This resolution is not supported.
ТАС ДӘУІРІ

Еуразия құрлығының Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстігінің аралығындағы торапта орналасқан Қазақстанның дархан даласы тас дәуіріндегі ежелгі мәдениеттің бесігі болды. Осыдан бір жарым-бір миллион жыл бұрын ерте (төменгі) палеолит дәуірінде Каспий маңы, Тұран даласы, Монғолия мен Солтүстік Қытай кеңістіктерінде қазіргі адамның арғы ата-бабалары – гоминидтердің тұрағы пайда болды.
Ежелгі адамның өмір сүру ортасы, баяғы Қазақстанның табиғи жағдайлары жайлы деп айтуға келмейтін жəне жиі құбылып тұратын еді. Алайда Қазақстан аумағындағы ежелгі адамның қоныстануына қолайлы аудандардың бірі Қаратау жотасы болды. Салыстырмалы ылғалды және жылы климат, шүйгін, ылғал сүйгіш өсімдік, алуан түрлі жан-жануарлар əлемі, ежелгі палеолит дәуірінде бұл жерде адамның өмір сүруіне қажетті алғышарттарды жасады.
Қазақстан аумағында ежелгі адамның қазба сүйектері əзірге әлі табылған жоқ. Алайда көптеген археологиялық жұмыстар Қазақстанның көптеген аудандарында алғашқы адамдардың тайпалары орналасқанын дәлелдейді. Азия мен Африканың Оңтүстік-Шығысындағы көне құралдарына, Қытайдағы Чжоукоудянь үңгірінде синантроппен бірге табылған қазіргі фаунаға туыс ежелгі жануарлардың түрлік құрамы я ұқсас ежелгі тас құралдары осының айғағы.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық қатынаста «тік жүретін адам» фазасына (Homo erectus) ұқсас питекантроп пен синантроптың замандастары болды. Сол кезеңнің өзінде Қазақстанда от жағуды игерді, ірі және ұсақ жануарларды аулаумен, сондай-ақ мекен етушілер қоректенетін өсімдіктерді жинаумен айналысты. Оңтүстік Қазақстандағы Қосқорған мен Шоқтастағы бір ескерткіштің материалдық көмбе қалдықтары осыны дәлелдеген.
Саналы адамның (Homo sapiens) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап гоминидтер эволюциясындағы шешуші бетбұрыс жəне қазіргі адамзат тарихына түпкілікті өту кезеңі басталады. Алайда Қазақстанның соңғы палеолит кезіндегі ескерткіштер жеткілікті зерттелмеген, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан сияқты жекелеген өңірлер бойынша олар беймəлім күйде. Алайда қолда бар деректер, әсіресе Шүлбі (Шығыс Қазақстан), Шоқан Уәлиханов атындағы тұрақ, Майбұлақтың (Оңтүстік Қазақстан) мейілінше көрнекі ескерткіштері адам мен оның мәдениетінің прогресі жалғасып тауып келе жатқанын тұжырымдауға жеткілікті. Қазақстан аумағындағы адамзаттық қоғамның үздіксіз дамуы ғалымдар тас ғасырының гүлдену дәуірі деп атайтын неолит дәуірінің көптеген олжаларымен дәлелденді.
Қазақстан аумағында қазіргі кезде 800-ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер белгілі, олардың көпшілігі зерттелуде.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз даласын ежелгі адамдар көшіп-қонып жүрді, ал, бұл аудандарда адамдардың аралық кезең ролін атқарғандығы кездейсоқ емес, бұл арқылы ерте қалыптасуына ықпал етті.

Бұл уақыт мұз дәуірінің аяқталған кезі болатын. Қазақстанның көптеген таулы аудандары соңғы мұз құрсауында жатқан еді. Оның шеткі және бүйір мореналар тәрізді іздері әлі күнге дейін сақталған. Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігіндегі мұз жабындысының кезекті еруі және Кавказ жотасы сілемдерінің жаңа тектоникалық көтерілуі Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне алып келді және ол барлық каспий маңы ойпатын басып қалды.
Бұл уақытта Қазақстан аумағында тау түзуші үдерістердің қарқындылығы күрт артып кетті: Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар Алатауы таулары пайда болды. Жер қабатының тік қозғалыстары Қазақстанның қазіргі бедеріне ұқсас болып келетін ұсақ шоқылы жерлерді қалыптастырды. Оның жекелеген бөліктері үстірт пен жазықтық құрып аздап қана көтерілген, ал басқа бөліктері ойпаттар мен тау аралық шұңқырлар жасап төмендеп отырған. Мұздықтардың еруінен су тоғысының ұлғаюы, Сырдария және Әмудария өзендері арналарының өзгерісі Арал теңізінің қалыптасуына алып келді.
Жамбыл облысындағы Қызылтау қонысының археологиялық қазбалары ежелгі адамдар аулаған жануарлар мен жабайы құстардың көптігін, тұщы судың барлығын және жылы климаттың болғандығын куәландырады. Бұл жерде адамдар үшін кремний тектес шикізаттар өте көп болған, сондықтан да археологтардың 700-800 еңбек құралын тапқаны таңғаларлық жайт емес.

Неолиттің бастамасы б.з.д. V мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл уақыт тастың артықшылық қасиеттерін барынша кең пайдаланған уақыт болып табылады. Еңбек құралдарын жасауда мейлінше үлкен мамандану жүріп жатты. Қысқыш өңдеме техникасының жетілуімен бірге тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері пайда болды: тегістеу, бұрғылау, егеу, тастың қиын өңделетін барлық түрлері қолданылды, тас балталар жасала басталды, кетпендер, бидай үккіш, ұнтақтағыш, келсаптар кеңінен қолданылды.
Дәуірдің басты белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иеленетін – терімшілік пен аңшылықты алмастыруға келген өндіруші шаруашылық – мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы болып табылады.
Неолит дәуіріндегі алғашқы тұрғындардың қол жеткізген өндіруші күштерінің даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына ықпалын тигізді. Қазақстанның байырғы халқында тау өнеркәсібінің және тігіншіліктің нышандары қылаң бере бастады, ал керамикалық ыдыстар оған осыған дейін де таныс болатын. Қоғамдық қатынастар тұрғысынан неолит дәуірі еңбек пен өндіріс құралдарына деген ортақ меншік үстемдік еткен рулық қауым уақыты болды. Сонымен қатар, ол кез қоғам ұйымдасуының жоғары формалары пайда болған уақыт ретінде саналды: тайпалардың немесе тайпалық одақтардың қалыптаса бастады.

ҚОЛА ДӘУІРІ

Неолит дәуірінің өзінде біліне бастаған шаруашылық өзгерістер б.з.д. ІІ мыңжылдықта мал шаруашылық-егіншілік экономикасының және сол кез үшін жоғары дамыған металлургияның пайда болуына алып келді.
Өндіруші типтегі экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы жағдайды түбегейлі өзгертті.
Қола еңбек құралы мен қару жасаудағы негізгі шикізат көзіне айналады. Қазақстан қойнауының полиметалл кендеріне, соның ішінде қалайылы-мысты кендерге бай болуы оның аумағында металлургия ошақтарының пайда болуының негізгі себебі болды.
Қола дәуірінде Сібірдің, Арал маңының, Қазақстан және Орта Азияның ұлаң-ғайыр далалы кеңістіктерін бізге айрықша төл мәдениетін қалдырған әрі шығу тегі жағынан туыс боп келетін тайпалар қоныстанған болатын. Ғылымда ол «андронов» атауын иеленді, себебі оның ең алғашқы табылған жері Батыс Сібірдегі Андронов ауылы болған. Андронов қоныстарын басқалардан ерекшелеп тұратын мәдениеттің басты белгілері жерлеу рәсімі, геометриялық нақыштары бар сазды ыдыстардың ерекше жинағы, металл бұйымдардың формалары болып табылады.
Қола дәуірінде отбасылық қауым өндірістік ұжымдық болып қалыптасты, ал ұжымдық еңбекте ортақ меншік пайда болды. Уақыт өте келе, әсіресе кейінгі қола кезеңінде, бөлектеніп күшейген отбасылық қауымдар оқшаулануға тырысты, соның нәтижесінде отбасылық меншік қалыптасты.
Қола дәуірінің ерте және орта кезеңдеріне, тайпа аралық қақтығыстардың күшейген кезіне қоныстарды қоршап тұрар дуалдар мен орлар сияқты қорғаныс қамалдарының пайда болуы жатады.
Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде рулардың ыдырауы мен олардан жекелеген отбасылардың бөлініп шығуы нәтижесінде тұрғылықты үйлер де өзгере бастайды. Олар дыбыс естілмейтін қалқандармен дербес отбасыларға арналған бөлімдерге бөлектелінеді.
Бұл кезең діни табынушылықтағы өзгерістермен сипатталады. Құрбандық шалу рәсімі пайда болады. Арнайы құрбандық шалатын орындар қоныстың жанында орналасады. Қола дәуірінде құрбандық шалу Күнге, отқа, Айға, жұлдыздарға, сонымен қатар жебеуші рухтарға арналған.
Қола дәуіріндегі тайпалардың діни түсініктері мен ғұрыптары туралы ерекше маңызды ақпаратты, сонымен қатар ежелгі адамдардың өнері туралы ақпаратты жартасқа салынған суреттер – петроглифтер береді. Олардың шоғырлануы түрлі деңгейдегі ғибадатханаларды – рулықтан бастап тайпалыққа дейінгі – көрсетеді деп қабылданған.
Осылайша, қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында далалық өркениеттің ары қарайғы дамуына негіз болған дамыған мәдениет қалыптасты.

Сақ қорғандары – биіктігі 20 метрге дейін жететін, іргетасының диаметрі 120–150 метр аралығын құрайтын үлкен көне құрылыстар. Олардың арасында биіктігі 1–1,5 метр және диаметрі 5-7 метр құрайтын кішігірім төбелер де бар. Үлкен қорғандар патша қорғандары деп аталады, себебі олардың астында билеуші әулет өкілдері мен көне тайпалардың әскери элитасы жерленген.
Орташа қорғандарда – диаметрі 50 метрге дейінгі және биіктігі 10 метрге дейін – айтулы жауынгерлерді, арбакештер мен абыздарды, ал кіші корғандарда – диаметрі 10–15 метр және биіктігі 1,5–2 метр – қарапайым адамдарды жерлеген. Жеке қорғандардың кездесуімен қатар олардың он, тіпті жүзге дейін топтасуы орын алған. Қорғандар және қорған қорымдары Қазақстанның бүкіл жерлерінде: ұлан-ғайыр далалар мен шөлейттерде, тауаралық және өзен алқаптарында, таулар мен тау бөктерінде кездеседі. Әсіресе олар Жетісуда, Жоңғар, Іле және Талас Алатаулары бөктерінде көптеп шоғырланған.

«Алтын адам» табылған Есік қорған-қорымы скиф-сақ кезеңінің ең үлкен археологиялық ескерткіші. Ол ХХ ғасыр археологиясының айтарлықтай жаңалықтарының бірі болып саналады. Қорғанда жерленген жас азамат сақ-тиграхауда билеушілері тобына жатады. Ол алтын түйіндіктермен безендірілген қару-жарақтар, белдік және алтынмен тігілген сырт киімде жерленген. Баскиімі шамамен 150 әшекеймен безендірілген. Алтын адам қазіргі қазақтардың ата-бабалары – сақтар, ғұндар, үйсіндер және қыпшақтар өмір сүрген жердің қорғаушылары ерлігінің бейнесі ретінде қалыптасты. «Алтын адам» көшірмелері Алматы мен Астана қалаларында, сонымен қатар, Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде орнатылған.

Сақтардың «аңдық стилі» қола дәуірінде қалыптасып, б.з.д. VІІ–VІ ғасырларда түбегейлі орнықты. Ежелгі суретшілердің шығармашылығы жануарлар әлемінің нақты бейнелерімен шынайы және алуан түрлі өзара байланыс нәтижесінде туындады. Қазақстандық жан-жануарлар əлемі яғни, суреттерде арқар, жолбарыс және жабайы қабан, марал мен түйе, дала қыраны жиі, ал ақбөкен, қасқыр және қоян суреттері сирек кездеседі.
Аңдық бейнелердің шығармашылық көрініс табуы да әртүрлі болды. Олар дөңгелек мүсіндер, силуэттік және сызықтық суреттер ретінде көрінfіс тапты. Аталмыш бұйымдарды әзірлеуде материал ретінде тек қана алтын, күміс, қола және темір пайдаланылмады, сонымен қатар, сүйек пен мүйізден ою, бастырмалар, түрлі түсті киізден және теріден өрнек тігу кеңінен орын алды.

Б.з.д. 329-327 жылдары гректердің басып кіруі Орта Азия тайпалары мен халықтары тарапынан табанды тойтарысқа кезікті. Ұлы Александр әскерлеріне қарсы ұрысқа сол уақытта Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеген тайпалар, жекелей алғанда массагеттер белсене қатысты. Александрдың әскерімен бірге Сырдария арқылы өту талпынысы сәтсіз аяқталды. Бұл жорықта ол жарақат алған еді. Шамамен үш жылға созылған жорық нәтижесінде гректер белгілі бір уақыт аралығына ғана Орта Азия халықтарын өздеріне бағындыра алды. Сырдарияның арғы бетінде өмір сүрген сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалған еді.

САҚ ТАЙПАЛАРЫ

Б.з.д. алғашқы мыңжылдықта Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар «сақ» деген біртұтас атқа ие болды. Бұл - еуропалық мәдениетте «скиф» атауы ретінде де белгілі. Сол кезеңдердегі парсы дереккөздерінде сақтардың үш ірі тобы сипатталады: хаумаваргалар («хаома» сусынын дайындаушылар), тиграхаудалар (шошақ бөріктілер) және парадарайалар (теңіздің арғы жағын мекен ететіндер). Сақ тайпалары туралы көптеген мәліметтер «тарих атасы» грек авторы Геордоттың жазбаларында сақталған. Ол жазбаларда массагатттер, савроматтар, исседондар, аргипейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар және т.б. тайпалар аталғандығы белгілі.
Жазба дереккөздер беретін мәліметтер археологиялық олжалардың көп санымен нақтылана түседі. Сақ қорғандары деп аталатын ірі жерлеу кешендерінің жасақтаушылары болып табылады. Олардың бірінде 1969 жылы, Алматыдан 70 шақырымда Есік өзені жағасында баршаға мəлім «Алтын адам» табылған еді.
Сақ өркениетінің айрықша ерекшелігі жылқыларды әскери істе пайдалануы болды. Бұл өз алдына жаяу әскер мен екіаяқты күйме арбаның қүшін пайдаланған сол уақыттағы егіншілік мәдениет үшін таңғажайып еді. Дәл сақтар мен сарматтар сол кездері атты әскер секілді алдыңғы қатарлы әскер қатарын жасақтады. Әдетте қару-жарақтармен қамтылған ірі төзімді аттарды мінген жауынгерлермен қорғалған жасақтар алыс қашықтықтан қарсыласқа оқ жаудыратын садақшылардан кейінгі қатарда жүреді. Гректер оларды катафрактарий, яғни броньмен қорғалғандар деп атаған. Өз тиімділігін дәлелдеген әскердің жаңа түрі және ұрысты жүргізу стратегиясы өзге мемлекеттер тарапынан пайдаланылды. Тарихшы Ф. Кардинидің тұжырымдауынша, сақ катафрактарийлері еуропалық рыцарь (сері) әскерінің қалыптасуына үлгі болды.
Байырғы көшпелілердің дүниетанымы және шығармашылыққа махаббаты қолданбалы өнер – «аңдық стиль» ерекше өнерін туындатуда көрініс тапты.
Ең танымал сақ билеушілерінің бірі – Томирис. Ол көшпелілерді өзіне бағындырмақшы болған парсы басқыншысы Кирдің алдында жеңіске жетті. Дегенмен оның өлімінен кейін сақ даласына шабуыл жасау әрекеттері тоқтамады. Сол кезеңдегі тағы бір тарихи шайқастардың бірі - парсы патшасы Дариймен шайқасы және Ескендір Зұлқарнайын (Mакедониялық Александр) шабуылына қарсы ұрысты жатқызуға болады.
Ескере кететін жайт, сақтарда әуелгі кезеңдерге қарағанда қоғамның күрделі құрылымы қалыптасты. «Әскери демократия» шеңберінде сақ тайпалары билеушілері ретінде жауынгерлер қауымы тарапынан сайланатын патшалар көрініс тапты. Олар бір кезеңдерде жоғарғы абыз рөлін атқарды.
Сақтарда үстем болған діни сенімге ата-бабаға табынуды жатқызуға болады. Олар қабірдегі қаза болған адамның қасына оған тиесілі мүлік бөлігін жерлеген, мәйіттің денесін бальзамдаған. Сонымен қатар Күн мен отқа да табынған. Көне парсы дереккөздеріне сүйенсек, сақтарда анимизм мен тотемизм секілді діни түсініктер кеңінен таралған.

ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕР

Қаңлылар
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Сыр бойында саяси институттары мен экономикалық жүйесі тұрақты, әскері мықты Қаңлы бірлестігі қалыптасты. Нығая түсуіне байланысты қаңлы билеушілері сарматтар, массагеттер және алан тайпаларына саяси үстемдік жасады. Олар тіпті Жайық маңы тұрғындарынан да алым-салық алатын болған.

Қаңлылар Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Сыр бойында саяси институттары мен экономикалық жүйесі тұрақты, әскері мықты Қаңлы бірлестігі қалыптасты. Нығая түсуіне байланысты қаңлы билеушілері сарматтар, массагеттер және алан тайпаларына саяси үстемдік жасады. Олар тіпті Жайық маңы тұрғындарынан да алым-салық алатын болған. Сол уақыттағы қытайлық дереккөздерге сүйенсек, Қаңлы мемлекеті тұрғындарының саны шамамен 600 мың адам, ал әскер 120 мың адамға дейін жеткен.
Қытай тарихнамасында қаңлы халқын «көшпелі иелік» деп атауға негізделген мәдениеттің көшпелі сипатына екпін қоя отыра сипаттайтын дәстүр қалыптасты. Дегенмен қытайлық хроникалар қаңлылар туралы «саздан жасалған үйлерде» тұрған халық ретінде хабар берген. Қаңлы астанасын Битянь деп атаған, бірақ билеуші бұл жерді тұрақты мекендемеді, себебі жазғы астанасы да бар еді. Соңғы ақпарат бас орданың маусым аралық көші-қоны туралы және билеуші элитаның жартылай көшпелі сипатын куәландырады.
Қаңлы мемлекетінің аумағында дербес ақша айналымы енгізілді. Бұл археологиялық қазбаларда қаңлы кеден салығының мөрі салынған мыс тиындардың табыуымен расталады. Бұдан біз Ескендір Зұлқарнайдың (Ұлы Александр) Орта және Оңтүстік Азияларға жасағана жорығынан кейін қалыптасқан грек өркениетінің ықпалын байқаймыз.
Қаңлы патшасы белсенді сыртқы саясат жүргізді. Көне дәуір дереккөздерінде Қытай, Парфия және Кушан империясы секілді мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар туралы мәліметтер сақталған.
Саяси және экономикалық жүйелер дамуының жоғары деңгейі дербес жазу жүйесінің қалыптасуына алғышарттар тудырды. Оңтүстік Қазақстандағы Күлтөбеде анықталған жазба беліглері бар сазды кестелер қаңлыларда жазу-сызудың болғандығы туралы айқын дәлелі болып табылады.
Дегенмен б.з.д. III-V ғасырларда қаңлылар Амудария мен Сырдария арасында, Жайық бойында өз үстемдігін жоғалта бастады және бірнеше тәуелсіз иеліктерге ыдырап кетті.

Үйсіндер
Қаңлылармен көршілес әрі аймақтағы ықпалға таласқан халық үйсіндер еді. Олар қазіргі батыс Қытай аумағынан көшіп, Жетісуда жеке мемлекет құрған. Үйсін иеліктерінің орталығы Іле және Шу алқаптары, Ыстықкөл шұңқыры еді.
Үйсін терминінің мағынасы әзірге дейін нақты анықталмады. Ол тек қытайлық иероглифтік жазбада ғана белгілі және ол Ұлы жүздің құрамына кіретінрудың атымен ұқсас келеді.
Үйсіндер ежелде Орта Азиядағы ең маңызды этносаяси бірлестіктердің бірі саналған. Б.з.д. ІІ ғасырда халық саны 630 мыңға жеткен үйсіндер атты әскер мен жаяу садақшылардан тұратын үлкен әскер құруға қауқарлы болған. Үйсіндер қолбасшысы күнбидің (гуньмо) және оның екі тақ мирасқорының әскері 30 мың атты әскерден тұрған, яғни әрқайсында 10 мың әскерден болған. Үйсіндер тарихы ғұн және хан (қытайлық) саясаттарының жақтастары арасындағы өзара соғысқа толы.
Жетісу аймағынан алынған археологиялық материалдарға сүйенсек, Түркі қағанаты құрылғанға дейінгі уақытта үйсіндер кең аймақты иелік еткен. Бұдан бөлек, дәл осы мәліметтерге сүйенсек, ежелгі үйсіндер мәдениеті Түркі қағанатының бақылауында бола отыра ежелден мекен еткен қоныстарында дами берген. Тіпті б.з. Х ғасырындағы дереккөздерде үйсін атауы қайта пайда бола бастады. Сол себепті ежелдегі үйсіндер мен қазақ халқы құрамына кірген үйсіндердің арасында генетикалық сабақтас байланыстың бары шындыққа саяды.

Ғұндар
Әлемдік тарихта ғұндар есімі кеңінен танымал. Жойылып кеткен халықтың аты орта ғасырлық Еуропада қатыгездікпен байланыстырылды. Еділ бастаған ғұндар еуропалық мемлекеттерге жойқын соғыстар жасады. Ғұндар Еуразиядағы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған халық болып есептеледі. Бұлардың бәрі – еуропалық тарихтағы таныс жағдайлар.
Орта Азияны, сонымен қатар Қазақстан аумағын б.з.д. соңғы ғасырларында – б.з. бірінші ғасырларында мекен еткен ғұндардың азиялық тайпалары кеңінен танылмаған. Тарихи әдебиетте олар қытайлық дереккөздерде аталатындай хунну немесе сунну атауы ретінде белгілі.
Хунну (гунну, сунну) Ордос үстірті аумағын мекен еткен байырғы халық болып табылады. Оларға қазіргі солтүстік Қытай жерлері тиесілі. Антропологиялық тұрғыда ғұндар моңғолоид еді және көптеген ғалымдардың пікірлерінше, түркі тілдес халық болған.
Б.з.д. 209 жылы «шаньюй» атағын иемденген билеуші Модэ ғұн тайпаларын біріктіріп, билікті шоғырландыруда тиімді шешімдер шығарды. Б.з.д. 200 жылы Модэ көшпелілер әскери өнерінің арқасында Қытайды алым-салық төлеуге мәжбүр етті.
Екі жарым ғасыр бойы ғұндар Ұлы Далаға сөзсіз билік жүргізді және Қытаймен бәсеке жасай білді. Дегенмен климаттың қолайсыз өзгерісі – б.з.д. І ғасырдың 60 жылдарының басы – 70 жылдарының соңы аралығындағы құрғақшылық пен қатал қыс айлары көшпелі империяның әлсізденуіне алып келді.
Билікке бәсекелестік және қарсыластар арасындағы ымырасыз күрес ғұн мемлекетінің жағдайын күрделендіре түсті, нәтижесінде 47 жылы ол оңтүстік және солтүстік бөліктерге ыдырап кетті. Солтүстік ғұндар бас сауғалай келе Халықтардың ұлы қоныс аударуының негізін салды. Бірінен соң бір тайпаларды бағындыра және өзгелерін өзімен бірге ерте келе олар батысқа қарай бағыт алып, Сырдария, Арал маңы, Орталық және Батыс Қазақстанға еніп кетті. Б.з. IV ғасырында олар Еуропаға жетті.

Оңтүстік ғұндар Ұлы Қытай қорғанынан өтіп, Қытай билігін қабылдады, бірте-бірте қытайлық халық арасында көрінбей кетті. Моңғолия даласын мекен еткен солтүстік ғұндар ІІ ғасыр ортасында сяньби тайпаларымен батысқа қарай, Шығыс Қазақстан мен Жетісу аумағына ығыстырылды. Бұл жерде олар қытай деректерінен Юэбань атымен белгілі жаңа мемлекет құрды. Кейін ғұн тайпаларының бір бөлігі батыста Еділді мекен етті, бұл жерде V ғасырда Еділ (Атилла) империясы қалыптасты.

Үйсін билеуші ру басының бала шағында қасқырдың сүтін емгендігі туралы көне аңыз бар. Осы секілді аңыз Ашина түркі династиясында да белгілі еді.
Ғұндар бала кезінен бастап атқа мінуді, садақпен оқ атуды, аң аулауды игерген. Ғұндар арасында сөзсіз тәртіп болған. Әскери қызметтен бас тарту үшін жаза кесілген.
Ғұн әскерінің ұрысқа қабілеттілігін көтерген үлкен жаңалық - ұзын «ғұн садағы» еді. Ол ағаш сүйек және мүйіздерден жасалған бөлшектермен күшейтілген ағаш негізден тұрушы күрделі құрылым еді. Әскери іс тарихы мамандандының бағалауынша, ғұн садақтары алдынғы дәуірлердегі алысқа ататын садақтардың көрсеткіштерінен бір жарым есе асып түсті. Ғұндар жебелердің саптарына ұшқан кезде өткір уілдеуші сүйектерді ілетін болған. Осы секілді жебелердің мыңы ұшқандағы уіл қарсыластың рухын түсіріп, атын үркітетін болған.
Дегенмен ұрыс садақтарына қарағанда Ғұн империясының мәдени және идеологиялық ықпалы, күші әлеуетті және тиімді еді. Көптеген көшпелі мемлекеттер Модэ шаньюй тарапынан ұсынылған түсінікті және қарапайым идеологияны қабылдап, өз еркімен Ғұн мемлекеті құрамына кірді. Аталмыш идеологияның негізгі идеясы – құндылықтардың дербес жүйесін тірек еткен көшпелі халықтардың «бір отбасы», ерекше өркениеттік миссиясы идеясы еді.
Қытай жылнамаларында ғұндар басына түскен бірқатар қыиндықтар былайша сипатталады: «Ғұндар жерінде бірнеше жыл бойы құрғақшылық орын алды және шегірткелер толып кетті; жер бірнеше мың ли (көне қытайда ұзындық өлшемі – шамамен 500 метрге тең) қашықтықта бос жатты. Ағаштар мен гүлдер қурап кетті. Аштықтан ауру туындап, халық пен малдың тең жартысы шығынға ұшырады.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

Ұлы Жiбек жолы – б.з.д. ІІ ғасырда қалыптасып, Батыс пен Шығысты байланыстырған, көптеген қалалар мен тарихи ескерткіштердің пайда болуына, сонымен қатар, мәдени құндылықтармен алмасуға себепші болған, орасан зор сауда жолы.
Жiбек жолының бағдарлары өзгеріп отырса да, Еуразияның Шығысы пен Батысын байланыстырған екi негiзгi жолды атап өтуге болады: оңтүстік жолы (Қытайдың солтүстiгiнен Орта Азия арқылы Таяу Шығыс пен Солтүстiк Үндiстанға дейін); солтүстiк жолы (Қытайдың солтүстiгiнен Памир және Арал маңы арқылы Төменгi Едiл мен Қара теңiзге дейін). Солтүстiк жолдар мен оңтүстік жолдардың аралығында бірнеше аралық маршруттар болған.
Жiбек жолы бойынша тауарлар негiзiнен шығыстан батысқа жіберілген. Және де, аты айтып тұрғандай, басты тауар, әрине, жiбек болды. Өзінің жеңiлдiгінің, жинақылығының арқасында, көптеген айларға созылған алыс жолдарда тасымалдау үшiн, сауданың тамаша көзі болып табылды. Дәл осыған байланысты, немiс зерттеушiсi Фердинанд Рихтгофен 1877 жылы өзінің iргелi «Қытай» еңбегінде, «Жiбек жолы» (Seidenstraße) терминін алғаш ғылыми айналымға енгізді.
Орталық Азия аумағы арқылы өткен Жiбек жолы Қазақстанның қалалық мәдениетiнің дамуында маңызды рөл атқарды. Ол Жетісуда қалалық орталықтар қатарының пайда болуына себеп болса, Қазақстанның оңтүстiгінде қалалардың (Отырар, Сығанақ, Сауран және т.б.) тезірек дамуына мүмкiндiк туғызды. Жiбек жолы Орта Азия арқылы XIV ғасырға дейін жүрді.
Жiбек жолын, ең алдымен, Таяу Шығыс, Орта, Оңтүстік және Шығыс Азиядағы сауданың дамуымен байланыстырады. XIV-XV ғасырларда теңiз саудасы дами түсті: Парсы шығанағы мен Қытайдың арасындағы теңiз жолы 150 күн болса, сол кезде керуен жолы Танадан (Азов) Ханбалыкқа (Пекин) дейін шамамен 300 күнді құрады; бiр кеме 1 мың жүк артатын жануарлар керуенінің жүгін тасыды. Бұл факторлардың нәтижесінде, XVI ғасырда Жiбек жолы құрлықаралық сауданың тетігі ретінде өз тiршiлiгін түбегейлi тоқтатты. Дегенмен, оның жеке сегменттерi ұзақ уақыт жұмыс iстеуін жалғастырды, мысалы, Қытай мен Орта Азия аралығындағы керуен саудасы XVIII ғасырға дейін жалғасқан.
Жiбек жолы – ежелгi өркениеттердiң үлкен жетiстiктерiнiң бiрi. Үлкен қашықтықтағы сауда маршруттарын біріктіре отырып, Жiбек жолы көптеген халықтардың рухани және материалдық мәдениетін байланыстырды.
Көп ғасырлар бойы бұл бағыттар арқылы технологиямен, тауарлармен, дiни көзқарастармен алмасу iске асырылды, өнер, архитектура, мәдениет, би және музыка өнері кеңінен таралды.

Орта ғасырлық Отырар қаласы
Сығанақ қаласы
Сауран қаласы

Моңғол шапқыншылығына дейiн Орталық Азияның ең iрi қалаларының бiрi болды. Ескi қаланың орны Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан.
Ескере кету керек, әр елде бұл қаланы әрқалай атайды, мысалға алсақ, қазіргі таңда Пари қаласын орыс тілінде Париж деп, қытай тілінде Ба Ли деп атайды. Сондықтан Отырардың әр түрлi атаулары сақталған: Тарбанд, Тұрарбанд, Тұрар және Фараб.
Қала Арыс өзенінің Сырдарияға құяр төменгi жағында орналасқан. Отырардың қалдықтары Шымкенттің солтүстiк-батысында сақталған.
Қала қолөнер мен мәдениеттің ошағы болды, онда үлкен медресе (орта ғасырдағы орталық азиялық ғылым мен технологияның орталығы), iрi базар, көптеген ұстаханалар, моншалар, мешiттер мен дүкендер болған.
Көп ғасырлар бойы қала барлық аймақтың экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми өмірінде маңызды рөл атқарды. Дегенмен, кезінде Отырар қаласы кірген Хорезм мемлекеті мен Шыңғыс ханның Моңғол империясы аралығындағы күрделі қарым-қатынасқа байланысты, Қайыр ханның бұйрығы бойынша, тыңшылық үшін айыпталған моңғол керуенi тоналады.
1219 жылы қала Шыңғыс ханның үлкен баласы - Жошы бастаған моңғол әскерімен қоршалды. Алты айлық қоршаудан кейiн, қалада аштық басталып, бір түні қақпа ашық қалды. Қаланы жаулап алғаннан кейiн, моңғолдар қала тұрғындарының едәуiр бөлiгін жойып, қалғанын құлдыққа алып, қаланы өртеп жібереді. Аңыз бойынша, қаланың есігін ашып берген Қараджа есiмді сатқынды Жошы өз қолымен дарға асады.
XV ғасырда қала қайтадан тұрғызылды. Дәл осы Отырар қаласында, 1405 жылы қаңтарда, Қытайға шабуыл жасауға дайындалып жатқан Темірлан дүниеден өттi.
Отырар көптеген белгiлi ғалымдардың отаны болды. Осы жерден орта ғасырлық математик және философ Әл-Фараби, математик және астроном Аббас Жаухари және лингвист, географ Ысқақ Әл-Фараби шыққан. Отырарда белгiлi сопылық ілімнің уағыздаушысы Арыстан-Баб өмір сүрген, ескi қалаға жақын жерде Арыстан-Баб кесенесі тұрғызылған.
2001-2004 жылдардағы ЮНЕСКО-ның “Ежелгi Отырар» қаласын сақтау және консервациялау" жобасы шеңберiнде ескi қаланың орыны әлемдiк археологиялық құндылықтардың тiзiміне кiрдi. 2004 жылдан бастап "Ежелгi Отырарды қайта өркендету" мемлекеттiк бағдарламасы жұмыс жасайды. Ашық аспан астында археологиялық мұражай салу жоспарланып отыр.

(Оңтүстік Қазақстан) Х ғасырға жататын жазба ескерткіштері мен XIV ғасырда соғып шығарылған монеталары арқылы белгiлi.
XII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақ мемлекеттiк бiрлестіктерінің астанасы болып қалыптасқан. XIII ғасырдың ортасында, Сығанақ қаласы Сгнах атауымен армян патшасы I Гетум барған қалалардың тiзiмінде аталады. XIV ғасырдың екiншi жартысында қала Ақ Орданың астанасы болады. Сығанақта Ерзен хан, оның ұлы Мүбәракқожа, Ұрыс хан, Тоқтамыс билеген. Бұл жерде ақша сарайы болған және қарқынды құрылыс жүргізілген. XVI – XVIII ғасырларды Сығанақ қазақ хандарына тиесілі болып, Сырдарияның төменгi жағындағы ең iрi қала болды. Оның базарларында күн сайын 500 түйе қомдарының тауарлары сатылды, оның маңайларында егістік игеріліп, Сырдария өзенінің арналарынан суарылды. Сол кезде Сығанақ «Дешті Қыпшақ айлағы» деп аталды. Көптеген тауарлардың арасында далалық тұрғындар әкеліп, орнына дәнді дақылдар мен маталар, әшекейлер сатып алатын, «садақтар мен жебелер» атақты болды.
Тарихшы Рузбихан Сығанақ тұрғындары егiншiлiк пен саудадан басқа, аң аулаумен айналысқан деп жазады. «Сығанақтың айналасы ағаштар мен шөптері көп далалық жер. Ол жерлерде қойға ұқсас жануарлар, жабайы ешкiлер тіршілік етеді. Тұрғындар жаз маусымында оларды аулап, қысқа ет дайындайды. Бұл жерде құс еті өте арзан». ПРУФЛИНК
Сығанақтың айналасында Сырдариядан бастау алатын, сонымен қатар, Қаратаудан басталатын өзендердің суармалы арналары бар, ауылшаруашылыққа пайдалы жерлер де болған.
Алайда, XIX ғасырдың ортасында көптеген соғыстар мен шапқыншылықтардың нәтижесінде, Сығанақ түбегейлi жойылды.

Cолтүстiк-шығыстан оңтүстiк-батысқа 800 м, солтүстiк-батыстан оңтүстiк-шығысқа 550 м созылған сопақ алаңнан тұрады. Бұны ескi қаланың орны дәлелдейді.
Қазіргі таңда керемет сақталған бекiнiс қабырғалары өте жақсы көрініп тұрады. Қалалық қақпалардың өту жолдары - 5-6 м. Қақпаға кірген кезде, бекiнiс қабырғасының көлемi ерiксiз бiлiнеді. Қабырғаның биiктiгi қоршалған жерді қосқанда, алты метрге жетеді, ал оның негiзгі жуандығы - үш метр. Аумақта 33 га жер аудандармен, көшелермен, әкiмшiлiк, тұрғын үй, қолөнер кешендерімен өте жақсы жоспарланған.
Қала туралы алғашқы деректер Х ғасырда пайда болған. Белгiлi араб географы Макдиси оны былайша сипаттаған: «Сауран (Савран, Сабран) – мешiтi iшкi қалада орналасқан, 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала». Сауран туралы, сауда-қолөнер орталығы және мәдени орталық ретінде тарихшы әл-Асир, географ Якут оның Жiбек жолындағы маңызды стратегиялық торап болғандығын, даладағы сауда айлағына айналғандығын, Орталық Азияның орта ғасырлық қалалық мәдениетінің аумағы екендігін жазды. ПРУФЛИНК?!
Сауран Қазақстан үшiн жер асты галереялары арқылы, жер асты суы сыртқа шығатын кәріз көмегімен жасалатын, қаланың сумен қамтылуымен ерекшеленеді. Жүйе жер астының көлденең немесе кішкене иілген су жібергіші сияқты көрінеді, оның бір шеті су сору қабатында болса, екінші шеті жердің бетінде болады. Бұл сол кездегі ерекше технологиялық шешiм болды.
Сауран қаласында диxаншылық кеңінен тарады, онда жеміс-жидек бақшалары, жүзiмдiктер, бақшалар болды. Ауылшаруашылық өнiмдерінің артықтары базарларда, жәрмеңкелерде сатылды. Сол кезеңде бақыр ақшалар ұсақ саудаға ғана емес, аймақаралық саудаға да қатысты. Ескi Сауран қаласының қираған орындарында бағалы ақша материалдары – 400 шақты әр түрлi монеталар жиналды. Бұл монета кешенi - Сырдария аймағы тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық өмiрін суреттейтін баға жетпес қазына.
Ежелгi Сауран қаласының орнында археологиялық жұмыстар «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жасалады. Ескi қаланың орны Оңтүстiк Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тоғысында, Түркiстан қаласының солтүстiк-батысында, 40 км жерде орналасқан.

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫР

Түрік қағанаты (552—756 жж.)
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава – «Түрік қағанаты» құрамына біріктірілді. Қағанат Азия тарихындағы орасан зор ежелгі мемлекеттердің бірі еді. Аумағы ең үлкен болған кезеңде (VI ғасырдың соңы) қағанат шығысында – Корей түбегінен, батысында – Қырым түбегіне дейінгі аралықты, солтүстігінде – Енисей бастауынан, оңтүстігінде – Әмудария бастауларына дейінгі аралықты қамтыды.

Мемлекет атауын өзін жаратушы тайпа – түріктерден алды, оларда басты рөлді Ашина руы ойнаған еді.
Аталмыш мемлекет Мұқан қаған (553-572) билеген жылдары Орта Азияда үстемдік ете бастады. Осылайша, сол уақыттың Иран, Византия, Қытай және т.б. осы секілді ірі мемлекеттерімен қарым-қатынастар жасады.
Жауынгер дала тайпалары көбінің бірігуі және металл қаруды балқытуда жетістікке жетуі есебінде Түрік қағанаты сол уақыттың жетекші геосаяси державаларының біріне айналды. Бұл өз алдына византиялық, ирандық және қытайлық дереккөздерде жеткілікті дәрежеде көрініс тапқан. Әскери істен бөлек, қағанат мәдени даму мен мемлекетті құру аяларында ірі жетістіктерге қол жеткізілді. Осылайша, Түрік қағанатында дербес «руналық» жазу қолданылып, кешенді мемлекеттік аппарат, белсенді сыртқы саясат жүргізілді.
Дегенмен сырттан жасалған қысым, ішкі итіс-тартыс, әлеуметтік керағарлықтар қағанатты әлсіретті. Нәтижесінде 603 жылы қағанат екі жеке мемлекет – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті.

Көне түркі руналық жазуы

Батыс түрік қағанаты (603—704 жж.).
Түрік қағанатынан түпкілікті бөлінген соң 603 жылға қарай «Батыс түрік қағанаты» Азов және Дон теңіздерінен Тянь-Шаньнің шығыс тарамдарына және Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігіне дейінгі кең аумақты иеленді.
Қағанаттың этносаяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) еді. Олар Қаратау тауларынан Жоңғар Алатауы дейінгі аралықта өмір сүрді. Шу өзенінен шығысқа қарай бес дулу тайпасы, ал батысқа қарай 5 нушеби тайпасы мекен етті.
Қағанаттың жетекшісі – қаған. Ол жоғарғы әмірші, билеуші және қолбасшы еді. Қағанат астанасы Суяб қаласы болды.
Қағанат көшпелі шаруашылық пен шаруашылықтың отырықшылық-егіншілік типінің көшпелі және жартылай көшпелі тәсілінің бірыңғай жүйесінен тұрды. Қала мен дала қағанат құрамындағы жиынтық әлеуметтік-саяси организмнің біріне-бірі мұқтаж әрі бірін-бірі өзара толықтырушы бөліктері еді. Халық саудамен, қолөнермен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты.
640-657 жылдар аралығындағы он алты жылға созылған тайпааралық соғыс және династия аралық өзара тартыс мемлекеттің әскери-саяси қуатының әлсіреуіне алып келді. Бұл өз алдына Батыс түркі қағанаты билігінің сыртқы саяси және ішкі саяси әлсіреуімен аяқталды.
Нәтижесінде, қағанат аумағындағы билікке түргештер тайпасы келді. Олар Жетісуда 704 жылы саяси үстемдік құрды.

Түргеш қағанаты (704—756 жж.).
«Түргеш қағанаты» Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастырды және қағанат тарихының соңғы кезеңін құрады.

Қарлұқ мемлекеті (756—940 жж.)
VIII—X ғасырларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең аумағын – Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аралықты, Балқаш пен Ыстықкөл көлдері аралығын, Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарын, Тянь-Шань тарамдарын, Испиждап пен Отырарға дейінгі аймақты мекендеді. Ибн Хәукал есімді араб географы мәліметтеріне сүйенсек (Х ғ.), «қарлұқ жерлерін батыстан шығысқа дейін өту үшін 30 күндік уақыт керек еді».
Қарлұқ мемлекетінде 25 қала мен қоныстар бар еді. Олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пеншүл және т.б. бар. Қарлұқтар астанасы және көптеген қалалар арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Мұның Қазақстан оңтүстігі мен Жетісу халықтары үшін тек дипломатиялық және сауда нүктесі ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани байланыстардың жолы ретіндегі маңызы зор еді.
Дегенмен Қарлұқ қағанатында билікке және жерге талас-тартыс, күрес орын алды. Осы жағдайларға байланысты Қарлұқ қағанатына айтарлықтай қауіп Қашғар тарапынан төнді. 940 жылы қашғарлықтар қағанат астанасы Баласағұнды жаулап алды, нәтижесінде Қарлұқ мемлекеті құлады.

Оғыз мемлекеті (IX — XI ғ. басы)
Түргеш мұрасына қарлұқтармен екі арадағы күрестің нәтижесінде VIII ғасырдың ортасында оғыздардың айтарлықтай бөлігі Жетісуды тастап, Шу бөктерлері мен алқаптарына ауып кетті. Бұл жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордалары орналасты. ІХ ғасырдың басында оғыз билеушілері қарлұқтар және қимақтармен бірігіп, кангар-печенег бірлестігін талқандап, Сырдария сағасы мен Арал маңы жазықтарын жаулады. ІХ ғасырдың соңында хазарлармен бірігіп, печенегтерге соққы жасап, Жайық пен Еділ аралығын жаулап алды.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл ойнады. 965 жылы Киев Русімен одақтың нәтижесінде олар Х ғасырдың ортасында шығыс шекаралары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аралықты жайлаған Хазар қағанатын талқандады. 985 жылы оғыз жабғусы орыс княздерімен бірге Еділ бұлғарларына үлкен соққы жасады. Мұның бәрі оғыз державасы саяси қуатының артуына ықпал етті.

Қимақ қағанаты (IX—XI ғ.басы)
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасыр аралығындағы қимақ тайпаларының Орта Ертістен Жоңғар қақпасына дейін, батысында Оңтүстік Орал мен Сырдария алқабына дейінгі аумақта берік орнығуына сеп болған жағдайлар қимақ мемлекетінің дамуына түрткі болды.
Қимақтардың өздеріне тән жеке жазу-сызуы болды, оның бар болғандығы жөнінде Абу Дулаф (Х ғ.) есімді араб саяхатшысының жазбалары дәлел: «Қимақтарда қамыс өседі. Олар сол қамыспен жазады». Қимақтардың қамыс қауырсындарымен жазғандығы, көне түрік әліпбиін пайдаланғандығы ықтимал.
ІХ ғасыр – ХІ ғасырдың басында қимақтарда көне түркі діни сенімдері болған еді, олардың арасында Тәңрі және ата-баба діндерінің алар орны ерекше еді. Жеке топтар отқа, күнге, жұлдыздарға, өзенге және суға табынды. Діндердің арасында кеңінен тарағаны шаманизм еді, бірақ қимақтардың кейбір топтары манихейлікті – христиандық дінді ұстанды.
ХІ ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлады. Оның құлауы екі себепке байланысты еді: өзін өзі билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының ортадан тепкіш тенденциялары, қағанаттағы өзара тартыстар және көші-қоны ХІ ғасырдың басына тән Орталық Азия көшпелі тайпаларының миграциясы.

Қарахан мемлекеті (942—1210 жж.)
«Қарахан мемлекеті» өзіне дейінгі мемлекетттерді қайталамады. Қазақстан аумағындағы көшпелі қоғамдардың саяси құрылымдарына қарағанда әскери басқару әкімшілік басқарудан бөлінген еді. Мемлекеттік-әкімшіліктік құрылым иерархиялық қағидатқа негізделді.
Қарахан мемлекетінде ислам алғаш рет Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік дініне айналады. Бұл өз алдына араб әлемінен ғылым мен әдебиет стандарттарының таралуына алып келді, сонымен қатар түрік тіліндегі ислам әдебиетінің туындауына да әсер етті. Жекелей алғанда, аталмыш бағытта Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашғари есімдері әлемге танылды.
Сондай-ақ ислам дінінің енуі, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында көшпелі ақсүйек ортаға мұсылман дінінің таралуы көне түркі руна жазуының ығыстырылуына және араб әліпбиіндегі жаңа түркі жазуының қалыптасуына алып келді.
Қарахан дәуірі қоғамның барлық салаларында сапалы жаңа кезеңді ұсынды. Дегенмен Қарахан мемлекетінің әскери жеңілістері 1212 жылы династияның құлдырауына алып келді.

Қарақытай мемлекеті (1128—1213 жж.).
Қарақытай мемлекетінің басшысы гурхан титулын иемденген. Оның иеліктерінің орталығы Баласағұн қаласы еді. Жетісудың оңтүстік бөлігі және Испиджаптың солтүстік-шығыс бөлігі, Құлжа өлкесі қарақытайлықтардың тікелей бақылауында болған.
Қарақытайлықтар мемлекеті аула салығымен ерекшеленді – әрбір үйден бір динар салық алынатын. Сонымен қатар мемлекет әскери тәртіпке бағынатын болған. Дегенмен қарақытайлықтардың үстемдік етуі аумақтағы геосаяси трансформация кезеңіне сәйкес келді. Бұл өз алдына оның мерзімін қатысты түрде ұзақ етпеді.

Қыпшақ хандығы (XI ғ.басы —1219 ж.)
XI ғ. басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін, қимақ, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кіріседі. Бұл өз алдына Орта Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға түрткі болады.
Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Кыпшақ атауы пайда болады.
XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжыған сайын құман тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе Русь, Византия, Мажарстан халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.
Қыпшақ хандығы өз артынан көптеген мәдениет ескерткіштерін қалдырды, олардың ішінде ерекше танылғаны – «балбалдар» атты тас мүсіндер. Оларды әзірлеу өнері қыпшақ дәуірінде кеңінен етек алған еді.
Қыпшақтар орыс княздерімен тығыз қарым-қатынаста болған, орыс деректерінде олар «половец» деген атаумен танылған. Орыс жылнамашылары қыпшақ тайпаларының сауда істері, әскери қақтығыстары, сыртқы саяси байланыстары мен экономикалық құрылымы туралы көптеген ақпарат қалдырған.
Моңғол шабуылдары дәуірінде қыпшақ хандығы құрамын кіретін тайпалар нәтижесінде «Алтын Орда» атты мемлекет атауына ие болған Жошы ұлысының негізін құрады.

Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II—V ғғ.) Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің этникалық және саяси карталарын айтарлықтай дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпаларының көптеген топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, қоныстарының оңтүстігінде Әмудария бастауларына дейін жетті.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытайлық жылнамаларда кездеседі және 542 жылға қатысты болып келеді. Қытайлықтар түріктерді сюнну (ғұндар) ұрпақтары деп есептеген. 552 жылдың көктемінде түркі билеушісі Бумын өз сюзерендеріне қарсы аварларды (жуан-жуандарды) қарсы қойып, оларға жойқын соққы жасады. Осы мемлекеттің қираған орнында Түрік қағанатын құрды. Аталмыш этно-әлеуметтік бірлестіктің ру басы Бумын қаған болды (553 ж.). Оның мұрагері Мұқан қағанның қағанатты билеуі кезінде (553-572) Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдік етті.
Ашина түркілерінің пайда болуы туралы аңызға сәйкес, ми батпақтың жағасында өмір сүрген тайпа көршілес тайпа жауынгерлері тарапынан жойылады. Тек он жасар бала ғана тірі қалады. Жаулардың тарапынан аяқ-қолы кесілген баланы өлімнен қасқырдың қаншығы құтқарып қалады. Дұшпандардан жасырынып жүріп, тайпаның барлығы жойылғаннан соң, қасқырдың қаншығы тау жаққа қарай қашады. Үңгірде өзі құтқарған баладан он бала дүниеге әкеледі. Балалаларының бірінің есімі Ашина болады. Оның есімі тұтас ру атауына беріледі. Қаншық қасқырдың 10 баласынан құралған жаңа тайпаның билеушісі өз бауырларынан қабілеттірек келген Ашина болды.
Сол себепті қаншық қасқырдың бейнесі Ашина руы мен олар басқаратын мемлекеттің негізгі геральдикалық символына айналды. Тулар, жалаулар, байрақтар және т.б. «көк қаншық қасқыр» символымен безендендірілді.
«Түрік» сөзінің өзі «күшті, берік» деген мағынаны білдіреді. А.Н. Кононов тұжырымына сәйкес, бұл – нәтижесінде тайпа бірлестігінің этникалық атауына айналған жинақтаушы есім.
Дала әскери ісінің жетістіктері, жекелей алғанда түрік әскерінің жеке жетістігіне айналған ауыр қарумен қаруланған атты әскердің дамуы, сонымен қатар садақтан атудың машықтарын игерген жеңіл қаруланған атты әскер санының көп болуы Түрік қағанатына әлемдік масштабтағы әскери-саяси күш қуатқа айналуға мүмкіндік берді. Бұл өз алдына Түрік қағанатының сыртқы қарсыластардан қорықпауына және сыртқы саяси аренада өзінің жеке еркін жүргізуіне ықпал етті.

Көне түркі жазуы ескерткіштері Ресей, Қазақстан, Қытай және Моңғолия аймағында орналасқан. Сирек қолжазба руналық ескерткіштерінің бірі — «Бал ашу кітабы».
Классикалық Орхон әліпбиі (б.з. VIII ғ.) 38 әріптен және сөзді бөлуші белгілерден тұрған. Аймақтық және хронологиялық нұсқаларды есептей келе 50-ден астам графемалардың (жазба белгілері) қолданылғаны анықталды. Жазудың бағытталуы көлденең, оңнан солға қарай.
Көне түркі жазуларына ұқсас б.з.д. V—III ғғ. жазулар Қазақстанда (Ыссық жазуы) және Қырғызстанда – Талас, Балықшы және т.б. жерлерде анықталған.
1889 жылы Н.М. Ядринцев тарапынан Орхон өзені бойындағы (Моңғолия) Кошо-Цайдам алқабынан табылған Күлтегінге арналған түркі руналық жазу ескерткіші кеңінен танымал болды.
Моңғол шапқыншылығы кезінде (ХІІІ ғасыр) руна әліпбиі Ислам таралының ықпалымен араб әліпбиімен және түркі халықтары жазуларының өзге түрлерімен ығыстырылды.

Араб шабуылдары басталған уақытқа дейін Қазақстан және Орта Азияның үлкен бөлігі Батыс түрік қағанаты билігі ықпалында болды. Арабтарға қарсы күресте басты орындарда Жетісу жеріндегі билікке келген түргештер көрініс тапты. Аталмыш династия ру басы Үшлік қаған еді.
Бірақ түргеш мемлекеті ішінде бірлік болмады, ал мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы тым күрделі еді. Батысында олар соғдылармен бірге арабтарға қарсы соғыс жүргізсе, оңтүстігінде Тан династиясы әскерлері үлкен қауіп туғызды, шығысында орта азиялық түркілер қауіп төндірді.
746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар көшіп келді. Өзара тартысты күресте, сонымен қатар арабтармен ұзаққа созылған күрес нәтижесінде Түргеш қағандары өзінің бұрынғы күштерінен айырылып, қарлұқтарға лайықты тойтарыс бере алмады.

Печенегтермен ұзаққа созылған күрес ІХ-Х ғасырларда саяси шоғырлану мен тайпалардың оғыз одағын жасақтауға әсер етті.
Х ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янигекент қаласы болды. Ол Орта Азия, Шығыс Еуропа және Орталық Азияға жол бастаған маңызды керуен жолдарының торабында орналасқан еді. Оғыз мемлекетінің басшысы жоғарғы билеуші болды. Ол «жағбу» титулын иеленді. Жоғарғы билеушілер билігі мұра бойынша берілді. Оғыз хандарының сайлаулары әскери демократия дәуірі халық жиналыстарының түрлендірілген әсері болып табылады.
Оғыздардың басты шаруашылық ісі экстенсивті мал шаруашылығы болып табылады. Дегенмен көшпелілермен қатар жартылай отырықшы және отырықшы тұрғындардың кешенді топтары кездесіп жатқан. Осылайша, ортағасырлық авторлар Х-ХІ ғасырларда қала және отырықшы мекендер ретінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және т.б. атайды.
Х-ХІ ғасырларда оғыз мемлекеті ішкі көтеріліс нәтижесінде дағдарысты бастан кешті. Көтерілістердің себебі үнемі сыртқы соғыстарды жүргізу әрекеттеріне негізделген салық жинаудың қатал саясатына қатысты наразылық еді.
Нәтижесінде, терең ішкі керағарлықтарға байланысты әлсіреген Оғыз державасы қыпшақ тайпалары билеушілерінің соққыларынан кейін түбегейлі құлады. Оғыздардың айтарлықтай бөлігі қыпшақтар қысымымен Шығыс Еуропа және Кіші Азияға асып кетті. Оғыздардың өзге бөлігі Мәуреннахр Қарахандарының және Хорасанның селжүктік билеушілері билігіне көшті. ХІ ғасырдың ортасындағы қыпшақ шабуылынан аман қалған оғыздар Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпалары арасына еніп кетті. Сырдария, Арал маңы және Солтүстік Каспий маңы алқаптарының оғыз тайпалары қазақтардың этникалық тарихында айтарлықтай із қалдырып кетті.

Қарахан мемлекетінің туындауы және ерте тарихының қалыптасуында қарлұқ конфедерациясы тайпалары маңызды рөл ойнады. 992 жылы қарахандар шығыста Қотанды, ал батыста Бұхараны жаулап алды. Солтүстікте Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы шекара Тараз қаласы маңынан өтетін еді. Солтүстік-шығыста қарахандықтардың иеліктері Балқаш және Алакөл көлдері шекарасынан аспады.
Қарахан мемлекеті тұрақсыз шекаралары бар көптеген енші жерлерге бөлінген еді. Енші билеушілері үлкен құқықтарға ие еді, тіпті кей уақытта өзгеретін титулдарымен олардың аттарын жазып, тиын соғатын болған, Вассалитет қатынастары кейде көп сатылы болатын болған.
Тұрғындардың басты ісі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. Сонымен қатар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ХІ-ХІІ ғасырларда түрік тайпаларының жартысы егіншілікпен айналысып, қала мәдениетінде тұрды.
Қарахан мемлекетіндегі маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-лендік жүйе еді. Хандар өз туыстарына және нөкерлеріне аудан, облыс немесе қала тұрғындарынан сол уақытқа дейін мемлекет пайдасы үшін алынған салық жинау құқығын берді. Аталмыш марапат «икта» атты атауға ие еді, ал оның иесін мұқта немесе иктадар деп атайтын болған. Икта институты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде айтарлықтай рөлді ойнады.
ХІІ ғасырдың екінші ширегі басында қарақытайлықтардың (қидандар) сансыз халқы Жетісу мен Баласағұнды жаулап алды, кейін шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін жаулап, батыс тармағына қауіп төндіре бастады. 1141 жылғы қарахан-селжүк әскерінің талқандауынан кейін Қарахан мемлекетінің екі хандығында да билік ету қарақытайлықтар қолына көшті. 1210 жылы наймандармен күрес кезінде шығыс қарахандық династия құлады. Ал 1212 жылы Хорезм қаласында шах Мұхаммед Самарқан қаласының тумасы соңғы батыс қағаны Османды өлтіреді, осылайша аздан соң Қарахан мемлекеттің ферғаналық тармағы да жойылады. Қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталады.

Қарақытайлықтардың қалыптасуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. IV ғ. жазба дереккөздерде моңғол тілді тайпалар ретінде көрініс табады. Олар Қытайдың солтүстік жағында, Маньчжурия мен Уссурия өлкелері территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.
1125 ж. Сунь династиясы басқарған Қытай мемлекеті мен Чжурчжен мемлекетінің біріккен күші Солтүстиік Қытайды билеген Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еділ өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қарақытай аталып кетеді.
1209 жылы өздеріне қолайсыз уақытта Хорезм шахы Мұхаммедпен соғысады. Қарақытайлықтар мемлекеті ауыр жағдайға ұшырайды. 1210 жылы Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан ханы Османмен бірлесе келе Талас маңында қарақытайлық әскерге шабуыл жасайды. Қарақытайлардың қолбасшысы Таянқы тұтқынға түседі де, оның әскерлері амалсыздан шегініп кетеді.
1211 ж. Найман тайпаларының билеушісі Күшлік хан қарақытайлардың гурханын тұтқынға алып, өкімет билігінен айырады. Арада екі жыл өткен соң ең соңғы гурхан Чжилигу дүние салады. Сөйтіп Қарақытай мемлекеті өз тіршілігін тоқтатады.

МОҢҒОЛ ДӘУІРІ

XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басындағы Ұлы даладағы саяси жағдай көшпелi тайпалардың күштi одақтары билеушiлерінің арасындағы билiк үшін күресімен ерекшеленді. Бұл күрес кезінде моңғол тайпаларының бiр өкiлі Темучинге (Шыңғыс ханға) Орталық Азия тайпаларын топтастырып, сол дәуірде Еуразия континетіндегі ең құдiреттi жаулап алушы болудың сәті түсті.
1206 жылдың көктемінде моңғол өзені Ононның бастауында Темучин жақтастары iшiндегі ақсүйектерден құралған құрылтай (жиналыс) өтіп, ол салтанатты түрде ақ кілемге отырғызылып, ұлы хан болып жарияланды. Бұнымен бiрге, құрылтай Темучинге Шыңғыс хан атын берді. Тағы бір танымал нұсқаға сәйкес, Шыңғыс хан есімі «судың әміршісі» немесе «ұшы-қиыры жоқ теңіздей кеңістіктің әміршісі» деген мағынаны береді.
Моңғол, Оңтүстік Сiбiр, Солтүстiк Қытай елін бағындырған соң, Шыңғыс хан қуатты әскерімен 1218-1221 жылдар аралғында барлық Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алып, сол аймақта билік құрған қарақытай, найман, Хорезм және тағы басқа мемлекеттерді талқандайды. Сонымен бірге көптеген аймақтың қалалық орталықтары тоналған (Отырар (Фараб) қаласының қақпасын бұзу алты ай уақытты керек еткен).
Әр тілде сақталған жазбаша деректер Шыңғыс хан империясының үлкен бөлігі Орталық Азиядағы түрiк тайпаларынан тұрғандығын, оның ішінде Қазақстан даласының да болғандығын дәлелдейді. Моңғол мемлекетінің құрылымына түркі дәстүрі елеулi әсер еткен. Шыңғыс хан империясы ұйымының негізі Түркі қағанаты кезінде құрылып, келесi мемлекеттiк одақтарда дамыған әскери-әкiмшiлiк жүйесі болды.
Шыңғыс ханның және мирасқорларының кезінде жаңа заң жинағы – “Яса” дайындалған. Бұл – қоғамдағы жаңа әлеуметтiк-саяси қатынастарға сай жазылған құқықтық заңдар жинағы. Қазақ хандығының кезінде “Яса” қағидалары белгілі дәрежеде “Жеті Жарғы” заң жинағында да пайдаланылған. Әлеуметтiк ұйымның көптеген нормалары және мемлекет формалары Қазақстан аумағында пайда болған келесi мемлекеттерде де пайдаланылды.
Негiзiнен, Шыңғыс хан және оның мирасқорлары құрған мемлекет ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында қысқа мерзiм ішінде күштi орталықтандырылған билiгімен, орталықтар арасындағы теңсіз қатынастарымен ерекшеленген әлемдiк империяға айналды. Оның мемлекеттiк идеологиясы үш негiзгi бөлімнен тұрады: тек Шыңғыс ұрпақтарының басқаруға құқылы болуы, барлық көшпендiлердi бiрiктiрудiң қажеттiлiгi («киiзден жасалған үйлерде өмір сүретін адамдарды»), әлемнiң барлық мемлекеттерiнiң көшпендiлерiн билiк астына бiрiктiрудiң қажеттiлiгі. Дегенмен, басқарушы элиталардың арасында iшкi қайшылықтар және жеке империяның бiр бөлiктерiнiң экономикалық бытыраңқылығы негiзгi ұлыстардың (иеліктедің) жекелеуiне алып келді. Соның ішінде Қазақстанның үлкен бір бөлігі (Шағатай ұлысына кірген оңтүстік-шығыс бөлік пен Угедей ұлысына кірген Алтай өңірін қоспағандағы) кірген Жошы ұлысы.

Алтын орда

1227 жылы Шыңғыс хан дүниеден өттi. Әкесінiң өлiмiне жарты жыл қалғанда (1227 жылы, ақпанда) нақты анықталмаған жағдайда үлкен ұлы Жошы қаза тапты, оның иелігіне қазiргi Қазақстан аумағының үлкен бөлігі кірген.
Жошының мирасқоры оның ұлы Бату (Сайын) болды. Ол Еуропаға жасаған жорығының арқасында ерекше танымал болды. Бұл жорық кезінде орыс князьдiктерi, Польша, Чехия, Венгрия және басқа да мемлекетті қатарынан талқандалған. Жеті жылғы (1236-1242) жорықтың нәтижесінде Батудың билiгіне батысқа қарай Еділ мен төменгі Дунай, оның ішінде Қырым, Солтүстiк Кавказ, батыс-қыпшақ даласы кірді.
Едiлдiң төменгi жағына қайта оралған Бату жаңа моңғол мемлекетiн негiздедi, кейін ол Алтын Орда деген атау алды. Оған Жошы ұлысының аумағы – Шығыс Дешті Қыпшақ, яғни батысқа қарай жоғарғы Оба мен Ертістен төменгі Еділ мен Әмударияға дейінгі Қазақстанның далалық аудандары, Хорезм мен Батыс Сібір аумағының бір бөлігі кірді.
Алтын Орда далалық мемлекеттерге тәуелдi болған орыс князьдiктерiне қатты әсер етті. Жеке алғанда, орыс князьдары хандардан жарлықтар алып, алым төлеп, сонымен бірге бүкіл Моңғол империясының сауда-экономикалық қатынастарына тартылған.
Астанасы Сарай-Бату қаласы (қазiргi Астраханға жақын), кейін Сарай-Берке қаласы болды. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттiк құрылым болды. Оның құрамына қоғамдық-экономикалық даму деңгейі бойынша өзіндік мәдениті және салт-дәстүрімен ерекшеленетін көптеген халықтар мен тайпалар кірді.
Ұлы даладағы көшпендiлердiң негiзгi құрамын түркі тайпалары, негiзiнен қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар және басқалары құрады. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар, мордвалар, орыстар, гректер, хорезмдіктер және тағы басқалар өмір сүрді. Шындығында, бұл аймақтарда моңғолдар өте аз болды. XIII-XIV ғасырлар шамасында, тiптi XIV ғасырда бұл аумақты мекендеген моңғолдар түркілермен сіңісіп кетті.
Бастапқыда Алтын Орда ұлы моңғол ханының қол астында болды. Бiрақ 1260 жылдары империя тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті. Алтын Орда Батудың ағасы Берке ханның тұсында (1256-266 жж.) дербес мемлекетке айналды. Алтын Орда XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек ханның тұсында (1312-1342 жж. және оның мирасқоры Жәнібек ханның тұсында (1342-1357 жж.) ерекше құдіретті болды. 1312 жылы Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады.
XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың күші әлсірей бастады. 1357-1380 жылдар аралығында тақта ондаған хандар жиі жиі ауысты. XV ғасырдың ортасында бiрнеше iрi ұлыстарда өздерінің хандары тағайындалып, Алтын Орда өмір сүруін тоқтатты.

Моңғол империясынан кейінгі кезең (XIV—XV ғғ)

Моңғол империясынан кейінгі кезең Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы тұрғындармен ерекшеленеді.
Бiртұтас халықты қалыптастыру, мемлекеттiктi құру жолындағы тарихи процестiң дамуы аймақтың саяси ыдырауын жеңудiң қиын шарттарында қалыптасты.
Моңғол империясынан кейінгі кезеңдегі аймақтың саяси өмiрi формасының эволюциясы жергiлiктi этникалық негiзде пайда болған бiрнеше мемлекеттердің - Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының (көшпелі өзбек мемлекеті), Ноғай Ордасының жекелеуі арқылы арқылы жүзеге асты.
Ақ Орда бұрынғы Жошы ұлысының шығыс бөлiгiнде пайда болып, шаруашылықтың қайта өркендеуi және түркі ақсүйектерінің қолдауы жағдайында біртіндеп күшейген дербес мемлекет ретінде қалыптасты. Ол жерді ежелден Қазақстан даласын мекендеген түркітілді тайпалар, сонымен қатар, Шыңғыс ханнын басып алуы кезінде осы жерге шығыс аудандардан көшіп келген тайпалар қоныстанды. Соңғы уақыттарда олардың арасында түрік тайпалары мен рулары және моңғол тайпалары да болды. Бұл жерде қыпшақтар, наймандар, үйсіндер, арғындар, қарлұқтар, керейіттер, қаңлылар, қоңыраттар, маңғыттар және басқалары өмір сүрді.
Ақ Ордада шартты жер иелену пiшiні мен отырықшы аудандардағы меншiк нақты анықталды. Саяси қатынаста дербес, экономикалық тұрғыда тәуелсіз, меншiктi сыртқы саяси бағыты бар, династиялық жүйедегі билеуші-хандары бар Ақ Орда мемлекеттiк ұйымы XIV–XV ғасырлар шамасында Шығыс Дештi Қыпшақ және Түркістан аумағындағы этникалық топтар, тайпалар, халықтар арасында маңызды рөл ойнады.
Шағатай ұлысының шығысында құрылған Моғолстан мемлекетінің шекарасы өмір сүрген бір жарым ғасыр аралығында өзгерген. Оның құрамына Моғолстанның өзі және деректерде Маңлай-Түбе деп аталатын Шығыс Түркiстанның бөлiгi кірді. Бұл аудан дулат әмірі Полатшы мен оның ұрпақтарының меншігі болды. “Моғолстан” тарихи-географиялық термині "моғол" этнонимінің шыққан, Орталық Азия мен Қазақстан жеріндегі түркітілді және парсы тіліндегі шығармаларда "моңғол" этнонимі ретінде айтылып, жазылған. Осылай атау Шағатай ұлысы кезінде басталған. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның және Шығыс Түркiстанның солтүстiк бөлiгiнің үлкен аумағында Мәуереннахр отырықшы-егіншілік жеріне қарағанда жақсы сақталған. Ол жерде моңғолдар қоныс аударған басқа аудандармен салыстырғанда, көшпелі тайпаларды салттары көп сақталған.
Моғолстанда мемлекет басшысы және жердiң жоғарғы иесі - хан болды. Көшпелi аудандарда жер жалпы пайдалануда болды. Ірi ақсүйектердің қолдарындағы (дерек бойынша, ондаған, тіпті мындаған мал басы бір адамның меншігінде болған) малдың барлығы нақты меншікке бағытталды. Мал жайылымдарының иелiк құқығы кейде құрылыс қамалдарымен бекітілген.
Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы басқаша саяси және әлеуметтiк-экономикалық себептерден болған. Олардың арасында – елдің меншiктерге (ұлыстарға) бөлінуі, Шағатайлықтардың, ақсүйектердің династиялық ұрысы, көшпелі ортада пайда болған тұрақсыздыққа, ауыр жағдайға халықтың наразылығы.
Әбілқайыр хандығы – Жошының бесінші ұлы Шайбанның (Сыбанның) ұрпағы – 1428-1468 жылдар аралығында қазiргi Қазақстанның батыс, орталық және оңтүстік бөлігінде өмір сүрді. Сонымен қатар, тарихи деректерде Өзбек (көшпелі) ұлысы ретінде белгілі. Ол орталықтандырылған мемлекет болмады, Шыңғыс ұрпақтары басқарған бiрнеше этно-аумақтық, этно-саяси топтарға ыдырап кетті. Әбілқайыр билеген кезең араздықтар мен соғыстарға толы болды. Көшпелi тайпалардың ақсүйектерi қолдаған кезде Әбілқайыр хан өз хандығынан бөлек - Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына шабуылды соғыстар жүргіздi. 1430 жылы қысқа мерзiмде ол Әмудария бойындағы ірі қалалық орталықтар - Хорезм мен Үргенішті басып алды. 1446 жылы Әбілқайырдың ұлы Темірланның ұрпақтары мен ақордалық хандардың ұрпақтарынан Сыр бойындағы қалалар мен Қаратау тау етегіндегі Сығанақ, Созақ, Ақ Қорған, Өзген, Арқұқ қалаларын тартып алуға сәтi түстi. Тайпалар басқарған көсемдер қолдарындағы ұлыстар ретінде ыдырады. Бұл ақсүйектердiң бiр бөлiгiнiң арасында Әбілқайырдың абыройын едәуiр нығайтып, келесі біл бөлігінде шиеленістірді.
Жеке мемлекет бөлiктерiнiң арасындағы мықты байланыстардың жоқтығы, аумақтың бөлiмiндегі араздықтар мен ұрыс-керіс, сонымен бiрге, көшпелi тайпалардың бір бөлігінің хан саясатына қарсылығы Әбілқайыр мемлекетін бәсеңдетіп, оның құлауына алып келді. Іс жүзінде, Моғолстанның құлауына себеп болған іс-әрекеттермен бірдей болды. Сол жердегі секілді, бұл жерде де жекеленген этносаяси құрылым тайпаларының процестері жүріп жатты.
Сонымен бiрге, аталып өтiлген мемлекеттер шеңберiнде қалыптасып жатқан көрші түркі елдері - қазақ, өзбек, қырғыз, татар, ноғай және т.б үшін этносаяси эволюцияның тарихи даму процесінің осы кезеңі ортақ болды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Өз мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы қазақ ұлтының оның тарихи даму жолында тұтастығын сақтауда, нығайтуда және қалыптастыруда өте маңызды орын алды.
Жазбаша дереккөздерде кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет – Орталық Азия аймағында, еуразиялық халықтар арасында елеулі рөл ойнап, әлем тарихында, өз заманының халықаралық аренасында өзінің маңызды орны болған Қазақ хандығы туралы сенімді мәліметтер жеткілікті.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) ұлан-ғайыр аумағындағы этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістердің заңды жалғасы болды.
XIV-XV ғасырларда табиғи бірігу негізінде ортақ экономикалық аймақтың қалыптасуы елдің барлық аймақтарын бір саяси құрылымға біріктіруге жағдай жасап берді.
Қазақ хандығының құрылу жолы Ақ Орда мемлекетінің негізінде пайда болған «Әбілқайыр хандығында» орын алған дағдарыспен байланысты. 1457 жылы ойраттармен соғыста жеңіліс табуы Әбілқайыр ханның өзінің негізгі міндеттерінің бірі – елді сыртқы жаудан қорғау функциясын орындай алмайтындығын көрсетті. Ал қатал түрде жүргізілген ішкі бақталастық тұрғындардың үлкен бөлігінің наразылығын тудырды.
Соның нәтижелерінің бірі Керей мен Жәнібек сұлтандардың наразылығы болды: Керей және Жәнібек пен олардың жақтастары Шу және Талас өзендері аймағына қоныс аударып көшіп кетеді. Жалпы алғанда, тиімсіз, қатал билеушілердің бұйрықтарына бағынбау және қоныс аударып көшіп кету арқылы көршілес билеушілердің қол астына өту сол кездегі наразылықтың мейлінше кең тараған формасы болатын. 1459–60 жылдардағы қоныс аудару Әбілқайыр хандығының жойылатынын білдірген белгі болды. Жәнібек пен Керейдің қол астындағы халқы «қазақ» атауын иеленді, ол атау «еркін», «өз ұлысынан бөлінген адамдар», «еріктілер» мағынасын берген еді.
XV ғасырдың соңғы онжылдығында – XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы қазақтардың этникалық аумағының біршама бөлігін біріктіру арқылы аймақтық жағынан ұлғайды және экономикалық тұрғыда нығайды.
Бұл кездегі аумақтық ұлғаю мен мемлекеттің жан-жақты нығаюына ықпал еткен ең танымал билеушілердің қатарына Қасым хан (1511-1518 жж.), Хақназар хан (1538-1580 жж.), Тәуекел хан (1582-1598 жж.) және Есім Хандарды (1598-1628 жж.) жатқызуға болады.
1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуына байланысты қазақтардың Ертіс маңы, Жетісу жерлерін ойраттардың батыс моңғол тайпаларының басып алу қаупі ұлғая түсті. Цин империясының (Қытайдың) қыспағына ұшыраған, жайылымдар мен Қазақстанның оңтүстігіндегі және Орта Азиядағы сауда-қолөнер орталықтарына шығу жолдарын іздеген жоңғарлар өздерінің әскери әрекеттерін тоқтатқан жоқ. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар өмірінің өрістемей қалуының бірден бір себебі болды. Жоңғар басқыншылықтары маңызды сауда жолдарын кесіп тастап отырды, бейбіт халықтың шаруашылығына адам айтқысыз зардаптар тигізді.
Қазақ хандығы үшін Тәуке ханның (1680-1718) билік құрған уақыты ерекше кезең болды, сол кезде мемлекеттік құрылым мен құқықтық тәртіпті анықтайтын «Жеті Жарғы» атты ережелер жинағы құрастырылды.

Қазақ хандығындағы жоғары заң шығарушы билік – мәслихат болып табылды, мәслихатта сұлтандар мен қауым өкілдерінің жиналысы болып өтеді. Мәслихат жылына бір рет шақырылады және мейлінше маңызы бар мемлекеттік мәселелерді – бейбітшілік бітімге келу, соғыс жариялау, жайылымдарды қайта бөлу, көші қон бағдарын анықтау – шешіп отырған.
Сонымен қатар, мәслихат хан ретінде ең лайықты адамды таңдайтын болған. Мәслихатқа қатысу үшін шартты міндет өзімен бірге қару алып жүру болған. Бұл ұйымның мүшесі тек еркектер болған.
Атқарушы биліктің барлығы толығымен ханның қолында болған. Ханды мәслихат сайлайтын болған. Хан Шыңғыс хан ұрпақтарынан – төрелерден сайланған және өз міндетін өмір бойы атқарған. Хандар тағынан түсіріліп қуғындалатын да жағдайлар болып отырған екен. Xан келесі қызметтерді атқарып отырған:
• мемлекеттің сыртқы жаулардан қаруланған қорғанысын ұйымдастыру.
• мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағытын анықтау.
• жоғарғы сот билігі функциясы.
• қолданыстағы тәртіп пен қоғамдық құрылымды күзету.
XV-XVII ғасырларда қазақ хандары өздері атқаратын қызметтерден өрбитін үлкен құзіреттілікке ие болды. Мысалы, хан жоғары бас қолбасшы ретінде соғыс жариялай алды, бейбітшілік туралы бітімге келе білді, хандықтың барлық аумақтарында өз әмірін жүргізе алды, ұлыстар мен қол астындағы қалалардың билеушілері мен басшыларын тағайындауға құзыреті жеткілікті болды. Сонымен қатар хан өз қол астындағыларға өлім жазасын кесе алды және де хандықтың барлық қоныстарына міндетті заңдар мен бұйрықтарды бере алды.
Жаңа ханды таққа отырғызу үдерісі ақ киізге салып көтеру түрінде жүзеге асырылды. Тек осы көне рәсім орындалғанда ғана хан заңды түрде сайланған болып есептелінді.
Осылайша, Қазақ хандығының басқару үлгісі, шын мәнісінде, сол кездің өзінде демократиялық қоғам мен мемлекет құрылысының стандарттары мен негізгі қағидаттарын көрсете білді.

Бірақ шартты түрде орын алған тыныштық ұзаққа созылмады. Жоңғарлармен соғыс XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың ортасына дейін жалпы алғанда 150 жыл бойы жалғасып жатты. Жоңғар шапқыншылығынан болған қиын жылдар қазақ халқының есінде «Ақтабан шұбырынды» – «Ұлы зұлмат жылдары» (1723-1727 жж.) ретінде сақталынып қалды. Одан кейінгі жылдар қазақ тарихында жоңғарларға қарсы жалпы халықтық белсенді қарсыласу жылдары ретінде ерекшеленді. Соның ең айрықша көрінісі 1729 жылы болған Аңырақай шайқасы болды. Сол және соның алдында болған жеңістер қазақ жерінің көп бөлігін жау қолынан қайтарып алуға алып келді. Бірақ сыртқы жаулармен күрес мұнымен аяқталып қалмады.
Қиын экономикалық және саяси жағдайда алға Ресейдің қол астына кіру мәселесі қарастырылды. Қазақтардың ары қарайғы саяси, экономикалық және этномәдени тарихының кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуімен байланысты.

«Жеті Жарғы» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормаларынан тұрады, сонымен қатар салық туралы, діни көзқарастар туралы ережелер, яғни қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылды.
«Жеті Жарғы» өзінің құрамына келесі негізгі бөлімдерді қамтыды:
1. Жер туралы Заң (Жер дауы), онда жайылымдар мен суаттар туралы мәселелер келісіліп отырды.
2. Отбасылық-некелік Заң, онда некеге тұру және оны бұзу тәртіптері қарастырылады, жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтары айтылады.
3. Әскери Заң, онда әскери міндеткерлікке жіберу, әскери бөлімдерді қалыптастыру мен әскербасыларды сайлау тәртібі реттеледі.
4. Сот үдерісі туралы Ережелер, онда соттардың іс қарау тәртібі талқыланады.
5. Қылмыстық Заң, кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлерін жазалауды заңдастырып орнатады.
6. Құн туралы Заң, онда кісі өлтіру мен ауыр дене жарақаттары үшін тағайындалатын жаза түрлері заңдастырылады.
7. Жесір әйелдер туралы Заң (Жесiр дауы), онда жесірлер мен жетімдердің жеке және мүліктік құқықтары реттестіріледі, сонымен қатар оларға деген жамағатының және марқұмның туыстарының қарым-қатынасындағы міндеттемелер де қарастырылады.

РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА

XVIII ғасырдың 20 жылдары Қазақстан тарихындағы ауыр кезең болды. Таусылмайтын соғыстар, әсіресе шығыстан жоңғарлардың жойқын басқыншылық жорықтары қазақтардың әлеуметтік-экономикалық болмысына ауыр соққы болды. Сыртқы саяси жағдайдың күрделенуі орын алған тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруға итермеледі. Дәл осы жағдайларда Кіші Жүз ханы Әбілқайыр Ресейге қолдау көрсету туралы өтінішпен елші аттандырды.
1731 жылдың 19 ақпанында патшайым Анна Иоанновна Әбілқайырдың Ресей бодандығына өткендігі туралы сый грамотасына қол қойды. Осыған орай ант қабылдату үшін Қазақстанға Әбілқайыр ханға арналған грамотамен бірге басшысы сыртқы істер Комиссиясының аудармашысы А.И. Тевкелев бастаған елшілер тобы аттанады.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр өз өкілдерін Орта жүзге аттандырады: олар Сәмеке ханға егер ол ресей бодандығын қабылдайтын болса өз жерлерінің қауіпсіздігін ресей әскерінің көмегімен қамтамасыз ететініне уәде береді. Сәмеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабыл алады. Анны Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымындағы грамотасы арқылы Сәмеке және оның жақтастарының өтініштері қанағаттандырылады.
Ұлы жүздің негізгі бөлігінің қосылуы бір ғасыр кейін орын алды. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі Ресей бодандығын қабылдады. 1824 жылдың мамыр айында Александр I патша Жетісуда көшіп жүретін Ұлы жүз сұлтандарын бодандыққа қабылдау туралы грамотаға қол қойды. Қоқан хандығының қарауында болған Ұлы жүздің басқа бөлігі Ресей империясының құрамына ХІХ ғасырдың ортасында жасалған бірнеше әскери жорықтардан кейін қалған Орта Азиямен бірге қабылданды.
Алайда, қатынастардың ары қарайғы дамуы қайшылықты сипатқа ие болды. Бір жағынан, Ресейдің әскери-дипломатиялық белсенділігі – қамалдардың құрылысы, казактардың алдыңғы шептік бекіністер желісі және қорғандары қазақтарды көршілерінің жойқын шапқыншылықтары мен Жоңғарияның басқыншылығынан, манчжурлардың Жоңғар хандығын талқандағанынан кейінгі қазақтарға төнген Цин империясының билеп-төстеушілігінен арашалап қалды.
Қазақстанның, кейінірек Орта Азияның да жалпы ресейлік экономикалық жүйеге кіруі аймақтың экономикасына белгілі дәрежеде жағымды әсер етті. Қуатты мемлекеттік аппараттың есебінен ішкі өзара тартыстар да біршама азайды. Бірігудің нәтижесі ретінде ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарындағы орта азиялық халықтар мен қазақ және орыстардың жақындасуын айта аламыз, жазудың барынша кең таралуына негіз қаланды, сауда-саттық жанданды, қазақ экономикасының әлемдік өндірістік қатынастар шеңберіне кіруі де соның нәтижесі. Міне сондықтан да қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев қазақтардың орыс халқымен қарым-қатынасын нығайтудың жағында болды.
Екінші жағынан, қамалдардың құрылысы қазақтардың дәстүрлі көші-қонын тежеді, сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандарының арасындағы шиеленісті тудырды. Мысалы, 1756 жылы қазақтарға қыс мезгілінде Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салатын патша жарлығы жарияланады, ал ол өз алдына үкіметке қарсы толқу туғызбай қоймады.
XIX ғасырдың басында ресей әкімшілігі Қазақстанға тікелей басқару жүйесін енгізуді бастады. Орта жүз хандары Бөкей (1815) мен Уәлидің (1819) өлімінен кейін үкімет хандық билікті жойған болатын.
1822 жылы Ресейдің мемлекет қайраткері М.М. Сперанскийдің жасап шығарған «Сібір қызғыздары Жарғысы» өз алдына ауылдардан құралған және болыстарға бөлінген сегіз «сыртқы округ» құруды қарастырады. Аягөз, Көкшетау, Қарқаралы, Атбасар және басқа да қалалар салынған болатын. 1824 жылы Кіші жүздегі хандық билікті басына сұлтан-болыс тағайындалып үш бөлікке бөлу және ақсүйектер мен ру басшыларының құқығы шектеу арқылы жою жүзеге асырылды.
Самодержавиенің қарапайым халықтың мүддесі мен қажеттілігін ескермейтін шешім қабылдау механизмі империяның барлық аумақтарында, оның ішінде қазақ даласында туындаған, наразылықтар мен толқуларға алып келді. Осылайша, ең ірілері Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістер, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және тағы басқалары болып табылады.
Дегенімен, экономикалық даму ілгерілемелі алға басуын жалғастыра берді. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіп пайда болады, ал тау-кен қазушы секторға орыс, француз, ағылшын және американдық кәсіпкерлер қаржыларды құя бастады. 1911 жылы Ембі ауданында мұнай өндіру жұмыстары басталды. Сол кездің өзінде қазақстандық ұлтаралық төзімділіктің және ортақтаса дамудың үлгісі жасақталып жатқанын ескеру керек. Мысалы, Спасск мыс балқыту зауытында, Екібастұз, Успен кеніштерінде және Қарағандыда орыстармен қатар қазақ жұмысшылары да қызмет атқарды. Мал жеткізу жұмыстарымен айналысқан қазақ байларының ірі шаруашылықтары дами түсті.
Ресей империясы осы уақытқа дейін жинақталған күрделі себептер мен қайшылықтар жиынтығының әсерінен және 1917 жылғы Ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісінің салдарынан жойылады. Оның артынан 1917 жылы орын алған Қазан социалистік көтерілісі және азаматтық соғыс Қазақстанды жаңа тарихи кезеңде – Кеңестік соцалистік республикалар одағының (КСРО) құрамында даму заманына әкелді.

КСРО ҚҰРАМЫНДА

Ресейдегі 1917 жылы болған Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесінде ІІ Николай патша тағынан құлатылды және Қазақстандағы билік Петрбордағы Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комитеттерінің, атқарушы комитеттер мен қалалар мен болыстардағы комиссариаттардың қолына көшті. Сол уақыттарда Уақытша үкіметпен қатар солдат депутаттарының Кеңестері, шаруа депутаттарының Кеңестері және қырғыз (қазақ) депутаттарының Кеңестері құрылды.

Қазақтың ұлттық партиялары да пайда болды. «Алаш» партиясын ресейлік кадет партиясының (конституциялық демократтардың) мүшесі Әлихан Бөкейханов басқарды. Партия қазақтардың этникалық аумағын біріктіру және Ресейлік республика шеңберінде өзіндік билікті ұйымдастыру формалары мен билер соты бар автономияны иелену үшін күресті. «Алаш»-тықтар қазақтардың ислам дінін ұстанатынын айта тұра, азаматтық өмірді шариғат ережелерімен шырмамауды ұсынды. Сонымен қатар жерді өзінің байырғы тұрғындарына қайтарып беру, жеке меншік жер телімдерін ауылдың меншігіне айналдырып және қазақ земствосын құру туралы талаптар қойылды.
Қазақтың социалистік «Үш-жүз» партиясы Ресейдің шаруалар мүдделерін қорғауды мақсат еткен ең ірі партияларының бірі - эсерлердің (социалист-революционерлер) бағдарында болды. Ол Еділ маңы, Қазақстан, Орал, Кавказ және Орталық Азия мұсылман халықтарының одағы идеясын қолдады: қазақтар арасындағы жерді қайта бөлуді талап етті, земстволарға қарсы шықты және шариғаттың «әділ заңдарын» сақтауға үндеді.
1917 жылғы Қазан социалистік көтерілісінен кейін Қазақстанда кеңестік билік 1917 жылдың қарашасынан – 1918 жылдың ақпаны аралығында орнатылды.
Осыған қатарлас «Алаш» партиясы да өз билігін орнатуға тырысты. Ол 1917 жылдың желтоқсанында Орынбор казактарының атаманы Александр Дутовтың бақылауында болған Орынбор қаласында жалпы қазақтық съезді шақырды және басшысы Ә. Бөкейханов болып танылған «Алаш орда» халықтық кеңесі үкіметінің пайда болғанын жариялады. «Алаш орда» үкіметі елдің шығысындағы Семей қаласын болашақ астанасы таңдады, жаңа үкіметтің мүдделерін қорғай алатын тұрақты әскердің қалыптасуы басталғаны туралы хабарланды.
Алайда 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтеріліс басшысы Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин сияқты қайраткерлердің бір бөлігі большевиктер партиясын қолдады, себебі олар 1916 жылғы қазақтардың көтерілісін аяусыз жаншыған ұлы державаның жазалаушы отрядтарына өте қатты ұқсайтын атаман А. Дутовтың ақ гвардияшылары жағында болған «Алаш орда» кеңесін қабылдамады.
1918-19 жылдардағы жалғаспалы әскери әрекеттерден кейін ақтардың қозғалысы мен «Алаш орданың» қарулы күштері жеңіліс тапты. 1920 жылдың наурызында большевиктерден құрылған революциялық комитет (Ревком) «Алаш ордаға» олардың түгелдей таратылуын талап етіп шарт қойды және қозғалыстың қатардағы қатысушыларына амнистия жарияланатындығы туралы уәде берді. Талапқа бой ұсынған «Алаш орданың» орталық үкіметі және оның Омбыдағы, Торғайдағы, Ақмоладағы және Семейдегі филиалдары өз-өздерін таратты.
1920 жылдың 26 тамызында РКФСР (Ресейлік Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы) БОАК (Бүкілресейлік Орталық Атқарушы Комитет) пен ХКК (Халықтық комиссарлар кеңесі) орталығы Орынбор болып табылатын РКФСР құрамындағы «Автономды Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы» декрет қабылдады. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары, Каспий маңы облысының қазақтар қоныстанған аумақтары, Астрахан және Орынбор губерниялары кірді. Қазан айындағы автономиялар Кеңесінің құрылтай съезінде ОАК-нің басқарушысы болып Сейітқали Мендешев, ал Халықтық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып Виктор Радус Зенькович сайланды.
1925 жылдың сәуірінде Кеңестердің жалпы қазақтық 5-съезінің шешімі бойынша Қырғыз АССР атауы Қазақ АССР атауына ауыстырылды, осы арқылы қазақтардың тарихи атауы мемлекеттік деңгейде қалыпқа келтірілді.
Сонымен қатар, ұлттық-мемлекеттік шекараны межелеу шеңберінде Қазақ АССР-ына қазақтар қоныстанған Сырдария мен Жетісу облыстарының территориялары қосылып берілді. Кеңестік Қазақстанның бірінші астанасы – Орынбор қаласы оны қоршап тұрған аудандарымен бірге тікелей РКФСР құрамына кірді, ал автономды республикасы астанасы Қызылордаға ауыстырылды. 1925-1930 жылдары Қазақ АССР құрамына Қарақалпақ автономды облысы да кірді.
Қазақстанда. Бүкіл Кеңес одағындағай, Кремльде билік басына келген И. Сталиннің бастамасымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және индустрияландыру жүргізілді. 1926 жылдың өзінен бастап «қазақ ауылын кеңестендіру» саясаты іске асырылып жатты, осының нәтижесінде дәстүрлі ақсақалдар мен жергілікті беделді тұлғалардың ықпалы ажыратылып қалады.
Осы саясат шеңберінде мал мен мүліктің кең түрде тәркіленуі жүргізілді, адамдарды милицияның айдауымен «мекендеу нүктелеріне» бағыттады. Колхоздардың қажетіне тәркіленетін малдарды орындарында өлтірді, себебі бір жерге жинақталған үлкен табындарды қоректендіру мүмкін болмады. 1933 жылға дейін 40 миллион мал басының оннан бір бөлігі ғана тірі қалды.
Осылайша, бұл саясат ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауына алып келді және «ашаршылық», «голодомор» деген атау алған 1929–1933 жылдардағы аштыққа әкеп соқты, сонымен қатар орасан жұт пен тұрғындар бөлігінің сиреуі орын алды. Қазақ АССР тұрғындары түрлі есептеулер бойынша 48 % азайды.
Соған жалғас индустриализация шеңберінде 1928–1937 жылдары Қазақстан өндірісіне кеңестік бюджеттен 2 млрд. рубль бөлінді. Құрылыстар мен кәсіпорындарға КСРО-ның басқа аудандарынан жұмыскерлер мен инженерлер тартылды. Соғыстан бұрынғы жылдарда Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту зауыты, Қарағандыдағы көмір орталығы, Түркістан-Сібір темір жолын қосқанда 200-ден аса ірі өнеркәсіп кәсіпорындары құрылды.
1929 жылы Қазақстанның астанасы Алматы (кеңестік кезеңде – Алма-Ата) қаласына ауыстырылды. 1936 жылы Қазақ АССР-і автономия лауазымынан кеңестік республика дәрежесіне өтіп Қазақ ССР-не айналды. Оның конституциясын Қазақстан Кеңестерінің Х төтенше съезі 1937 жылдың наурызында қабылдады.
Қазақстанның индустриалды дамуындағы маңызды қадам Ұлы Отан соғысы жылдарында, оның аумағына КСРО-ның батыс аймақтарынан 140-тан астам өнеркәсіп кәсіпорындары және 1 млн. адам көшірілген кезде жасалды. Осы кезеңде сонымен қатар жаңа зауыттар, шахталар және кеніштер салынған болатын.
Сол кезде, 1930-шы жылдарда Кеңес одағында орын алған әрі өз шыңына 1937-1938 жылдары жеткен саяси репрессиялар толқыны мыңдаған қазақстандықтардың, бәрінен бұрын қазақ халқының саяси, басқарушы, интеллектуалды элиталарының, соның ішіндегілердің көпшілігі – «Алаш» партиясының бұрынғы қайраткерлерінің тұтқындалуы мен атылуына алып келген болатын.
1936 жылдан бастап Қазақстан территориясы сталиндік тоталитарлық режимнің мақсаттарына қолданыла бастады, мұнда КСРО-ның шекаралық аймақтарынан тұтас этникалық топтардың айдап әкелуі жүргізілді: корейлер, поляктар, месхетиялық түріктер, гректер, ассириялықтар, ал Ұлы Отан соғысы жылдарында – немістер, шешендер, ингуштар, қарашайлар және көптеген басқа да этностар қоныс аударған еді.
Кеңес Одағының еңбек және көші-қон саясаты шеңберінде жүз мыңдаған орыстар, украиндар, белорустар және басқа да халықтардың өкілдері қоныс аударды, бұл фактор арқылы Қазақстан көп ұлтты қоғамға айналды.
Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) басталуымен бірге Қазақстан Қызыл армияның еңбек тылына айналды. Ауыл еңбеккерлері сияқты республикада салынған және осы жерге көшірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері де майданның қажеттілігін өтеуде орасан үлесін қосты.
Сонымен қоса шамамен алғанда бір миллионнан астам қазақстандықтар қолына қару алып Отанын қорғау үшін Қызыл армия қатарына кетті. Оның жартысынан астамы Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапты. Қазақстаннан шыққан 528 сарбаз қайтыс болғаннан кейін КСРО-дағы жоғары жауынгерлік айбынға – Кеңес Одағының Қаһарманы Жұлдызына ие болды.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қазақстанда негізінен шикізат өндіруге бағытталған өнеркәсіп өз дамуын жалғастырып жатты, сонымен қатар мал шаруашылығына баса назар аударылған ауыл шаруашлығы да дамыған болатын.
1954–1965 жылдары Кеңес Одағында тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылған болатын, соның шеңберінде Қазақстанда 4 млн. га жерді жырту жоспарланған еді. Тың жерлерді игеруге байланысты Қазақстанға жүздеген мың адамдар көшірілген болатын.
Тың жерлерді игеру үдемелі қарқынмен жүргізілді: егер екі жылдың ішінде 13 млн. га жерді жырту жоспарланған болса, шынайы өмірде 33 млн.га жер жыртылған еді. 1954-1960 жылдары 41,8 млн.га тың және тыңайған жер көтерілген болатын. Тың жерлерде тек алғашқы екі жылдың өзінде 425 бидай совхозы құрылған еді, ал аграрлық алпауыттар содан соң құрылған болатын.
Қаржы мен адамдарды әдеттен тыс шоғырлап жинақтау арқылы, сонымен қатар табиғат факторларының да арқасында жаңа жерлер алғашқы жылдары шамадан тыс артық өнім берді, ал 1950 жылдардың ортасында КСРО-дағы барлық өндірілетін нанның үштен бірін берген еді.
Алайда қанша күш салынса да тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін болмады: өнімсіз жылдары тың жерлерден егістік қорды да жинап ала алмады, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы мен 1962-1963 жылдардағы топырақ эрозиясының нәтижесінде ең басты апат ала құйындар болды. Тың жерлерді игеру дағдарыс кезеңіне көшеді, оны өңдеудің тиімділігі 65 пайызға құлдырады.
1960–1962 және 1964–1986 жылдары Қазақстанның республикалық партиялық ұйымын Дінмұхамед Қонаев басқарды. Оның кезінде индустрияландыру өз жалғасын тауып жатты, Алматы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодарда ірі кәсіпорындар, энергетикалық нысандар, темір жол және автокөлік жолдары салынып жатты. Білім беру, ғылым және мәдениет салаларында үлкен алға басушылыққа қол жеткізілді.
Сол кеңестік кезеңде қазақ тілінің қолданылу салалары шектеліп жатты, ол өз алдына тұрғындардың наразылығын тудырды.
1986 жылдың желтоқсанында Д. Қонаев Ульяновск обкомы партиясының бұрынғы басқарушысы Геннадий Колбинмен алмастырылды. Бұл 1986 жылдың 16 желтоқсанындағы Алматыда өткен жаппай наразылықты тудырды. Наразылық қатал түрде басылды, өрт сөндіру машиналары, әскери күректер, жуан таяқтар, қызметтік иттер қолданылды. Минтингінің көптеген қатысушылары ауыр жарақаттар алды және өз наразылықтарын ашық көрсеткені үшін тергеуге алынды.
Шамамен 900-дей адам әкімшілік тұрғыдан жазаланды, жоғары оқу орындарынан шығарылды, қатысушы 319 адам жұмыстарынан шығарылды. Тұтқындалғандардың жалпы саны 8500 болды, 99 адам түрлі мерзімде бас бостандығынан айырылды. Біреуі – Қайрат Рысқұлбеков – милиция жасақшысының өліміне кінәлі деп танылып өлім жазасына кесіледі, бірақ ол шешім кейіннен 20 жыл бас бостандығынан айруға алмастырылады. Әйтсе де, жас жігіт 1988 жылы белгісіз себептермен түрмеде көз жұмады.
Сонымен қатар, КСРО-ның орталық билігіне көпшіліктің наразылығын басу керек болды және 1989 жылдың маусымында Г. Колбин орнынан алынды. Сол айдың ішінде республикалық коммунистік партияның бірінші хатшысы лауазымына 1984 жылдан бастап Қазақ ССР министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымын иеленіп келе жатқан Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағайындалды.
Н. Назарбаев қазақ тілінің ресми лауазымы туралы заңды қабылдауға атсалысты, ұжымдастырудың жағымсыз жақтары туралы сын айтты, қазақ мұсылмандарының тәуелсіз діни басқармасын құрды.
1989 жылы Шығыс Қазақстан аумағында ядролық қаруды сынауды тоқтату үшін құрылған «Невада-Семей» көпшілік қозғалысы қоғамның үлкен қолдауына ие болды.
Ал 1990 жылдың наурызында республикада Жоғары Кеңеске сайлау болып өтті, онда алғаш рет бір мандатқа бірнеше үміткер өздерін ұсынуға мүмкіндік алды.
Кеңес Одағында көңіл қалдырарлықтай болған саяси үдерістер Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуға деген жағдай жасады.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

1991 жылдың 16 желтоқсанында елімізде тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет болып жариялайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақстан өзі үшін заманауи мемлекет дамуының жаңа дәуірін ашты.

1992 жылдың алғашқы жартысында тәуелсіз Қазақстанның басшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде баяндалатын ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын жасап шығарды. Онда ел алдына барлық Қазақстан жұрты мен әлемдік қауымдастықтың сеніміне сәйкес келетін жаңа міндеттер қойылды. Экономика саласында келесі мақсаттарға жету бағыттары айқындалды:
- Әлеуметтік сипаттағы нарықтық экономиканың қалыптасуы;
- Адамның экономикалық тұрғыдан өз-өзін билеуі қағидаттарын жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да жағдайларды жасау;
- Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, содан соң сыртқы айырбасталымдық қасиеттерін қамтамасыз ету;
- Әлемдік тауарлық нарықта өзіндік бәсекелестік ұстанымды иелену немесе басқа елдермен бөлісу;
- Тұтынушылық нарықты қанықтыру;
- Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестицияларын тарту және белсенді қолдану.
Бұл мақсаттардың бәріне уақытынан бұрын қол жеткізілді, ал бүгінде күнделікті өмірдегі бұл ұстанымдардың қатары заңды нәрсе болып көрінеді. Алайда елімізге жоспарлы экономикадан заманауи нарықтық құрылысқа өту үшін және әлемдік өндірістік жүйеде өз орнын иелену үшін күрделі жолдан өтуге тура келді.
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан өзінің ұлттық валютасын – мемлекеттің экономикалық дамуының және қаржылық тәуелсіздіктің белгісі болған тенгені енгізді.
1995 жылдың маусымында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын көпшіліктің талқысына берді. 1995 жылдың 30 тамызында жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум болып өтті. Саяси және экономикалық өзгерістердің күрделі кезеңіне қарамастан жаңа Конституцияның қабылдануына халықтың 89 % пайызы дауыс берді. 30 тамыз Конституция күні ретінде мемлекеттік мейрам болып қабылданды.
Сол жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы (ҚХА) – еліміздегі түрлі этностардың мүдделерін көрсетуге және олардың өзара түсінісуі мен сұхбатын қалыптастыруға арналған маңызды қоғамдық институт – құрылады. 2007 жылдан бастап ҚХА-ға өз депутаттарын еліміздің Парламентіне сайлауға мүмкіндік беретін құқық ұсынылды.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрамына енді. 2015 жылға дейін Қазақстан әлемнің 30 мемлекетімен дипломатиялық қатынастарды орнатты.
Егемендік алуына байланысты мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті ұлттық қауіпсіздіктің жүйелері, яғни өздерінің ұлттық мүдделері мен одан шығатын сыртқы саясат стратегияларын, қорғаныс пен әскери доктринасын және сыртқы саясаттағы басымдылықтарын анықтау болып табылады.
Қазақстан әлемнің бір де бір мемлекетіне аумақтық қарсылығы жоқ екенін және бейбітшілікті сақтауды мемлекеттік саясаттың басым мақсаты ретінде санайтынын жариялады. Алғашқы күндерден бастап жас мемлекет соғысты немесе саяси, экономикалық жән басқа да мақсаттарға жету құралы ретінде әскери күшпен қауіп төндіруді түпкілікті жоққа шығарып келеді.
КСРО-ның құлауынан кейін Қазақстан аумағында әрбіреуінде 10 ядролық оқтұмсығы бар (барлығы 1040 ядролық оқтұмсық) 104 ракетаның әскери кезекшілігі жалғасып жатты. Олардан басқа Қазақстан аумағында ТУ-95 МС атты қанатты ядролық ракеталары бар 40 стратегиялық бомбалаушы орналастырылды. Осы жерде ядролық құрылғыларды сынайтын және ракеталық-ғарыштық техниканы іске қосушы бірегей нысандар жасалды.

Алайда Қазақстан Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, оны ел аумағынан шығаруға және жоюға жол ашты, ядролық қаруы жоқ бейбітшіл мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімшартқа қосылды, бұл жағдай жас мемлекеттің бейбіт ұстанымда екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, Семей ядролық полигонының жабылуы туралы батыл шешімді президент Н. Назарбаев КСРО құламастан бұрын, яғни 1991 жылдың 29 тамызында қабылдады. Бүгінде бұл күн БҰҰ Бас ассамблеясының қарарына сәйкес халықаралық яролық қаруға қарсы күн ретінде белгіленді.
1992 жылдың қазанындағы БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында Н. Назарбаев трибунаға шығып алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның басшысы ретінде сөз сөйледі. Ол БҰҰ-ның бейбітшілікті орнату, нығайту және қамтамасыз ету қорын қалыптастыру пайдасына мемлекеттердің әскери бюджетін жыл сайын бір пайызға қысқартып отыру ұсынысын жария етті. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Азиядағы сенімділік шаралары және өзара әрекет бойынша Кеңесті кезең-кезеңімен құру ниетін де білдірді (СВМДА).
Бейбіт түрдегі сыртқы саясат пен экономикалық дамудың нақты стратегиясы, ел ішіндегі ұлтаралық және конфессионалдық келісім есебінен Қазақстан аймақтың экономикалық көшбасшысы ретінде, 140 этностың қауіпсіз үйі ретінде және халықаралық қатынастардың жауапкершілікті қатысушысы ретінде қалыптасты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кеңестік экономиканың коллапс (жаппай күйреу) жағдайында орын алған батыл экономикалық реформалар Қазақстанда бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлемге ашықтылық саясатының нәтижесінде елімізге 2015 жылға дейін 200 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Құрылған жұмыс орындары тұрғындар өмірі деңгейінің жоғарылауына ықпал етті.
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақстанның орташа есеппен алғанда 10 %-дан кем емес экономикалық өсу қарқыны жағынан, беделді халықаралық агенттіктердің есептеуі бойынша, әлемде Қытай мен Қатардан кейінгі үшінші орынды иеленді.
Жалғаспалы экономикалық өркендеу мен жалпы ұлттық келісімнің парасатты саясаты елдегі саяси тұрақтылық пен демократиялық институттардың ұласпалы дамуын қалыптастырды. Нәтижесінде 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдардағы президенттік сайлауларда сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауы Қазақстанның қазіргі мемлекеттігінің негізін қалаған шынайы жалпы ұлттық көшбасшы лауазымын иеленген Нұрсұлтан Назарбаевтың бұлтартпас жеңісін қамтамасыз етті.

Томирис(б.з.д. VI ғ) сақ тайпасы-массагеттердің атақты патшайымы.
Ол туралы “тарихтың атасы” Геродоттың жазбаларынан белгілі. Грек жазушысы Томиристің Парсы империясының негізін қалаушы Ұлы ІІ Кир патшасын жеңгені туралы жазған болатын. Томирис туралы, оның Кир патшасын жеңген жеңісі туралы Страбон, Полиэн, Кассиодор және Иордан сияқты ежелгі Римнің авторлар да жазған болатын.
Геродоттың жазуы бойынша, Кир Аракс өзенінен өткен кезде массагеттердiң аумағына әдейі тұзақ құрады. Парсылар әскерінің соғысқа жарамдылығы төмен бөлігін лагерьде қалдырып, оларға шарап қорын тапсырып кетеді, негiзгi әскерлердi өзенге кері қайтарады. Массагеттер қарсыластарын жеңген кезде, жеңістерін тойлап, азық пен шарапқа тойып, ұйықтап қалады. Парсылар осы сәтті пайдаланып, көп жерлерін талқандап, көп бөлігін тұтқынға алады. Сол тұтқынға алынғандардың ішінде Томирис патшайымның ұлы Спаргалис та болған.
Дегенімен, келесi шайқаста Томирис парсы әскерiн талқандайды. Аңыз бойынша, Томирис Кир патшаның басын қан құйылған ыдысқа “Сен қанды қаладың ба? Онда оны тойғанша іш” деп батырып жібереді. Томирис патшайымның өмірі әдеби шығармалар мен театрлық көріністер үшін негiз болды.

Әл-Фараби(870-950) -Шығыстың орта ғасырлық ұлы ғалым-философы, астроном, математик, медик.
Толық аты - Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түрки. Ол Сырдарияда Фараб (Отырар) қаласында атақты әскерилер әулетінде дүниеге келген.
Ғылым мен мәдениет тарихшылары Әл-Фарабидың ұлылығы мен бірегей тұлға болғандығын мойындаған. Астрономия, логика, музыка теориясы, математика, әлеуметтану мен этика, медицина және психология, философия мен құқық – оның ғылыми қызығушылықтарының жартысы ғана. Әл-Фараби жас кезінде өзінің туған жерінен кетіп, мұсылман әлемінің түрлі қалаларында - Бұқарда, Хорранда, Александрияда, Каирда, Дамаскте, Бағдатта болған. Фараби өмірінің көп жылдарын араб өркениетінің мәдениет және саяси орталығы болған Бағдатта өткізген. Осы жерде ол өзінің білімін толықтырып, ежелгі грек авторларының аудармаларын оқиды, көрнектi ғалымдармен қарым-қатынас жасап, олардың арасында өзінің орнын ала білген. Дәл осы жерде ол “Екiншi ұстаз” атауын иеленді. Оның “екінші” атануы “бірінші ұстаздың” болғандығын айқындайды, ол - Аристотель болатын.
Әл-Фараби алғашында гректің ұлы ойшылы ойлап тапқан логика ғылымына өзінің үлкен үлесін қосты. Оның философиялық көзқарастарының ерекшелігі бірден сезіліп тұрды. Ал кейбір ойлары жұртшылықтың пікірлеріне қарсы келіп, дінмен де байланысты болды. Шын мәнінде, оның ойлары өте ерекше болды және оның ойлары өзінің ізін қалдырды.
Әл-Фарибидің аты Алматыда Қазақ ұлттық университеті (ҚазНУ) мен Шымкеттегі педагогикалық институтқа берілген.

Қожа Ахмет Яссауи(1103-1167) дiни қайраткер, ақын, философ.
Испиджабта (Сайрам қаласында) дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи өзінің бар өмірі мен күш-жігерін туыс халықтарды бiрiктiруге, сансыз дiни ағымдардың тоғысында рухани бiрлiктi орнатуға арнады.
Қожа Ахмет Яссауидың шығармалары жергілікті тұрғындардың арасында кең таралған. Ол тек діни қайраткердің ғана емес, сонымен қатар мемлекет қайраткерінің де рөлін атқарған. Ол өзінің шығармаларында, өлеңдері мен трактаттарында халқына деген үндеуін жеткізді. Қожа Ахмет Яссауи халықты басқа дінді ұстанушыларға шыдамдылықпен қарауға шақырды.
Аңыз бойынша, Яссауиға Жаратқанға қызмет ету үшін бұл дүниенің күнделікті тірліктерінен кетуге тура келген. Ол Яссы қаласында, мешіттің жанында жер асты қылеуетке түсіп, өмірінің соңына дейін сол жерде болған.
1166-67 жылдары Қожа Ахмет Яссауи дүниеден өткен, әулие ретінде өзіне арнап салынған кесенеде Яссы қаласында жерленген. XIV ғасырдың соңында Қожа Ахмет Яссауиды дәріптеуге көп күш жұмсаған Әмір Темірдің әмірі бойынша Яссауидің шағын бейітінің орнына үлкен кесене салынды. Кейін ол жер көпшіліктің қажылық ететін және мұсылмандардың табынатын орнына айналды.

Керей және Жәнібек хан(XV ғ.) -Қазақ хандығының негізін қалаушы бірінші хандар.
Бастапқыда Әбілқайыр ұлысындағы сұлтандар, Шыңғыс ханның ұрпақтары. XV ғасырдың 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар өздерін қолдаған тайпалармен бірге Шағатай әулетінен шыққан Моғолстан билеушілерінің қол астында болған Батыс Жетісу аймағына қоныс аударады, ол кезде хан Есен-Бұға еді. Бұл көш жаңа мемлекет – Қазақ хандығының пайда болуында және құрылған этностың қазақтар деп аталуында маңызды оқиға болды.
1462 жылы Есен-Бұғаның өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің позициясы жерлілікті Жетісу халқының билікті мойындауының нәтижесінде күшейе бастайды. Бұның барлығы 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуына алып келді. Керей хан мен Жәнібек хан өз есептеріне Жетісу жерлерін қосу арқылы Ақ Орданың иеліктерін үлкейтті.
1468-69 жылдары Қазақ хандығына қарсы жорығы кезінде Әбілқайыр хан қаза тапты. Осыдан кейiн мықты әскери күштері бар және Жетісу жерін толық басқарып отырған Керей хан мен Жәнібек хан Шығыс Дешті Қыпшақты қол астына қаратуға өз күрестерін бастады. Керей хан және оның қолдаушылары саяси және мәдени-экономикалық қатынаста дамыған мықты, дербес мемлекет құру үшін күрестi. Керей хан осы күрестiң жолында қаза тапты. Оның есiмi тарихи деректерде 1473-74 жылдың қысындағы оқиғаға қатысты соңғы рет көрсетіледі. Жәнібек хан 1480 жылы болған шайқастардың бірінде көз жұмады. Соған қарамастан, олар негізін салған мемлекет одан әрі күшейіп, үш ғасыр бойы өмір сүріп, тарихи аренада XVIII ғасырға дейін болады. (Керей мен Жәнібектің ұрпақтары хан атағын XIX ғасырдың ортасына дейін сақтап келген).

Әйтере би Байбекұлы(1644-1700) -Кіші жүздің биі (төрешісі).
Әйтеке би ішкі және сыртқы саясатқа байланысты мемлекеттiк істерді шешу кезінде хандық кеңесте маңызды рөл ойнады. Қазақ халқының бірлікте өмір сүруіне, жақсы жарақтандырылған әскер қатарын құруға өз үлесін қосты. Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бiрі болды. Араб, парсы, шағатай және өзбек тілдерін жетік білді.
Қазіргі Өзбекстан аумағында Науаи облысында Нұрата қаласында жерленген, сол жерде шағын мавзолей көтерілген.

Төле би Әлібекұлы(1663-1756) -Ұлы жүздің биі (төрешісі).
Өз заманында өте білімді және шешен адам болған. Көптеген нақылдарды, соттық шешiмдер мен даналық сөздері Төле бимен байланыстырады. Төле би – қазақ халқының әлеуметтік және құқықтық нормаларын заң жүзінде бекіткен “Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастырушылардың бірі.
Ташкентте жерленген. Оның бейітінің үстіне шағын кесене орнатылған.

Әбілқайыр(1693-1748)-Қазыбек би Келдібекұлы(1667-1764) -Ұлы жүздің биі (төрешісі).
Қазыбек ұзақ уақыт бойы Тәуке ханның кезінде хандық кеңестiң беделді мүшелерiнiң бiрi болды. Тәуке ханның өлiмнен кейiн де ол елдiң саяси өмiрiне белсене араласып, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хан кезінде де ішкі және сыртқы саясат бойынша ханның кеңесшісі болды. Қазыбек бидің өмірі туралы деректер А. Левшин, Ш. Уалиханов, Ш. Марджани, Б. Адамбаев, И. Төреқұлов және т.б еңбектерінде сақталған.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апарып жерлеген, басына құлпытас орнатқан.

Абылай хан(1711-1781) -Абылай хан(1711-1781) Әбілқайыр(1693-1748) қолбасшы, дипломат, Кiшi жүздiң ханы.
Жоңғар әскеріне қарсы күрес кезінде Әбілқайыр өзін дұшпанына тойтарыс бере алатын мықты ұйымдастырушы, дарынды қолбасшы ретінде көрсетті. Ол қысқа уақыт ішінде үш жүздің барлық мықты батырларын өз жағына тарта алды.
1723-1729 жылдардағы жоңғар-қазақ соғысы кезінде Әбілқайыр өзінің қол астындағы жерлердің шекарасын кеңейтіп, қазақ тайпаларының әскери өмірінде алдыңғы қатардағы маңызды тұлғаға айналды. 1726 жылы Ордабасыдағы (Оңтүстiк Қазақстан облысы) халық жиналысында қазақ жасағының бас қолбасшысы болып сайланды. Әбілқайыр ханның қолбасшылық дарындылығы Бұланты өзенінің бойында (1728 ж) және Аңырақайда болған жоңғарлармен болған жеңісті шайқаста көрінді.
1726 және 1730 жылдары Әбілқайыр хан Кiшi жүздiң қазақтарын өздерінің қол астына алуын сұрап ресейлiк үкiметке өтініш жасайды. Осыған байланысты ол 1730 жылы Петербург қаласына ресей императоры Анна Иоанновнаға елшi жібереді.
1731 жылы қазанда Әбілқайыр Ресей империясына кіргендігі жөнінде ант береді. Әбілқайыр сауда керуендерiн қорғауға, орыс үкiметiне әскери көмек көрсетуге, былғары және терiмен салық төлеуге келіседі. Бұның орнына ол Ор өзінінің бойына қазақтардың жерін көршi шапқыншылықтар – башқұрт, қалмақ, жайық казактарынын қорғау мақсатында қорған салып беруді сұрады. Әбілқайырдың осылайша қайта құруды жоспарлауының мақсаты - көшпелi елдi басқаруды жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін, мықты көршiлердiң әскери күштеріне қарсы тұра алатын мемлекеттiк жүйенi құру болды.

Абылай хан(1711-1781) қолбасшы, дипломат, Орта жүздiң ханы.
Шын аты - Әбілмансұр. Оның тәрбиесіне Төле би әсер еткен. Жас кезінде Абылай сұлтан жоңғарлармен болған соғыстағы батырлардың бірі болған. Кейін қазақ мемлекетiнің дербестiгін сақтау үшін болған күресті ұйымдастыруда маңызды тұлғаға айналды. Қытай мен Ресей билеушiлерiмен қарым-қатынасын үзбеген. 1771 жылы Орта жүздiң ханы болып сайланады, Абылай іс жүзінде ғана емес, билігі мен абыройының арқасында бүкіл Қазақ ордасының ханы болды.
Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи мешіт-кесенесінде жерленген. Абылай ханның есімі қазақ халқының жадында мемлекеттiк қайраткер, қолбасшы, дипломат, ретінде сақталып қалды.

Кенесары Қасымұлы (Қасымов)(1802-1847) қолбасшы, Қазақ хандығының соңғы ханы.
1837-1847 жылдары Ресейлiк империяның отаршыл билiгiне қарсы қазақ халқының ең iрi көтерiлiсін басқарды. 1841 жылы халық жиналысында бүкіл қазақтың ханы болып сайланады. Қазіргі Қазақстанның оңтүстiгіндегі Майтөбе жеріне қырғыз әскерімен болған шайқаста қаза табады.
Кенесары Қасымұлының тарихта қалдырған ізі оның тәуелсiздiк пен бостандық жолында мықты дұшпандарға қарсы күресте қиын жағдайда қазақтарды дайындап, олардың басын қосып біріктіру еді.

Құрманғазы Сағырбайұлы(1823-1896) домбырашы, композитор.
Бөкей Ордасында, Жиделі жерінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы) кедей отбасында дүниеге келген. Бала кезінен домбыра ойнаған.
Ресейлiк империяның отаршыл билiгiне және оны жақтаған Жәңгір ханға қарсы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасы қазақтары халық көтерiлiсiнің куәсі болған. Оның алғашқы күйлерiнiң бiрi “Кішкентай” күйі осы көтерiлiстiң қатысушыларына арналған. Халықтың қайғысы мен мұңын, өз жеріне деген ыстық махаббатын, халықтың тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылуын күйші “Алатау” және “Сарыарқа” күйлерінде береді. Құрманғазы қазақ музыкасы, музыканттары және халық аспаптары туралы деректерді жинаған орыстың озық мәдениетiнiң өкiлдерiмен – филолог, тарихшы, этнографтарымен таныс болған.
Біздің заманымызға дейін Құрманғазының шамамен 60 күйі сақталып қалған. Оның шығармашылығының шыңы - қазақ даласының шексiз кеңістігін суреттейін, әдемі әсер беретін "Сарыарқа" күйі болып саналады.
Қазіргі Ресейдің Астрахан облысы, Володарский ауданы, Алтынжар селосында жерленген.

Шоқан Уалиханов(1835-1865) шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, аудармашы, саяхатшы.
Шыңғыс ханның ұрпағы, Абылай ханның шөбересі. Омскідегі кадет корпусының түлегі.
Орыс императорлық әскерiнiң кадрлық офицерлігіне оқып жүрген кезінде Батыс-Сiбiр губерниясы генерал-губернаторында адъютант болып қызмет етіп, барлау тапсырмаларын орындады. Ол сонымен қатар ғылыми зерттеулермен де шұғылданып, Орталық Азияның шеткі аймақтарына саяхат жасады. Семей қаласына соңғы келген кезінде орыстың ұлы жазушысы Ф. Достоевскиймен араласты. Қырғыздың атақты “Манас” эпосын алғаш хатқа түсіргендердің бірі болып саналады.
1858–1859 жылдары өзіне батыл саяхатшы атағын сыйлаған Қашқарияға сапар шегеді. Еуропаға әлі бейтаныс болған өлкенің географиясын, тарихын, саяси құрылымын, мәдениеті мен тұрмысының ерекшелігін зерттеу арқылы Ш. Уалиханов Шығыс Түркiстанның ғылыми зерттеуiне маңызды үлес қосты.
Өзінің соңына көлемдi әдеби мұра қалдырды. Қысқа ғұмырында ол Орталық Азия мен Қазақстан халқының тарихына, географиясына, этнографиясына арнаған құнды еңбектер жазып қалдырды, сонымен қатар қоғамдық-саяси тақырыптарда да көптеген шығармалар жазды. Шоқан жастығына қарамастан жаңа ғылымды зерттеуде ерекше жол тапқан, энциклопедиялық ақылы бар, қалыптасқан ірі ғалым еді.
29 жасында туберкулез ауруынан қаза тапқан.

Абай Құнанбайұлы(1845-1904) ақын, ағартушы, философ. Қазақ жазба әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін салушы.
Қазақ халқының арасында кең танымал лирикалық, философиялық, тұрмыстық, тарихи тақырыптағы көптеген әндердің, өлеңдер мен поэмалардың авторы. А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, И. Гете, Дж. Байрон, А. Мицкевич және т.б шетелдік ұлы ақындардың өлеңдеріне аударма жасаған.
Абайдың көркем прозаның дамуына қосқан басты үлесі - оның “Қара сөздері” (1890-1898). Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, олардың қатарында орыс, қытай, ағылшын, француз, немiс, поляк және т.б тілдер бар.
Қазақстанда Абайдың аты қалаға, ауылдарға, көшелерге, театрларға, кітапханаларға және тағы басқа нысандарға берілген. Қазақ мемлекеттiк опера және балет академиялық театры, Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қазақстан қалаларының және кейбір шетел қалаларының көшелері, Іле Алатауының бір шыңы Абай атымен аталады. Қазақстанның ондаған қалалары мен ауылдарында, сонымен қатар Мәскеуде, Пекинде, Ташкентте, Витебскте, Будапештте, Тегеранда және Стамбулда Абайдың мүсiндерi мен ескерткiштері орнатылған.
Абайдың 150-жылдығына арналған арнайы мерекелік шаралар ЮНЕСКО басшылығымен аталып өтті.

Андрей Зенков(1863-1936) атақты сәулетші, инженер.
Тобыл қаласында дүниеге келген. Оның әкесі де сәулетші болған. 1867 жылы отбасы Верныйға (қазіргі Алматы) көшіп келіп, осы жерде әкесі құрылыс жобасын дайындаушылардың бірі болады. Алматыдағы жер сілкінуге қарсы құрылысты ұйымдастырушы. Оның салған ғимараттары, соның ішінде Вознесенский кафедралы соборы 1911 жылы болған ең күштi жер сiлкiнiсi кезінде бұзылмаған.
1920 жылдары А. Зенков Азамат соғысы кезінде қалалық шаруашылықта қираған ғимараттарды - нан наубайханасын, эпидемияға қарсы бөлімшелерді, госпитальдар мен бала-бақша мекемелерін қалпына келтірумен айналысты. 1925 жылы ҚазССР халық комиссарлар кеңесінде құрылыс бақылауы басқармасының бастығы болып тағайындалады. Республика астанасы Қызылордадан Алматыға көшуіне байланысты қала құрылысының бірінші жобасын жасау ісіне қатысты.
Алматы қаласындағы Орталық зиратта жерленген.

Әлихан Бөкейханов(1866-1937) мемлекеттiк және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист, этнограф.
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Оның білімге деген құштарлығы мен еңбексүйгiштiгі Омскідегі техникалық училище мен Санкт-Петербург Императорлық Орман институтында білім алып, оны сәтті аяқтауына мүмкiндiк бердi. Ресейде білім ала жүріп, Әлихан орыс интеллигенциясының өкiлдерiмен жақын араласты. Оның достарының арасында Г. Потанин сияқты ғалымдар, Ф. Щербина, С. Шевцов, В. Бартольд және В. Радлов сияқты академиктер болды.
Өзі төрт ғылыми экспедицияға қатысқан. 50-ден аса ғылыми-зерттеу еңбектердің, монография мен очерктердің, 1000-нан аса мақалалардың авторы. Бөкейханов - 1905-1907 жылдары Ресей империясының отаршыл билiктерiне саяси талаптар көрсетілген “Қарқаралы петициясының” авторларының бірі және бастамашысы, Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (қысқ. кадеттер партиясы) Омск қалалық және Ақмола облыстың комитетінің ұйымдастырушыларының және жетекшілерінің бірі, Семейде және Қарқаралыда кадеттер партиясының қазақ филиалының негізін салушы, 1905 жылы қарашада Мәскеуде болған Ресей империясының жергілікті және қалалық қайраткерлер съезінің депутаты. 1906 жылдың қаңтар-сәуiр аралығында павлодардық және омсктік түрмеде 4 айын өткізіп, таңдаушылар сайлауына байланысты босатылған.
1917 жылдың наурызында Торғай облысы бойынша Уақытша үкімет комиссары болып тағайындалған, Түркістан өңірін басқару бойынша Уақытша үкіметтің мүшесі болған.
1917 жылдың шілде-жетоқсан аралығында Орынбордағы І және ІІ Бүкілқазақтық съезді ұйымдастырып, ресейлiк мемлекет құрамында қазақтардың ұлттық автономиясы - Алаш Орданы құрудың қажеттігін және оның мүмкіндігін насихаттады.
1917-1920 жылдары Алаш Орда әскерінің әскери жасағын құруға қатысып, бүкіл Ресейге қарайтын үкіметтермен (Сiбiр автономиясы, Уфа директориясы, адмирал Колчактың Осмк үкiметi) келiссөздер жүргiзді.
1920 жылы Кеңес өкiметiн мойындады. 1922-1927 жылдары Мәскеу және Ленинградтың академиялық мекемелерiнде ғылыми, педагогикалық және әдеби-публицистикалық қызметпен шұғылданды.
1927 жылдың қазанынан бастап 1937 жылдың шілдесіне дейін Мәскеуде үй қамауында болды. 1937 жылдың 26 шiлдесінде тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қамалады. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде “Мәскеуде және Қазақстанда контрреволюциялық ұйымдарды құрып, басқарған” деген бұрмалаған айыптаулар бойынша өлiм жазасына кесіліп, сол күні атылады. Мәскеудегі Дон зиратынды жерленген.

Иван Панфилов(1893-1941) әскер басшысы, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры.
1893 жылдың 1 қаңтарында Петровск қаласында (Саратов облысы) дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. 1918 жылдан бастап Қызыл армияға қызмет еткен. 1941 жылдың 14 шiлдесінде 316-шы атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. Қысқа мерзiмде дивизия құрылып, майданға аттандырылды. Бұл дивизия Алматы және Фрунзе (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) қалаларының тұрғындарынан тұрды. И. Панфиловтың өзі 18 қарашада Мәскеудi қорғау кезінде мина сынықтарынан болған жарақаттан қаза тапты.
КССО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1942 жылғы 12 сәуiрдегі жарлығы бойынша немiс басқыншыларымен күресте көрсеткен ерлігі, басшылық тапсырмаларын үлгiлi орындауына байланысты И.П. Панфиловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қаза тапқан соң). Ленин, Қызыл ту ордендерiмен, медальдармен марапатталған. Мәскеуде жерленген.
Оның есiмi дивизиялар мен Орталық Азияның көптеген мектептеріне берілген. Мәскеуде Батырдың есіміне көше мен даңғыл берілген. Алматы қаласында орталық парк те панфиловшы-батырлардың атымен аталады.

Мәншүк Мәметова(1922-1943) пулеметшi, Кеңес Одағының Батыры.
Шын есiмі – Мансия Мамытова. 1942 жылдың 13 тамызында өз еркімен майданға аттанған. Ұрыстарға 100-шi атқыштар бригадасы мен 21-атқыштар дивизиясының құрамында қатысты. Аға сержант, пулемет есебiнің командирі. 1943 жылдың 15 қазанында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста, пулеметшілерден жалғыз болған Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, 70 қарсыласын қан құштырып, ауыр жарақатынан қаһармандықпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Мәншүкке Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атындағы көшелер мен ондаған мектептер бар. Оның туған жерінде және Невель қаласында ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай-үй ашылған. М. Мәметоваға «Мәншүк туралы ән» аты көркем фильм арналған (сценарийін жазған А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин).

Әлия Молдағұлова(1925-1944) мерген, Кеңес Одағының Батыры.
2-ші Балтық маңы фронты, 22-әскер, 54-ші жеке атқыш бригадасының мергенi, ефрейтор. Ол жаудың 78 жауынгері мен офицерлерiнің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында ауыр жарақат алып, қаза тапқан. Мина сынығынын жарақаттанған қолына қарамастан, неміс жауынгерлерімен шайқасып, екі рет ауыр жарақат алады. Екінші жарақаты өлімге алып келеді. 1944 жылдың 4 маусымында Ә.Молдағұловаға қаза тапқаннан кейін, Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Сонымен бiрге Ленин орденімен марапатталды.

Мұхтар Әуезов(1897-1961) жазушы, драматург, ғалым-филолог.
Семей өлкесінде, қазақтың ұлы ақыны Абаймен туыс отбасында дүниеге келген. Семей мұғалiмдер семинариясында оқып, кейін Ленинград мемлекеттiк университетiн бiтірген. Жас кезінде руаралық араздықтың кесірінен болған баянсыз мәңгі махаббат тақырыбында театрланған “Еңлік-Кебек” пьесасын жазды.
1920 жылдары Қазақстанның саяси өмiрiне белсендi араласты, коммунистiк партияның мүшесі болды, сонымен қатар, бұрынғы “Алаш Орда” ұлттық үкіметінің жақтастырымен де жақын араласты. Осы ісі үшін 1930 жылдардың басында саяси қуғын-сүргiнге ұшырады. Ғылыми және педагогикалық қызметпен белсендi шұғылданып жүріп, жаңа шығармаларын жазды.
1942 пен 1954 жылдар аралығында қазақ халқының тарихына және ұлы ақынның өмір жолына арналған 4 томдық «Абай жолы» романын жазды. Эпикалық роман көптің көңілінен шығып, көп ұзамай қазақ әдебиетiнiң ең маңызды жетiстiгi ретінде мойындалды. Бұл еңбегі үшін 1959 жылы СССР жоғарғы әдеби наградасы – Ленин сыйлығымен марапатталды.
Бірнеше романдардың, 20-дан аса пьесаның, көптеген повесттер мен әңгімелердің авторы.

Қаныш Сәтбаев(1899-1964) ғалым-геолог, ғылым және экономиканы ұйымдастырушы.
Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы. 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1926 жылы Томск технологиялық институтын сәтті аяқтап, дипломын алған соң, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімін басқарған. Бұл қызметі кезінде Жезқазған және Ұлытау аудандарында пайдалы қазбалар қорын жоспарлау бойынша Қазақ ССР стационарлық жұмыстарын алғаш жүргізді.
Қ. Сәтбаевтың еңбегінің арқасында 1937 жылы мыс қоры бойынша Жезқазғанды әлемдегі ең ірі мыс өндірілетін жер деп атауға мүмкіндік туды. Осы жерде Жезқазған тау-металлургиялық комбинат салынды.
1941 жылы Қ. Сәтбаев КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, бір жылдан соң КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған. Осы жылдары ол Қазақстандық Магнитка, Балқаш, Атасу тау-кен комбинаттарын жобалау мен салуға баса назар аударды. 1946 жылы маусымда Қ.Сәтбаев Қазақстан ғылым Академиясының бiрiншi президентi болып сайланды. Сол жылдың қазанында КСРО ғылым Академияның академигi болып сайланды. Ол Маңғыстау түбегінің табиғи ресурстарын кешендi зерттеуді, көмiр, мұнай, газ, қара металлургия кендерiнің жаңа орындарын зерттеуді өзі басқарып, Ертіс-Қарағанды арнасының құрылысын қолдады. Қазақтың тарихын, мәдениетін, этнографиясын, музыка мен фольклорын өте жақсы білді. Оның орталық Қазақстанның аумағына жасаған археологиялық ізденістері мен әдебиет және педагогика бойынша жазған еңбектері де белгілі.
1958 жылы методологиялық негiздi әзірлеген және бір топ қазақстандық ғалымдармен орталық Қазақстанның болжалды металургиялық карталарын жасаған еңбегі үшін СССР жоғарғы ғылыми наградасы – Ленин сыйлығымен марапатталды.
Алматы қаласында жерленген.

Дінмұхамед Қонаев(1912-1993) мемлекеттiк қайраткер, ғалым.
Мәскеу түсті металл және алтын институтын бітірген (1936). Техникалық ғылымдар докторы (1969), Қазақстанның ғылым Академиясының академигi.
1936-1942 жылдары Алтай, Риддер, Лениногор кенiштерінде басқару қызметтерін атқарған.
1942-1952 жылдары – ҚазКСР халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары, ҚазССР министрлерінің кеңесшісі болған. 1952 жылы сәуiрде Қазақстан Ғылым Академиясының Президентi болып сайланды. 1955-1960 жылдары және 1962-1964 жылдары ҚазССР министрлер Кеңесiнің төрағасы болды.
1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болды. Үш мәрте Социалистік еңбек Ері атанды (1972, 1976, 1982).
Д. Қонаев жоғарғы лауазымда болған 45 жылының шамамен 25 жылында Қазақстанның бiрiншi басшысы болды. Ол республиканың әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосты. Қазақстанда Д.Қонаевтың қатысуымен көптеген iрi өнеркәсiптік кәсiпорындар салынып, жаңа жоғары оқу орындары, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары ашылған. Республика басшысы көптеген қазақстандық ғалымдардың, әдебиетшiлер мен суретшiлердің, кинематографтардың шығармашылығын шыңдауды да қолдады. Д. Қонаевтың атына Кен істері институты, еліміздегі көптеген мектептер мен көшелеріне, Алматыдағы университетке берілген. Алматыда Қонаев мұражай-үйі ашылған. 8 Ленин орденімен және басқа да орден, медалдармен марапатталған.

Батырхан Шукенов(1962-2015) атақты әнші және композитор.
Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Н.К. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түскен. Сол жылдары ол бірнеше музыкалық аспаптарды меңгенген болатын, солардың бірі – саксофон.
1981 жылы Б. Шукенов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, осы жерде кәсіби музыкалық білім алады. 1983 жылы «Арай» музыкалық топ құрамында Эстрада әртiстерінің Жетiншi Бүкiлодақтық байқауында лауреат атағымен марапатталады.
1987 жылы достары В. Миклошич, Б. Сыздықов, Н. Вильданов және Б. Серкебаевпен бірге «Алма-Ата» тобын құрады. «Путь без остановок» атты бірінші ән жинағы шыққаннан бастап, топтың аты «Алма-Ата студио» деп өзгертіліп, кейін «А-Студио» болып қысқартылады. Ұжымның танымалдығы 1990 жылдары «Джулия» хитімен басталды. Топтың шығармашылық белсенділігі мен Б. Шукеновтың жеке белсенділігін атақты ресейлік әнші А. Пугачеваның өзі қолдады. 2000 жылдары әнші шығармашылық Батыр есімімен өзінің жеке карьерасын бастады. Өзінің шығармашылық жолында ол әндерді қазақ тілінде де, орыс тілінде де шырқады. Шығармашылық жұмыстары мен концерттік бағдарламаларын Қазақстанда да, Ресейде де жүргізіп тұрды.
2015 жылдың 29 сәуірі түнде Мәскеуде көз жұмды. Алматыда жерленді. Сүйікті әншіні ақтық сапарға шығарып салу үшін мыңдаған тыңдармандары келді. Б. Шукеновтың шығармашылығын құрметтейтін тыңдармандары оны қол соғып, ең танымал әні «Джулияны» айтып, шығарып салды.
Б. Шукеновтың әндері барлық бұрынғы кеңестік қашықтықтан радиолардан беріліп жүр және оның әндері үлкен танымалдыққа ие.