This resolution is not supported.
ДӘСТҮРЛЕР

САЛТ-ДӘСТҮР

Қазақстан – қазақ халқымен қатар жүзден аса этнос өмір сүретін мемлекет. Бұл ұлттардың әрқайсына да өз салт-дәстүрі тән. Аталмыш дәстүрлердің кейбірі бірегей болса, кейбірі өзге халықтардың дәстүрлерімен үндеседі; бірі мыңжылдықтарға созылса, бірі біздің көзімізше қалыптасып жатады.
Аталмыш жағдай Қазақстанда әртүрлі этностардың дәстүрлеріне қатысты мейірімді әрі құрметті қатынастың қалыптасуына алып келді. Қазақстандықтар салт-дәстүрлердің көптүрлілігін ақиқат ретінде түсіне келе, өзге мәдениеттер ерекшелігіне қатысты ақ пейілімен және қызығушылығымен ерекшеленеді және достары мен көршілерін өз дәстүрлеріне қуана-қуана тартады. Осылайша, қазақтар Құрбан-Айтта көршілеріне шелпек пен бауырсақтардан дәм ұсынса, орыстар мен украин халқының өкілдері Пасха мейрамында собалақтар мен боялған жұмыртқаларынан дәм тигізеді.
Қазақ мәдениетінің барлық ерекшеліктері секілді қазақ салт-ғұрпы қазақ халқының тарихи көшпелі дәстүріне сәйкес анықталады. Қазақ дәстүрлерінің ерекшелігін қалыптастырған өзге құрамдастар қатарына тәңіршілік ұғымдары мен Ұлы Далаға VII ғасырда келген исламды жатқызуға болады.

Ру және отбасы

Қазақ халқы ақсақалдарға зор құрметпен қарайды, таныс емес болса да, жасы үлкен адамдарды сыйлайды. Өз отбасына келер болса, әрбір қазақ өзінің жеті атасын білуі керек. «Жеті ата» атауына ие бұл дәстүр бір атаның жетінші буынына дейінгі ұрпағының жақын туыс болып есептелетіндігін білдіреді. Осыдан жетінші буынға дейінгі бір ру өкілдері арасында некеге тұруға рұқсат етілмейтіндігі жөніндегі дәстүр келіп шығады. Қазақ халқының ынтымақтастығы тек отбасы мен ру арасында шектелмейді, ол бірігіп өмір сүретін тұтас ауылға да таралады. Әлі күнге дейін «біріге, жұмыла» деген мағынаны білдіретін «Асар» дәстүрі бар. Егер де бір кісінің басына қиын іс түссе, барлығы бірге оған жәрдемдеседі әрі өздерінің де қиналған шақтарында қолдауға ие болатындығын біледі.

Қонақжайлылық

Қазақтар үшін қонақжайлылық дәстүрін орындау – қонақты жылы қарсы алып, алдына ас ұсыну маңызды. Аталмыш дәстүр көнеден бері келе жатыр және халықтың көшпелі салтына байланысты. Адамдардың қоныстанған тұрақтары арасындағы арақашықтық үлкен болған далалықта жолаушының түнеуге және талғажауға мүмкіндік табуы маңызды еді. Сол себепті жолаушылар кез келген үйге кіріп, түнеп, ас ішетін еді. Үй иелері әрдайым қонақжайлылық танытуға міндетті. Себебі бұл олардың балаларының да болашақта паналайтын жерлерінің табылуының кепілі еді.
Және бүгінгі таңда қазақ отбасында үнемі қонаққа дәм тигізіп, шай ұсынып жатады. Ал егер қонақ асығыс болса, дәстүрдің аз да болса орындалуы үшін нанның кішігірім тілімінен ауыз тию міндетті.
Қоштасар кезде қонақты құр қайтармайды. Мерекелік дастарқаннан ұсынылатын бөлік «сарқыт» деп аталады.

Өмір салты

Бүгінгі Қазақстанда дәстүрлер адам өміріне үнемі әсерін тигізіп жатпайды. Оларды орындау маңыздылығы өмірдің белгілі бір сәттерінде – үйлену, шілдехана, мерейтой немесе жақын кісілердің қазаға ұшырауы секілді өтпелі кезеңдерде артады. Салт-дәстүрдің орындалуын әдетте аға буын қадағалап отырады. Оларсыз, әдеттегідей, маңызды дәстүрлердің бірі де өтпейді.

Баланың дүниеге келуі және балалық шақ
Сәби дүниеге келген алғашқы 40 күн ішінде ауруларға және жындардың кері әсерлеріне шалдыққыш келеді деп есептеледі. Сол себепті дәл осы уақыт аралығында баланы жақын туыстарынан басқа ешкімге көрсетпейді. 40 күн өткеннен кейін «қырқынан шығару» мейрамын өткізеді, оған тек әйел адамдар қатысады.

Бала шамамен бір жасқа келгенде және алғашқы қадамдарын жасау уақыты таяғанда «Тұсаукесер» рәсімі жасалады. Енді ғана жүріп бастаған баланың аяғын жүн жіппен таңып, оны кейін көп балалы және жігерлі ересек кісіге, сол кісінің қасиеттерін алсын деген тілекпен кестіртеді. Осылайша, бала үшін өзі тез әрі оңай жүріп кететін жаңа өмір есіктері ашылады.

Үйлену
Той рәсімдері қазақ мәдениетінде өте маңызды дәстүр болып келеді және қазіргі уақытта қайта өркендеп, жаңарып жатыр. Әртүрлі аумақтар мен отбасыларда той салтын өткізудің және той рәсімі жоралғыларын сақтаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде қазақ тойы келесі кезеңдерден тұрады:
- құдалық (немесе құда түсу). Күйеу жігіттің әкесі мен жақын туыстарынан жиналған жақындары қалыңдықтың үйіне барады. Ол жерде құдалар той өткізу жөнінде келіседі, танысады, өздерінің балалары жайлы әңгімелеседі, бір-біріне сыйлық береді.
- Қыз ұзату. Құдалар әдетте кешке таман келеді. Сол кезден бастап той (салтанат) басталады. Ойындар ойнатылады, ән шырқалады, би биленеді және сыйлықтар үйлестіріледі. Бұл күні ұзатылатын қыздың жақын туыстары құдаларды үйлеріне қонаққа шақырады. Келесі күні қалыңдық болашақ жарының үйіне кетеді.
- Келін түсіру. Табалдырықты үнемі оң аяқпен аттайды, бұл уақытта қарсы алушылар барлығына шашу шашады (байлық пен сәттілік тілеуді білдіретін кәмпиттер мен ұсақ тиындар).
- Той. Күйеу жігіт үйіне, ал бүгінгі күні әдетте ресторанға барлық туыстар мен таныстар жиналып, ән және әртүрлі қызықты шаралардан құралған той (мейрам) өткізеді. Мерекеге дейін не мереке кезінде беташар дәстүрін өткізеді. Ән аяқталған соң, енесі келініне жақындап, бетінен сүйіп, бетін ашады. Бүгінгі күні домбыра ұшымен асабалардың орамалды ашуы жиі кездесіп жатады. Той мерекесі өткен соң келінге орамал кигізіп, осы арқылы оның тұрмыс құрған әйелдер қатарына жатқызылатындығын білдіреді.
- Неке қию – мешітте өткізілетін мұсылман салтына сәйкес некелесу дәстүрі. Осыдан кейін жұп ислам заңдарына да сәйкес отбасы болып саналады.

Ересек өмір

Қазақтардың өмірі дәстүрлі түрде өмір сүрген жылдар саны бойынша есептелмейді, қандай өмірлік цикл – мүшелде екендігімен есептеледі. Аталмыш циклдардың әрқайсы 12 жылдан тұрады, адам беделін айқындайды, өткен кезеңнің қорытындыларын шығарудан тұрады.
Өтпелі болып табылатын жыл (13, 25, 37, 49, 61, 73 жас және т.б.) мүшел жас деп аталады. Бұл жасқа жету кәдімгі туған күндерге қарағанда маңыздырақ болып табылады. Мүшел жасқа толған адам өз әрекеттеріне қатысты және өзге адамдармен қарым-қатынасына қатысты ерекше мұқият болуы керек. Себебі мүшел жас алдынғы мүшелге дейінгі оның барлық тағдырын айқындайды.
Қызықты әрі жиі жүзеге асатын дәстүрлердің қатарына туыстарына, достарына немесе жақын адамдарына «көрімдік беру» дәстүрін жатқызуға болады. Бұл жаңа туған нәрестені, жас келінді немесе т.б. көргенде берілетін сыйлық немесе қандай да бір сома болып табылады. Көрімдікпен қатар «байғазы» дәстүрі де бар. Бірақ бұл – алғаш рет көрілген құнды заттарға, басқаша сөзбен айтқанда, материалдық құндылықтарға: үй, пәтер, көлік және т.б. берілетін сый немесе ақша.
Дегенмен осы екі дәстүр көбіне «көрімдік» деп аталады.

Тағы да бір ұқсас дәстүрдің қатарына «сүйінші» дәстүрін жатқызуға болады. Бұл да сыйлық немесе ақша, тек көрген нәрсе үшін берілмейді, – естіген нәрсе үшін беріледі. Басқаша сөзбен айтқанда, сүйінші адам бір қуанышты жаңалық естігенде, мәселен баланың дүниеге келуі туралы хабарды естіген кезде беріледі.

Қырқынан шығару – бала дүниеге келгеннен кейінгі 40-шы күні өткізілетін іс-шара. Бұл дәстүрдің ерекшелігі болып орындалу уақыты табылады: ер балалар үшін бір күн бұрын басталады (күшті әрі батыл болуы үшін), ал қыз балалар үшін бір күн кейін болады (ұқыпты әрі байсалды болуы үшін). Іс-шараға сыйлы ата-аналар және қыз-келіншектер қатысады.
Дәстүр сәбиді 41 қасық суға түсіруден тұрады. Ол үшін қасық пен тостағанды алдын ала дайындап қояды. Тостағанға байлық нышаны – қырық бір тиынды, тоқшылық пен ұзақ өмір сүру белгісі – қырық бір құмалақты (қырық бір үрмебұршақты пайдалануға болады) салады. Шақырылған қонақтар тілектерін білдіре отыра тостағанға бір қасықтан қырық бір қасық су құяды.
Дәстүр кезінде баланы суға шомылдырады, тырнақтарын кесіп, шашын қияды. Кейін тостағандағы сумен денесін шаяды.
Дәстүр орындалғаннан кейін тиындар, тостаған және қасық қонақтарға олардың үйінде де баланың дүниеге келуі секілді қуаныш болсын деген тілекпен базарлық ретінде таратылады. Дәстүр орындалғаннан кейін мерекелік дастарқан жайылып, дәстүрге қатысушыларға сыяпаттар беріледі.

ҰЛТТЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ

Қазіргі таңда қазақтың музыкалық аспаптарының 20-дан астам түрі белгілі. Олардың қатарында үрмелі аспаптар (саз сырнай, сыбызғы, керней, бұғышақ), ішекті-шертпелі (домбыра, шертер, жетіген) және ұрмалы-соқпалы (дабыл, даңғыра), керілген қылмен ойналатын (кобыз), тілшелі аспаптар (шаңқобыз) бар.
Қазақтың ұлттық аспаптарына қызығушылық танытқандар Алматы қаласындағы Мемлекеттік қазақ халық музыкалық аспаптары музейін тамашалап, өзіне көп жаңалық аша алады Музейде бай жәдігерлермен танысып қана қоймай, әрбір аспаптың үні жазылған аудиожазбаларды тыңдай аласыз.
Музыкалық аспаптардың түрлері
Домбыра
— қазақ халқында кеңінен таралған қос ішекті аспап. Домбыраның екі мың жылға жуық тарихы бар аспап екенін археологиялық деректер растай алады. Көне Хорезм қаласындағы қазба жұмыс кезінде дәл осы мерзімді қамтитытын қос ішекті шертпелі аспаптардың мүсіндері табылған болатын.
Домбыра Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі; домбыра сол жерлердегі жағдайларға, салт-дәстүрлерге және орындау нықышына байланысты түрлі деңгейде дамыған. Домбыраның пішіні алмұрт тәріздес, мойыны ұзын, пернелерге бөлінген. Қос ішегі бар және оның бұрауы квартаға немесе квинтаға келтіріліп тұрады.
Қобыз – керілген қылмен ойналатын ожау пішіндес аспап. Қазақтар аңдар мен құстардың дауысына ұқсайтын қобыздың үніне аруақтар келіп қонады деп сенген. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қобызды ойлап тапқан - атақты жырау Қорқыт ата.
Қобыздың қос ішегі бар, ол ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Ысқы доға түрінде болады және бір қарағанда жебені еске салады.
Жетіген – ұзын тікбұрышты ағаштан жасалған жеті ішекті музыкалық аспап. Жетігеннің пайда болу тарихы жұт кезінде жеті бірдей ұлынан айырылған қария туралы аңызбен байланыстырылады. Қайғыдан қан жұтқан ақсақал кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, «Қарағым» атты алғашқы күйін орындайды. Содан соң, қайтыс болған өзге де ұлдарына күймен жоқтау шығарады.
Жаңа күй шығарған сайын жаңа бір ішекті қосып отырады. Бұл әуендер аспаптық орындаудағы күй түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен.
Шертер – ішекті музыкалық аспап. Шертерде домбыраны тартқан сияқты шертіп ойнайды. Алайда ол домбырадан анағұрлым кішірек, мойны қысқа әрі пернесіз болып келеді, дыбысы да қаттырақ. Шертер малшылардың арасында кең тараған.
Сыбызғы – қурайдан, ағаштан немесе күмістен жасалатын музыкалық аспап. Орындаушылық дәстүрдің сан түрлілігіне байланысты сыбызғының екі түрі бар. Шығыстың сыбызғысы конус пішінді әрі батыс жақтыкіне қарағанда қысқарақ, диаметрі кішірек, ал батыс жақтың сыбызғысы ірі және тұрқы ұзын болып келеді.
Дабыл – ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалатын ұрмалы саз аспабы. Дауысы зор болғандықтан, оны белгілі бір жағдайларда дыбыстық белгі беру үшін қолданған. Ертеде ұрмалы аспаптар (дабыл, дауылпаз және шыңдауыл) қазақтардың өмірінде кең қолданысқа ие болған: ұрмалы аспаптар арқылы ауыл тұрғындарын аңға шығуға, діни әдет-ғұрыптарды орындауға шақырып, алдағы көші-қон туралы хабар беретін болған, ал жауынгерлер жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жию үшін қолданған.
Шаңқобыз – тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды, ал ауыз қуысы резонатор қызметін атқарады. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Шаңқобыздың дыбысының обертондарға бай болуы адам дауысымен ұқсас дыбыстар тудыруға, басқа да көптеген табиғи дауыстарға ұқсас дыбыс шығаруға мол мүмкіндік береді.
Адырна – арфа аспабына ұқсас көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Оның түрі садаққа ұқсайды. Адырна аспабы ағаштан жасалады, шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Оны тізеге қойып ойнайды. Ішектерін теріп ойнау арқылы дыбыс шығады.

Қазақтардың ұлттық күресі қазақ балуандарымен пайдаланылатын спорттың бірегей түрі және көптеген элементтері барлық түркі халықтарының күрестеріне ортақ жекпе-жек болып табылады. Қазақша күресте жеңіске жету дене күшімен бірге тапқырлық пен әрекеттер жылдамдығы үйлескен кезде мүмкін болады.
Балуандардың бірі екіншісінің тарапынан кілемге құлаған кезде жекпе-жек аяқталады, себебі екі аяқта нық тұрып қана күреседі. Партерде күрес жүргізілмейді.
Бүгінгі таңда қазақша күрес ұлттық ерекшелік элементтерін сақтай отыра, күрестің әлемдік өнеріндегі прогрессивті бағыттарды да есепке алуда.
Қазақша күрес балуандары дзюдо, самбо секілді күрестің өзге түрлері бойынша да жарыстарға қатысады.
Қазақша күрестің заманауи тарихы ХХ ғасырдың бірінші жартысында, республикалық спартакиада бағдарламасына спорттың аталмыш түрі енгізілген кезде басталған еді. Дәл осы кезден бастап қазақтың ұллтық күресі өз регламентіне ие болды, жас және салмақ категорияларына қатысты бөлу енгізілді.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң ұлттық күрестің таралуы және жоғарылауы басталады. Нәтижесінде, 2010 жылдың 15-16 желтоқсан күндері Астана қаласында қазақша күрес бойынша алғашқы ұлттық чемпионат өтті.
Осымен аталмыш спорт түрінің жетістіктері аяқталмады: уақыт өте келе қазақша күрес жарыстарды өткізудің аумақтық және халықаралық деңгейлеріне көтерілді. Осылайша, бүгінгі таңда қазақша күрес бойынша бірнеше әлемдік, еуропалық және азиялық біріншіліктер өтті.
Бүгінгі таңда мемлекетте қазақша күрес бойынша Ұлттық федерация қызмет етуде. Оның тарапынан жыл сайын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев сыйына «Қазақстан Барысы» жалпыұлттық турнирі өткізіледі. Аталмыш турнирдің сый қоры дәстүрлі түрде шамамен 350 мың долларды құрайды.
«Қазақстан Барысы» турнирі 4 кезеңде жүзеге асады: ауылдық аймақта, аудандарда, облыстарда. Финал дәстүрлі түрде шілде айының басына – Астана күні мерекесі шеңберінде белгіленеді. Іріктеме турларға 18 жастан асқан және салмағы 80 килограммнан жоғары атлеттер қатыса алады.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Өмірдің көшпелі салтына байланысты қазақ халқы шабандоздардың шеберлігі мен атты ұстай білу қабілеті өте жоғары бағалаған. Сол себепті қазақтың спорттық және ойын мәдениетінде ат жарыстары маңызды орынға ие: олар шабандоздармен қатар, аттарды да ұзақ өткелдерге және төңіректе жылдам қозғалуды талап ететін кез келген жағдайларда жылдам әрі тиімді әрекет етуге дайындаған. Елде ат жарысының ұлттық түрлеріне қатысты сайыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Олардың арасындағы ең ірілері Президент Кубогына арналған жалпыұлттық жарыстар болып табылады.

Бәйге – ойлы-қырлы жерлерден қысқа немесе ұзақ арақашықтықтарға шабу. Мұндайда шабандоздың тактикалық шеберлігі маңызды рөл ойнайды. Классификациялық арақашықтықтар: 7, 12 және 16 км. Бәйгенің туындауы көшпелі тұрмыспен, аттарды ұзақ өткелдерге дайындау қажеттілігімен байланысты. Қазірде жарыстар ипподромдарда өткізіледі.
Бәйгенің ең танымал түрі аламан бәйге болып табылады. Аламан бәйге – әртүрлі табиғи кедергілердің молдығымен ерекшеленетін ойлы-қырлы жерлерден ұзақ арақашықтықтарға шабу. Әдетте арақашықтық ұзындығы 21-50 км аралығында өзгереді. Мысалға, мемлекет чемпионатында аламан бәйге бойынша арақашықтық 43 км-ді құрады.
Мұндайда әдетте аты жүрдек шабандоз озбайды, керісінше, жарысты тактикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастыра білетін, жағдайды жылдам бағалай алатын және жылқының күшін арақашықтықтарға бөліп, шабысқа жақсы дайындай алатын шабандоз жеңіске жетеді.

Жорға жарыс – жорға мінген шабандоздар жарысы. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да қарапайым шабысқа көшпейді. Бұл ереженің бұзылуы кезінде жорға мінген шабандоздарға айып салынады. Ескерту үшінші рет берілген кезде шабандоздар жарыстан шеттетіледі.
Жорға жарыстың арақашықтығы әдетте үлкен емес: шамамен 7 км.

Көкпар – ат спорты ойындарының бірі. Ойын кезінде шабандоздардың екі командасы да серкенің мүшеленбеген терісіне таласады. Оған қол жеткізіп қана қоймай, қарсылас команданың қазадығына салу қажет болып табылады.

Күміс салу – шабандоздық типіндегі спорттың бір түрі. Шабандоз аттың жылдам жүрісі кезінде лезде төмен еңкейіп, оң және сол жақтарда жатқан орамалдарға түйілген тиындарды жинайды. Әрбір сәтсіз талпыныс үшін айып уақыты белгіленеді. Бір айналым кезінде ең көп орамал жинаған шабандоз жеңімпаз болып саналады.

Қыз қуу – шабандоздар ретінде бойжеткен мен бозбала жұбы қатысатын ат жарысы ойыны. Ойынның тарихи мазмұны бойынша жігіт өзіне ұнаған қызды қуып жетуге тырысады. Егер де ол оның қолынан келсе, жігіт жеңімпаз саналады және шабыс кезінде оған қыздың бетінен бір сүю құқығы беріледі (ойынның кейбір нұсқаларында шабыс кезінде қолынан шәліні немесе орамалды шешу деп келеді). Егер де бойжеткен қайтар жолда жас жігітті қуып жететін болса, ол да жеңімпаз саналып, оған шабыс аяқталған уақытқа дейін сылбыр жігітті қамшымен сабауға рұқсат етіледі.
Бүгінгі таңда ойын ипподромның жарыс жолында өткізіледі, оның арақашықтығы 300-400 метрді құрайды. Бойжеткен өзінің атын 12-15 метр арашықтығында алдыға қояды, және төреші белгісіне сәйкес, бәйге басталады. Ыңғайлылық үшін барлық жұптарды бірінен соң бірін бірден бір қатарға тізеді. Кейін дәл сол ретте, тек керісінше – қыздарға жігіттерді қуу құқын береді.

Бүркіт салу – аушы құстармен аң аулау. Бірнеше түрге ие, кеңінен таралғаны – бүркітпен аң аулау. Жарысты өткізу үшін қасқырды қоса отыра, жыртқыш аңдар шығарылатын тегіс алаң таңдалынады. Кімнің бүркіті бірінші болып, олжаға қол жеткізсе, сол жеңімпаз болып табылады.

Жамбы ату – садақтан нысанаға оқ ату, оның бірнеше түрі бар: жерде тұрып ату, ат үстінде ату және шабыс кезінде ату.

Қазақша күрес – өзге де түркі халықтарында таралған күрестің дәстүрлі түрі. Балуандар әртүрлі күрес тәсілдерін білген, олардың қатарына аяқпен шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу секілді тәсілдерді жатқызуға болады. Қазақша күрестің ерекшелігі – партерде күрестің болмауында. Жекпе-жек тек белден ұстау арқылы және тұрып тұрған кезде жүзеге асады.
Дәстүрлі түрде қазақша күрес барлық мерекелік шараларда танымал балуандар арасында жүрігізіледі.

Дәстүрлі ойындар

Тоғызқұмалақ – екі қарсылас бірімен-бірі тақта үстінде ойнайтын халықтың логикалық үстел ойыны.
Әрбір ойыншының тақтасында тоғыз ойын және бір жинақ шұңқырдан болады. Тақтаның бір жағы ақ болса (ашық), бір жағы қара (қараңғы) болады.
Ойын мақсаты – тастарды (кейде шариктер немесе бұршақтарды) ойын шұңқырларына орналастыра отыра, өз қазынана көбірек жинау арқылы жеңіске жетуге болады. Ойынның басында барлық тастар 18 ұяшыққа орналастырылады, әр ұяшықта 9 тастан салынады. Әрі мұндайда екі ойыншының да қазынасы бос болып табылады. Ойыншылар бірінен соң бірі қадам жасайды. Өз қадамын жасай отыра, ойынға қатысушы өз бөлігіндегі белгілі бір бос емес шұңқырдан барлық тастарды алып, өзінің және өз қарсыласының ұяшықтарына сағат тіліне қарсы бағытта орналастырады (егер де ұяшықта тек бір тас болса, ол келесісіне орналастырылады). Егер де соңғы тас қарсыластың қазынасына түссе және ондағы тастардың саны жұп болатын болса, ол ұяшықтың тастары жүрген ойыншы қазынасына өтеді. Содан кейін қарсыластың жүру кезегі болады. Ойын ойыншыларды біреуінің қазынасында 81 тас жиналған уақытқа дейін жүргізіледі (ойыншы жеңіп, оған бір ұпай беріледі), не екі ойыншы да 81 тастан жинауы мүмкін (ортақ жеңіс, әрқайсына жарты-жарты ұпайдан).

Асық – қазақтарда ең көп таралған балалар ойыны. Ойын үшін асық жиынтығы пайдаланылады (қой немесе өзге де ұсақ мүйізді жануарлардың бақайшақ сүйектері, сонымен қатар әдетте тізе буындары пайдаланылады).
Асықтар бір қатарға тізіледі. Ойыншы бірнеше метр арақашықтығынан асықты лақтырады, ол асық дөңгелектегі өзге асықтарды құлатуы керек. Сонымен қатар домалаған кезде асықтың белгілі бір позицияға түсуі маңызды. Аталмыш ойын баланың дәлдігін және тапқырлығын дамытады.

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Халық ауыз әдебиеті, еш күмәнсіз, – қазақ мәдениетінің ең әлеуетті бағыттарының бірі, бұл өз алдына өмірдің көшпелі салтына байланысты. Өсиеттер, аңыздардың кең көлемін музыкалық аспаптардағы ойын арқылы әдемі жеткізе білу – ақындар, жыраулар, термешілер шығармашылығының өзегі.

Қазақ фольклорының 40-тан астам түрі белгілі: батырлық жырлар, лиро-эпостық поэмалар, өсиеттер, аңыздар, өтірік өлеңдер, ғашықтық және салт-дәстүр әндері, философиялық ойлар, арнаулар, ертегілер, мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.
Қазақ фольклорында батырлардың ерлігін жырлайтын батырлық – Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Қамбар батыр және қаһармандардың батыл махаббаттарын сипаттайтын лирикалық – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек және т.б. жырлардың орны ерекше.

Халық ауыз әдебиеті

Айтыс – халықта ақындар деп аталатын суырыпсалма әншілер арасындағы ән-өлең жарысы. Айтыс кезінде ақындар кез келген тақырыпқа қатысты ән арқылы диалог өрбітеді. Бұл жарыс тапқырлыққа, қарсыласқа жылдам, шынайы, көңілді және дәл жауап беруге, экспромт түрінде өз жауабын ән түрінде домбыра не қобызда шерту арқылы және әдемі ым-ишарамен жеткізуге негізделген.
Әдеттегідей, айтыс көпшілік алдында өтеді. Соңында халықтың өзі қай ақынның ең үздік атқа лайық екендігін анықтайды.
Айтыс өнері бүгінгі күні қайта қалыптасуда. Теледидар арқылы үнемі беріліп отыратын айтыстың ұлттық турнилері өтуде.

Ертегілер. Өзге халықтардағыдай қазақ ертегілері халық дүниетанымының, жақсылық пен жамандық, адамның маңызды қасиеттері және қоршаған орта жайлы түсініктерінің көрінісі болып табылады.
Қазақ фольклор дәстүрінде ертегілердің барлық түрі кездеседі: жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, шынайы және сатиралық ертегілер.
Кеңінен таралған қазақ ертегілері – «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Кұламерген», «Еділ мен Жайық».
Ертегілерде балаларға кішкентай кездерінен бастап таныс болып келетін классикалық кейіпкерлердің бірқатары бар.
Жағымсыз қиял-ғажайып кейіпкерлеріне мына кейіпкерлер жатады: Айдаһар, бір көзді Дәу, Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Албасты.
Жағымды қиял-ғажайып кейіпкерлеріне мына кейіпкерлер жатады: Ер Төстік, Жоямерген, Қарамерген.
Тұрмыс-салт ертегілерінде әдетте біз Алдар Көсе, Аяз би, Қожанасыр, Жиренше және оның әйелі Қарашаш секілді ақылды және көңілді кейіпкерлерді көреміз.
Көптеген қазақ ертегілері жануарларға арналған. Адамның достары және көмекшілері ретінде түйе, ат, қой, ешкі секілді үй жануарлары, ал жаулары ретінде қасқыр, түлкі, аю, жолбарыс, жылан беріледі.

Музыкалық фольклор

Терме – ақындардың өздерінің поэзиялық суырыпсалма туындыларын дүниеге әкелуіне себеп болған өлең түріндегі қысқа, ырғағы бойынша біртектес әуендер. Терме өзінің музыкалық мазмұнына сәйкес дамыған мелодиялық желіге ие емес.

Күй – әдетте домбырамен не қобызбен орындалатын дәстүрлі аспаптық пьеса. Күйлер шағын көлемімен ерекшеленеді. Күйлер көп дегенде екі-төрт минутқа созылады.
Әртүрлі эпикалық өсиеттер, ертегілер және аңыздар күйлерде өздерінің музыкалық ажарын тапқан. Осыған байланысты олардың көбі бағдарламалық туындылар болып табылады.

ДӘСТҮРЛІ ӘУЕН

Қазақтың музыкалық өнерi – аспапты бағытта да, вокалдық - жеке орындау бағытында да дамыған. Қазақ дәстүрлi музыкасының тағы бiр ерекшелiлігі олардың жазбаша нұсқаларының жоқтығы болып табылады. Музыкалық шығармалардың әуендері, мәтіндері атадан балаға, мұғалімнен оқушыға, бiр музыканттан басқаға ауызша жетіп отырған.

Халық аңыздарына сәйкес, қазақ музыкалық дәстүрiнің ата-тегі аты аңызға айналған жыршы, музыкалық орындаушы Қорқытпен байланыстырылады. Оны ең әйгiлi халық аспаптарының бiрi – қобызды ойлап тапқан деп есептейді.
Ертеде музыкалық шығармалар халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған: кейбiреулері дiнмен байланысты болса, кейбiрі әскери әрекет пен аңшылықпен, қалғандары - тұрмыстық әдет-ғұрыптармен.
Жеке көркем шығарма ретінде дәстүрлi музыка XIX ғасырдан бастап ерекше қарқынды дами бастады. Осы кезеңде қазақ халқының негiзгi музыкалық дәстүрлерi гүлдене бастады, олар – аспапты, өлең, ақындық өнер. Қазақстан аумағында әртүрлі жергілікті кәсiби композиторлық және орындаушылық мектептер қалыптасты. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса және басқа да көптеген музыканттардың есімдері қазақ және әлемдік музыка мәдениетінің тарихына енді.

Дәстүрлi музыкалық шығармалардың түрлері

Терме – ақындардың өздерінің поэзиялық суырыпсалма туындыларын дүниеге әкелуіне себеп болған өлең түріндегі қысқа, ырғағы бойынша біртектес әуендер. Терме өзінің музыкалық мазмұнына сәйкес дамыған мелодиялық желіге ие емес.

Күй – әдетте домбырамен не қобызбен орындалатын дәстүрлі аспаптық пьеса. Барлық күйлер кішкентай көлемімен ерекшеленеді. Күйлер көп дегенде екі-төрт минутқа созылады.
Әртүрлі эпикалық өсиеттер, ертегілер және аңыздар күйлерде өздерінің музыкалық ажарын тапқан.
Халық әндерi – халық әндерінің көпшiлiгi белгілі бір әдет-ғұрыптарға қатысты болып келеді. Мысалы, тойдың басында айтылатын үйлену тойының “жар-жар” немесе “тойбастар” әндері. Сонымен бiрге қайғылы хабарды (өлім туралы) хабарлауда айтылатын естірту мен жоқтау өлеңі де кең таралған.
Бүгiнге дейiн халықтың бесiк жырлары мен кездесулер мен тойларда айтылатын халықтың лирикалық әндерi кең тараған.

ӘДЕБИЕТ

Қазақ әдебиеті ауыз әдебиеттің ерекше рөлімен ерекшеленеді. Қазақтың халық ауыз әдебиеті көнеден бастау алған. Ал жазба әдебиет жаңа түрде шамамен ХІХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды дами бастады.
Қазақ халқының ауыз әдебиет дәстүрі өздiгiнше ерекше. Қандай да бір бірнеше сағатқа созылатын эпикалық әдеби шығармаларды еш жазбаға қарамай орындау – үлкен өнер мен керемет есте сақтау қабілетін керек еткен болатын. Ақындардың шығармалары ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырды.

Ежелгі дәуір әдебиеті
Қазақстанның аумағында байырғы түркі тілінде жазылған ең ежелгi эпостар - Қорқыт-Ата және Оғыз-нама қалыптасқан деуге негіз бар.

Ежелгi дәуірдің әдеби шығармаларына ауызша тарап, кейін хатқа түскен лирикалық және батырлық поэмалар да жатады.
Батырлар жыры – Қобланды, Ер-Тарғын, Алпамыс, Қамбар батыр; лирикалық жырлар – Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу, Қыз-Жібек және т.б. Бергі замандағы сюжетті шығармалар — Айман - Шолпан, Күлше-қыз, Мақпал-қыз.

Діни әдебиет
Діни әдебиет Қазақстан аумағында ІХ ғасырда, исламның келуіне байланысты кең тарала бастады.
Исламның таралуы кезінде әдеби тiл әртүрлі болды, жазба әдебиет негізінде қалаларда ғана жетiлдi. Қала тұрғынының мәдени өмiрiнде дәруіш (дервиш) ақын-жазушыларының шығармалары елеулі орын алды. Белгілі тұлғалардың бірі, далалық музыканттың ұлы, исламның жаршысы Қожа Ахмет Яссауи (1103 - 1166 жж.) болды. Қожа Ахмет Яссауи өз шығармаларын оғыз-қыпшақ диалектісінде жазған бiрiншi дарынды түркі ақыны болды. Оның шығармаларының ішіндегі ең танымалдары – “Диуани хикмет” (Ақыл кітабы), “Мират-ул Қулуб” (Жанның айнасы), “Пақыр-нама” (Кедей туралы аңыз).

«Диуани хикмет»

Яссауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани – «Ақыр заман кітабы» жинағының авторы. Ол ақыр заман уақытында барлық жандылар қаза табады, бірақ Құдай қайтадан әлемді жаратып, барлығын қайта тірілтеді деп баяндайды. Яссауи мен Бақырғанидің кітаптары кейінгi ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстандағы мердеселердің (діни мектептердің) міндетті оқу құралы болды.

Қазақ ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті шығармаларына XV ғасырлардағы авторлары мәлім шығармаларды жатқызады.
XVI ғасырда аты аңызға айналған Асан Қайғы мен суырып салма ақындар Доспамбет пен Шалкиіздің, XVIII ғасырда өткiр саяси өлеңдердiң авторы болған Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы білеміз. XIX ғасырдың екiншi жартысындағы ақындар - Біржан Қожағұлұлы, Әсет Найманбаев, Сара Тастанбекова, Жамбыл Жабаев және тағы басқалары (4б4б қараңыз - Фольклор) жұртшылық пiкiрiн көрсететін, әлеуметтiк әдiлдiкті орнататын айтысты қолданды.

<<Жамбыл Жабаев>>

Қазақ жазба әдебиеті

Қазақ жазба әдебиетi XIX ғасырдың екiншi жартысында батыс және орыс мәдениетінің ықпалымен қарқынды дами бастады. Бұл үдерістiң негізін салушылар - ағартушылары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев.

XX басы қазақ әдебиетiнiң гүлдеу кезеңі болды. Бұл уақытта қазiргi қазақ әдебиетiнiң негiзi қаланды, әдеби тiл толықтай қалыптасты, роман және повесть секілді жаңа стилистикалық формалар пайда болды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Нұржан Наушабев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев фольклорлық материалдар жинап, оқырмандар арасында қызығушылық туғызған шығармалар жариялады. «Қазақ» газетінің айналасына ұлтшыл күштер — Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев секілді тұлғалар топтасты. 1917 жылдан кейiн олар большевиктер жауларының лагеріне қамалды.

Ахмет Байтұрсынов

Кеңес дәуіріндегі әдебиет
Қазақ кеңес әдебиетiнiң негізін салушылар - ақындар С. Сейфуллин (“Советстан”, “Альбатрос”, “Социалистан” поэмалары, “Жер қазғандар”, “Жемiстер” повесттері), Ілияс Жансүгіров (“Дала”, “Әнші”, “Құлагер” поэмалары), жазушылар Мұхтар Әуезов (“Түнгi сарын”), Сәбит Мұқанов (“Ботагөз” романы), Бейімбет Майлин (“Раушан коммунист” повесті, “Азамат Азаматыч” романы).
Кеңес дәуірі көлемді әдеби шығармалардың жазылуымен ерекшеленеді. Танымал шығармалардың арасында - Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы, Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы, Болат Жандаровтың “Сақтар” дилогиясы.

Қазiргi әдебиет
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті қазір қалыптасып, әлемдiк тәжiрибені зерттеп, өз дамуының жаңа формаларын іздестіру үстінде. Қазiргi отандық авторлардың арасында шығармалары оқырман қызығушылығын тудыратын қаламгерлер – Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Герольд Бельгер, Әбдіжамал Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Қадыр Мырзалиев, Зейнола Қабдолов, Тұманбай Молдағалиев, Нұрлан Оразалин, Иван Щеголихин, Морис Семашко, Бақытжан Қанапиянов, Дулат Исабеков, Әлібек Асқаров.

Ауызша тараған “Қорқыт-Ата” эпосы қыпшақ және оғыз тайпаларының арасында, Сыр бойында VIII–X ғасырларда дүниеге келген. Оны осман түріктері XIV–XVI ғасырларда “Қорқыт ата кітабы” (Dede Korkut Kitabı) деген атпен қағазға түсірген.
Қорқыт – өмірде болған тұлға, Қият оғыз-қыпшақ тайпасының бегі (көсемі), түркі халықтарының арасында әдебиеттің эпикалық жанрының, қобыз аспабына арналған музыкалық шығармалардың негізін қалаушы болып табылады. Эпос оғыз батырларының басынан кешкен оқиғаларын баяндайтын 12 поэма мен әңгімелерден тұрады. Онда қазақ руларының арасында белгілі үйсін мен қаңлы руларының аттары да кездеседі.

Оғыз-нама – түркі халықтарының ежелгі шежіресін Оғыз хан (Оғыз қаған) туралы аңыздар негізінде баяндайтын эпостық дастан. Әртүрлі нұсқада сақталған. Ең ежелгісі - XV ғасыр қолжазбасында сақталған қарлұқ-ұйғыр нұсқасы (XIII—XIV ғғ.). Онда Оғыз ханның ғажайып жағдайда өмірге келуі, батырлық ерліктері және әртүрлі түркі халықтарына тараған Оғыз хан ұлдарының өмірге келуі баяндалады. Ұйғырлардың ханы болған Оғыз Алтынмен (Қытай) және Руммен (Византия) соғыс жүргізген. Сонымен бiрге, бұл шығармада қарлұқтардың, қыпшақтардың және түркі тобына жатпайтын басқа да Еуразияның халықтары туралы талқыланыды.

Диуани хикмет - ежелгі түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған, дiни-мистикалық мазмұндағы өлеңдер жинағы. Түпнұсқасы сақталмаған, бізге тек көшiрмесі ғана жеткен (XV-XVI ғасыр). Өз шығармасында Яссауи ақиқатқа апаратын жол - ол құдайға апаратын жолдың дәл өзі деп уағыздайды. Кiтапта сол кездегі тайпалар туралы мәдени-тарихи, этнографиялық деректер көп беріледі. Қожа Ахмет Яссауиді “Әзірет (әулие) Сұлтан” деп, ал Түркістанды кейбіреулер “кіші Мекке” деп атаған. Яссауидің хикметтері (өлеңдері) исламды уағыздап қана қоймайды, керiсiнше түркі халықтарын рухани бiрлікке шақырады.

“Диуани хикметтен” үзінді

«Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып, Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.

Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып, Мен «дәптер сәни» сөзін аштым, міне.

Сөзді айттым кімдерге де етсе талап, Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.

Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, Діні қатты халайықтан қаштым, міне.

Ғашық есігін Мәулім ашты, маған сыйлы, Топырақ қылып әзір бол деп мойнымды иді.

Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді, Найза алып, жүрек, бауырым тестім, міне.

Ділім қатты, тілім ащы, өзім залым, Құран оқып бойұсынбас жалған ғалым.

Жаным құрбан, аямаймын жоқ дүр малым, Хақтан қорқып отқа түспей күйдім, міне.

Уа, дариға, махаббат шарабынан дәмін татпай Қатын-бала, үй-мүліктен түгел қашпай.

Қылмыс, күнә айыбын мұнда шашпай, Шайтанға еріп жан берерде састым, міне.

Зікір салып мүсәпір-дуана болдым, Хақтан өзге бір сөз де сөйлемес болдым.

От іздеген көбелектей шәкірт болдым, Шоқ болып күйіп-жанып ұштым, міне.

Сүндеттерін бекем ұстап үмбет болдым, Жер астына жалғыз кіріп нұрға толдым.

Сопылардың мақамына жақын болдым, Нәпсіні көңіл найзасымен шаныштым, міне.

Құл Қожа Ахмет, надандықпен өмірін өтті, Қасіретпен тізе, көзден қуат кетті.

Қайғы менен өкініштің уақты өтті, Амалым жоқ, керуен болып көштім, міне.

Қазақ тіліне аударған М. Жармұхамедұлы

Жамбыл Жабаев (1846-1945) - ақын, жыршы (орындаушы), жырау (батырлар туралы аңыздарды, әскери тақырыптағы шығармаларды жырлайтын суырып салма ақын).
Анасы Ұлданның арқасында домбыра мен қобызда ойнауды үйренген. Батырлық эпостар мен аңыздардың үзінділерін өз мелодиясына салып айтатын болған. Бала кезінен қазақ эпосынан “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларын, қырғыздың “Манасын”, парсы эпостары – “Рүстем туралы аңыз” бен “Жүсіп-Зылиқа” дастанын, оғыздың “Кероғлы” эпосының үзінділерін орындаған.
Оның шығармашылығына жол ашқан ақын Сүйінбай Аронұлы болған. Жамбыл одан суырып салма ақындық өнерді үйреніп, оның репертуарындағы жақсы шығармаларын меңгерген.
Жамбыл қазақтың және қырғыздың белгілі айтыскерлерінің көбімен айтысқан. Қазақ халқының ақындық өнерiнің дамуына үлкен үлес қосқан. Оның айтыстарының көп мәтіндері жоғалған. Оның өзінің және шәкірттерінің есінде қалған кейбір мәтіндер кейін қалпына келтіріліп, хатқа түсірілген.
Ұлы Отан Соғысы жылдарында (1941-1945 жж.) оның «Ленинградтық өренім», «Фронтқа хат», «Отан аманаты» өлеңдері жауынгерлердің еңсесін көтеріп, тыл еңбеккерлерiн рухтандырды.

Ленинградтық өренім (үзінді)

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!

Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,
Төккенім жоқ терімді!
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі!
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!

Қыркүйек, 1941 ж.

Шоқан Уалиханов (1835–1865) – ғалым, ағартушы, тарихшы, этнограф, дипломат және саяхатшы. Абылай ханның шөбересі. Қазақ мектебiнде оқып жүрген кезінде араб тілін оқып, шығыс әдебиеті және поэзиясымен танысты. Омбы кадет корпусын бітірген. Оны аяқтағаннан кейін, корнет қатарына қосылып, орыс әскери мундирiн киген. Болашақ ресейлiк офицер патшалық администрацияның тапсырмаларын орындаған.
Оның мiндетiнде Ыстықкөл, Шығыс Түркістан (Құлжа, Қашқар) экспедицияларына қатысу кірген. Саяхат барысында Ш. Уалиханов күнделік жазып, оған қазақтар туралы очерктерді түсіріп отырған. Очерктерде халқымыздың тарихы, қоғамдық және рулық құрылымы, салт-дәстүрлері, ертегілері мен аңыздары жазылған.
Қырғыздың батырлық жыры “Манастың” бір бөлімі – “Көкетай ханның өлімі және асы” туралы және халықтың эпикалық поэмасы “Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуды” қағазға түсіріп, орыс тіліне аударған. Өз еңбектерінде Ш. Уалиханов ақындардың суырып салмалық өнері мен қазақ өлеңінің ырғағына ерекше назар аударған.
1861 жылдың көктемінде оның “Жоңғария очерктері” мен Орталық Азия мен Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениетіне арнаған еңбектері (“Қырғыз шежіресі”, “Көшпелі қырғыздар туралы”, “Үлкен Қырғыз-Қайсақ (Қазақ) ордасының аңыздары”) жарық көрді.
1860-1861 жылдары Петербургте тұрған кезінде үздік орыс географы П. Семенов-Тян-Шаньскийдің ұсынысы бойынша Императорлық Орыс география қоғамына мүше болып қабылданған.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ағартушы, жазушы, ойшыл, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф.
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектебiн бітіріп, Орынборда аудармашы болып жұмыс жасаған, мектепте мұғалім және инспектор болған. Сонымен қатар, ол қазақ жастары үшiн заманауи мектептердің барынша көп ашылуы үшін жұмыс жасаған. Оның әдеби қызметi ағартушылық бағытта болды және қоғамдық-педагогикалық саланың негізін құрады. «Надандық», «Зылым төреге» шығармасында ол ырымшылдық пен фанатизмді сынап, сол кездегі кейбір молдалардың жағымсыз қылықтарын сөз етсе, «Қыпшақ Сейтқұл» және “Киіз үй мен ағаш үй” шығармасында мал өсiру және егiншiлiкпен шұғылдануға үндейді, ал “Бай баласы мен жарлы баласы” шығармасында кедейлердің еңбексүйгiштiгі мен байлардың сараңдығын қатар қояды.
«Көктем» және «Күз» өлеңдерінде Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының пейзажы мен көшпелi тұрмыстың суретiн шынайы бейнелеген. Фольклоршы ретінде ол “Қара батыр”, “Алтын Айдар” ертегілерін, “Жиренше шешен” аңызын, “Қобыланды” эпосының үзіндісін және басқа да шығармаларды жазып, жариялаған.
Оның өзінің жеке әдеби шығармаларынан бөлек, қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі – бастауыш оқуға арналған ана тілінде хрестоматия құрастыруы. Бұл - халық поэзиясының алғашқы жинағы. Осылайша, 1879 жылы оның “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” және “Қазақ хрестоматиясы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекке оның бірнеше әңгімесі мен өлеңдері және орыс авторларының қазақшаға аударылған шығармалары енді.
Ы. Алтынсариннің дүниетанымы дінді өзінше түсіндіруімен ерекшеленеді. Бұл жағынан алып қарағанда, ол оқулықтарды ислам бойынша құрастырған. Алтынсариннің барлық шығармашылығы халықтың салт-дәстүріне негізделген.

Абай Құнанбаев (1845–1904) — қазақ ақыны, философ, сазгер, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетiнiң негізін салушысы және классигі, заманауи мұсылманшылық негiзiнде еуропалық мәдениет мен орыс мәдениетін жақындатқан мәдениет реформаторы.
Шын аты — Ибраһим, бірақ әжесі қойған Абай есімі оның өмірлік аты болды. Құнанбаев классикалық шығыс білімін алды. Сонымен қатар медресе оқытушыларының тыйымын бұзып, орыс мектебiне де барып тұрды. 28 жасында әкiмшiлiк басқару функцияларын орындаудан бас тартып, өзін-өзі жетілдіруге бекінді.
Абай орыс тілі арқылы әлем мәдениетімен танысып, кiтапханада көп ізденді. А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов және басқа да орыс, шығыс және батыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Евгений Онегин» поэмасы негізінде қазақша өлеңдер жазған. Ұлы немiс ақыны ұлы И. Гетеден (М. Лермонтовтың аудармасында) «Wanderers Nachtlied» шығармасы негізінде жазылған “Қараңғы түнде тау қалғып” элегиясы халыққа жақсы танымал.
Абайдың әдеби мұрасы - өлеңдері, поэмалары, өлеңмен жазылған аудармалары, қара сөздері.
Поэзиясы классикалық қарапайымдылығымен, ерекше көркемдiк тәсiлдерiмен ерекшеленеді. Қазақ поэзиясына жаңа өлең формасын енгiздi – алты тармақты және сегіз тармақты: «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма» (1898), «Ауылдың жаны – терең сай» (1888), «Қараңғы түнде тау қалғып» (1890) және тағы басқалары.
«Қалың елім қазағым», «Сегіз аяқ», «Қарттық келді, мінекей», «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» т.б өлеңдерінде маңызды әлеуметтiк мәселелер көтерiледi.
Абайдың әйгiлi шығармаларының бірі - 45 қысқа философиялық трактаттардан тұратын “Қара сөздері”. Онда көптеген тарих, педагогика, мораль мен құқық мәселелері көтерiледi. КҮЗ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Ахмет Байтұрсынов (1873–1937) — мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының негiзін салушылардың бiрi, большевиктердiң Коммунистiк партиясының мүшесi (1937 жылы репрессияға ұшырады), ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы.
А. Байұрсынов көрнекті әдебиетшi, педагог, лингвист болды. Ол миллиондаған қазақтардың пайдалануына мүмкіндік туғызу үшін араб графикасына сай қазақ жазуын құрды. Қазақ тіл білімінің негізін салып, қазақ грамматикасының анықтамасына сай ғылыми терминология дайындаған.
А. Байтұрсынов әдеби және педагогикалық қызметпен де шұғылданған. Атақты орыс ақыны И. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, “Қырық мысал” және “Маса” деген атпен поэтикалық жинақ шығарған.
1937 жылы сталиндік қуғын-сүргiнге ұшырып, атылған. Өлгеннен кейін ақталған.

“Абай жолы” - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірін суреттейтін Мұхтар Әуезовтың роман-эпопеясы. Төрт кiтаптан тұрады.
Романда халық өмiрiнiң қайшылықтары, XIX ғасырдың аяғындағы отырықшы және көшпелi халықтың тұрмыс-тіршілігі, қазақ халқының кеңпейіл көңілі, жақсылық туралы арманы, қуанышы мен қайғысы, өзіндік рухани әдебі мен ұлттық мінезі ерекше суреттелген.
Автордың көзі тірі кезінде роман Л. Соболев басшылық еткен аудармашылар бригадасымен орыс тіліне аударылып, кейіннен әлемнің басқа тілдеріне де жарық көрді.

“Көшпендiлер” - Ілияс Есенберлиннің Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлығын иеленген шежіре-романы (1915-1983). XV-XIX ғасырларда Үлы далада болған тарихи оқиғаларды қамтиды (3б8б – Қазақ хандығы). Есенберлин трилогиясы келесі бөлімдерден тұрады:
• «Алмас қылыш» романында (ХV –ХVІ ғасырларда) Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
• «Жанталас» романында (ХVІІ –ХVІІІ ғасырларда) қазақтардың сырттан келген басқыншылармен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс аумағының Ресей патшалығы қол астына кіруі, Абылай ханның ерліктері сипатталады.
• «Қаһар» романындағы (ХVІІІ – ХІХ ғасырларда) басты кейіпкерлер - Абылай хан және оның немересі - қазақтың соңғы ханы, 1837-1847 жылдардағы отаршылыққа қарсы жалпыұлттық көтерiлiстiң жетекшiсі болған Кенесары Қасымұлы.
Романның Шыңғыс ханнан бастап қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлына дейінгі кейіпкерлері - өмірде болған тарихи тұлғалар.

«Сақтар» – қазақ жазушысы және қоғам қайраткерi Болат Жандарбековтың (1932-1991) дилогиясы. Оған “Томирис” және “Ширак ерлігі” атты екі роман кіреді. Романда б.з.д. VII-III ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеген сақтар және сақ халықтарының шығыс тармақтары тарихындағы елеулі оқиғалар туралы айтылады.Дилогияның екі бөлімі де сақтардың парсы әскеріне қарсы жүргізген күресі мен сақ патшайымы Томиристі суреттеуге арналған.
• «Томирис» – романда б.з.д. VI ғасырдағы оқиғалар, соның ішінде алғашқы шапқыншылардың бірі - парсы патшасы Кирдің пайда болуы айтылады. Ол сақтарды басып алуды көздейді, алайда Томирис қолбасшылық еткен еркін тайпа басқыншыларға жойқын тойтарыс береді.
• «Ширақ ерлігі» – Кир патша жеңiлiс тапқаннан кейiн, астыртын әрекеттер жолымен парсы тағына Дарий патша отырады. Ол мыңдаған әскермен жорыққа аттанғанымен, сақтар қарапайым бақташы Ширак жасаған ерліктің арқасында жеңіске жетеді. Ширак елі үшін өз өмірін құрбан етіп, Дарий әскерін елсіз далада адастырып жібереді.

Олжас Сүлейменов (1937 жылы туған) кеңес дәуірінен келе жатқан қазақстандық жазушылардың, сонымен қатар қазіргі авторлардың арасындағы ең танымал тұлғалардың бірі. ҚазГУ-дың геологиялық факультетін (1959 ж.) және А.М.Горький атындағы Әдеби институтты бітірген.
Шығармашылық еңбегін 1955 жылы бастаған Сүлейменов әдеби газет-журналдар мен Қазақстан жазушылар Одағында жұмыс жасады. 1975 жылы "Аз и Я" кітабы жарық көрді. Онда Сүлейменов “Игорьдің жасағы туралы сөз” атты ежелгi орыс мәтiнiне түркілік көзқараспен талдау жасады. 1989 жылдан бері Олжас Сүлейменов әдебиет саласында ғана емес, саясат саласында да белсенділік танытты.
Сүлейменовты әдеби орта кең танымал еткен 1961 жылдың көктемінде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арнап жазылған “Адамға табын, Жер енді” поэмасы болды. Поэма Кеңес Одағында кең танымал болды.

“Адамға табын, Жер енді” поэмасы (үзінді)

Сұлулық маған ұнайды,
Сан ғасыр соны аңсадым,
Мақтап та, қарғап құдайды,
Жаза да тарттым, шаршадым.
Жасадым өзім өзенді,
Теңізге дауыл әкелдім.
Адамға табын, Жер, енді,
Құдайың әрі әкеңмін!

Бұл жетiстiкпен бірге оның “Арғымақтар” атты тұңғыш өлеңдердi жинағы шықты.
О. Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қызыл жусан» («Махамбет») фильмдері түсірілген.
Қазіргі таңда ақын-жазушы әдеби салада ғана емес, лингвистика, тарих, тіл білімі, қоғамтану саласында да еңбек етіп келеді.
О. Сүлейменовтың мәдени және қоғамдық-саяси салада қосқан үлесі қазiргi Қазақстанда жоғары бағаланады. Ол ел ішінде де, шетелде де абыройға ие.

Герольд Бельгер (1934-2015 жж.) Саратов облысының Поволжье неміс ауылында дүниеге келген. 1941 жылы этникалық немiс ретінде отбасымен бiрге депортация жасалған. Осы жерде қазақ тілін жетік меңгерген. Г. Бельгер Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың әдебиет факультетін бiтіріп, Жамбыл облысындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.
1971 жылдан бері Қазақстан жазушылар Одағының мүшесi. 1992 жылдан бастап неміс тілді «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары болған.
Г. Бельгер орыс және қазақ тілінде жазылған 53 кiтаптың авторы. Олардың арасындағы ең танымалдары – “Ауыл маңындағы қарағай үй”, “Даладағы шағала”, “Тас өткел”, т.б. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті классиктерi - Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісовтің шығармаларын орыс тіліне аударған. 19 кітаптың құрастырушы және редакторы, 103 ұжымдық жинақтың серіктес авторы болған.

Бақытжан Қанапиянов (1951 жылы туған) Көкшетау қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын (1974 ж.), кинорежиссерлер мен сценаристердің жоғарғы курсын (1977 ж.), А.М. Горький атындағы әдеби институттың жоғарғы әдеби курсын (1983 ж.) бітірген.
Әр түрлi жылдары “Қазақфильм” киностудиясында сценарист және редактор қызметін, “Жалын” баспасында редактор қызметін, Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші қызметін, Қазақстанның бірінші тәуелсіз баспасы “Жібек Жолының” жетекшісі қызметін, “Әдеби Азия” және “Әдеби Алма-Ата” альманахтарында редактор қызметін атқарған.
“Түнгi самал” (1977 ж.), “Отражения” (1979 ж.), “Чувство мира” (1982 ж.), т.б поэтикалық жинақтардың авторы.
Бақытжан Қанапиянов 20 шақты фильмдердің авторы және режисеры, олардың қатарында “Абай: өмірі және шығармашылығы” (1983 ж.), “Шәкәрімнің соңғы күзі” (1992 ж.), “Балқаш хикаясы” (Қазақстанға жер аударылып, жазаланған халық туралы, 1990 ж.) фильмдері бар.
Оның өлеңдерi әлемнiң бірнеше тілдеріне аударылған. Әр жылдары Абайдың, Махамбеттің, Жамбылдың, Кененнің, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріне, сонымен қатар, қазақ халық ауыз әдебиетінің үздік туындысы – “Қыз Жібек” поэмасына, басқа да әлем ақындарының көптеген шығармаларына аударма жасаған.

Олжас Сүлейменов (1937 жылы туған) кеңес дәуірінен келе жатқан қазақстандық жазушылардың, сонымен қатар қазіргі авторлардың арасындағы ең танымал тұлғалардың бірі. ҚазГУ-дың геологиялық факультетін (1959 ж.) және А.М.Горький атындағы Әдеби институтты бітірген.
Шығармашылық еңбегін 1955 жылы бастаған Сүлейменов әдеби газет-журналдар мен Қазақстан жазушылар Одағында жұмыс жасады. 1975 жылы "Аз и Я" кітабы жарық көрді. Онда Сүлейменов “Игорьдің жасағы туралы сөз” атты ежелгi орыс мәтiнiне түркілік көзқараспен талдау жасады.
1989 жылдан бері Олжас Сүлейменов әдебиет саласында ғана емес, саясат саласында да белсенділік танытты.
Сүлейменовты әдеби орта кең танымал еткен 1961 жылдың көктемінде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арнап жазылған “Адамға табын, Жер енді” поэмасы болды. Поэма Кеңес Одағында кең танымал болды.

“Адамға табын, Жер енді” поэмасы (үзінді)

Сұлулық маған ұнайды,
Сан ғасыр соны аңсадым,
Мақтап та, қарғап құдайды,
Жаза да тарттым, шаршадым.
Жасадым өзім өзенді,
Теңізге дауыл әкелдім.
Адамға табын, Жер, енді,
Құдайың әрі әкеңмін!

Бұл жетiстiкпен бірге оның “Арғымақтар” атты тұңғыш өлеңдердi жинағы шықты.
О. Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қызыл жусан» («Махамбет») фильмдері түсірілген.
Қазіргі таңда ақын-жазушы әдеби салада ғана емес, лингвистика, тарих, тіл білімі, қоғамтану саласында да еңбек етіп келеді.
О. Сүлейменовтың мәдени және қоғамдық-саяси салада қосқан үлесі қазiргi Қазақстанда жоғары бағаланады. Ол ел ішінде де, шетелде де абыройға ие.

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Қазақстанның қазіргі тағамдары еліміздің кейінгі жүз жарым жыл ішіндегі тарихының бірегей көрінісі болып табылады. Ол өзіне тек қазақ мәдениетінде көне заманнан келе жатқан ұлттық тағамдарын ғана емес, сонымен қатар отандастарымыз ұнатып қалған өзбек, ұйғыр, орыс, украин, татар және корей тағамдарын да қамтиды.

Ет пен сүт өнімдері – қазақ тағамының негізі.

Көп жылдық тарихы шеңберінде қазақ халқы ет және қышқыл сүт өнімдерін дайындау мен өңдеуде орасан зор тәжірибе жинақтады. Қазақтарда етті дайындау кулинария өнерінің маңызды ерекшелігі болып саналумен шектелмей, оны мүшелеу және мерекелік дастарқанға жіктеп қою дербес салт-дәстүрге айналған.
Көшпелі өмір салтына байланысты етті дайындаудың басты тәсілі оны қайнату болып табылады. Қазақ халқы ет өнімдерін дайындау мен ұзақ уақытқа сақтаудың бірегей әдістерін ойлап тапқан.
Көшпелі өмір салты сүт өнімдерінің де жасалу әдістеріне әсер етті: ең қолайлы нұсқасы қышқыл сүт өнімдері болды.

Қазақтың негізгі тағамдары:

Қазақша ет (орыс және бірқатар тілде бешбармак деген атау тарап кетке) – әдетте қайнатылып пісірілген еттен (жылқы, қой, сиыр етінен, батыс өңірлерде – түйе еті мен балықтан да жасалады), үлкен дөңгелек немесе тік бұрыштар пішінінде кесіліп қайнатылған қамырдан, сонымен қатар майлы сорпадан тұратын тағам.

Қуырдақ – еттен, бауырдан және басқа да суб өнімдерден жасалатын ыстық тағам. Оған жуа, көбінесе, картопты да қосады.

Бауырсақ – ашытылған қамырдан және шыжғырылған майда дайындалатын ұн өнімдері. Бауырсақтардың көлемі елдің қай аймағында орналасуына қарай өзгеріп отырады.

Шелпек – майда қуырылатын қышқыл қамырдан жасалған дәстүрлі тағам.

Жылқы етінен жасалған жеңсік астар:

Қазы – жылқы етінен жасалған дәстүрлі шұжық. Қабырғалардағы майлы етті қолдану арқылы жасалады (әдетте дәмдеуіштер мен специялардың көмегімен).
Шұжық – қазыға ұқсас, алайда қабырғаның еті емес әр жерден жинақталған ет қолданылады.
Жая – жылқының жамбас бөлігі етінің алдын ала тұздалған және қайнатылған түрі.

Дәстүрлі қышқыл сүт өнімдері:

Қымыз – бие сүтінің қышқылды және спиртті ашуы нәтижесінде алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымыз жалпы қуаттандыратын сусын ретінде танылды. Емдеуде қолданылады, көбінесе туберкулездің кейбір формаларында, қан аздықта, асқазан ауруында, қалжырататын ауруларда қолданылады.

Шұбат – түйе сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымызбен салыстырғанда шұбат мейлінше жоғары майлылыққа ие (88 пайызға дейін). Кейбір бағалаулар бойынша шұбат демікпе, туберкулез, бауыр ауруларын, диабет пен псориазды емдегенде пайдалы болып келеді.

Айран – сүтті ашыту арқылы дайындайтын, қышқыл сүт өнімінің бір түрі.

Кұрт – бие, ешкі немесе қой сүтінен жасалатын құрғақ жас ірімшік.

Дайындалған және жуылған ет бөліктерін салқын суға толы қазанға немесе қандай да бір басқа ыңғайлы ыдысқа салады және қайнатады, отты азайтады, көбігін алады және әлсіз қайнауда дайын болғанша жалғастырады.

Қуырдақты сиыр етінен, қой етінен немесе жылқы етінен дайындауға болады. Барлық субөнімдер (әдетте өкпе-бауырға кіретіндер) мұқият жуылады, содан соң өкпе пен қарын аздап қайнатылады. Одан кейін қуырдақтың барлық ингредиенттері ұсақталып туралады: өкпе, бауыр, бөтеке, қарын, аздаған ет (ыстық тамаққа дәм беру үшін).

20г. ашытқыны жылы суда араластыру, 1 ас қасық қант, 1 ас қасық ұн қосу және ашытқы қамырдың дайын болуы үшін жылы жерге қойып қою.
Ашытқы қамыр дайын болғанда жарты килограмм ұн, 1 литр жылы сүт, 1 ас қасық тұз, 1-2 ас қасық күнбағыс майын, 3-4 жұмыртқа қосады және қамырды араластырады, қамыр көтерілу үшін бетін жауып жылы жерге алып қояды.
Ұнның көлемін дәміне қарай өзгертіп отыруға болады – ұн аз болған сайын бауырсақтар нәзік болып шығады, бірақ сұйық қамырмен жұмыс істеу қиын екендігін – оқтаумен жазу қиын екенін – естен шығармау керек.
Дайын қамыр шамамен 1 см қалыңдықта, көлемі 3 см х 3 см болатындай етіп оқтаумен жазылады, әр тілімі жақсы қыздырылған күнбағыс майында қуырылады.

Шелпектерді дайындау үшін қамырды бауырсақтарға арналғандай етіп араластырады, шағын бөліктерге бөледі, оларды шелпектерге айналдырып оқтаумен жазады және жақсы қыздырылған майда қуырады.

Жабдықтар

Ұлттық музейде экспозиция үшін келесі заманауи көрмелік технологиялар қолданылады:
• екі залда жұмыс жасайтын, арнайы контенті бар бірегей иілген экран,
• медиа еден,
• қазіргі Астананың орталық бөлігінің динамикалық макеті,
• көптеген медиаэкрандар мен голограммалар,
• жарықдиодты LED-техника,
• сенсорлы дүңгіршектер,
• қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат бере алатын мультимедиялық гид.

Музей сайтында гидпен экскусия жасауға алдын ала тапсырыс бере аласыз және өзіңізге немесе өз тобыңыз үшін қолайлы уақытты және қызықтырған залды таңдап алдын ала тапсырыс бере аласыз.

Тарих

Музей топтамаларын құруды бастаудың негізі ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Неплюев әскери училещесінде «Орынбор өлкесінің Музеумінде» қаланды. Содан жүз жыл бойына музей өз қорларында белгілі аймақтық және облыстық музейлердің топтамасын жинақтады және кеңестік кезеңнің басталуына қарай экспонаттардың көлемді санына ие болды.
Орталық Мемлекеттік музейдің қалыптасуы Орталық аймақтық музейдің Орынбордан Қазақ Автономды Республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшірілуіне байланысты 1929 жылы аяқталды. Музей Алматыда белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша 1904-1907 жылдары салынған Вознесенский Кафедралды соборы ғимаратына орналастырылды.
1944 жылы мұражай кеңестік музейлердің І дәрежесіне лайық деп танылды және өзінің қазіргі атауына ие болды – Қазақстанның Мемлекеттік Орталық Музейі.

Қазақ халыө музыкалық аспаптар Музейінің ғимараты ХХ ғасырдың басында Верный қаласындағы (Алматының Ресей империясы кезіндегі атауы) қоғамдық құрылыстың ағаштан салынатын сәулетшілік үлгісі болып табылады. Ғимарат танымал сәулетші А.П. Зенковтың жобасымен 1908 жылы салынады. Ғимараттың алды ағаш өрнектен көркемделген, ал безендіруде «ағаш» (өмір ағашы), «өткізбе» (мүйіз тәрізді шиыршық), «шынжара» (жүгірген толқындар), «үзілмес» (шырмалғыш сабақ) қазақ ұлттық оюларының мақамы қолданылған.

Алғашында мұражай ғимараты «Офицерлік құрам клубы» атауын иеленген; 1918 жылдан кейін «Пошта-телеграфтық контор», «Қызыл Жұлдыз» кинотеатры, Орта азиялық әскери округ офицерлерінің үйі атауларын иеленген.

МУЗЕЙЛЕР

Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі (Астана қ.)
Ресми сайт - http://astanamuseum.kz/

Қазақстан Республикасының Ұлттық МузейіОрталық Азиядағы ең үлкен музей. Ол 2014 жылдың 2 шілдесінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының негізінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бастамасымен ашылған болатын.

Мұражай еліміздің басты алаңында – Тәуелсіздік алаңында «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік Сарайымен, Бейбітшілік және келісім Сарайымен, «Әзірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен сәулет жарасымдылығын үйлесімді түрде құрып орналасқан.
Музей ғимараты ауыспалы этажы бар жеті блоктан тұрады, олардың ең биігі тоғыз этаждан тұрады. Музей кешенінің көлемі 74 000 кв. м. жетеді. Экспозициялық алаң жалпы көлемі 14 000 ш. м. болатын 11 залды қамтиды.

Музейде келесі залдар бар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын зал, Көне және ортағасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заман өнерінің залы.
Сонымен қатар балалар мұражайына, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, реставрациялық шеберханаларға, зертханаларына, мамандандырылған қор қоймасына, оқу залы мен конференц залы бар ғылыми кітапханаға арналған орындар қарастырылған.
Музей өзінің ең жаңа жоғары жабдықтармен қамтамасыз етілгендігінің арқасында жеткен жоғары дәрежесімен және музей ісінің алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттарына сай келетін мультимедиялық құралдарымен қонақтарды таң қалдырады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы қ.)
Ресми сайт - www.csmrk.kz/

Егер Қазақстанның Ұлттық музейі еліміз бен аймағымыздың ең жаңа музейі болса, Алматыда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар барлық Орталық Азиядағы ең көне музей болып табылады.
Оның тарихы шамамен екі жүз жылды қамтиды, сондықтан да Орталық музей коллекциясында Қазақстанның бірнеше ғасыр тарихы бойына сақталып келе жатқан шынымен бірегей экспонаттарға бай.

Музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы салынды және ол жалпы Қазақстан мен Алматының ең әсем сәулет туындыларының бірі саналды. Ғимараттың жалпы ауданы 20 000 ш.м. асады, экспозициялық-көрмелік ауданы – шамамен 7 000 ш.м. құрайды. Музейдің қорлық және экспонаттық топтамасы тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы шамамен алғанда 300 мың сақтау бірліктеріне ие.

Музейге келушілер назарына төрт экспозициялық зал ұсынылады:
• «Палеонтология және археология» залы атауы айтып тұрғандай екі кешеннен тұрады. Палеонтологиялық экспонаттар 12 геологиялық кезең бойынша екі орталық витринада жайғасқан. Археологиялық кешен мынадай бөліктерден тұрады: тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір дәуірі, ғұн-сармат кезеңі және орта ғасырлар.
• «Тарихи этнография» залы Қазақстан тарихының XV ғасырдан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңге арналады. Залдың экспозициялары қазақтардың рухани мәдениетіне, шаруашылық және тұрмыстық салтына, дәстүрлі мәдениетіне арналады.
• Үшінші залдың экспозициясы екі бөлімнен тұрады: «Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың тарихи мен этнографиясы» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1941-1945».
• «Қазіргі Қазақстан» залы Отанымызды тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған 1991 жылдан бастап қазірге дейінгі Қазақстан тарихын қамтиды.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі (Алматы қ.)
Ресми сайт - http://www.gmirk.kz/

Алматыда орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі бүгінде Қазақстандағы бейнелеу өнері саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеу және ағарту орталығы ретінде танылатын еліміздің ең ірі көркем өнер музейі болып табылады. Бұл жерде Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнері жайлы түсінікке ие боласыз, сонымен қатар басқа елдердің өнер топтамаларын да көру мәртебесіне қол жеткізесіз.
Музейдің ресми тарихы оның нақты қалыптасуы сияқты жалғаспалы емес. Сонымен, Мұражайды құру туралы қаулы тек 1976 жылы ғана шыққан болатын, алайды топтамалардың негізіне негізі 1935 жылы қаланған Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркем өнер галереясының қоры жатқан еді. Сонымен қатар мұражай топтамаларының қатарына 1970 жылы қалыптасқан Республикалық қолданбалы өнер музейінің экспонаттары да кірген болатын.

1984 жылы музейге Қазақ ССР-нің халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904-1973 жж.) аты берілді. Ол қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы болып есептеледі, туындыларын музейдің сайтынан көріп бағалай аласыз.

Ә. Қастеев туындыларына гипер – сілтеме
http://www.gmirk.kz/index.php/ru/izobrazitelnoe-iskusstvo-kazakhstana/zhivopis/zhivopis-a-kasteeva

Музей экспозициясы туындылардың келесі ірі блоктарын қамтиды:
• Қазақстанның декоративтік қолданбалы өнері туындылары. Былғары мен ағаштан жасалған бұйымдардың, киізді, түкті кілемдердің үлкен топтамасы көрсетілген.
• Қазақстанның бейнелеу өнері. Топтама Черкасскийдің, Хлудовтың, Қастеевтің, Калмыковтың, Кенбаевтың, Сидоркиннің, Урманчтың, Галимбаевтың, Леонтьевтің, Наурызбаевтың, Тельжановтың және басқаларының жұмыстарын қамтиды.
• Орыс өнері. Топтама Тропинин, Кипренский, Верещагин, Айвазовский, Репин, Шишкин, Левитан, Саврасов, Борисов-Мусатов, Кустодиев, Петров-Водкиннің жұмыстарын қамтиды.
Кеңестік кезеңдегі жұмыстар қатарына – Юон, Пластов, Сарьян, Дейнеканың, және басқа да шеберлердің жауһарлары бар.
• Батыс Еуропа өнері. Топтама Италия мен Франция, Голландия мен Фландрия, Германия мен Англия шеберлерінің туындыларынан тұрады. Рембрандттың офорты, Дюрердің, Шонгауэрдың, Халстың, Бурдонның, кіші Пурбустың, Дюгенің, Добиннің, Короның туындылары, Куазев пен Гудонның мүсіндері бар.
• Шығыс өнері. Мұнда Үндістан, Қытай, Жапония, Корея өнерінің туындылары кіреді.

Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі (Алматы қ.) Ресми сайт - http://kazmusmuseum.kz

Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі – музейге келушілер үшін өте қызықты және ыңғайлы болып келеді, көптеген жылдар бойына ол Алматының назар аударуға тұрарлық ғимараттарының бірі болып табылады.

Музейдің өзі мейлінше жас болып табылады, оның негізі 1980 жылы қаланды. 2012-2013 жылдары музейде ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және бүгінде ол өз топтамаларын қызықты және ақпаратты етіп жеткізу мақсатында ең жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген. Музей қаһарман-панфиловшылардың саябағындағы Қазақстан сәулеті мен тарихының ескерткіші болып табылатын ерекше ғимаратта орналасқан.

Келушілер үшін жеті экспозициялық зал ашылған: археология залы, соқпалы-ұрмалы және үрмелі аспаптар залы, мемориалды музыкалық аспаптар залы, домбыра мен қобыз залы, әлем халықтары аспаптары залы, уақытша көрме мен презентация залы, концерт залы.

Топтамада бүкіл Қазақстаннан жиналған көне қазақша ұлттық аспаптар бар. Мұнда Абай, Жамбыл, Махамбет, Әмре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев сынды композиторлар, жырау және ақындардың жеке домбыраларын көруге болады. Топтамаға сонымен қатар қазақтың танымал орындаушылары мен композиторларына тиесілі аспаптар да кіреді.

Астана мен Алматыда орналасқан ірі музейлерден басқа Қазақстанда түрлі бағыттағы көптеген аймақтық музейлер қызмет етеді: мемориалды музейлерден бастап тарихи музейлерге дейін және көркем өнер музейлерінен бастап мамандандырылған музейлерғе дейін. Қазақстанның әр облыстық орталығында әр аймақтың даму ерекшелігі мен тарихын ашып көрсететін бірегей топтамалары бар тарихи-өлкетану музейлері бар.
Туристердің ерекше қызығушылығына ие Қазақстандағы музейлердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
• «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі), Түркістан қ., Оңтүстік Қазақстан облысы.
• Павлодар облыстық бейнелеу өнері музейі, Павлодар қ.
• Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, Қарағанды қ.
• Абай үйі әдеби-мемориалды музейі, Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы.
• Ш. Уәлихановтың «Алтын Емел» мемориалды музейі, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы.
• Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылы.

ТЕАТРЛАР

Қазақстанның театрлық өмірі осы өнердің барлық түрін қамтиды: мұнда драма театрлары, опералық және балет театры да қызмет етеді, сонымен қатар қуыршақтар театры мен мюзиклдер театры бар. Қазақстанның театрлық өмірінде этникалық театрлардың маңызды бөлігі де қамтылған.
Театрды таңдай отырып, егер, әрине, сөз опера және балет театры туралы болып отырмаса, туындыны дәл қандай тілде тамашалағыңыз келетінін анықтап алғаныңыз жөн және осы таңдауға байланысты жанрды таңдаған дұрыс болады.

Драмалық және музыкалық туындылар қазақ және орыс тілдерінен басқа ұйғыр, корей, өзбек, неміс тілдерінде мамандандырылған негізде қойылады.
Еліміздің алдыңғы қатарлы театрлары туралы айтатын болсақ, театрлардың әртектестігін ескере отырып келесі нәрсеге баса назар аударған жөн:

Опера және балет

«Астана Опера» – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы негізі қаланған болатын. Бұл Қазақстан мен барлық Орталық Азиядағы ең ірі және техникалық тұрғыда заманауи театр болып саналады.
«Астана Операның» архитектурасында греко-римдік және қазақтың ұлттық дәстүрлері арасындағы теңгерімге қол жеткізілген, сонымен қатар маньеризм мен барокко ағымдары да қолданылған. Театр ғимаратында орналасқан квадрига дәстүрлі екі аяқты күймені басқарып отырған сақ патшайымы Томиристің бейнесі болып табылады.
Театр залдары керемет акутикасымен әйгілі, ал сахнаның техникалық жабдықталуы алдыңғы қатарлы әлемдік алаңдармен бәсекеге түсе алу қабілетіне ие.
Вестибюль, фойе, көрермен залдары және негізгі сахна жоғары классицизм үлгісінде жасалған. Театрдың басты залы 1250 орынға лайықталған. Партердің айналасында бэльэтаж бар, одан бір деңгей жоғары ложалар, үш балқондық ярус және галерея орналасқан. Оркестрге арналған орын 120 музыкантқа есептеліп салынған және қажет болған жағдайда сахнаны кеңейту үшін қолданылады.
Театрдың камералық залына 250 адам сияды. Ол камералық музыка концерттерін өткізуге, түрлі ансамбльдердің қойылымына, камералық хорға, кіші симфониялық оркестр және басқаларға арналған.
Театр әлемдік опералық және балет классикасы жауһарларымен қатар заманауи қойылымдарды да көрермен талқысына ұсынады.
«Астана Опера» өзінің алғашқы театрлық маусымын көрнекті қазақ композиторы М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен ашты. Әлемдік премьераны театр Дж. Вердидің «Атилла» операсымен көрсете білді.

Бүгінде театрдың опералық репертуары Дж. Вердидің «Аида», «Атилла» және «Травиата», Дж. Пуччинидің «Тоска» және «Богема», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абай”, М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операларын қамтиды.
Театр көрермендері тамашалай алатын балеттік қойылымдар қатарына П. Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Аққулар көлі», А. Хачатурянның «Спартак», Б. Астафьевтің «Бахшасарай фонтаны», Г. Жұбанованың «Қарагөз», С. Прокофьевтің «Ромео және Джульетта», М. Равельдің, К. Сен-Санстың және Ж. Массненің «Роден» қойылымдары кіреді.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры (МАОБТ), Алматы қ. – қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың есімін иеленген Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның танымал театрларының бірі болып табылады.
Қазақстандағы опера өнерінің пайда болуы мен дамуы дәл осы театрмен байланысты, оның сахнасында қазақ композиторларының опералары мен әлемнің опералық және балеттік мұралары тұрғылықты қойылған. Дәл осы МАОБТ сахнасында Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Құрманбек Жандарбеков сынды Қазақстанның танымал орындаушылары танылған еді.
Театр 1934 жылы ашылған болатын, ашылуында Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы Иван Коцыктың опералық өңдеуіндегі ұлттық әуендері мен күйлерімен қоса көркемделіп қойылған еді.
Үш жыл өткен соң театрда өзінің жеке опералық труппасы пайда болады, ол труппа Жорж Биздің «Карменін» қояды. Ал 1936 жылы, опералық труппаның Мәскеуде қойылым қойғаннан кейін Алматы театры бүкіл Кеңес Одағында мойындалды.
1938 жылы балет труппасы пайда болды және ол сол жылдың өзінде П. Чайковскийдің «Аққулар көлін» қойды.
1941 жылы театр академиялық атаққа ие болды, ал 1945 жылы театрдың бүгінгі орналасқан ғимараты аяқталған еді.
Әртүрлі жылдары труппада Болат Аюханов, Александр Селезнев, Рамазан Бапов сынды әйгілі бишілер өнер көрсеткен болатын.
Бүгінде МАОБТ репертуарына Дж. Вердидің «Травиата», «Риголетто» және «Аида», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Иоланта», Дж. Пуччиндің «Мадам Баттерфляй» и «Флория Тоска», Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», А. Жұбанов және Л. Хамидидің «Абай» сынды және тағы да басқа көптеген опералары кіреді.
Балетке қатысты айтатын болсақ, қазір театрда П. Чайковскийдің «Аққулар көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» музыкасына арналған классикалық балеттер жинағы өткізілуде, сонымен қатар Б. Эйфманның «Анна Каренина» қойылымы, А. Аданның «Жизель», А. Меликовтың «Махаббат туралы аңыз», Д. Шостаковичтің «Чарли» туындыларын да айтуға болады.
Кейінгі резонансты қойылымдардың ішінен замануаи сценография көрермендерін таңғалдырған «Кармен» операсын, сонымен қатар керемет өмірге құштарлық және энергетика желі есетін «Дон Кихот» балетін айтуға болады.

Драма театрлары

М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Алматы қ. – бұл, шындығына келгенде, Қазақстанның алғашқы кәсіби драма театры. Театрдың негізі 1925 жылы сол кезеңде Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болған Қызылордада қаланады. Ол 1926 жылдың 13 қаңтарында М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының үзіндісін қою арқылы және үлкен концерт беріп ашылды.
Алматыға театр 1928 жылы көшірілді. 1937 жылдан бастап театрға академиялық дәреже берілді, ал 1961 жылдан бастап оған осы театрдың басында тұрған қазақтың әйгілі жазушы-драматургы Мұхтар Әуезовтің аты берілді.
М.О. Әуезов атындағы драма театры өзінің тарихы бойына Еуропа, Америка, Азия және Африкадағы көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы бола білді.
Бүгінде театр өзінің үздік дәстүрлерін жалғастырып келеді, үнемі жаңа әртістерді дайындайды, халықаралық байқауларға қатысады, сонымен қатар басқа театрлардың труппаларын өз қабырғасында қабылдайды. Бірақ осы күнге дейін ол Қазақстанның алдыңғы қатарлы театрларының бірі болып қала береді.
Қойылымдар орыс тіліне синхронды аударылу арқылы қазақ тілінде жүргізіледі.

М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. Театр Алматыда 1933 жылы ашылған Орыс драма театры негізінде пайда болды. 1964 жылы – Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 150 жыл толуына орай – театрға осы ұлы орыс ақынының аты берілген болатын. Мәскеудегі табысты гастрольдерден кейін 1974 жылы театрға академиялық дәреже беріледі.
1983 жылдан бастап қазіргі күнге дейін театрдың көркемдік жетекшісі –Қазақстан Республикасының халық әртісі Рубен Андриасян.
Театр репертуарында орыс және әлем әдебиеті классиктерінің спектакльдары біршама болып келеді және балаларға арналған қызықты қойылымдар да бар.
Спектакльдер үлкен және камералық сахналарда орыс тілінде қойылады.

Алматыда сонымен қатар неміс, ұйғыр және корей театрлары қызмет етеді.

Республикалық неміс драма театры. Ол Теміртауда 26 желтоқсанда ашылды. 1989 жылы театр мейлінше батыл тәжірибелі қойылымдар сахнасын иеленген атаққа ие болатын Алматыға көшіріледі. Театр сайтында көрсетілгендей, «қазіргі кезде Республикалық неміс драма театры театрдың негізгі мақсаты – неміс халқының мәдени дәстүрлерін сақтау және заманауи театралды бірлестіктерімен қарым-қатынасты қалпына келтіру арқылы жаңа деңгейге көтерілу сияқты міндеттерді орындауда жаңа амалдар табу».

Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры— Қазақстанның ең көне ұлттық театры және корейлердің әлемдегі ұлттық алғашқы театры. 1934 жылы Қызылорда (Қызылорда облысына Теңіз маңы аймағынан КСРО корей диаспорасының біршама бөлігі күштеп көшірілген болатын) қаласында құрылды.
1967 жылы театрдың жанынан «Ариран» кәсіби эстрадалық ансабль ұйымдастырылған болатын. 1968 жылы театр Алматыға көшеді. 1991 жылдан бастап Оңтүстік Корея мен Ресейге бірнеше гастрольдік сапарларға шығады. Оның репертуары корей, қазақ, орыс және жалпы әлемдік классика туындыларын қамтиды.

К. Кужамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры — ұйғыр халқының әлемдегі алғашқы кәсіби театры болып саналады. Д. Асимов және А. Садыровтың «Анархан» музыкалық драмасының қойылымымен 1934 жылы 24 қыркүйекте ашылды. Театр ұйғыр халқының музыкалық және театрлық мәдениетінің шынайы ошағы болып табылады. Бүгінде театрда төрт труппа жұмыс істейді: драмалық, «Нава» фольклорлық группасы, «Яшлык» эстрадалық группасы және балеттік труппа. Ұжымда барлығы 182 адам бар.

Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек театры жұмыс істейді.

Өзбек драма театры 2003 жылы Сайрам қаласында ашылды. Театрдың ашылуы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзбек диаспорасының өміріндегі мәдени оқиғалардың бірі болды. Қызмет ету жылдарында оның сахнасында өзбек, қазақ, орыс, еуропа және америка драматургтерінің 50-ден астам спектакльдері қойылды. Жыл сайын театрда Орта Азияның барлық елдерінен шақырылған сөз шеберлерінің қатысуымен «Аския» әзіл-қалжың байқауы, жалпы қазақстандық жас ақындардың «Поэзия жұлдыздары» және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Астана мен Алматы қалаларының театрларынан басқа театр өнерінің табынушылары Қазақстанның басқа қалаларындағы театрларды көру арқылы да көп ғанибет алады. Драмалық және музыка-драмалық театрлар еліміздің барлық ірі қалаларында бар деуге болады. Және де театрлық өмірмен қазақ тілді және сонымен қатар орыс тілді көпшілік те қамтылады.
Қазақстанның мейлінше қызығушылыққа ие театрларының ішінен атауға болады:
- Академиялық музыкалық комедия театры, Қарағанды қ.
- Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры, Ақтөбе қ.
- М. Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры, Атырау қ.
- Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры, Қостанай қ.
- І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай қ.
- Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыка-драмалық театры, Көкшетау қ.
- А. Чехов атындағы Павлодар драма театры, Павлодар қ.
- Семей біріккен театры, Семей қ.
- Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры, Теміртау қ. Қарағанды облысы
- Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры, Шымкент қ.
- Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Шымкент қ.

ӨНЕР

Қазақ мәдениетiнде бейнелеу өнерi көшпелi тұрмыс ерекшелiктеріне және өзiндiк табиғат жағдайларына байланысты ұзақ уақыт бойы декоративтi-қол өнерi түрінде дамыды. Шынында да, XIX ғасырға дейiн қазақтардың өмiрлiк жағдайы кескін немесе мүсін секілді бейнелеу өнерiнiң дамуына мүмкіндік бермеді, сондықтан қоршаған ортаны бейнелеудегі шығармашылықтың негiзгi объектiлерi – күнделiктi тұрмыстық объектiлер болды. Сол уақыттарда қазақ шеберлері мен қолөнершiлерiнің көркемөнер туындылары дүниеге келді.

Ежелгі дәуір Ежелгi Қазақстан аумағындағы бейнелеу өнерiнің қызықты да көрнекті туындылары - жартасқа салынған суреттер болып табылады. Олардың ішіндені ең танымалы - қазiргi Алматы облысының аумағында орналасқан Тамғалы археологиялық кешенінің петроглифтері (қараңыз 8б8б – ЮНЕСКО нысандары).
Жартастардың бетіне бұғылар, бұқалар, жылқылар, арқарлар мен тағы басқа жануарлардың және адамдардың пішіндері бейнеленген. Тастарға бейнеленген қандай да бір ритуалды биді орындап жатқан адамдардың бейнесі де өте қызық. Тамғалы петроглифтер кешенінде “Күн басты” адамның пішіні ерекше орын алады.
Негiзiнен, Жетісу аймағында петроглифтер саны жағынан да, сюжеттерiнің әртүрлілігі жағынан да, әбден жетілген стилі мен техникасы жағынан да ең көп ежелгі ескеркіштер орналасқан. Батыс Жетісуды – Тамғалы ғибадатханасы, ал Солтүстiк-шығысында – Ешкіөлмес және Баян-Жүрек. Қазақстан аумағын ертеде мекендеген халықтардың бейнелеу өнерiндегі тағы бiр әйгiлi мұрасы - сақтардың “аң стиліндегі” бұйымы. Б.з.д. VIII ғасырларда сақтар қолданған бұйымдардың басты ерекшелігі - ол аңдардың жеке бөлігін немесе аңдардың күресін, шайқасын бейнелеген (қараңыз 3б3б – Сақ тайпалары).

Орта ғасыр
Орта ғасырларда қазiргi Қазақстан аумағында әр түрлi мемлекеттер кезектесіп дамыған. Бұл кезеңде Ұлы Жiбек жолы шеңберiнде сауда белсендi жүріп, қолөнер саласына жаңа әдістер келіп, осы жерді мекендеген халықтың мәдениетін дамытты. Бұл сауда, негізінен, жергiлiктi ұсталардың шағырмашылық белсенділігін арттырды. Дәл осы уақыттарды Қазақстан декоративтi қолөнерiнің негiзгi түрлері қалыптаса бастады, олардың кейбірі бүгінгі күнге дейін дамып келеді.
Зергерлік өнер. Зергерлік өнер қазақ өнерінің басқаларына қарағанда кәсіби түрде дамыды. Зергерлер бұйымдардың көптеген түрлерін жасады: әйел әшекейлері, киім бөлшектерi, асхананың құрал-жабдықтары, ағаш киіз үйдің құралдары, жиhаздар, ағаш және тері ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері.
Зергерлердің қоп қолданатын материалы күмiс болды және әлі күнге дейін солай болып келеді. Күмiс аймен байланыстырылады. Қазақ мәдениетiнде күміс өте жағымды және тазартқыш қасиетке ие.
Киiзден жасалған өнімдер. Жүннен жасалған тығыз материал - киіз қазақтар үшiн аса маңызды материал болды: одан киіз үйдің жабындысын, сонымен бірге, киіз үйдің ішкі жасау-жабдықтарын әзірлеген. Киiзден жасалған кiлемдер - маңызды қолөнер объектiлерінің бірі. Жерге төселетін және киіз үйдің қабырғасына ілінетін кілемдердің жасалу тәсілдері де әртүрлі болған: кілемді жасау кезіндегі оюларды салу немесе ақ киіздің үстіне материалдардан жапсырмалар жасау.
Кестелеу. Киiзден жасалатын қолөнер бұйымдарымен декоративтi қолөнердің бір түрі - кестелеу тығыз байланысты. Киiзді, қатты маталарды, барқытты, жiбекті кестелеген. Кестемен жастықтардың тыстарын, ат әбзелдерін, кеселерді сақтайтын дорбаларды, сүлгілердің жиектерін безендірген. Сонымен бiрге кесте киiмді сәндендіру үшiн де пайдаланылған: көйлектер, бас киiмдер, шапандар, жейделердiң жағалары, такиялар.
Терi өнерi. Қазақтардың өмiрінде теріден жасалған әр түрлi бұйымдар маңызды орын алған. Терiлерден әр түрлi киiмдердi, былғарыдан аяқ киiмдер, әр түрлі ыдыстарды, ат абзелдерін, сандықтарды тіккен. Тері өңдеу өнеріндегі ерекше сала – былғарының көмегімен өрнектер салу. Бұл іспен ер адамдар айналысқан. Бүгiнге дейiн қазақ қамшыларын жасау ерекше өнер болып саналады.

Қазiргi бейнелеу өнерi
Классикалық түрдегі бейнелеу өнерi Қазақстанда XIX ғасырдан бастап дамыды. Мұндай дамуға Орталық Азияға саяхат жасап, туындылары дәл осы жерде дүниеген келген орыс суретшiлерi - Василий Верещагин мен Николай Хлудов шығармашылығы себеп болды. Жергiлiктi кескiндеме мектебiнің қалыптасуына біраз суретшiлердің Н. Хлудовтың шәкірттері болуы әсер етті. Олардың арасындағы ең танымалы - Әбілхан Қастеев. Қазіргі таңда оның атымен Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы аталады. (қараңыз 4б7б – Мұражайлар).
Жалпы алғанда, қазақстандық бейнелеу өнерiнiң мектебi ХХ ғасырдың 40-жылдарында қалыптасып, 50-жылдарында гүлденді. Бiртұтас кеңес жүйе шеңберiнде білім алған жергiлiктi суретшiлер, кескіншілер, мүсiншiлер өз шығармаларында ұлттық сарынды пайдаланып, туындыларын жарыққа шығара бастады. Суретшілер - О. Таңсықбаев, Ж. Шарденов, К. Телжанов, М. Кенбаев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, С. Романов, И. Бондаренко, С. Айтбаев, кескіншілер - Е. Сидоркина, А. Гурьева, М. Кисаметдинова, А. Дузелханова, мүсіншілер - Х. Наурызбаева, Е. Сергебаева, Р. Ахметова, Т. Досмагамбетова, Е. Мергенова есімдері қазіргі таңда отандық өнердiң мақтаныштары.
80-жылдардың аяғында Қазақстанда ескірген формалар мен образдарға қарсы, жаңа ізденістер мен идеяларға негізделген авангардтық бағыт қалыптасты. Сол уақыттарда өз шығармашылығында формализмнен бас тартқан суретшілердің көбі бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие.

Қазақстанның қазiргi бейнелеу өнерi

Жетекші суретшiлер:

Лейла АХМЕТ ОСМАН – көбіне гобелен жасау саласында жұмыс жасайды. Дәстүрлi түрiк сарынында да, қазiргi абстракциялық сарында да жұмыс жасайды. Көптеген жалпыұлттық және халықаралық көрмелердiң қатысушысы, оннан аса жеке көрмелердiң авторы.

Ерлан АЙТУАРОВ - тарихи сурет, пейзаж және портрет жанрлары саласында жұмыс iстейдi. Шыңғыс ханға арналған суреттер топтамасын жасаған. Көптеген қоғамдық ғимараттарды безендірген, Абылай хан монументінің (Ақмола облысы, Бурабай поселкесі) және бірнеше мүсiндiк шығармалардың авторы. Жұмыстары КСРО-дағы бүкiлодақтық және шетелдiк көрмелерге қойылған. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерi; ҚР Көркемөнер академиясының академигi, ҚР суретшiлер одағының мүшесi. Суретшiнiң шығармалары Қазақстанның, Ресейдің, Францияның, Израилдің, Германияның мұражайлары мен жеке топтамаларына қойылған.

Амандос АҚАНАЕВ – Қазақстан Көркемөнер Академиясының академигi. Туған жеріне арналған көркем шығармалар циклі үшін 2010 жылы Мемлекеттiк сыйлықақы иеленген. Өз жұмыстарында Еуропа өнерiнiң станокты дәстүрлерiмен Азия көшпендiлерiнің мұрасын тоғыстырады.

Руслан АҚАНАЕВ — кескінші, мүсiншi, фотосуретші. ҚР Көркемөнер Академиясының мүшесi. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне, “Ақордаға”, Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Түркия, Франция президенттерiнің топтамаларына қойылған.

Ботагөз АҚАНАЕВА – кескінші, мүсiншi, дизайнер. ҚР Көркемөнер Академиясының мүшесi. Отандық және халықаралық көрмелердiң қатысушысы.

Балнұр АССАНОВА — костюм бойынша суретшi, дизайнер, өнертану ғылымының кандидаты, “Сымбат” сән Академиясының арт-директоры, халықаралық көрмелердiң лауреаты, халықаралық ұлттық костюмдердің Мәскеуде (Ресей), Дубайда (БАӘ), Вашингтонда (АҚШ) және Алматыда өтетін сән апталарының тұрақты қатысушысы.

Мажит БАЙТЕНОВ – суретшi, кескінші. ҚР Көркемөнер Академиясының академигi. Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелердiң қатысушысы. 1973 жылы қазақстандық суретшiлердiң арасында бiрiншi болып станокты кескiндемеде декоративтi қолөнердің бейнелеу әдiстерiн пайдаланды. Өз шығармашылығында суретшi дәстүрлi тәсілді де, авангардты бейнелеу әдiстерiн де қолданады.

Марат БАКЕЕВ — халықаралық, республикалық көрмелер мен Алматы қаласында өткен халықаралық арт-фестивалдің қатысушысы.

Армат БЕКТАСОВ – суретшi, мүсiншi. Көптеген халықаралық, жалпыұлттық көрмелердiң қатысушысы.

Бақытнұр БУРДЕСБЕКОВ - қазiргi қазақстандық суретшi. Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi. Астанада тұрады, жұмыс iстейдi.

Ғалым ҚАРЖАСОВ - суретшi, ҚР Көркемөнер Академиясының академигi. Қазақтың декоративтi-қолданбалы шығармашылық дәстүріне сүйеніп, пластикалық және бейнелілік жүйесінде өзінің стилистикасын жасайды.

Эдуард КАЗАРЯН – мүсiншi, кескінші, декоративті қолөнер саласында жұмыс iстейді. 1990 жылдан бері Қазақстанда және шетелде 50-ден аса жеке көрме мен арт-жобаларын өткізген. Қоламен, шамотпен, таспен, болатпен, әшекеймен жұмыс iстейдi.

Ғали МЫРЗАШЕВ – суретшi, суретшi-мультипликатор, кiтап кескіншісі, суретшi-сценограф. Қазақстан анимициялық кино қауымдастығының президентi. Сюрреалисттік кескіндемемен айналысады, оның көрмесi АҚШ-та және Еуропада өткен. Ұлттық сарын мен космополитикалық сарынды байланыстырады.

Нелли БУБЭ - суретшi, кескінші, иллюстратор. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерi. Н. Бубэ шығармашылығының басты тақырыптары – көшпендiлердiң мәдениеті мен тұрмысы, қолөнері, Қазақстанның петроглифтері, Орталық Азияның архитектуралық ескерткiштерi мен қалалары.

Андрей НОДА – суретшi, кескінші, мүсiншi, фотограф. 200-ден аса ұжымдық көрмелерге қатысып, 30-дан аса жеке көрмесін өткізген. Алматы қаласына жақын жерде, Талғар өзенінің бойындағы жеке студиясында тұрады, сол жерде жұмыс жасайды.

Абдрашит САДИХАНОВ – «Қазақфильм» киностудиясының суретшi-қоюшысы. Жалпы тақырыптармен де, арнайы түркі сюжеттерімен де жұмыс жасаған. ҚазССР Мемлекеттiк сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының иегері, “Құрмет” орденімен марапатталған. Оның шығармалары жеке топтамаларға, әлемнiң белгiлi мұражайларына, жеке алғанда, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясына қойылған.

Есенғали САДЫРБАЕВ – суретшi-реставратор. Пейзаж жанрында белсендi жұмыс iстейдi. Көптеген көрмелердiң қатысушысы. Оның жұмысы еліміздің мұражайларында, сонымен қатар, шетелдік топтамаларда орын алған.

Ақтоты СМАГҰЛОВА — суретшi. Суретшiлер одағының мүшесi. 200-ден аса шығарманың авторы. Көптеген фестивальдардың жүлдегері. Автордың жұмысы терең этникалық сарынымен және ойды инновациялық әдiстермен жеткізуімен ерекшеленеді.

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА – суретшi, кескінші. Шығармалары ТМД елдері, Еуропа, АҚШ галереяларына қойылған. Жұмыстары келесі орындардан орын алған: Қазақ Мемлекеттік Қазіргі заманғы өнер Музейі, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Алматы қаласындағы «Тенгри Ұмай» галереясы.

Ерболат ТӨЛЕПБАЙ — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегері, Ресей, Чехия, Қырғызстан көркемөнер академияларының академигi. Халықаралық көрмелердiң тұрақты қатысушысы. Әлемнің 35 еліндегі көрмелерге қатысқан. Суретшiнiң шығармалары Мәскеудегі Мемлекеттiк Третьяков галереясына, Ресей Федерациясы музейлері мен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне қойылған.

Болат ТҰРҒЫНБАЙ – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. Халықаралық көрмелердiң белсендi қатысушысы, автордың шығармалары «Тотем», «Қазақстанның жаны», «Қазақстан өнерiнің антологиясы», «Қазақ оюының ғарышы» атты каталогтар мен альбомдарда шығарылған. Автордың жұмыстары Қазақстанның музейлері мен галереяларына және Ұлыбритания мен Францияның жеке топтамаларына қойылған.

Батима ЗАУРБЕКОВА — гоболен төсемдерiнің авторы болған бiрiншi қазақстандық. ҚР Көркемөнер академиясының мүшесi. Қазақ гоболен мектебiнің негізін салушы, “Менiң Қазақстаным”, “Далалық құдай-ана”, “Қазақстан кемпiрқосағы”, “Мелодия”, т.б. годолендерінің авторы. Оның туындылары Қазақстан, Ресей музейлерінде және шетел топтамаларында орын алған.

Ералы ОСПАНҰЛЫ – кескінші, жазушы, мүсiншi, дизайнер, киносценарист, құжаттамашы, этнограф, драматург, журналист. Суретшiнiң туындылары Лондон және Нью-Йорктегі CHRISTIE’S Аукцион үйiнің көрмелерiнде көрсетілген. Бiрнеше кiтаптың авторы, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі туралы жазылған ерекше альбомды атауға болады.