көлемінің сол жылғы көрсеткіші 5,632 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға артық.
Аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа шығару жүйесі дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты мен оны қайтадан өңдеу өнімдерінің жалпы құны 2014 жылы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда бұл 39,8%-ға көп. Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты қазіргі кезеңде 63,1 %-ға артқан.
Аграрлық сала қаржы құюға тұрарлық салалардың біріне айналып келеді. 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған қаржының үлесі 52,1 %-ға артып, 900 млн. АҚШ долларын құрады.
2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына салынған қаржы көлемі 19,8 %-ға артып, 216 млн. АҚШ долларын құраған. Бүгінгі таңда жеке қосалқы шаруашылықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есебінен ішкі нарықтың қажжеттіліктері 80 %-ға қамтылған.
Қазақстанның аграрлық секторында 193,5 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың 185 мыңы шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылық қожалығы болып келеді.
Қазіргі уақытта елде сыйымдылығы 13,6 млн. тонна лицензиясы бар 217 астық қабылдайтын және 8,9 млн. тонна астық сақтайтын кәсіпорындарын бар. Астық сақтайтын қоймалардың жалпы көлемі 22,5 млн тоннаны құрайды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 2,0 млн. тонна құрайтын 58 астық қабылдау пункттері тұрғызылған.
Дәл сол кезеңде асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 2,8 есе өскен. Сонымен бірге, қой - 5,3, шошқа - 11,6, жылқы малы -– 9,6, түйе малы – 3,3, құстар 4 есе өскен.
Елдегі ауыл шаруашылығындағы жалпы мал басындағы асыл тұқымды малдың салыстырмалы үлесі мынадай: ірі қара мал 6,1 %, қойлар 12,2 %, шошқалар 12,9 %, жылқылар 6,2 %, түйелер 10,4 %, құстар 10,9 %.
Қазақстанның ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Өсімдіктердің жақсы өсуінің негізгі факторы болып келетін өнімді үнемді әрі тиімді қолдануға мүмкіндік туғызатын ылғал ресурстарын сақтауға жағдай жасайтын технологияларды енгізу көлемі жылдан жылға артып келеді.
Жалпы, ауыл шаруашылығы бүгінде бәсекеге қабілетті әрі экспортқа шығару жүйесін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан экономикасының маңызды саласы ретінде дами келеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартылымдығын арттыру үдерістерін нығайтуға айтарлықтай әсер етті.

Негізгі нәтижелер:
- Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі көлемі өсті – 2009 жылы $50,4 млрд-тан 2013 жылы $98,5 млрд-қа дейін. Көлемі бойынша осындай өнеркәсіптік өсу өңдеу өнеркәсібінде де байқалды – $16.2 млрд-тан $32.2 млрд-қа дейін.
- 2008-2013 жылдары өңдеу өнеркәсібін секторларға бөліп қарастырғанда фармацияда 2 есе, көлік құрастыруда 1.7 есе, метал емес минералды өнімдерді шығаруда 1.5 есе, химияда 1.3 есе және т.б. секторларда өсу тіркелді.
- шикізат және шикізат емес секторларда екпінді бағаларды қосудың өсімі 2009-2013 жылдарда сәйкесінше 19.4% және 30.4% құрады.
- инновациялық өнімдер және қызмет көрсету көлемі жеті есе $3.2 млрд-қа дейін өсті. Дәл осындай шамада кәсіпорынддардың технологиялық инновацияларға кеткен шығындары өсті, яғни $2.4 млрд-қа дейін артты.

Өңдеуші кәсіпорындардың 6 басым саласы таңдалды, олар 14 секторға бөлінген келесі салалар: металлургия, химия, нефтехимия, көлік құрастыру,материалдар құрылысы, азық-түлік өнеркәсібі.
- қара металлургия;
- түсті металлургия;
- мұнай өңдеу;
- мұнай-газохимия;
- азық-түлік өнеркәсібі;
- агрохимия;
- өнеркәсіптерге арналған химикаттарды шығару;
- автокөлік құрылғылары мен қозғалтқыштарын шығару;
- Электр машиналарын және электр құралдарын шығару;
- Ауылшаруашылық техникасын шығару;
- Теміржол техникасын шығару;
- Көліктерді және тауөндірісі өнеркәсібіне арналған құрылғыларды шығару;
- Мұнай өңдейтін және мұнайды өндіретін өнеркәсіптерге арналған көліктерді шығару;
- Құрылыс материалдарын шығару.

Инвестор заң актілеріне сәйкес келмейтін мемлекеттік актілерді шығару және осы ұйымдарда қызмет ететін тұлғалардың заңға қарсы әрекеттерінің нәтижесінде оған тигізілген залалдың орнын толтыруды талап ете алады. Қазақстан мемлекеттік ұйымдар мен инвесторлар арасындағы келісімшарттардың шарттарының тұрақты болуына кепілдік береді.
Үкімет инвесторларға кірісті қолдану кепілдемелерін ұсынады. Инвесторлар салықтарды және бюджетке берілетін міндетті төлемдерді орындағаннан кейін, өз ісінен алынған пайданы қалауынша қолдануға құқығы бар.
Инвесторларға қатысты мемлекеттік ұйымдардың қызметінің айқын болуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының ресми хаттары мен инвесторлардың назарын аударатын құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының заңында бекітілген тәртіппен жарияланады.
Инвесторларға заңды тұлғаларды тіркеу және олардың жарғылары, тұрғын үйлермен жасалған келісімшарттарды тіркеу, сонымен қатар берілген лицензиялар, тек коммерциялық және басқа заңмен қорғалған құпия ақпараттардан басқасына еркін қолжетімділік орнатылған.
Мемлекет меншігіне айналдыру және реквизициялау кезінде инвесторлар құқығын сақтауға үкімет кепілдік береді. Инвестордың мүлкін мемлекет қармағына алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған жағдайларға сәйкес орындалады.
Мемлекет меншігіне айналдыру нәтижесінде инвестор шығыны Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне айналдыру туралы заң актілеріне сәйкес толық көлемде қайтарылады. Инвестордың мүлкін реквизициялау мүліктің нарықтық бағасы бойынша төлеу арқылы өтеледі.
Қазақстан 48 екіжақты және бір көпжақты инвестицияны бірігіп қорғау және мақтау туралы келісімшарт жасасқан, шет елде Қазақстан инвестициясын, сонымен қатар Қазақстан аумағында шет ел инвестицияларын қорғау туралы екі жаққа тиімді болып табылатын келісімшарттар жасалады. Олар инвесторлардың құқығын қорғау үшін қосымша кепілдемелер ұсынады: кемсіту, мемлекет меншігіне айналдыру және реквизициялаудан қорғау, халықаралық арбитраж соттарында арбитраж келісімшарттардың болмаған жағдайда инвестициялық инвестициялық даулардың шешілу құқығы қарастырылған.

1. Астана қаласында орналасқан «Астана – жаңа қала» АЭА (жеңіл өнеркәсіп, көлік құрастыру, авиация, химия өнеркәсібі);
2. Маңғыстау облысындағы «Ақтау Морпорты» АЭА (жеңіл өнеркәсіп, химия және металлургия);
3. Алматы қаласында орналасқан «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА (құрал-жабдық құрастыру);
4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» АЭА (тігін және жеңіл өнеркәсіп);
5. Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі» АЭА (мұнай-химиялық өнеркәсіп);
6. Ақмола облысындағы «Бурабай» АЭА (туризм);
7. Павлодар қаласындағы «Павлодар» АЭА (химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп);
8. Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА (металлургия және көлік құрастыру);
9. Алматы облысындағы «Қорғас – Шығыс қақпасыы» АЭА (логистика);
10. Тараз қаласындағы «Тараз химиялық паркі» АЭА (химия өнеркәсібі).

Салық Кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда арнайы экономикалық аумақтарда қызмет атқаратын компанияларға келесі жеңілдіктер қарастырылған.
1. Салықтық жеңілдіктер:
- КПН-нен, жер және мүлік салықтарынан босатылады;
- АЭА-да қызмет атқару кезінде толық қолданысқа ие болатын тауарларды АЭА құру мақсатына сәйкес келетін тауар тізбегі бойынша ҚР Үкіметі анықтаған жүзеге асыру кезінде қосылған бағаға салық нөлдік ставка бойынша салынады.

«Астана – жаңа қала»: АЭА үшін арналған арнайы салық жеңілдіктері
Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тауарлар тізімімен жоба-сметалық құжатнамаға сәйкес инфрақұрылым нысандары, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, музейлер, спорт кешендері, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу мен эксплутацияға еңгізу кезінде толық қолданылатын тауарларды құру, қосылған бағаға салық нөлдік ставкамен салынады.

“Ақпараттық технологиялар паркі” АЭА үшін арналған арнайы салық жеңілдіктері:
Еңбекті бағалауға кететін шығын жылдық кірістің 50 % кем емес мөлшерін құраса және ҚР резиденттеріне еңбекақының 90 % шығындылса 5 жылға әлеуметтік салықтан босатылады. Казақстанда тіркелген және АЭА-дан басқа жерде орналасқан ұйым 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін келесі шарттарды орындаса АЭА қатысушысы болып табылады:
1) Құрылымдық бөлімдері болмаса;
2) Жылдық кірістің 70 пайызы өзіндік өнеркәсіптен негізінде өндірілген тауарлардан, жұмыстардан және келесі қызмет көрсету жұмыстарынан: жобалау, құру, еңгізу, тәжірибелі өнеркәсіп, деректер базасы, ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдары, сонымен қатар дата-орталық қызметтері, онлайн-қызметтер; ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибелі құрастыру жұмыстарын ақпараттық технологиялар облысына жобаларды ендіру және әзірлеу үшін қолдану.

2. Басқа жеңілдіктер
- Шетелдік жұмыс күшін жеңілдетілген тәртіп бойынша жалдау.
Жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін қолдануға рұқсат беруі ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі, бірақ жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі еңбек нарығынан кандидатура қарастырылмайды. АЭА қатысушыларына 10 жылға дейінгі мерзіммен жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі тегін беріледі.
Осылайша, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ТШИ көлемі бойынша жетекші елдердің жиырмалығына кірді. 2014 жылдың қорытындысы негізінде еліміз ТШИ таза салымының ағымы бойынша ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұр.
Қазақстан экономикасына 2014 жылы 31 желтоқсана дейін барлығы $213,8 млрд. АҚШ доллоры аударылды. Бұл Орта Азияға аударылған инвестицияның барлық көлемінің 70 %-ынан көбін құрайды.
2014 жылының басына ірі инвестиция салушы елдер қатарында (млрд. АҚШ долл.) келесілер болды: Нидерланд – 69,1; Ұлыбритания – 28,5; АҚШ – 24; Франция – 12; Қытай – 18,7; Ресей – 6,9.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды көптеп тарту – еліміздің даму басымдықтарының бірі болып табылады және бұл мәселеге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде.
Табиғи ресурстар қорымен қатар Қазақстанның орналасқан жері де басқа мемлекеттердің қызығушылығын туғызады. Бұл жағдай елдің транзиттік-транспорттық әлеуетін арттырады. Оған қоса Қазақстан әлемдегі ірі экономикаларды арасында соңғы онжылдықтарда ерекше қарқынды дамып келе жатқан BRIC (Бразилия, Ресей, Қытай және Үндістан) елдерінің үшеуінің нарықтарына географиялық тұрғыда жақын орналасуы да маңызды фактор болып табылады.
Әрине, ішкі саяси тұрақтылық Қазақстанның әлемдік инвестициялық нарықтағы өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Қазақстан бизнесті дамытуға байланысты процедураларды жеңілдету бағытында бірқатар алдыға
жылжып келеді. Бизнес-ахуалдың бірқалыпты жақсаруының дәлелі ретінде Дүниежүзілік банктің және бизнесті қадағалауға байланысты заңды объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін құралы болып әлем елдерінің 185-н бағалайтын Doing Business атты Халықаралық қаржы корпорациясының рейтингісі табылады.
Қазақстан 2015 жылы бизнесті жүргізу жеңілдігіне байланысты жалпы рейтингте 77-орын, «Инвесторларды қорғау» бағыты бойынша – 25-орын, «Салық салу» бағыты бойынша – 17-орын, «Кәсіпорынды тіркеу» бағыты бойынша – 14-орынды иеленеді.
Бизнесті жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында Қазақстанға ел компаниялары жұмыс істеуге көптеп келді.
Бизнеске қолайлы жағдай жасау және елдегі саяси тұрақтылық Қазақстанға тікелей салынған шетел инвестицияларының (ТШИ) келуіне мүмкіндік тудырды, 2005 жылдан бастап Қазақстан 208 млрд АҚШ. долл. аса көлемдегі шетел инвестициясын тартты.
Жан-жақты ойластырылған саясаттың және шетел инвестициясын тарту (ТШИ) арқасында Қазақстан экономикасы қалыпты екпінмен өсіп келді. Соның арқасында өткен онжылдықта ЖІӨ 4 есе өсті (57,1 млрд-тан 212 млрд. АҚШ долл.).
2015 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша елдегі адам басына шаққанда ЖІӨ 12 276 АҚШ долларын құрайды.
Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) құрушылардың бірі болып табылатын Қазақстан, шетел инвесторларына тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы қамтылған көлемі 175,7 млн. адам және қосынды ЖІӨ 2,411 трлн. АҚШ долларына тең келетін ауқымды нарықты ашып отыр.
2010 жылы 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы өз бастамасын алды, оның негізгі мақсаты экономиканы әртараптандыру арқылы тұрақты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартылымдығын арттыру үдерістерін нығайтуға айтарлықтай әсер етті.

2015 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы 2015-2019 жылдарға арналған екінші фазасын жүзеге асыру басталды.
Мемлекет инвесторлардың құқықтарының қорғалуына ерекше көңіл аударады.

Құрамына ҚР Президентінің жанында құрылған шет ел инвесторларының Кеңесі, ҚР Премьер-Министрі қармағындағы инвестициялық ахуалды жақсарту институты, инвестициялық омбудсмен институты кіретін инвесторлармен мемлекеттің тікелей қатынасуы үшін Қазақстан көпдеңгейлі жүйе құрастырған.
Қазақстанда инвесторларға ерекше преференциялар қарастырылған.

Сыртқы экономикалық байланыстарды белсендендіру, аумақты жедел дамыту, экономика секторларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестицияларды, технологияларды және заманауи менеджментті тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті құру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Нұсқауымен Қазақстан Республикасында келесі арнайы экономикалық аумақтар құрылған:

Қазақстанның инвестициялық климаты жөнінде толығырақ мәлімет алу үшін ҚР Инвестиция және даму Министрлігінің Инвестициялар Комитетінің ресми ресурсын қолдануыңызды ұсынамыз. http://www.invest.gov.kz/