This resolution is not supported.

1. Хан Тәңірі шыңы (Орталық Тянь-Шань) - 7010 м. (шыңдағы мұздық қалыңдығын есептемегенде – 6995 м.)
2. Бүкiлодақтық географиялық қоғамға 100 жыл шыңы (Меридиональ жотасы) - 6400 м.
3. Талғар шыңы (Іле Алатауы) – 4973 м.
4. Шымбұлақ шыңы (Күнгей Алатауы) - 4674 м.
5. Бесбақан тауы (Жоңғар Алатауы) - 4622 м.
6. Металлург тауы (Іле Алатауы) - 4600 м.
7. Белуха тауы (Алтай таулары, Қатын жотасы) - 4506 м.
8. Манас шыңы (Талас жотасы) - 4482 м.
9. Комсомол шыңы (Іле Алатауы) - 4376 м.
10. Ашутор тауы (Күнгей Алатау) - 4370 м.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Орналасуы:
Қазақстан – Еуразия құрлығының орталығында, Орталық Азияның аймағында орналасқан мемлекет. Еуропаға Қазақстан аумағының 15 %,-ы Азияға шамамен 85%-ы кіреді. Еуразия құрлығының географиялық орталығы дәл Қазақстанда (78-бойлық мен 50-ендік қиылысында) орналасқан. Халық саны - 17,5 миллион адам, елордасы – Астана қаласы.

Қазақстанның аумағы батыстағы Каспий маңы ойпаттары мен шығыстағы Алтай тауларына дейiн 3000 км, солтүстiктегі Батыс-Сiбiр жазығынан оңтүстiктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1700 км созылып жатыр.
Қазақстан Тынық мұхиты мен Атлант мұхитынан, сонымен қатар Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттан алшақ орналасқан. Ол тікелей теңізге шықпайтын әлемдегі бірден бір ірі мемлекет.

Аумағы:
Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орынды алады.
Жалпы аумағы – 2 724 900 км².
Құрлық аумағы – 2 669 700 км².
Су аумағы – 55 200 км².

Шекаралары:
Қазақстан шекараларының ұзындығы 15000 км құрайды, оның ішінде 12000 км құрлық арқылы өтеді, қалған 3000 км Каспий және Арал теңіздері арқылы жалғасады.

Құрлықта шектесетін мемлекеттер:
• Қытай (оңтүстік-шығыста) – 1 765 км
• Қырғызстан (оңтүстікте) – 1 212 км
• Өзбекстан (оңтүстікте) – 2 330 км
• Түркіменстан (оңтүстік-батыста) – 413 к
м • Ресей (солтүстікте) – 7 644 км.
Қазақстан мен Ресей шекарасы әлемде екi мемлекет арасындағы ең ұзын құрлық шекарасы болып табылады.

Су арқылы:
Қазақстанның тікелей теңiзге шыға алмайтындығына қарамастан, оның шекарасы аймақтың ең iрi екі көлі – Каспий мен Арал арқылы өтед. Бұлар - өздерінің көлемдеріне байланысты теңіз деп аталатын тұзды көлдер.
Каспий теңізі арқылы шекараның (Ресеймен, Әзірбайжан және Иранмен) ұзындығы – 1 894 км.
Арал теңізі арқылы шекараның (Өзбекстанмен) ұзындығы – 1 070 км.

Биіктіктер:
Ең төменгі нүкте — елдің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойпаты — теңіз деңгейінен 132 м төмен (Координаттары: 43°22'47"N 51°47'28"E)
Ең биік нүкте — шығыстағы Хан Тәңірі шыңы — теңіз деңгейінен 7 01қ м биік (Координаттары: 42°12'41"N 80°10'30"E)
Қазақстанның шығыс, оңтүстiк-шығысында шоғырланған тау жүйелері дүние жүзi альпинистерiнің қызығушылығын туғызады.
Қазақстанның биіктіктері

Климат
Қазақстан қоңыржай ауа райы белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Дегенмен, осы белдеуде орналасқан Шығыс Еуропаның климаты шамалы континенталды, ал Батыс Еуропада - субтропикалық болса, Қазақстанның аумағы қатты континенталды және құрғақ климатты. Ендiк бағытта батыстан шығысқа қарай климаттың континенттiлігi күшейеді.
Қазақстан үш сағаттық белдеуде орналасқан: 3, 4 және 5, алайда, елде тек екi сағаттық белдеулер ғана пайдаланылады – GMT +5 (Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында) және GMT +6 (Астана және елдiң басқа аймақтарында).

ЖЕР БЕДЕРІ

Қазақстан аумағының жер бедері күрделi және сан алуан: биiк таулар, үстірттер, ойпаттар мен жазықтар.
Жер бедерінің басым бөлігі - үстірттер, ойпаттар мен жоталар - олар Қазақстан аумағының жартысынан көп бөлігін алып жатыр. Ел аумағының үштен бiрi - жазық, ал биік таулар 10 %-ды ғана алады.
Батыста, Манғыстау түбегінде ең төмен нүкте - Қарақия ойысы (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биiк нүкте оңтүстiк-шығыста орналасқан - Хан Тәңірі шыңы (7010 м).

Жер бедерінің ерекшелігі

Егер Қазақстан жер бедерiнiң басты ерекшелiктерiн айтатын болсақ, оларды төмендегiше сипаттауға болады:
• Ел аумағының басым бөлігін (негізінен батыста, солтүстікте және орталықта) жазықтар алып жатыр;
• Биiк таулы аймақтар елдің шағын аумағын алып жатыр, олар Қазақстанның оңтүстiк-шығыс және шығыс бөлігінде орналасқан;
• Ел аумағының жер бедері солтүстiкке оңтүстiктен, шығыстан батысқа қарай еңіс болып келеді;
• Аласа және биік таулар тауаралық жазықтармен кезектеседi.

Жер бедерінің түрлері

Қазақстанның үлкен аумағы әр түрлi географиялық облыстардан тұрады.

«Биік таулы облыстар»

Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс шеттерінде орналасқан Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань таулары. Бұл таулардың барлығы палеозой дәуірінде қалыптасып, мезозой эрасында тегістелген.

«Алтай» - Сiбiрдiң оңтүстiгіндегі тау жүйесi. Ол Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан шекарасы қиылысатын жерде орналасқан. Қазақстан аумағына Алтай тауларының оңтүстiк-батыс бөлігі кiредi. Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттiк шекарасында Алтай-Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы - Мұзтау (4506 м).
- «Сауыр-Тарбағатай»
- «Жоңғар Алатауы»
- «Тянь Шань таулары»

Аласа таулы облыстар:
- «Сарыарқа»
- «Мұғалжар»
- «Маңғыстау таулары»

Үстірттер мен қыраттар
- «Үстірт қыраты»
- «Торғай үстірті»
- «Орал алды үстірті»
- «Бетпақдала»
- «Жалпы Сырт»
- «Балқаш маңы жазығы»

Жазықтар мен ойпаттар
- «Батыс-Сібір жазығы»
- «Шығыс Еуропа жазығы»
- «Каспий маңы ойпаты»
- «Тұран ойпаты»

Биiк таулы облыстарға жатады: Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс шеттерінде орналасқан Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань. Бұл таулардың барлығы палеозой дәуірінде қалыптасып, мезозой эрасында тегістелген.
Алтай - Сiбiрдiң оңтүстiгіндегі тау жүйесi. Ол Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан шекарасы қиысатын жерде орналасқан. Қазақстанның бөлігіне Алтай тауларының оңтүстiк-батыс бөлігі кiредi. Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттiк шекарасында ең биік Алтай-Қатын жотасы орналасқан. Оның шыңы - Мұзтау (4506 м)

Алтай - Алтай-Саян деп аталатын iрi тау жүйесінің бөлігі, ол Зайсан мен Байкал көлдерінің арасында жатыр. Қазақстанға Алтайдың оңтүстiк-батыс бөлігі ғана кiредi. Оңтүстік шекарасы - Қара Ертіс және Зайсан көлі, батысы - Қалба жотасы.
Жер бедерінiң ерекшелiктерiне сәйкес Қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтайы, Қалба жотасы. Оңтүстік Алтай солтүстікте Бұқтырма өзені мен оңтүстікте Зайсан көлі және Қара Ертіс өзені арасында орналасқан. Ертіс жотасы оны Қалба жотасынан батыс жағынан бөліп тұр. Шығысында ол Үкек үстіртімен шектеседі. Батысқа және оңтүстiк-батысқа осы жерден екі тау жотасы созылған. Оларды Күршім және Қара-Қоба өзені бөліп тұр.
Кенді Алтай келесі бөліктерден тұрады: Оңтүстік Алтайдың солтүстік-батысындағы Үлбі жотасы (теңіз деңгейінен ең жоғарғы биіктігі 2300 м), Ивановский жотасы (теңіз деңгейінен ең жоғарғы биіктігі 2775 м), Үлбі таулы жотасы (теңіз деңгейінен ең жоғарғы биіктігі 2100 м). Олар Қатын таулы жотасынан және Үкек жотасынан созылып жатыр. Олардың жер бедері әртүрлі. Кенді Алтайдың жеке бөліктері қатты бөлінген және биiк таулы жер бедерімен ерекшеленеді.
Қалба жотасы Ертiс өзенінің сол жағында орналасқан. Оның ең биiк нүктесi – Сарышоқы тауы (теңіз деңгейінен 1608 м). Жота батыста Сарыарқамен шектеседi. Таудың басы сопақ, баурайы қатты бөлінген және кейбір аймақтары жазықты.
Алтайда өзендер мен көлдер көп. Олар тау басындағы қар мен мұздан бастау алады. Ең үлкен өзені - Ертiс. Ол Қытайда басталады да, Қалба және Нарым жотасы арқылы Қазақстан аумағына ағып өтеді. Оған Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі және тағы басқа өзендері құяды. Алтайдың ең iрi көлдері – Зайсан (ауданы - 1,8 мың км², тереңдiгі - 10 м-ге дейiн) және Марқакөл (ауданы — 455 км², орташа тереңдігі − 14,3 м.).

Шығыс Қазақстан облысында, қытаймен шекарада орналасқан тау жотасы. Бұл тау жүйесінiң шығыс бөлiгі қазақстандық танымал Сарыарқа жазығымен жалғасады. Сауыр Тарбағатайдың солтүстігінде - Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде - Алакөл қазаншұңқыры.
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі екi үлкен тау жотасынан тұрады: Сауыр және Тарбағатай. Ұзындығы 140 км Сауыр жотасы Қытайда басталады және Қазақстан аумағында 60-65 км болатын оның қысқа бөлігі ғана орналасқан. Жота батысқа қарай терең де үлкен қазаншұңқырлар арқылы созылып жатыр. Сауырдың ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м).
Тарбағатай бiрнеше аласа таулардан тұрады және Сауыр жотасына көршілес орналасқан. Оларды Қандысу және Жоғарғы Емел (Қытайдың аумағында) өзендері бөліп жатыр. Тарбағатай Сауырмен салыстырғанда аласа, бірақ ұзын, ұзындығы - 300 км. Жоғарғы нүктесі - Тастау (2992 м).

Жоңғар қақпасы - тар тектоникалық жарықшақ, батыста Жоңғар Алатауы мен шығыста Барлық жотасы аралығындағы тау өткелі, Балқаш-Алакөл қазаншұңқыры мен Жоңғар жазығын байланыстырады.
Ұзындығы шамамен 50 км болатын ұзын және кең дәліз секілді, бұл арқылы Қытай мен Қазақстан аралығындағы мемлекеттiк шекара өтеді. Биіктігі - 300-400 м. Қақпаға кіреберісте Алакөл көлі (солтүстіктен) және Ебі-Нұр көлі (оңтүстiктен) орналасқан. Өткелдің орталық бөлігінде Қазақстандық темiр жолдың Достық станциясы, оңтүстігінде - ҚХР Ланьчжоу-Синьцзян темір жолының Алашанькоу станциясы орналасқан.

Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда “аспан таулары” деген мағына береді. Ол 4 елдің аумағында орналасқан: Қырғызстан, Қытай (Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы), Қазақстан және Өзбекстан.
Қазақстан аумағына Солтүстік Тянь-Шаньның барлық дерлік бөлігі, Орталық және Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді.
Қазақстан аумағындағы Орталық Тянь-Шань Хан Тәңірі шыңынан басталып, батысқа қарай созылып жатыр. Олардың ішіндегі ірі тау жотасы - Теріскей Алатау. Шығыс тармағы Қырғызстан шекарасы арқылы өтеді.
Солтүстік Тянь-Шань жоталарына кіреді: Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары және Қырғыз Алатауы.
Батыс Тянь-Шань тауларына Талас жотасы және одан оңтүстік-шығыс бағытта созылып жатқан - Өгем және Қоржынтау тау жоталары кіреді. Қазақстан аумағында Тянь-Шаньның ең шеткі және қатты қираған бөлігі - Қаратау толық орналасқан.

Сарыарқа батыста - Торғай үстіртімен, шығыста - Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстiкте - Солтүстік-Қазақ жазығымен, оңтүстiк-батыста - Тұран ойпатымен шектеседі. Оның ұзындығы батыстан шығысқа қарай 1200 км, шығыс бөлігінің ені - 400 км, батыс бөлігінің ені - 900 км.
Орталығында Қарқаралы таулары (1403 м), оңтүстікке қарай ең жоғарғы биіктігі 1565 м (ұсақ шоқының жоғарғы нүктесі) болатын Ақсораң тауы бар Қызылтас алабы орналасқан.
Оңтүстiк-батыста - Ұлытау (1133 м). Солтүстiкте - Көкшетау қыраты (947 м). Жотаның шығысында - Шыңғыстау (1077 м), Ақшатау (1305 м). Айналасында аласа таулар алабы (15-30 км) орналасқан. Олар - Баянауыл (1026 м), Дегелең (1084 м), Жақсы-Жалғызтау (729 м), Бурабай (947 м), Нияз (833 м) және т.б.
Ұсақ шоқының оңтүстік бөлігінде, Балқаштан 70 км жерде Бектау-Ата алабы (1213 м) орналасқан.
Сарыарқа өлкесі, соның ішінде Солтүстiк Қазақстан даласы мен көлдері 2008 жылдан бері ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының тізіміне Орталық Азия және Қазақстаннан кірген бірінші табиғи нысаны болып табылады.
«Сарыарқа» сөзі қазақ халқының аумағында халық мәдениетiнің символына айналды. «Сары-Арқа» атымен Астана және Алматыдағы ірі аудандар, сонымен қатар, басқа да елді мекендер, Қарағандыдағы әуежай, елдегі бірнеше ауыл аталады. Бұдан басқа мәдениет және спорт нысандары (мысалға, Қарағандының хоккей клубы немесе Астананың ең iрi велотрегi), ойын-сауық орталықтары мен басқа да орындарды «Сары-Арқа» атымен жиі атайды.

Мұғалжар – Орал тауының жалғасы болып табылатын аласа таулы өлке. Мұғалжар Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысында орналасқан. Ұзындығы - 200 км, ені - 30 км, орташа биiктiгі - 450-500 м.
Мұғалжар тауы Орск қаласынан (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) солтүстiктен оңтүстiкте қарай созылып жатыр. Ең биiк нүктелері: Үлкен Бақтыбай тауы (657 м) және Айрық тауы (633 м).
Мұғалжар тауларынан Ор өзені (Жайықтың сол саласы), батысқа – Жем өзені мен салалары, шығысқа – Ырғыз өзені бастау алады. Мұғалжардан оңтүстiкке қарай Үлкен Борсық құмы орналасқан, о таулы өлкені Арал теңізінен бөліп тұр.

Каспий теңізінің Маңғыстау түбегiнде орналасқан. Оған Қаратаудың батыс және шығыс жоталары (117 км), сонымен бiрге, Ақтау жотасының оңтүстік және солтүстік бөлігі (70 км) кіреді. Олар сайларға, жыраларға және тар шатқалдарға бөлінген.
Маңғыстау таулары Сарыарқамен салыстырғанда ежелгi тауларға жатады, дегенмен бедері мен құрылысы бойынша екеуіне ортақ нәрселер көп. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі Қаратау жотасындағы Бекшоқы (556 м) нүктесі.

Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан аумақтарында орналасқан қырат. Қазақстанның аумағына оның солтүстiк-батыс бөлігі ғана кiредi және Манғыстау түбегi мен Арал теңізі аралығындағы кеңістікті алып жатыр.
Үстірттің ауданы шамамен - 200 000 км². Ол орташа биiктiгi теңiз деңгейiнен 200 м жоғары орналасқан төмпешiктi жазықтардан тұрады. Қазақстан аумағында қыраттың ең биiк нүктесі - Мұзбел бөктері (340 м). Ол солтүстiк-шығысқа қарай біртіндеп аласарады.
Үстірт барлық жағынан тік жарлармен қоршалған. Арал теңізі шетіндегі шығыс жарының салыстырмалы биiктiгi шамамен 190 м болады.
Негiзгi ландшафт - сазды жусанды шөл, қыраттың оңтүстiк-шығыс бөлігі - сазды-тасты шөл.

Батыста Оңтүстік Орал және Мұғалжар тауларының арасында, шығыста Сарыарқа (Қазақ ұсақ шоқысы) мен Көкшетау, Ұлытау тауларының арасында орналасқан үстірт.
Торғай үстіртінің ұзындығы - шамамен 600 км, ені - 300 км, биіктігі - 310 м-ге дейін, орташа биіктігі - 200-300 м. Орталық бөлiгiнде солтүстiктен оңтүстiкте қарай 750 км созылып жатқан жыра орналасқан. Оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп атайды.
Торғай үстірті негiзiнен теңiз шөгiндiлерi мен құрылықтық жыныстардан тұрады.

Жем үстірті – Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжардың батыс таулары аралығында орналасқан үстірт.
Үстірттің орташа биiктiгі шамамен 100-300 м. Солтүстiк-шығыста ол кішкене жоғарылайды, солтүстiкке, оңтүстiкке және батысқа қарай төмендеп, төбешікі жазыққа ұласады. Үстірт сазды және шөгiндi топырағымен, кейбір жерден форфориттің шығуымен ерекшеленеді. Орал Алды үстірті Ембi өзені арналарының жүйесiмен және басқа да шағын өзендермен суарылады.

Батыста Сарысу өзенінiң, шығыста Балқаш көлінің, солтүстiкте Сарыарқаның, оңтүстiкте Шу өзенінің аралығында орналасқан үстірт.
Үстірттің жер бедері бiртектес. Әр жерде қысқа құрғақ жыралар және сорлар мен өзендерден қалған терең емес ойыстар ұшырасады. Үстіртте ағынды су тіптен жоқ. Жер бедерінің орташа абсолюттiк биiктiгi - 300-350 м.

Едiл мен Орал таулары арасында орналасқан көлемдi төмпешiкшi үстірт (сырт). Қазақстанға оның тек оңтүстік бөлігі жатады. Жалпы Сырт әктастардан, бордар және солтүстiк-батыс бағытта қысқа биiк емес қатпарларға жиналған басқа да шөгінділерден тұрады. Үстірттің жер бедері - бөлшектенген, қазақстандық бөлiгi жазық болып келеді.

Онтүстікте Балқаш көлінің, оңтүстiк-шығыста Жоңғар Алатауының, оңтүстiкте Іле Алатауының және батыста Шу-Іле тауларының аралығында орналасқан жазық.
Жазықтың ерекшелiгi - ол қоршап тұрған тауларға қарай 350 м-ден 700 м-ге дейін жоғарылайды. Балқаш маңы жазығында Тауқұм, Сарыесік-Атырау құмды шөлдері мен Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы орналасқан. Балқаш маңы жазығының жер бедерінде құмды белдер басым, олар қайраңдармен, сазды-құмды жерлермен кезектеседі.

Батыс-Сібір ойпаты – Ресей мен солтүстiк Қазақстанның аумағында орнасқан жазық. Қазақстанның аумағына Батыс-Сiбiр жазығының оңтүстңк шеті кіреді. Ол Орал тауларынан Алтайға дейін созылып жатыр.
Бұл жазықтың жер бедері бiртектес: биiк белестер мен үстірттер жоқ. Кейбiр жерлерде ғана солтүстiк-шығысқа қарай 2-8 км созылған, биiктігі 5-15 м болатын жоталар кездеседі. Олардың аралығында терең емес ойпаңдар орналасқан.
Батыс-Сiбiр жазығы оңтүстiктен солтүстiкке қарай көлбеу болып келеді. Жазықтың Сарыарқамен жалғасатын оңтүстiгінде ол теңiз деңгейiнен 200 м көтерiледi, ал солтүстiкте және солтүстiк-шығыста (Петропавлға жақын) 130-140 м-ге дейiн төмендейді. Мұны өзендердiң баяу ағысы бойынша ғана көреге болады.

Орыс жазығы – Шығыс Еуропадағы жазық, Еуропалық жазықтың бөлiгі. Қазақстанда Каспий маңы ойпатын қосқанда оның оңтүстiк-шығыс бөлігі жатыр.

Солтүстікте Жалпы Сырт, шығыста Орал Алды үстірті, оңтүстiк-батыста Каспий теңізі аралығында орналасқан. Оңтүстiк-шығыста ойпат Үстірт және Маңғыстау үстіртімен шектеседi.
Теңiз жағасында Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен 27 м төмен жатыр. Каспий теңізінен алыстаған сайын ол біртіндеп көтеріліп, солтүстiк шетiнде 100 м абсолюттiк биiктiкке жетедi. Каспий маңы ойпатының жер бедерi бiртектес. Ол теңіздің түбі болғандықтан ондаған шақырымдарға дейін биік жерлер кездеспейді. Бұл жерлерде тегіс сазды жазықтар мен құмды алаптар көп кездеседі. Бұл өлкеде келесі құмдар орналасқан: Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтөбе, Тайсойған, Қарақұм.

Қазақстанда батыстан шығысқа қарай созылған кең жазық. Қазақстанға оның солтүстiк бөлiгi ғана кіреді, негiзiнде, ойпат Орталық Азияның басқа мемлекеттерiнің аумағында орналасқан. Ойпаттың шеттері теңіз деңгейінен 200 м-ге дейін көтерілген, ал Арал теңізіне қарай бағытталған орталығында төмендейді.
Сырдария Тұран ойпатын екi бөлiкке бөледi: оңтүстік және солтүстік. Үстір және басқа да үстірттер салыстырмалы ойпаттармен кезектеседi: жеке ойыстар теңіз деңгейінен төмен орналасқан (мысалы, Қарақия - 132 м). Ойпаттың үлкен бөлігі Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм және басқа да шөлдерден тұрады, олдардың биіктігі 922 м-ге дейін жетеді.

СУ БАЙЛЫҚТАРЫ

Қазақстанның су ресурстары әртүрлілігімен ерекшеленеді: теңiзге шығатын жолдың жоқтығына қарамастан, елдiң аумағында әлемдiк деңгейдегі су қазыналары табылады. Әлемдегі ең ірі көл - Каспий теңiзі, Кіші Арал - бұрын әлемде үлкендігі бойынша 6-орын алатын Арал теңізінің солтүстік бөлігі және әлемдегі ең ұзын өзен саласы - Ертiс өзені.
Елдiң аумағында тау және далалық жердегі мыңдаған өзендер мен ондаған тұщы және тұзды көлдер орналасқан.

Көлдер

Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, олардың аумағы 45 мың км² шамасында, ал жалпы көлемі – 190 км3.
Қазақстандық көлдердiң 3 мыңының ауданы 1 км²-тан асса, 21 көлдің ауданы 100 км²-тан асады.
Елдің негiзгi көлдердiң үлкен бiр бөлiгi солтүстiк Қазақстанда орналасқан, ол жалпы санының 45 %-ын құрайды. Қазақстанның оңтүстік және орталығында 36 %-ы орналасса, басқа аймақтарды бiріктіргенде 19 % болады.
Қазақстанның әйгiлi және ірі көлдерi: Каспий мен Арал теңізі және Балқаш көлі. Мұндай көлдердiң қатарын бұдан әрi Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілетітеңіз бен Сасықкөл жалғастырады.

Қазақстанның ең iрi көлдерiнің аудандары

Каспий теңізі - Қазақстан батысының бiр бөлiгi жер шарының ең үлкен ағынсыз көлi - Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол өлшемі үлкен болғандықтан теңіз деп аталады, оның жалпы ауданы шамамен 370 км². Каспий Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 26,5 м төмен. Ол солтүстiктен оңтүстiкке 1200 км созылып жатыр. Ең ұзын жері – 435 км, ал қысқа жері – 193 км.
Қазақстанға Каспийдің 29 %-ы (2340 км) тиесілі, бұл - теңіз ауданының солтүстік және солтүстiк-шығыс бөлігі.

Арал теңізі - бұл Тұран платформасында орналасқан ағынсыз, тұзды көл. Оның бір бөлігі Қазақстанда, екінші бөлігі Өзбекстанда орналасқан.
Аралдың ХХ ғасырдағы тарихы өте әсерлі. 1960-шы жылдардан бастап жеңiл өнеркәсiп саласында және негiзiнен Түркіменстан мен Өзбекстан аумағындағы мақта даласын суландырудың мақсатында, Сырдария мен Әмударияның суын пайдалану үшін жасалған кеңестік жобаны iске асыру барысында теңiз деңгейi төмендей бастады.
Арал трагедиясын кеңес өкiметi 1980-шы жж. дейін жасырып келіп, ол «жариялылық» кезеңінде белгілі болды. Осы уақытқа дейін Арал көлемі бойынша әлемде 4-орын алса, кейін 6-орынға түсіп, ақырында тіпті ондықтан да шығып кеткен. 1989 жылы теңіз екі су ағынына бөлінді — Кіші және үлкен Арал. Қазіргі таңда оның ауданы өткен ғасырдың 1960-шы жж. тіркелген ауданының 10 %-ын ғана құрайды. Судың көлемі 5 есеге азайған, тұздылығы артып, балықтар саны кеміген.

ХХ ғасырдағы Арал теңізінің тартылуы

Қазақстан тәуелсiздiк алған мезгілден бастап, Арал теңізінің мәселесін шешуге белсене кірісті. Арал маңы экологиясынан зардап шеккен азаматтарды қорғау және оларға әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы жасалды, Кіші Аралды құтқару мақсатында ірі масштабты жобалар қолға алынды. Бұл жерде шешуші қадам 2005 ж., Кіші Аралға бөгет салынған кезде жасалды.
Жобаның арқасында Кіші Аралдағы судың деңгейі 5 жылда 39-дан 42,2 метрге дейiн көтерiлдi. Бүгінде Арал қаласы мен теңiз арасындағы қашықтық кезіндегіден 100-ден 12 км-ге дейiн қысқарған.

Үлкен Көкарал бөгеті

Балқаш – Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы ағынсыз, жартылай тұщы көл.
Балқаш – әлемдігі кеуіп кетпейтін, тұзды көлдердің ішінде көлемi жағынан екiншi (Каспий теңізінен кейiн) және әлемнiң ең iрi көлдерiнің тiзiмінде 13-ші орын алатын көл. Балқаштың ауданы - 18200 км², ұзындығы - 614 км, шығыс жағында ені - 9 мен 19 км арасында және батыс бөлігінде 74 км. Балқаштың максималдық тереңдігі - 26 м. Көле 40 шақты арал бар, олардың саны су деңгейіне байланысты өзгеріп тұрады.
Көлдiң басте ерекшелігі - ол екi бөлiкке тар бұғазбен бөлінген, олардың суы әр түрлi химиялық сипатқа ие болады: батыс бөлiгiнде суы - тұщы, шығысында — ащы.
Батыс бөлiгiндегі тұщы су Іле өзенінен құйылады, көлдің шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері құяды, бұдан басқа, көл жер асты топырақ суымен қоректенедi. Көл суының құрамы ғана емес, оның түсінің де әртүрлілігі өте қызық. Осылайша, батыс бөлiгiндегі су сарғылт-сұр түсті де, шығысында судың түсі көгілдірден жауһар түсті көгілдір түске дейін өзгереді.

Зайсан – Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Оңтүстік Алтай, Саур мен Тарбағатай аралығындағы қалааралық тектоникалық ойпаңда орналасқан тұщы көл. Бұл - Шығыс Қазақстандағы ең үлкен көл. Зайсанмен кеме қатынайды.
Зайсан көлінің ауданы - 1810 км², ұзындығы - 100 км, ені - 30 км. Тереңдiгі 8 метрге жетедi.
Қазақстанның бұл көркем бұрышы туристерді ғана емес, балық аулаушыларды да көп қызықтырады.

Алакөл – Қазақстанның оңтүстiк-шығысында, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының аралығында орналасқан ағынсыз, тұщы көл.
Алакөл көлінің ауданы - 2200 км².
Алакөл көлі Қазақстанның әдемі көлдерінің бірі ғана емес, сонымен қатар, ол емдік қасиеттерге ие. Алакөл көлі демалыс пен ем үшiн барлық жағдайды жасайтын күкiрт сутекті балшыққа және минералды тұздарға бай.

Теңіз – Сарыарқаның орталығында, Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан тұзды, ағынсыз көл. Оның ауданы - 1590 км², ұзындығы – 75 км, ені – 40 км, тереңдігі –8 метрге дейін.
Теңіз көлінің басты ерекшелігі - бұл қызғылт қоқиқаз тіршілік ететін ТМД аумағындағы санаулы жердің бірі. Сонымен қатар, Теңіз көлінде балықтар жоқ.

Өзендер

Қазақстанда 39 мыңнан астам тұрақты және уақытша өзендер орналасқан. Сонымен қатар, 7 мың өзеннің ұзындығы 10 км-ден асады.
Елдiң ең iрi өзендерiнің қатарына мыналар жатады: Ертiс, Есiл, Тобыл, Орал, Сырдария, Іле және Шу.
Ең үлкен қою (0,4-1,8 км/км²) өзендердің жүйесіне биiк таулы Алтай өңірі, Жетісу белесі, Іле Алатауы аймағы кіреді. Ең аз қоюлық Арал және Каспий шөлдерi маңында байқалады.
Қазақстандағы өзендердің көпшiлiгі Каспий мен Арал теңіздеріне және Балқаш пен Теңіз көлдеріне жатады.

Ертiс – Қазақстанның суы мол, ең ұзын өзені. Өзеннiң жалпы ұзындығы 4248 км-ді құрайды, бұл азиялық аймақ өзендерінің арасында екінші орынды алады. Ертiстiң қазақстандық бөлiгінің ұзындығы – 1835 км. Өзеннің бастауы Қытай мен Моңғол елдерінің шекарасындағы таулы аудандардан басталады.
Зайсан көліне дейінгі өзеннің бөлігі Қара Ертiс деп аталады. Ертiс суы Бұқтырма ГЭС арқылы өткеннен кейiн, «қара» сөзі «ақ» болып өзгереді.
Ертiс өзені Қазақстан аумағындағы үш iрi қаладан ағып өтеді: Өскемен, Семей және Павлодар. Ертiсте 3 гидроэлектр станциясы бар.
1974 жылы Қазақстанның басқа аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшiн, 458 км-ге созылған Ертiс - Қарағанды үлкен арнасы салынған. Оның тереңдігі – 57 м, ені – 40 м. Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін жетеді.

Есіл – Ертiстiң ең ұзын саласы, Қазақстан бойынша созылыңқылығы - 1400 км, ал өзеннiң жалпы ұзындығы – 2450 км, су жинағыш хауыздың ауданы - 177 мың км². Өзен ерiген қар суымен қоректенеді.
Дәл осы Есiл өзенінің жағалауында Қазақстанның астанасы – Астана қаласы орналасқан. Сонымен қатар, Есiл Петропавл қала арқылы да өтеді.
Ертiске Есiл өзені Ресейдiң аумағында қосылады.
Есiл өзенiнде екi су қоймасы орналасқан — Вячеслав су қоймасы және Сергеев су қоймасы. Петропавл мен Сергеев су қоймасының арасында кеме жүреді.

Жайық - Орал тауынан бастау алатын өзен. Өзеннің жалпы ұзындығы – 2 428 км, қазақстандық бөлігі – 1082 км, су ауданы – 231 мың. км². Өзен Қазақстанның екi iрi қалаларынан өтеді: Атырау және Орал. Жайық өзенінде кеме жүреді.

Іле – шығыс Қазақстандағы өзен. Іленің жалпы ұзындығы – 1439 км, қазақстандық бөлігі – 815 км.
Өзен 3540 м биіктіктегі Тянь-Шань тау алабының қытай бөлiгiнен бастау алады. Қапшағай су қоймасынан өтіп, Балқаш көліне құяды.
Қапшағай су қоймасына жақын жерде, Іле өзені бойындағы қара жартастарда барлығы 1000 шақты әр түрлi бейнелер бейнеленген петроглифтер сақталған. Іле өзені - Жетісу туризмінің негiзгi тармағы.
Өзеннің кей жерлері тап-таза сулы көл секілді болып келеді.

Тобыл – солтүстiк Қазақстанындағы өзен, Ертiстiң сол саласы. Тобылдың жалпы ұзындығы - 1591 км, қазақстандық бөлігі – шамамен 800 км. Қазақстанда Тобылдың орта тұсы ғана орналасып, оның басы мен соңының Ресей аумағында болуы – өте қызық. Тобыл Қостанай қаласы арқылы өтеді.
430 км болатын өзеннің төменгі жағында кеме қатынайды.

Сырдария – су көлемі бойынша Орталық Азияда Әмудариядан кейiнгі екінші ең ұзын өзен. Оның жалпы ұзындығы - 2219 км, қазақстандық бөлігі – 1400 км. Өз ағысында өзен төрт орта азиялық мемлекеттi кесiп өтедi — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Өзбекстан.
Өзенде 2 су қоймасы мен 3 бөгет орналасқан.

Қазақстанның ең iрi көлдерiнің аудандары

1. Каспий теңізі – 371000 км²
2. Балқаш – 16400 км²
3. Арал теңізі - 13900 км² (2010 ж.г)
4. Кіші Арал теңізі - 3300 км²
5. Алакөл – 2200 км²
6. Зайсан – 1810 км²
7. Теңіз – 1590 км²
8. Сілетітеңіз – 750 км²
9. Сасықкөл – 736 км²
10. Картада көрсетілген

Қазақстан батысының бiр бөлiгi жер шарының ең үлкен ағынсыз көлi - Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол өлшемі үлкен болғандықтан теңіз деп аталады, оның жалпы ауданы шамамен 370 км². Каспий Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 26,5 м төмен. Ол солтүстiктен оңтүстiкке 1200 км созылып жатыр. Ең ұзын жері – 435 км, ал қысқа жері – 193 км.
Қазақстанға Каспийдің 29 %-ы (2340 км) тиесілі, бұл - теңіз ауданының солтүстік және солтүстiк-шығыс бөлігі.
Болжамдарға сүйенсек, Каспий теңізінің атауы осы аймақтың оңтүстiк-батысында б.э.д. 1-мыңжылдықтарды өмір сүрген каспий тайпаларына байланысты қойылған. Тiптi, өзінің тарихында каспий теңізі әр түрлі тайпаларға қатысты қойылған 70 шақты атауға ие болған.
Каспий теңіздің де, көлдің де қасиеттеріне ие. Ол бәрінен бұрын, өзінің ағынсыздығына қарамастан, көлемі бойынша теңіз атағын иеленген. Экожүйе жабық бассейнді тарихы бар, әлемдiк мұхиттың эвститикалық деңгейiне бағынышты болмайды теңізді ұсынады.
Каспий теңізі - шамамен 5,5 миллион жыл өмір сүріп келе жатырған су айдыны.
Теңiздiң қазақстандық бөлiгi айтарлықтай терең емес, Каспийдің солтүстік жағалауының тереңдігі бар болғаны шамамен 15-20 м. Қазақстандық өзендердiң арасында Каспийге құятындары - Жайық және Жем (Ембі).
Каспий балықтар мен итбалықтарға өте бай. Балықтардың ішінде бекіре балықтары (бекіре, қызыл балық) өте бағалы болып келеді. Қазақстандағы бекіре кәсібінің 40 %-ы Каспийде ауланады.

Арал теңізінің тартылуы белгілі кезеңдерден тұрады:
• Су деңгейі 1961 жылдан 15 метрге (53-тен 38 метрге дейін) төмендеп, судың жалпы көлемі 3 есеге азайды.
• 1989 ж. – Арал теңізі Кіші және Үлкен Арал болып екіге бөлінді.
• 2001 ж. – Үлкен Арал батыс және шығыс бөлік болып екіге бөлінді. Қайта Өркендеу аралы түбекке айналды.
• 2005 ж. - Үлкен Арал мен Кіші Аралдың суын бөгеу үшін бөгет тұрғызылды. Үлкен Арал белсенді түрде құрғай бастады.
• 2009 ж. - қайта өркендеу түбегi кебу бөлігіне айналды. Үлкен Аралдың шығыс бөлігі кеуіп кетті. Арал теңізінің барлық аумағы азая бастады.
• 2010 ж. - жазда Үлкен Аралдың шығыс бөлiгi Әмударияның еріген суымен толды. Шығыс пен Кіші Аралдың ауданы үлкейді, ал Батыс Арал тағы да кепті.
• 2011 ж. - Шығыс пен Кіші Аралдың ауданы кішірейіп, Батыс Арал кішкене үлкейді.
• 2012 ж. - Үлкен Аралдың ауданы өзгеріп тұрды, ал Кіші Аралдың ауданы өзгеріссіз қалды.
2009 ж. кейiн Үлкен Арал теңiзінiң құрғауы тоқтап, кейбір жылдары ғана (2010 ж. жазы мен 2012 ж.) ауданы үлкейді.
Кіші Арал теңiзінiң құрғауы 1990 жж. басында тоқтаған.

Көкарал бөгеті – Солтүстiк Арал (Кіші теңіз) мен Оңтүстік Аралды (Үлкен теңiз) бөліп тұратын бөгет.
Ол Кіші Арал теңізінің су деңгейін сақтап қалу мақсатында жасалған.
Бөгет Дүниежүзілiк банктiң қолдауымен 2005 жылы салынған.
Жобаны iске асырудың нәтижесiнде Сырдария өзенiнің арнасы 350-ден 700 кв метрге өсті; Арал теңізінің солтүстік бөлігі қорғалды: 870 кв км (2414-тен 3288 кв км-ге дейiн) аудандағы теңiздiң кепкен түбі қалпына келтірілді; теңiз көлемі 11,5 кв км-ге (15, 6-дан 27,1 кв км-ге дейiн) ұлғайды; су минерализациясы 23-тен 17 г/л-ге дейiн төмендедi.

ЛАНДШАФТТАР

Ландшафттар мен табиғи аймақтар

Қазақстан аумағының көп бөлiгiн шөл (44 %) мен шөлейіт (14%) жерлер алып жатыр. Далалық аймақ ел аумағының 29 %-ын, орман 5 %-ын құрайды.
Қазақстанның жазықты жерлердегі бөлiгi солтүстiктен оңтүстiкке қарай орманды даладан шөлдерге дейiн бiртiндеп алмасады.
Бұл аймақтарда батыстан шығысқа дейін өсiмдiк жамылғысы мен топырақты жер де өзгередi. Бұл климат континенттiлігi бағытының күшейуімен түсiндіріледі. Елдiң биiк таулы шығыс аудандарында аймақтардың ауысымы биiктiкке байланысты болады.

Орманды дала

Қазақстан аумағында орманды далаға елдің оңтүстігі кіреді.
Ол батыстан шығысқа қарай созылып (150 - 250 км), елдің ең шеткi солтүстiк бөлiгiн алып жатыр.
Орманды далаға даланың әр жерінде орналасқан ағаш өсiмдiктерінің жеке аймақтары кіреді.
орманды дала аймағындағы жердiң бедерi тегiс. Олардың арасында төмен жерлер де кездеседі, олардың кейбірі көлдер. Қазақстандық аймақта 6000-нан астам көл бар.
Орманды дала аймағындағы климат басқа аймақтармен салыстырғанда неғұрлым қолайлы. Бұл жерлерде басқа аймақтарда қарағанда жауын-шашын көп, әсіресі жаз айларында мол болады.
Жазы - ыстық, шiлденің орташа температурасы - +18-20°С. Қысы - суық. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С. Кейбір күндері -51-53°С дейін барады.
Қазақстанның орманды дала аймағындағы өзендерінің барлығы дерлік ерiген қар суымен қоректенеді. Өзендердiң ең iрiсi: Ертiс, Есiл, Тобыл.
Аймақтың өсiмдiгi - шалғындық-далалық өсімдіктер, солтүстiк және солтүстiк-батыс бөлігі - орманды болып келеді. Жердің үстіңгі қабатын жабатын өсiмдiктер алуан түрлі шөптер мен дәндi дақылдардан тұрады. Бұл жерлерде бетеге, бидайық сияқты шөптер көп кездеседі.
Бұл жердегі орман қайыңдар мен көктеректерден тұрады. Жалпы Сырт орманында үлкен жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандағаш басым.
Ормандағы қайың, көктерек бұталарында бұталы талдар, долана, итмұрын, қарақат өседі.
Орман өсiмдiктері оңтүстiкке өзен бойы арқылы таралады. Мысалы, далалық аймақта, Жайық өзені жағалауында орман өсімдіктері, Ертiстiң жағалауында қарағай өскен. Сонымен қатар, Сарыарқа-Көкшетау тау алаптары мен Қарқаралы жерлерінде де қарағай кездеседі.
Орманды дала жануардың ерекше құрамымен ерекшеленбейді. Жергiлiктi ормандарда көршi аймақтардағы секілді саршұнақтар, сұр тышқандар, қосаяқтар, ақкiстер, ақ қояндар, түлкiлер, қасқырлар, қарағайлы ормандарда тиiндер тіршілік етеді. Соңғы жылдары бұл жерлерге солтүстiк ормандарынан сiбiр елiктерi мен бұландарды қайта қоныстандырды. Бауырымен жорғалаушылардан жыландар мен кесiрткелер кездеседі.

Дала

Қазақстанда далалық аймақ ел аумағының 29 %-ын алып жатыр. Ол батыстан шығысқа қарай созылып жатыр (2200 км).
Аймақтың енi 600-700 км дейiн жетедi.
Далалық аймақтың климаты - құрылықтық. Жазы - ыстық және құрғақ. Қысы - суық және қары аз. Қаңтардың орташа температурасы -16-18°С, шілде айында солтүстікті +18°С, оңтүстiкте +23°С. Жылға жауын-шашын мөлшері - 300 мм дейiн және олардың мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды.
Далалық аймақтағы өзендердің суы аз. Бұл жерде үлкен өзендер де (Ертiс, Есiл, Тобыл), кіші өзендер де бар. Көктемгі су тасу мерзiмінде жылдық ағынның 80 %-ы ағып кетеді.
Далалық аймақ шөпті өсiмдiктерге бай. Оның солтүстiк бөлігінде негiзiнен бетеге, тимофеевка, кермек, ебелек басым болады. Даланың оңтүстік бөлігінің басты өсімдігі ретінде жусанның түрлерін атауға болады.
Ашық және көп түстi дала қысқа мерзiмдi көктем мен жаздың басында ғана байқалады. Шілдеден бастап шөп қурап, даланың түсі сұр-сары түске боялады.
Далалық сүтқоректiлерге мыналар жатады: саршұнақтар, қосаяқтар, дала тышқандары, далалық алақоржындар. Осы мекеннен келесі жыртқыштарды да кездестiруге болады: ақкiс, күзен, борсық, қасқыр және түлкi. Сонымен бiрге, далалық жерде ақбөкендер де мекендейді.
Далалық құстарға дрофаны жатқызуға болады, олардың кейбірінің массасы 16 килограмға дейін жетедi. Сонымен қатар, безгелдектер, қара бозторғай мен қараторғайлардың көптеген түрлері де бар. Жыртқыш құстардан далалық бүркiт, далалық ителгі, кезқұйрық кездеседі.

Шөлейттер

Қазақстанның шөлейт жерлері шөл мен дала аралығындағы ауыспалы аймақ болып табылады. Ол Орал мен Алтай тауларының арасында 2900 км-ге созылып жатыр, ені - 30-бен 300 км аралығында. Шөлейт елдің барлық аумағының 14 %-ын алып жатыр.
Шөлейт жердің климаты - құрғақ, солтүстiк аймақтарға қарағанда, әлдеқайда құрғақ. Жауын-шашын аз түседі, мөлшері 180 мен 300 мм аралығында өзгеріп тұрады. Жауын-шашын көктемнің соңы мен жаздың басында көп, ал қыста өте аз жауады. Шiлденің орташа температурасы +22-24°С, ыстық кейде 40°С дейiн жетедi. Зима суық, ашық, аязды күндері басым болады. Қаңтардың орташа температурасы — 15-17°С, ең төмен температура - 50°С болып шығыста байқалады.
Жазда шөлейт аймақта көп өзендер кеуiп қалады. Шөлейт аймақта 3000-нан астам көл бар. Олардың көбісінің сулары - тұзды немесе сортаңды.
Шөлейт жерлерде шөлді жердің де, далалық жердің де өсімдіктері өседі. Өсiмдiк жамылғысы негiзiнен бетеге, жусан, түймедақтан тұрады. Шөлейт жердің көп бөлігін жусан алып жатыр.
Кейбір жазықтарды сортаң топырақ пен сорлар ұшырасады. Олардың ортасында өсiмдiктер болмайды, тек шет жақтары ғана әр түрлi өсiмдiктермен қоршалады.
Шөлейт жерлерде шөлді және далалық жердегі сияқты кемiргiштерден – саршұнақтар, қосаяқтар, қояндар, түлкiлер, күзендер, құстардан – бүркiттер мен бозторғайлар мекендейді. Сүтқоректiлерден қарақұйрық пен ақбөкен кездеседі. Шөлейт жерлерде жыландар мен кесірткелер өте көп.

Шөлдер

Қазақстанда шөл аймағы 2800 км-ге 500-700 км енімен созылып жатыр. Шөл аймағы елдiң 44 % аумағын алады.
Қазақстандық шөл аймағында негiзiнен құмды және сазды шөлдер басым. Тастақ (тасты) шөл Қазақстанға тән емес, ол тек кейбір шағын аудандарда ғана кездеседі.
Шөлдердiң климаты өте құрғақ. Жылдық жауын-шашынның мөлшері ешқай жерде 200 мм-ден аспайды. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Ең үлкен жауын-шашын мөлшерi көктемде болады. Қысы - суық. Аяз - 40°С дейiн жетедi. Жазы - өте ыстық, қапырық және құрғақ. Шiлденiң орташа температурасы солтүстiкте +24-26°С, оңтүстiкте +28-30°С. Жазда құмның бетi +70°С дейiн қызады. Мұның бәрі үлкен буланғыштыққа алып келеді.
Көктемде ерiген қар суымен толған ойпаңдар мен шұңқырлар жазда құрғайды. Құрғақ ауа мен жауын-шашынның аздығының салдарынан, шөлді аймақтарда жергiлiктi өзен жоқ. Тек бастауы шөлді емес жерлерден басталатын өзендер (Жайық, Сырдария, Шу және т.б) ғана кездеседі.
Сонымен бiрге, шөлді аймақта ең iрi артезиан хауыздары бар.
Құмды шөл барлық шөл аймағының шамамен үштен бiр бөлігін құрайды. Шөлдер ондаған мың жыл бұрын, бұрынғы өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Желмен көшкен құмдар шағылдар мен төбешiктердi жасаған.
Құмды шөлдерде жусанның бірнеше түрлері мен дәндi дақылдар таралған.
Көктемде бетеге, құмды жусан, құмды сұлы, шөлді түймедақ өседі. Жаз мезгілінде барлық өсімдіктер қурап қалады.
Сазды шөлдер құмды алаптардың арасында немесе олардың шеттерінде орналасқан. Ең iрi сазды шөлдер – Үстірт, Бетбақдала, Сырдария өзенiнің оң жақ жағалауы.
Өсiмдiктерден жусан, баялыш пен бұйырғын көп кездеседі. Қара сексеуiл де ұшырасады.
Тастақ немесе тасты шөл Қазақстанда аз аумақты ғана қамтиды.
Бұл жердің өсiмдiктері айналадағы өсімдіктермен бірдей. Шөлдердегі өзенді аймақтардың өсiмдiгi ерекше болады. Бұл жерде түрлi өсiмдiктерден тұратын бұталы, қалың тоғайлар да кездеседі. Мұндай жерлер тоғайлар деп аталады. Тоғайлар Сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында ұшырасады. Тоғайларда құрақтар мен қамыстар өседі.
Шөлдердің жануарлар әлемі әртүрлі болып келеді. Бұл жерді мекендеуге жылындар мен кесірткелердің кейбір түрлері ғана үйренген. Далалық жылан, щитомордник, сонымен бiрге, кiрпi мен тасбақа да бар.
Шөлді жерлерде iрi тұяқтылардан қарақұйрықтар мен ақбөкендер тіршілік етеді. Көптеген кемiргiштер – қосаяқтар, саршұнақтар, құмтышқандар – жылдың қолайсыз мерзiмдерiнде iндеріне тығылып, ұйқыға кетеді. Қалың тоғайларда қабандар, қамыс мысықтары мен қасқырлар мекендейді.

АУА РАЙЫ

КЛИМАТ

Қазақстан – құрлықтық климаты басым, яғни, қатты құрылықтықтан құрылықтыққа дейінгі климатты қамтитын мемлекет. Қорытындылай келгенде, Қазақстан климатының төмендегі ерекшелiктерін атауға болады:
- жазғы температура мен қыстыгүнгi температураның арасындағы үлкен айырмашылық;
- ауаның құрғақтығы;
- елдiң көп бөлiгiндегі жауын-шашынның тапшылығы;
- солтүстiктегi ұзақ қатты қыс және қысқа жаз;
- оңтүстiктегі қысқа қыс және ұзақ жаз.

Климаттың қалыптасуы

Қазақстан климатты жұмсартатын барлық мұхиттардан алыста орналасқан, ал елдiң аумағы батыс пен солтүстіктен соққан желге ашық тұр. Таулар тек қана оңтүстiк-шығыс пен шығыс аудандары қорғайды, дегенмен, елдiң аймақтарының көпшiлiгі жабық емес.
Тынық және Үнді мұхиттарының беттерінде пайда болатын, дымқыл әрі жылы ауа массалары Қазақстанға келмейді, оларды Тянь-Шань мен Памир биік тау жоталары бөгейдi.
Сондықтан Қазақстанның климатына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиты мен олардың теңiздері әсер етеді. Тау бөгеттерінің жоқтығы ауа массаларына солтүстiктен оңтүстiкке қарай, шығыстан батысқа қарай еркін орын ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
Тропикалық әуе массалары Қазақстанның оңтүстік аудандарына жаз мезгілінде Орта Азия мен Ираннан келеді. Бұл құрылықтық тропикалық массаларды, сонымен қатар, ирандық деп те атайды.

Температура

Табиғаты екі түрлі аймақтың - Еуразия мен Орта Азияның арасында орналасқан Қазақстанның аумағында, суық солтүстiк пен қапырық оңтүстiктiң әуе массалары тоғысады.
Қазақстанға температуралардың өзгермелілігі тән. Жазық, аласа таулы аймақтардағы орташа айлық, жылдық температуралар солтүстiктен оңтүстiк бағытына қарай өзгередi, ал биiк таулы облыстарда, теңiз деңгейiмен салыстырғандағы жер биiктiгiмен өлшенеді.
Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстiкте +0,4 С°, оңтүстiкте +13,7 С°.
Солтүстiкте қыс мезгілі-қаңтардағы орташа температура -18,7°С, оңтүстiкте -1,5°С болады. Ауаның құрғақтығы мен күннiң жарықтығы әсерінен -15 С° дейiнгі суықтық әдетте қатты әсер етпейді, ол қалыпты дымқыл ауадағы -5° – 0°С сияқты сезіледі.
Ең ыстық ай – шiлденiң орташа температурасы солтүстiкте +18,8°С, оңтүстiкте +28,8°С.
Қазақстанда ең жоғары температура Түркiстан қаласында +49 С° болып тіркелген.
Ең төмен –Атбасар қаласында −57 C°.

Жауын-шашын

Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашындар көп емес, ерекшелік тек шығыстағы таулы аудандарда кездеседі. Ең көп жауын-шашын мөлшерi Батыс Алтайға тән – 1600 миллиметрге дейiн. Ең азы – Арал теңiзінің солтүстiк-шығысы мен Балқаш көлінің батыс бөлiгi, ол жердегі жауын-шашын мөлшері - бар болғаны 100 миллиметр.
Қазақстанда жауын-шашын көктем мен жаздың бас кезінде жауады. Ең құрғақ айлар - шілде мен тамыз. Тек қана таулы аудандарда жауын-шашын жыл бойы болады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығысты қоспағанда, қар елдің барлық аумағына жауады. Күн жылып кеткен уақытта жаңбыр жауып, тайғаққа айналуы мүмкін.

Бұлттылық

Қазақстан – шын мәнінде шуақты мемлекет, бір жылдағы ашық күн саны - солтүстікте – 120, оңтүстiкте - 260. Кейбiр аймақтарда күн жылдың 330 күнінде жарқырап тұрады, ол жерлерде аспан әрдайым ашық және ашық көгілдір түсті. Ал бұлтты күндер солтүстiкте - 60, оңтүстiкте - бар болғаны шамамен 10 күн.

Жел

Қазақстанның барлық аумағына қатты желдер тән, кейбір аймақтарда олардың жылдамдығы 40 м/сек.
Қазақстанда батыс желдері тұрақты есіп тұрады. Орталық Қазақстанда, қаңтарда желдiң орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/с болса, ал Оңтүстік Қазақстанда 2-4 м/с дейiн төмендейдi. Желдiң жылдамдығы жазда азаяды: шiлдеде солтүстiкте 2-3 м/с, оңтүстiкте – 1-2 м/с.

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ

Қазақстанның табиғаты әртүрлі және ерекше. Оның кез келген бұрышы өздiгiнше әдемi. Қазіргі таңда Қазақстанда өсiмдiктердiң алты мыңнан астам түрлерi бар. Олардың қатарында: ағаштардың 68 түрі, бұталардың 266 түрi, жартылай бұталардың 433 түрі, көпжылдық шөптердің 2598 түрi, бiржылдық шөптердiң 849 түрi.
Қазақстанның өсiмдiктері аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Солтүстiк аудандар орманды дала аймағына, оңтүстік аудандар шөл және шөлейт жерлерге жатады.
Сонымен бiрге, елдің байтақ аумағында, экономикалық қызмет пен ғылым үшiн өте бағалы орман алаптары көп кездеседі. Қазақстан өсiмдiктер мен жануардың ерекше түрлерінің сақталуына ерекше назар аударады. Елімізде табиғи аумақтарды ерекше қорғауға алған кешендер жұмыс жасайды. Сол кешендердің шеңберiнде 10 қорық, 12 ұлттық паркі, 5 табиғи резерваторлар белсенді жұмыс атқарады.

Ормандар

Қазақстанда ормандар жалпы аумақтың 1,2 %-ын, сексеуiл ормандары мен бұталарды есептегенде, 4,2 %-ын құрайды. Соған қарамастан, Қазақстанның ағаш байлықтары зерттеушiлердiң мен туристердің ерекше қызығушылығын туғызады, әсіресе, таудағы және тау етегiндегi ормандар назар аудартады.
Ағашты дала елдiң солтүстiгiнде орналасқан. Ормандар, сонымен бiрге, Іле Алатауында және басқа да тау жүйелерінде кездеседі.
Негiзгi түрлері:
- қылқан жапырақты – қарағай, шырша, самырсын, балқарағай, арша;
- жапырақты – қайың, көктерек, терек, ағаш тәрiздi тал;
- бұталар – итмұрын, тобылғы, сары арша;
- шөлде – сексеуiл, жыңғыл, қараған.

Түрлері әртүрлі болғанымен, Қазақстанның орманды аудандарының үштен екiсінен астамы бұта мен сексеуiлге толы. Ал ағаштардың көп бөлігі, шамамен 70 %-ы, қылқан жапырақты болып келеді.

Қазақстандағы ерекше ағаштар мен бұталар (эндемиктер):
Ел аумағында эндемикалық ағаштар мен бұталардың 115 түрі кездеседі. Бұлар - жүзгін (28 түрі), астрагал (35 түрі), қырғыз қайыңы, Линчев алма ағашы, каспий өңірлік, жоңғарлық, сібірлік доланалар, үлкен көктерек, Вавилов алмұрты, Шренк, түркістан раушаны, талдар және т.б.
Өткен ғасырлар флорасының өкiлдерi болып саналатындарға мыналар жатады: тянь-шань шыршасы, қаратау бұйрасы, Регель алмұрты, Корольков бояркасы, пiсте, Семенов үйеңкiсі және басқалары.

Таулар

Тау жүйелерiнде өсiмдiктер бiрнеше белдеулерден өтеді. Тарбағатай мен Оңтүстік Алтайдағы далалық белдеу далалық алқапқа ұқсас болып келеді, бірақ ол жерлерде бұталар көп кездеседі.
Тау алаптарының орман белдеулерiнде үйеңкi, шырша, самырсын, жаңғақ белсендi өседі. Олар Тянь-Шань аласа алап болған кезде, 30-40 млн жыл бұрын еніп кеткен. Қазіргі таңда Қазақстанның тау ормандарында бiрнеше формациялар бар:
- кедр мен қарағай (Алтайда),
- бал қарағай (Саурда),
- пихта (Жоңғар Алатауы мен Алтайда),
- шырша (Алтайда сiбiр шыршасы, Жоңғар Алатауында Шренка шыршасы),
- алма, өрiк, аршалы (Тянь-Шаньда).
Қазақстандық тау етектерiнiң бұталары мен ағаштары туралы айтқан кезде, Қазақстан мен дүние жүзi өсімдіктері үшін маңызды Сиверс Алма Ағашы осы жерде өсетінін айтпай кету мүмкін емес. Бұл жабайы өсетiн алма ағашы, еуропалық ғалымдардың зерттеулерiнiң нәтижесінде, әлемнiң барлық алма ағаштарының бастауы болып табылады. Бұл зерттеу Қазақстанның алманың отаны болып табылатындығын дәлелдейді.

Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы жабайы алма ағаштары әртүрлі, олар жемістерінің түсі, пішіні, өлшемі, дәмі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Жабайы алма ағаштары шыдамдылық, ұзақ өмір сүру, ауруларға қарсы тұру сияқты бағалы қасиеттерге ие болады. Бұл ерекше, толық зерттелмеген қойма - алмалардың жаңа сорттарын жасау үшiн керемет жаңа тетік.
Таулардағы альпiлiк өсiмдiктер шабындық өсімдіктерге жатады.

Далалар

Қазақ даласы елдiң жетi облысының аумағын қамтып, 2200 км-ге созылып жатыр. Далалық жерде, негізінен, ылғал жерде тіршілік ете беретін шөп өседі. Далалық аймақтың өсiмдiктеріне мұндай өсiмдiктер жатады: бетеге, бозот, және тағы басқалары.
Реликтолық, көптамырлыларға сiбiр бетегесі, ши және пияз жатады. Сонымен бiрге, далада бетеге, бұйырғын, сасыр, жусан өсiп шығады. Бұл өсiмдiктер құрғақ климатта өмiр сүруге әбден үйренген.
Қазақстанның далалық флорасын сипаттаған кезде, қызғалдақтарға назар аудармай, айналып өту мүмкiн емес. Қазақстан әлемнiң барлық елдерiнiң арасында, жабайы өсетiн қызғалдақтардың әр түрлiлiгiн сақтау бойынша жетекші орын алады. Ел аумағында бұның 35 түрі өседі.

Далалық жерлерде көлдер негiзiнде сортаңды топыраққа шыдамды өсiмдiктермен қоршалған. Жуан шырынды бұтақшалары мен сабақтары бар, бiр жаздық солерос таңғажайып өсiмдiгі кейде тұзды ерiтiндiде өседі.

Шөлдер

Қазақстанның флорасында шөл жағдайларына үйренген өсiмдiктің 250 түрі бар. Бұл, ең алдымен, қара сексеуiл - аласа, "жартылай ағашты", жапырақсыз, отын ретінде және түйе мен қой малына жемшөп ретінде пайдаланатын өсімдік.
Шөлдерде құмда өсетін жүзгiн, қараған сияқты өсімдіктер де кездеседі.
Шөлдердiң көп өсiмдiктерiнің жапырақтары құрғақ климатқа бейімделген, сондықтан олар қорғаныстық рөл атқаратын қалың қабық — эпидермиспен қапталған. Мұндай шөлді аймақтың климатына бейімделу үшін, кейбір өсімдіктерде керемет эфемер бейімделу қасиеті болады. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның мұндай өсiмдiктерi қысқа мерзімде, әсіресе көктемде гүлдеп, өседі. Эфемерлер басқа өсiмдiктерден ертерек, көктемде оянып, құмды жасыл шөппен жауып, оны басқа түске бояйды. Алайда, бірнеше апта өткеннен кейін, олар гүлдеп, қурап қалады.

Өсiмдiктердің қызыл кiтабы

Қазақстанның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін өсiмдiктері арнайы қорғауға алынған. Елде олардың шамамен 600 түрі бар, олардың едәуір бөлігі ҚР қызыл кiтабына енген. Тіркелгендер қатарына жататын өсімдіктер:
- 287 гүлдер – тарбақай, тобылғытүс, канкриниелла, қаратау доремасы, ферула, т.б. Қызыл кітапқа Шренк шыршасы мен арша кірген.
- қырыққұлақ тектес өсімдіктердің 3 түрі (сусасыр, адиантум, венерин);
- мүктердiң 3 түрi;
- қыналардың 1 түрі;
- саңырауқұлақтардың 10 түрi

Ғалымдар Сиверс алма ағашы қазiргi Қазақстанның аумағында, 150 млн жыл бұрын пайда болған деп болжайды. Бұл - қазіргі Жоңғар және Іле Алатауы орналасқан аймақ.
Кезiнде бұл жерден Ұлы Жiбек жолы өткен, сол кезде осы жерден керуендермен бiрге алма ағашы батыс пен шығыста тарай бастаған. Жергiлiктi алма ағаштарына ең алғаш петерборлық ботаник Иоганн Сиверс көңiл аударып, 1796 жылы бұл алмаларды сипаттаған.
Бүгінде, Қазақстанның аумағында Сиверс алма ағашының шамамен 75 %-ы Жоңғар және Іле Алатауы бөктерінде шоғырланған.
ХХ ғасырда өткiзiлген ДНҚ зерттеуі Сиверс алма ағашының қазiргi алма ағаштарының көп сорттарының бастауы болып табылатындығын растады (ПРУФЛИНК ).
Ғалымдар азиялық орталықтың жабайы өсетiн алма ағашының генетикалық әр түрлiлiгiнің орта азиялық орталығы – алма ағашының қолға үйретуiнің ең ежелгi ошақ екендігін дәлелдейді. Ал осы орталық азияда қолға үйретілген жабайы алма - Сиверс алмасынан алынған.

100-ден аса түрі бар жабайы өсетiн қызғалдақтардың 37-сі – Қазақстандікі. Сонымен қатар, Қазақстанның қызғалдақтардың отаны болып саналады. Олар қазiргi Қазақстанның аумағында, шөл белдеулері мен Тянь-Шань тау етектерінде 10-20 млн. жыл бұрын пайда болған. Дәл осы жерден олар солтүстiк пен оңтүстiкке, батыс пен шығысқа бiртiндеп таралып, Еуразия аумағында оңтүстік Сібір даласынан Иран шөлдеріне дейін, Моңғолия алқабынан оңтүстік Еуропаның тауларына дейін жеткен.
Мәдени қызғалдақтардың 3000-нан астам сорттарының ішінде, қазақстандық түрлерi алғашқы орындардың бірін алады. Қызғалдақтың қазақстандық сорты бір қалыпты климатты елдерде кең тараған, олар көшелер мен саябақтарды, қалалар мен парктерді, ауылдарды көріктендіріп, көптеген iрi ботаникалық бақшалардың назар аударарлық жерлерінің бірі болып есептеледі.
Қызғалдақтың барлық түрлері ішінде ең белгілісі - Грейг қызғалдағы. Дәл осы қызғалдақ 1877 жылы, голландиялық гүл өсiрушiлерден «қызғалдақтардың королі» деген құрметтi лауазымды алды. Қызғалдақтың бұл тамаша түрі тасты баурайларда, Қаратау тау етектерiнде, Алматының батысындағы Жетіжол жартастарына дейін өседі. Оған биiк сабағы, үлкен көкшiл-сұрлау жапырақтары ерекше сән береді. Оның түсі де әртүрлi, көбінесе - ал қызыл немесе қою-қызыл, кейде - қызғылт сары, сары немесе жiбектей ақшыл. Гүл жапырақшасының ішкi жағында қызыл немесе қара дақ болады. Бояуларды мен пiшiні бойынша бұл өрнектер азиялық жібек кездемесі - хан-атластың элементтерін қайталайды.

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Қазақстанда жануарларының әр алуан түрлері бар. Олардың қатарында: сүтқоректiлердің 178 түрі, құстардың 489 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрi, қос мекендiлердің 12 түрі, балықтардың 104 түрі, омыртқасыз жануарлардың шамамен 50 түрі жатады.
Бұлардың арасында ерекше жануарлар да кездеседі. Мысалы: түркістандық сiлеусiн, арқар, ақбөкен, тас сусары, iлбiс.
Қазақстан аумағындағы фаунаның ерекшелігін сақтау үшiн, арнайы қорықтар салынған. Олардың басты мақсаты - көркем ландшафтты оның табиғи күйiнде сақтау және жойылып бара жатырған, сирек кездесетін жануарлар санын қалпына келтіруге жағдай жасау.

Табиғи аймақтардың жануарлар әлемі

Қазақстанның аумағында бiрнеше табиғи аймақтар орналасқан, олар өздерінің жануарлар және өсімдіктер құрамымен ерекшеленеді. Солтүстiктен оңтүстiкке дейін орманда дала, шөлейт, шөлді жерлер болып келеді. Елдің шығысында тау алаптары орналасқан, олардың жануарлар әлемі де өте ерекше.

Орманды аймақтарды сүтқоректiлерден - қоян, сутышқан, ақ тышқан, елiк, түлкi және қасқыр, құстардан – барлық жерде ұшырасатын шiл мен құр мекендейді.
Қайың тоғайларын жыртқыш құстар мекендейді: күйкентай, ителгi, тоқылдақ және қарғаның кейбір түрлері.

Далалық жерде, негізінен, тышқандар, алақоржындар, қасқырлар, түлкiлер мен борсықтар тіршілік етеді. Ақбөкендер де жиі кездеседі. Далалық құстардан дрофа мен тырналарды, торғайдың әртүрлі түрлерін (қара, қу торғай, сары шымшық) кездестiруге болады.

Ұсақ кемiргiштер қатарына жататындар: саршұнақтар, сұр тышқандар, алақоржын, шақылдақ, атжалмандар.

Шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар қорғашан табиғи ортаға өте бейім: олардың түстері шөлдердің түстеріне ұқсас болады. Осындай бейiмделушiлiк қасиет осы жерді мекендейтін саршұнақтар мен тышқандарға тән.
Кемiргiштерден басқа, бұл табиғи аймақта ақбөкенді, қасқырды, түлкiнi, борсықты, алақоржынды кездестiруге болады.
Шөл жануарлары ыстық климат пен судың тапшылығына шыдамды болып келеді. Түнде тіршілік ететін жануарлар күндіз індерге тығылып, түнде аңға шығады.
Көптеген мекендеушiлер, мысалы, суырлар мен дала тышқандары, торғайлардың кейбiр түрлері ылғалды шөптермен қоректенеді. Сонымен қатар, бұл жерлерде көктемде ғана қоректеніп, жазда ұйқыға кететін жануарлар да кездеседі. Саршұнақтар осылай тіршілік етеді. Жазғы ұйықтау уақыты маусымнан, ал далалық тасбақа үшін, ертерек, көктемде басталады.
Қазақстанның шөлді және шөлейт жерлерінде, өрмекшiлер мен шыбын-шiркейлердiң түрлерi көп кездеседі. Олардың ішінде адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп-қатер төндіретіндері де аз емес. Олар - қарақұрт, бүйi, шаян, кенелер мен жыландардың түрлері. Басқа құрт-құмырсқалар, мысалы, шегiрткелер шалғындық өсiмдiктер мен егiндерге шабуыл жасайды, ал көбелектердiң балаңқұрттары ағаш өсiмдiктеріне үлкен зиян келтiредi.
Өзен, көл жағалауларында, тоғайлы ормандарда (тоғайларда) жануарлар түрі өте көп. Тоғайларда қарғалар, қалқан құлақты жапалақтар, сары шымшықтар тіршілік етеді.
Сырдарияның жайылма тоғайларында қасқырлар жүреді. Өзеннiң жайылмаларында, тоғайлардың арасында қабан, елiк, ақ тышқан тіршілік етеді. Өзеннiң жағалаулары құсқа, теңіздер мен су қоймалары балыққа бай.
Арал теңізінде балықтар мен итбалықтардың 20 түрі, Каспий теңізінде 55 түрі бар.

Алтайда, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шань мен Сарыарқа тауларында солтүстiктен, оңтүстiктен, Жерорта теңiзі мен Қытайдан қоныс аударған жануарлар болады. Оларға келесі жануарлар жатады: мүйiзсiз бұғы, тиiн, орман тышқаны, саңырау құр, шiл, жапалақ, тоқылдақтардың кейбiр түрлері және тағы басқалар. Олар жергiлiктi флорадан жаңғақтармен, шекiлдеуiктермен азықтанады.
Одан басқа, Алтайда қоңыр аю, ұлар мен дала бозторғайы ұшырасады.
Жерорта теңiзінен көшіп келіп, бiрақ Алтайға дейiн жетпеген, Тянь-Шань мен Тарбағатай тау алаптарының шекарасынан өтпеген жануарларға гималай ұлары мен жапалақ жатады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау таулы аймақтарында марал, сiлеусiн, тышқан, торғай, сары шымшық; Батыс Тянь-Шанда – суыр, ұзын құйрықты тышқан, көк қарға, дала торғайы тіршілік етеді. Орталық Тянь-Шанда алтайлық суыр, орақ тұмсық ұшырасады.

Жануарларды қорғау
Қазақстанның жануарларын қорғау - жалпы мемлекеттiк маңызды мiндет болып табылады. Жойылып бара жатырған және сирек кездесетін жануарлар ҚР Қызыл кiтабына енгізіліп, мемлекеттiң ерекше қорғауына алынған.
Қызыл Кітапқа келесі жануарлар енгізілген:
• Сүтқоректiлердің 31 түрі (қарақұйрық, құлан, арқар, гепард, iлбiс, тянь-шань қоңыр аюы, шағыл мысығы, еуропалық қаракүзен, т.б),
• Қанаттылардың 49 түрі (кәдiмгi қоқиқаз, қызғылт және бұйра бiрқазан, ақ және қара ләйлек, аққу, бүркiт, дрофа, ұлар, т.б),
• Бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі және қос мекендiлер мен балықтардың кейбір түрлері.
Егер Қазақстанның бұрынғы аумағында құландар мен ақбөкендердің, қарақұйрықтардың саны көп болған болса, қазір қырылу салдарынан, олардың саны күрт азайып кеткен. Сондықтан жануарларды қайта қоныстандыру барысында, олардың санын қалпына келтіру мақсатында, елде көптеген іс-шаралар іске асырылып келеді. Көлдерге егеуқұйрықтарды, Алтай тауларына – қара қаракүзендерді, Каспий теңізінің жағалауына – енот тәрiздi иттерді бөлу басталған. Көлдер мен өзендерге бағалы балықтардың түрлері жіберілген.
Қазақстан өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлерінің сақталуына үлкен назар аударады. Елімізде табиғи аумақтарды ерекше қорғауға алған кешендер жұмыс жасайды. Сол кешендердің шеңберiнде 10 қорық, 12 ұлттық паркі, 5 табиғи резерваторлар белсенді жұмыс атқарады.

Тұран жолбарысын қайта түлету
Қазақстандағы кейбір аңдарды қайта түлетуге бағытталған айтулы жобалар қатарында тұран жолбарысы популяциясын жандандыру бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарламаны Алматы облысындағы Балхаш көлінің оңтүстік жағалауында жүзеге асыру көзделуде.
Тұран жолбарысы – ертеректе Орталық Азия, Таяу Шығыстың кейбір елдері мен Кавказды мекендеген жолбарыс түрі. ХХ ғасырдың ортасында түрлі себептерге байланысты бұл жолбарыс түрі жойылып кеткен. Бұл қайғылы жағдайдың басты себептері ретінде заңсыз аң аулаушылық, жолбарыстарды азықтандыратын базалардың жабылуы, ауылшаруашылық саласын кеңейту, суландыру жобаларын атауға болады.
2010 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасы бойынша тұран немесе каспий жолбарысы популяциясын жандандыру бағдарламасы жолға қойылды. Қазақстан билігі де бұл жобаға ерекше ықыласпен қызығушылық танытты. Бекітілген жоспар бойынша 2019 жылға қарай Балхаш өңірінде, яғни, Іле өзенінің сағасы мен сол мекеннен шығысқа қарай аумағы 1 млн. га құрайтын Тұран жолбарысы ұлттық паркі құрылатын болады.

Iлбiс немесе Барыс – Орталық Азияның тау алаптарын мекендейтiн, мысық тұқымдас, жыртқыш, сүтқоректi жануар. Барыс нәзiк, ұзын, иiлгiш денесімен, қысқа табандарымен, шағын басымен және өте ұзын құйрығымен ерекшеленеді. Құйрығымен бірге ұзындығы - 200-230 см, ал салмағы 55 кг-ға дейін жетеді.
Барыстың терiсінiң сыры өте әдемі - сақина тәрізді қара дақтары бар ашық боз түсті.
Қазіргі таңда барыстардың саны өте аз, XX ғасырда ол Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің қызыл кiтабына енген, сонымен бiрге, табиғатты қорғаудың Халықаралық одағына кіргізілген. Бүгінде бүкіл әлемде барыстарды аулауға тыйым салынған.
Қазақстанда барыстың 100-120 түрі кездесетін, барыстардың мекендеу аймағының периферикалық солтүстiк бөлiгi орналасқан. Олар Іле және Жоңғар Алатауы мен орталық Тянь-Шанды мекендейді.
Қазақстандағы iлбiстер санының аздығына қарамастан, елдiң барлық тұрғындары үшiн ілбіс - ең сүйікті де маңызды жануарлардың бірі. Барыс – қазақ халқы мен олардың ата-бабаларының символы. Олар үшін сирек кездесетін жұмбақ аң тотемді жануар болып есептеліп, бейнелеу өнерi шығармаларының мiндеттi кейiпкеріне айналған.

Қызықты деректер:
- Барыс бейнесін президент Нұрсұлтан Назарбаев "Стратегия 2030" Халыққа жолдауында" ұсынып, ол Қазақстанның ресми символына айналды.
- 1993 жылдан бастап, барыс Алматының елтаңбасында бейнеленіп келеді.
- 1999 жылы үшінші дәрежелі қазақстандық «Барыс» ордені бекітілді.
- Қазақстанда өткен Қысқы Азия ойындарының символы ретінде барыс бейнесі, дәлірек айтсақ, барыстың күшігінің бейнесі таңдалды.
- ҚХЛ қатысушы Астананың хоккей командасы «Барыс» атауын абыроймен алып келеді.

Ақбөкен – көшіп жүретін, жұп тұяқты, сүтқоректi жануар (бөкендердің тұқымынан). Олардың басты 5 түрі бар: Қазақстанда үш түрі, Ресейде бiр түрі, Моңғолияда бір түрі.
Қазiр ақбөкендер жойылып кету қаупі бар жануарлардың қатарында. 1996 жылы ол табиғатты қорғау Халықаралық одағының Қызыл тiзiміне еніп, 2002 жылы ол жоғары қауіп төнген жануарлардың қатарына жатқызылған.

Қазақстан қорықтарындағы жануарлар әлемі

Қазақстан аумағында флора мен фаунаның ерекше түрлерін сақтау үшiн қорықтар салынған. Онда Қазақстанның фаунасының сирек кездесетін түрлерi сақталып, жойылып бара жатырған жануарлар мекендейді.

Наурызым қорығы (Солтүстiк Қазақстан). Бұл жерде сүтқоректiлердің 44 түрі, балықтардың 10 түрi бар. Наурызым қорығында фаунадан - аққудың, бүркiттің, тырнаның, қызғылт бiрқазандардың түрлерін кездестiруге болады Қорыққа елiк, бұлан, қабандар ерекше көрік береді.

Қорғалжын қорығы (Солтүстiк Қазақстан). Қорықтың көлі балықтарға өте бай: алтын және күміс табан балықтары, аққайраң, шортан, жылан балық, алабұға. Қорғалжын қорығының тағы бір ерекшелігі - оның қызғылт қоқиқазы. Бұл жерде бұл таңғажайып құстардың солтүстік нүктесіндегі шоғыры бар. Қорғалжын қорығының аумағында қара ләйлекті, аққуды кездестiруге болады, қамыс жатақтарындажабайы қабандар мекендейді, қорықтағы орманның тұрғындары - бұлан, сiлеусiн, елiк.

Марқакөл ұлттық қорығы (Шығыс Қазақстан). Қорық Оңтүстік Алтайдың оңтүстiк-шығысында, Марқакөл қазаншұңқырының көлінде орналасқан. Қорықтың жануарлар әлемінде шамамен 55 сүтқоректi бар. Олардың ішінде: бұлан, марал, қоңыр аю, қабан, қасқыр және басқалары. Омыртқасыз жануарлары да әртүрлі, көбелектердiң сирек түрлерінен аполлон мен махаон кездеседі.

Қатон-Қарағай қорығы (Шығыс Қазақстан). Бұл жерде мына жануарлар мекендейді: бұлғын, борсық, қасқыр, түлкi, аю, барыс, сiлеусiн, елiк, тиiн. Қанаттылардан – құр, саңырау құр, ақ құр, бұдыршы және басқалары. Бұл жабайы орындар марал мен бұғылардың отаны болып саналады.

Батыс-Алтай ұлттық табиғи қорығында (Шығыс Қазақстан) қанатты жануарлар өте көп. Қорықта құстың 200-ден астам түрі бар: кезқұйрық, саңырау құр, бұдыршы, ақ құр және т.б. Сирек кездесетін түрлері: бүркiт, лашын, ителгi, үкi. Жануарлардан алтайлық көртышқандарды, түлкiнi, бұлғынды, кей кездері аюды кездестiруге болады.

Ақсу-Жабағылы қорығы (Оңтүстік Қазақстан). Бұл - Орталық Азияда бiрiншi салынған Қазақстанның ежелгі қорығы. Қорықта басқа аймақтарда кездесетін жануарлар мекендейді. Ақсу-Жабағылы қорығында сүтқоректiлердің 42 түрi бар, олар жыртқыш және жұп тұяқты жануарлар: арқар, тянь-шань қоңыр аюы, барыс, сiбiр таутекесi. Кейде қызыл шақылдақты, қоянды, кірпілерді кездестiруге болады. Ақсу-Жабағылы қорығында құстардың 230 шақты түрi бар, олар Қазақстанның барлық орнитофаунасының жартысын құрайды. Ақсу-Жабағылы аумағында қанаттылардың шамамен 123-і ұя салады, олардың 38-і оның аумағынан ешқашан кетпейді. Ең әдемі құс – жұмақ шыбын ұстағышы үлкен қызығушылық туғызады.

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы (Оңтүстік Қазақстан). Қорықта құстардың 200 шақты түрлерi, жануарлардың 22 түрі, сүтқоректiлердің 38 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 7 түрі, омыртқасыз жануарлар мен шыбын-шiркейлердiң мыңдаған түрлері бар. Қорық - iлбiстiң, бұғы, арқар, қарақұйрықтың мекен ортасы.

Алтын Емел ұлттық паркі (Оңтүстiк-шығыс Қазақстан). Бұл – Қазақстанның ірі қорығы. Қорықта құстардың 200 шақты түрлерi бар, олардың сирек кездесетіндері: бүркiт, суқарақұс, күшiген, қырғи, тазтырна, итжидек, сұлу дрофа, көгершiн, бұлдырық, үкi. Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі бар. Таулы жерлерде далалық жыландар, шөлді және шөлейт жерлерінде далалық тасбақалар кездеседі. Парктiң аумағында 70-тен астам түрлі сүтқоректiлер мекендейді.

Үстірт мемлекеттiк қорығы (Батыс Қазақстан). Қорықты сирек кездесетін жануарлар мекендейді: гепард, ақбөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкi, кiрпi, т.б. Қорықта құстың 163 түрі бар: бүркiт, далалық бүркiт, күшiген, лашын, үкi, қоқиқаз, тазтырна, кіші ақ құтан, бұлдырық, т.б.

Экологтар мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері 20-25 жыл бедерінде жолбарыстар популяциясын жандандыруда олардың санын 200-ге жеткізуге болатындығын алға тартуда.
Тұран жолбарысын қайта түлету барысында алдағы уақытта құрылатын ұлттық паркке Ресейдің Қиыр Шығысынан амур жолбарысын әкелу жоспарлануда. Зерттеу нәтижесі бойынша амур жолбарысы генетикалық тұрғыда жойылып кеткен тұран жолбарысына жақын келетіні және бұл жолбарыс түрі Қазақстан табиғатына тез бейімделіп кететіні анықталған.
Жобаны жүзеге асыру ең алдымен жолбарыстардың мекен ететін аймағын әзірлеуден бастау алатын ауқымды және кешенді жұмыс жасауды қажет етеді. Бұл үшін көлемді аймақ қоршауға алынып, тоғайлы орманды қалпына келтіру шаралары қарастырылып, құрылатын ұлттық парк аумағына жолбарыстарды жемдеу базасы үшін тұяқты жануарлар әкелінеді. Содан кейін ғана амур жолбарыстарын жылына бірнеше бастан әкелу жоспарлануда және олардың бейімделуі мен көбеюіне қауіп төнбейтіндей жағдай жасалынады.
Қазақстан тұран жолбарыстарын қайта түлетуге бағытталған бағдарламаға баса маңыз аударуда. Бағдарлама жолға қойылған жағдайда Қазақстанның соңғы елу жылдар шамасында айтарлықтай бұзылған экожүйесін қалпына келтірудегі нақты жетістіктер жөнінде сөз қозғауға болады. Сондай-ақ, билік пен қоғамдық ұйым өкілдері алдағы уақытта Тұран жолбарысы ұлттық паркін африкалық және азиялық қорықтармен бәсекелесе алатын елдегі экотуризм аумағы болады деген сенімде.