This resolution is not supported.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

Бүгінгі таңда әлемдiк қоғамдастықта еліміздегі ұлтаралық татулық пен толеранттылық Қазақстанның айнасы болып отыр. Өзге халықтың тілін, мәдениетін, дәстүрін сыйлау – көп ұлтты мемлекеттегі негізгі қағидалардың бірі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 17,4 млн-нан аса адам өмір сүріп жатыр, жер ауқымына шаққанда, бұл айтарлықтай көп емес. Алайда, Қазақстанды мекен еткен этностардың санын есепке алатын болсақ, Қазақстан әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің алдыңғы қатарынан орын алады.

2009 жылғы халық санағының мәліметі бойынша саны жағынан ең көп этнос қазақтар болып табылады, оның үлесі 63,1 % құрайды. Басқа этникалық топтарға келетін болсақ, орыстар – 23,7 %, өзбектер – 2,8 %, украиндар – 2,1%, ұйғырлар – 1,4 %, татарлар – 1,3 %, немiстер – 1,1 %, басқа этностар – 4,5 %.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстанның барлық этникалық топтарының өкiлдерi саясатқа белсене араласады, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы да маңызды рөл атқарады.
Ассамблея Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 1995 жылдың 1-наурызындағы жарлығына сәйкес консультациялық - кеңесші орган болып құрылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын Тұңғыш Президентіміз 1992 жылы Тәуелсiздiктiң бiр жылдық тойына арналған Қазақстан халықтарының Бiрiншi форумында айтқан болатын.
Қазақстан халық Ассамблеясының төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болып табылады.

Ассамблеяның жоғарғы органы Президент төрағалығымен жүргізілетін сессия болып есептеледі. Оның барлық шешімдерін мемлекеттiк органдар міндетті түрде қарастырады.
Ассамблеяның басты ерекшелiктерiнiң бiрi - этникалық топтардың қызығушылықтарын жоғарғы заң шығарушы орган – парламентте қарастыратындығы. Ассамблея Парламент Мәжілісінде 9 депутатты сайлайды (төменгі палата). Ассамблея сайлаған депутаттар барлық этностардың атынан сөз сөйлейді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Президент әкімшілігінде жұмысшы орган болып есептеледі.
Сонымен қатар Қазақстан халық Ассамблеясының құрылымына мыналар кіреді:
- Ғылыми-сараптамалық кеңес;
- Этносаралық қатынастарды шешуге арналған журналистер мен экспорттардың клубы;
- «ҚХА фонды» қоғамдық фонды;
- Инновациялық технологиялармен тілді үйрететін «Тілдарын» әдiстемелiк орталығы;
- Кәсiпкерлер қауымдастығы.

Қазіргі таңда Қазақстанда тек өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде білім беретін 88 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Еліміздегі 108 мектепте 22 этностың тілі таңдау пәні ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, тек балалар ғана емес, ересектерге де арналған 195 арнайы лингвистикалық орталықтар ашылған. Ол жерде 30 этностың тілі оқытылады.

Достық үйі барлық аймақта қарастырылған, мысалы Алматыда «Достық Үйі» болса, Астанада – Тәуелсіздік және келісім Сарайы.

ДІН

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Қазақстан Конституциясы ар-ұждан бостандығына кепiлдiк бередi.
Дiн қазақстандықтар үшін маңызды рөл атқарады. Соңғы 2009 жылы өткізілген ұлттық санақтың нәтижелеріне назар аударар болсақ, Қазақстан тұрғындарының 3 %-дан азы ғана өздерін атеистпіз деп есептейді, басқаларды - Құдайға сенушілер.

2015 жылдың сәуiрінде жүргізілген ресми санақтың нәтижелері бойынша Қазақстанда әр түрлi 18 конфессиялар және 3 500-ден аса дiни бiрлестiктер жұмыс жасайды.

Бұл конфессиялардың ішінде сүннит бағытындағы ислам мен православиелiк христиандық ең ірі конфессия болып есептеледі.

Ислам

Қазақстанда тұрғындардың басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. 2009 жылғы санақ мәліметі бойынша халықтың 70 %- ислам дінін ұстанады.
Қазақстанда ислам дінінің ханифа мазхабы маңызды рөл атқарады. Исламның дәл осы тармағын елдегі мұсылмандардың, соның ішінде қазақтардың көпшiлiгі ұстанады.
Елдегі мұсылмандардың басты дiни бiрлестiгі Бас Мүфтимен басқарылатын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы болып табылады.
2012 жылдың аяғында елімізде 2200 шақты мешіт жұмыс жасаған: олардың көпшілігі Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында орналасқан.
Қазақстандағы ең ірі мешіт болып Астана қаласындағы Әзірет-Сұлтан мешіті саналады.

Христиан

Қазақстан тұрғындарының шамамен 30 %-ы христиандар болып табылады. Елдегі христиандардың басым көпшілігі православияны ұстанады. Бұл мемлекетте өмір сүріп жатырған христиан дінін ұстанатын орыс халқының көптігімен тікелей байланысты.
Дін істері Комитетінің мәліметіне сүйенер болсақ, Қазақстанда 9 епархияны қоса санағанда 300-ге тарта православиялық діннің бірлестіктері бар. Олардың барлығы Астана қаласындағы Қазақстандық митрополичьтік орталыққа жатады.
Орыс православиелiк шiркеулерден басқа, Қазақстанда Армян шіркеуі және 8 ескі ғұрыптық шiркеулер жұмыс жасайды.
Қазақстанда кең тараған христиан дінінің тағы бір тармағы католиктiк болып табылады, бұл бағытты ұстанушыларға немiстер мен поляктарды жатқызуға болады. Елімізде Римдiк католик шiркеуiнiң 80-нен аса одағы бар, олардың саны бойынша Солтүстiк Қазақстан және Қарағанды облысы алдыңғы қатарда.
Қазақстанда протестантизм бiртектi дамымаған: оның құрамына ескі конфессиялар да (лютеран, меннонит, баптист, т.б.), жаңа конфессиялар да, дәстүрлi емес қауымдар да кіреді. Протестанттық бірлестіктер көбісі iрi қалаларда, оның ішінде солтүстiк пен еліміздің орталығында орналасқан.

Буддизм

Қазақстанда буддизм ислам және христиан діні секілді кең тарамаған. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы үлесі бар болағаны 0,1 % пайызды құрайды. Буддизмді ұстанатындардың көпшілігі корей және қалмақ этносының өкілдері.
Қазіргі таңда будда дінінің бірлестіктері Қазақстанда Алматы және Орал қалаларында ғана орналасқан.
Алайда будда дінінің ауқымы тар болса да, Қазақстанда бұл діннің өз тарихы және буддалық ескерткіштері де бар. Олардың қатарына Алматы облысындағы Тамғалы-Тас мекенін жатқызуға болады.

Иудаизм

2009 жылы өткізілген халық санағы бойынша, иудаизм дінін Қазақстанда тұрғындардың 0,03 %-ы ұстанады.
Еврей қауымдары Қазақстанның аумағында ерте орта ғасырдан басталған және Ұлы Жiбек жолындағы сауда мен мәдениеттің дамуымен тікелей байланысты болған. Еврейлер қауымы XVIII - XIX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтары кірген Бұхар эмиратында, Хиуа жәнен Қоқан хандықтарында да болған.
Алғашқы синагоганың ашылуы туралы мәліметтер 1884 жылы Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуынан кейін пайда болған (Верный қаласында, қазіргі Алматы).
Қазіргі таңда елімізде 6 иудаизм дінінің бірлестігі бар және 5 синагог жұмыс жасайды. Олар Астана, Алматы, Өскемен, Қостанай және Павлодар қалаларында орналасқан.

Әлемдік және дәстүрлi дiндер жетекшілерінің съезді

Конфессияаралық және этносаралық үйлесімділікті сақтауға бағытталған ішкi саясаттың басымдығы әлемдiк және аймақтық тұрақтылықты күшейтудегі өз саясатының шеңберiнде Қазақстанның сыртқы саяси белсендiлiгiне ықпал етіп, бұл басымдылықтардың ғаламдық масштабта таралуы үшін жұмыс жасайды.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлi дiндер жетекшілерінің съездін Қазақстанда өткiзу туралы бастамасы әлемдiк аренада үлкен қызығушылық туғызды. Бұл идеяға көптеген дiни конфессиялардың жетекшiлерi, iрi мемлекеттердің басшылары және саясаткерлер қолдау көрсетті.
І Әлемдік және дәстүрлi дiндер жетекшілерінің съезді 2003 жылдың 23-24-қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген. Бұл съездке 17 діни бірлестіктердің, яғни ислам, христиан, будда, иудаизм, индуизм, синтоизм, даосизм және басқа да діни конфессиялардың өкілдері мен Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінің 13 мемлекет қатысқан.
Форум барлық планетаның адамдарына қолайды өмірді қамтамасыз ететін әр түрлi дiн өкiлдерiнің бiрлігі мен ынтымақтастығына байланысты идеяның iске асырылуының қажеттiлігі мен өзектiлiгін дәлелдеді.
Содан бері Әлемдік және дәстүрлi дiндер жетекшілерінің съезді Астана қаласында үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бұл шараның шеңберінде әртүрлі діндер арасында туындаған өзекті мәселелер қарастырылады.
2015 жылдың 10-11-шілдесінде V Әлемдік және дәстүрлi дiндер жетекшілерінің съезді өтті. Бұған әлемнің 42 мемлекетінен 80 делегация қатысты. Съездің басты тақырыбы тең, әдiл және бейбіт өмір сүру барысындағы дін жетекшілері мен саясаткерлердің диалогы болды.
Сонымен бiрге съезд жұмысына БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ бас хатшылары, Иордания королі мен Финляндия президенті қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша съезд қатысушыларның Декларациясы қабылданған. Қарастырылған 16 бөлімнің ішінен әлемдегі қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында дiни жетекшiлердiң саяси қайраткермен, халықаралық ұйымдармен, азаматтық қоғаммен қарым-қатынасын нығайтуға шақыруды атап өтуге болады.

МЕРЕКЕЛЕР

Күн санап өркендеп келе жатқан жас мемлекетте тамыры тереңге жайылған тарихы бар көпұлтты халқы қазіргі таңда Қазақстанда тойланып жүрген мерекелерді қалыптастырған.
Мерекелердің ішіндегі ең атаулысы – Тәуелсіздік күні. Бұл – бүгінгі таңда ұлттық дәрежеде тойланатын, «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңында» бекітілген жалғыз мереке.

Мұндай дәреже мереке тарихи мәнге ие болған кезде немесе Қазақстан Республикасының дамуына ерекше әсер еткен кезде беріледі. Оның тағы бір ерекшелігі, бұл мереке екі күн қатарынан, яғни 16-17 желтоқсан күндері тойланады.
Қазақстанда ұлттық мерекелермен қатар мемлекеттік мерекелер де назардан тыс қалмайды. Мұндай мерекелер қоғамдық-саяси мәнге ие болған оқиғаларға және дәстүр бойынша тойланатын күндерге арналады.
Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттің арнайы әлеуметтік топтарына арналған кәсіби, діни, этникалық және тағы басқа мерекелері де көптеп тойланады. Атап өту керек, Қазақстанда толеранттық, этностар арасындағы сыйластық жақсы дамығандықтан, мерекелер үлкен ауқымда және өте көңілді өтеді.
Мемлекеттiк және ұлттық мерекелер үшін мерекелiк шаралар ұйымдастырылып, демалыс күндерi беріледі. Сонымен қатар, Қазақстан зайырлы мемлекет болып саналса да, ең iрi екi конфессияның - мұсылман мен православиенің діни мерекелеріне екi ресми демалыс күндерi қарастырылған. Олар: Құрбан-айт және Рождество Христово. Бұл күндерге мемлекеттік мереке дәрежесі берілмеген, алайда 2005 жылдан бері ресми түрде демалыс күндері болып есептеледі.

Қазақстанның мерекелер күнтiзбесі

1-қаңтар – Жаңа жыл (мемлекеттік мереке)
Қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі. 31-желтоқсан мен 1-қаңтар аралығындағы түнде олар отбасының немесе достарының ортасында болады. Түн 1-қаңтарға ауған сәтте адамдар далаға шығып, отшашуларды шашады.

7 –қаңтар – Рождество Христово (ресми демалыс күн).
Бұл күні православиелiк христиандар шiркеуге барып, құдайға құлшылық етеді.

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні (мемлекеттік мереке).
Бұл күні немесе мерекенің алдында әйел адамдарына сыйлықтар беріліп, еңбектері бағаланады.

22-наурыз – Наурыз (мемлекеттік мереке).
«Наурыз» мерекесі Қазақстанда 21-23-наурыз аралығында тойланады. Күн күнтізбесі бойынша бұл күн жылдың басы болып есептеледі. Көптеген түрік, иран халықтарында Жаңа жыл 21-наурызда басталады.
Бұл күні барлық қалалар мен ауыл-аймақтарда киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархандар жайылады. Мереке күні дайындалатын басты тамақ – «наурыз көже», ол жеті түрлі тағамнан тұрады – су, ет, тұз, май, ұн, дәндер және сүт. Халық түсінігінде бұл – өмірдің жеті элеметін білдіреді.

1-мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні (мемлекеттік мереке).
Бұл күні мерекелік шараларға барып, Қазақстанда өмір сүретін өзге этностардың мәдениетімен жақынырақ танысуға болады. Этномәдени отралықтар мерекелік кештер ұйымдастырып, келген қонақтарға ұлттық би мен әннен шашу шашып, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынады.

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні (мемлекеттік мереке).
1992 жылдың 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті ҚР Қарушы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған. Сондықтан бұл күні әскери адамдарды және қазақстандық әскерде Отан алдындағы борышын өтеген әрбір азаматты құттықтайды.

9-мамыр – Жеңіс күні (мемлекеттік мереке).
1945 жылдың 9-мамыр күні - Ұлы Отан Соғысының аяқталған күні. 1941-1945 жылдар аралығында болған бұл Соғыс қазақстандық бір отбасын да айналып өтпеді. майданға 1,19 млн қазақстандық яғни, барлық түрғындардың 20 %-ы аттанған. Олардың ішінен 602 мыңға жуық адам майдан даласында қаза тапқан. 9-мамыр күні Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне тағзым етіп, қаза тапқан жауынгерлерді еске алады.

6-шілде – Астана күні (мемлекеттік мереке).
1994 жылдың 6-шілдесінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Кейін қаланың аты Астана болып өзгертілді.

30-тамыз - Конституция күні (мемлекеттік мереке).
Мереке 1995 жылдың 30-тамызында өткен Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдауға арналған жалпы ұлттық референдумда байланысты тойланады.

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні (мемлекеттік мереке).
1991 жылдың 1-желтоқсанында өткен бiрiншi бүкiлхалықтық Президент сайлауына байланысты тойланады.

16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні (ұлттық мереке)
Бұл мереке 1991 жылдың 16-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға байланысты екі күн – 16-17-желтоқсанда тойланады.

Құрбан Айт – ай күнтізбесіне байланысты күндері ауысып отырады (ресми демалыс күні).
Мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі. Бұл күні мұсылмандар бір малды құрбандыққа шалады: ешкі, сиыр, қой немесе түйені. Құрбандыққа шалынған малдың етін жетімдерге, кәрі кісілерге немесе көмекке мұқтаж отбасыларға таратып береді. Құрбан айт күні үйге қонақ шақырып, басқа үйлерге де қонаққа барады.

СПОРТ

Қазақстанда әр түрлi спорт түрлерi белсенді дамып келеді. Спортпен айналысатындар қатарында жоғары деңгейлі кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да бар.
Қазақстандықтардың қызығушылығын тудыратын спорт түрлері: бокс, күрес, дзюдо, велоспорт, футбол, баскетбол, шайбалы хоккей, ат жарыс, ауыр атлетика, шаңғы жарысы және тағы басқалар.
Бұл тарихи оқиғалармен, сонымен бiрге, қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетiстiктерiмен де байланысты. Велосипедшi А. Винокуровтың 2006 жылы өткен «Вуэльта Испания» халықаралық жарысындағы жеңісі мен 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісі халық арасында велоспорттың танымалдылығын күшейте түсті.
Әр түрлi жылдарда өткен Олимпиада ойындары мен бокстан әлем чемпионаттарында алтын жүлде иеленген С. Қонақбаев, Ж. Ыбырайымов, Б. Саттарханов, Б. Артаев, С. Сапиев, В. Жиров, Г. Головкин сияқты спортшылардың жеңістері Қазақстан спортының дамуына жаңа толқынды алып келді.
Атап өту керек, қазақстандық спортшылар жетістіктерінің арқасында жастар арасындағы салауатты өмір салты жақсарып қана қоймайды, сонымен қатар, әлемдiк аренада елдiң танымалдылығы жоғарылайды, бұл келешекте елдiң инвестициялық және туристтiк әлеуетінің жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Қазiргi Қазақстанның спорттағы жетiстiктерi

Елдегі күрделi экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстанда тәуелсiздiктiң алғашқы күндерінен бастап спорттың дамуына баса назар аударылды. 1992 жылдан бастан Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық спорт ареналарына шыға бастады.

Олимпиада ойындары

Қазақстанның алғашқы дербес спорт делегациясы 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.
Қазақстанның тәуелсiздiк жылдарында спортшыларымыз қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күмiс, 3 қола жүлдені, ал жазғы Олимпиадада – 16 алтын, 17 күмiс, 19 қола жүлдені иеленді.
2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы медальдық есепте жоғарғы 12-орынға көтерілді. Қазақстандық спортшылар сол жарыстарда 13 жүлде иеленді. Олардың ішінде: жетi алтын, бiр күмiс, бес қола. Отандық спортшылар 4 әлемдiк, 7 олимпиадалық рекорд орнатып, бұл көрсеткiш бойынша ең ірі мемлекеттер - АҚШ, Қытай, Ресейден кейінгі төртінші орынды алды.
2014 жылы Сочи қаласында өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан командасы мәнерлеп сырғанау бойынша бір қола медаль алды.

Азия ойындары

Қазақстандық спортшылар алты жазғы Азия ойындарына қатысқан (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдары). Бұл ойындарда 138 алтын, 141 күміс, 200 қола – барлығы 479 жүлде иеленген.
Қазақстандық спортшылар бес қысқы Азия ойындарынды (1996, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары) 69 алтын, 51 күміс, 44 қола - барлығы 164 жүлде иеленген.
VII Қысқы Азия Ойындары Қазақстанда 2011 жылдың 30 қаңтар - 6 ақпан аралығында Алматы және Астана қалаларында өткізілді. Көрермендер мен сайыскерлердiң бағалаулары бойынша бұл шараның ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары болған. Әсіресе, “Астана Арена” стадионында өткен Ойындардың ашылу салтанаты ерекше есте қалды.
Жарысқа Азияның 26 мемлетінің намысын қорғаған 1134 спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 69 жүлде жинақтарына таласты.
Қазақстан атлеттерi бұл ойында алғашқы рет медальдық есепте жалпы командалық орын бойынша бірінші орын алды: 32 алтын, 21 күміс және 17 қола жүлде.

1992 жылдан 2014 жылдың соңына дейін олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның 43 спортшысы әлем чемпиондары атанып, 42 спортшы күмiс жүлдегер, 67 спортшы қола жүлдегері атанған. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша барлық әлем чемпионаттарында 152 медаль иеленген.

Жаңа жетiстiктер

Соңғы жылдардағы әлемдiк спорттың басты тұлғаларының бiрi - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. 2015 жылдың қазанында боксшы өз карьерасында 34 жекпе-жек өткізіп, 34-інде жеңіске жеткен, оның 31-і нокаутпен аяқталған. 17 нокаут топтамасын өткiзген Головкин қазiргi заманның басты нокаутерлерінің ондығына енген.
2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сапиевтың басшылығымен «Астана Арланс» кәсіби бокс Клубы үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Бұл клуб соңғы үш жылда екі рет АИБА – World Boxing Series жартылай кәсіби бокс лигасында жеңіске жетті.

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында велосипед жарыстары бойынша чемпион атанған Александр Винокуров қазіргі таңда танымал да құрметті қазақстандық спортшылардың бiрi болып табылады. Қазіргі таңда ол 2009 жылы «Tour de France» көпкүндігік жарыста командалық есепте бірінші орынды иеленген «Astana Pro Team» кәсіби велокоманданы басқарады.

Қазақстанның мақтанышы - ауыр атлетика бойынша екi мәрте олимпиада чемпионы және төрт мәрте әлем чемпионы ауыр атлетші Илья Ильин.

2014 жылдың тағы бiр спорт қаhарманы – фигурист Денис Тен. Оның басты жетiстiгi – Сочидегі Олимпиадада иеленген қола медалі.

Қазақстанның тәуелсiздiк жылдарында жалпы ұлттық кешендi шараларды өткiзудiң жүйесi жасалған:
- Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасы;
- Қазақстан Республикасының қысқы Спартакиадасы;
- Қысқы жастар Ойындары;
- Жазғы жастар Ойындары;
- 17 спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне қарай ұйымдастырылатын ұлттық спорт ойындары;
- Мүгедектер арасындағы спартакиада;
- «Ақ бидай» Республикалық ауылдық спорт ойындары;
- Оқушылар мен колледж студенттерінің арасындағы Республикалық жазғы және қысқы Спартакиада.

Спорт жанкүйерлерінің арасында ұлттық қазақша күрес бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесіне “Қазақстан Барысы” (қараңыз 3б4б - Ұлттық ойындар) жарысы, осы күнге дейін әлемнің 33 елінің спортшылары қатысқан халықаралық “Еуразия Барысы” және “Әлем Барысы” жарысы үлкен танымалдылыққа ие.

Қазақстан спортындағы тағы бір жетістік - ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін спорт инфрақұрылымы мен iрi спорт нысандары құрылысының дамуы. Олар: қайта құрылған Медеу мұз айдыны (қараңыз 4б8б), Шымбұлақ тау шаңғы курорты (қараңыз 4б8б), «Астана Арена» стадионы (қараңыз 2б9б), «Сарыарқа» велотрегі (қараңыз 2б9б), «Қарағанды-Арена» мұз сарайы және басқалары.

Қазақстанның басты спорт клубы - «Астана Pro Team» Президенттiк кәсiби спорт клубы. Құрамына келесі елдің үздік тоғыз клубы кіреді: «Pro Team Astana» велокомандасы, “Барыс” хоккей клубы, «Astana Dakar Team» ралли-командасы, «Астана Арланс» кәсіби бокс командасы, баскетбол, футбол, су полосы және ат полосы бойынша “Астана” командасы, ұлттық күресті дамытуға арналған “Қазақстан Барысы” жобасы. Клуб “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-қуат қоры” негізінде құрылған.
Сонымен бiрге, «Астана Pro Team» клубына екi жеке жоба кiредi: ауыр атлетика бойынша олимпиадалық чемпион Илья Ильин және мәнерлеп сырғанау бойынша Олимпиада жүлдегері Денис Тен.
Біріктірудің мақсаты - әлемдегі жетекші командалардан қалыспайтын кәсiби спорт клубын құру.

«Astana Pro Team» қазақстандық кәсiби велокомандасы әлемде танымал болып келеді. Қазақстандық велосипедшi А. Винокуров «Астана» құрамында 2006 жылы «Вуэльта Испания» көпкүндік жарысында жеңіске жетіп, оның топтағы серіктесі Андрей Кашечкин үшінші болып келді. «Astana Pro Team» жетістігі халықаралық спорт аренасында Қазақстандағы велоспорттың дамуына үлес қосты, қазіргі таңда халық арасында да ерекше танымалдылыққа ие.
Қазіргі таңда «Astana Pro Team» - кәсiби велоспорттың ең мықты командаларының бірі. 2014 жылдың шілдесінде оның лидері италиялық Винченцо Нибали әлемдегі «Тур де Франс» жарысында жеңіске жетті, 2015 жылдың қыркүйегінде тағы бір италиялық велосипедшi «Фабио Ару» «Вуэльта Испанияның» жеңімпазы атанды.

«Astana Arlans» клубы Бүкiләлемдiк бокс топтамасында (WSB) 2010-2011 жылғы бірінші маусымынан бастап қатысып келеді. Ең жоғарғы жетiстiктерге жету үшiн клубқа спорт менеджментiнiң саласындағы жоғарғы сапалы мамандар, ең мықты, дарынды спортшылар жиналған. Бұл командаға кәсiби бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы мәртебесі берілген. 2010 жылдың қарашасында болған бірінші маусымында клуб 2-орын алып, әлемдегі ең мықты командалардың бірі атанды. 2011-2012 жылдары болған екінші маусымында жанкүйерлердiң арасында үлкен қызығушылық тудырған клуб 3-орын иемденді. «Astana Arlans» үшiншi маусымда «WSB» жеңiмпазы болып, әлемдiк спорт аренасында Қазақстанның беделiн асқақтатты. Төртiншi маусымда «Astana Arlans» командасы «WSB» жартылай финалына дейін жетті. Ал бесiншi маусымда қайтадан лига жеңiмпазы болды.

«Астана» футбол клубы 2009 жылы құрылған. Бұл - УЕФА Чемпиондар лигасында елді тарихта алғаш таныстырған қазақстандық клуб (2015-2016 жж.).
Бұдан бөлек, Қазақстанның күмiс жүлдесін (2009 ж.), 2010 және 2012 жылдары Қазақстанның кубогын, 2011 жылы Қазақстанның Суперкубогын алып, 2014 жылы Қазақстанның чемпионы болып, 2015 жылы Суперкубты иеленіп үлгерген.

«Барыс» шайбалы хоккей клубы 1999 жылдың күзінде құрылған. Бүгiнде команда шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы үшiн негізгі клуб болып табылады. 2008 жылдан бастап “Барыс” қазақстандық шайбалы хоккей мектебiне әлемдегі ең мықты екі лиганың бірі - Құрылықтық хоккей лигадасында (КХЛ) өкілдік жасап келеді және 2014 жылы команда екінші раундқа өтті. “Барыс” астаналақтардың сүйікті командасы және Қазақстан бойынша хоккей жанкүйерлерінің арасында үлкен қолдауға ие.

БІЛІМ

Қазақстандағы білім беру жүйесі мектепке дейінгі, орта, жоғарғы және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беруді қамтиды. Оқу негізінен қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, оқу тілі Қазақстанның басқа ұлттарынікі болып табылатын мемлекеттік мектептер де бар, мысалы өзбек, ұйғыр, тәжік және басқалары. Негізгі тілді қазақ тілі деп таңдайтын барлық деңгейлерде оқушылардың үлесі жылдан жылға артып келеді.

Білім беру саласы Білім және ғылым министрлігіне қарасты. 2015 жылы бұл мекемеге республикалық бюджеттен 415,2 млрд тенге ($2,24 млрд) бөлінді.

Мектепке дейінгі білім

Қазір Қазақстанда 720 мыңнан астам бала оқытылатын 8400 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді.
Мектепке дейінгі білім беруге кіреді:
- Мектепке дейінгі тәрбие – балабақшалар, дамыту орталықтары – оны 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 78 пайызы алады.
- Мектеп алды даярлық – балалар бақшалары, жалпы білім беру мектептері, дамыту орталықтары – олармен балалардың 99 пайызы қамтылған.

Орта білім
Конституция бойынша орта білім алу Қазақстанның барлық азаматтарына міндетті болып табылады. Қазіргі кезде елімізде орта білім берудің 11 жылдық жүйесі қолданылады. Сонымен қатар орта мектепте 12 жылдық оқытуды енгізуге дайындық жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Елімізде 2,6 млн.балалар оқытылып жатқан 7 200 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер қызмет етеді.
Міндетті орта білімге кіреді:
- Бастапқы білім – 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін.
- Жалпы білім – 5-сыныптан 9-сыныпқа дейін.

Осыдан кейін оқушылар орта білімді аяқтаудың келесі нұсқаларын таңдай алады:
- Жалпы орта білім – 10-11 сынып
- Мамандандырылған білім – мамандандырылған мектепте (2-3 жыл) немесе колледжде (3-4 жыл).
Қазақстанда қазір 530 мыңнан астам адам білім алатын 820 колледж қызмет етеді.

Жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім
Қазақстанда 126 ЖОО (оның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік және 55 жеке) әрекет етеді.
Студенттерде бірінші жоғары білімді байқаулық негізде, яғни мемлекеттік тапсырыс арқылы тегін алу мүмкіндігі бар. Жыл сайын мемлекет тарапынан 34 мыңнан астап білім гранттары бөлінеді. Оқудың ақылы түрі де кең таралған. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

2010 жылдың наурызында Қазақстан Болонья декларациясына ресми түрде қосылды және жоғары білімнің Европалық аймағының 47-толыққанды мүшесі болды. Осылайша, мамандарды даярлаудың үш деңгейлік үлгісіне көшу жүргізілді: бакалавр – магистр – доктор Ph.D.
Бакалавриат – 4-5 жыл – 450 мың студент
Магистратура – 1-2 жыл – 29 мың студент
Докторантура – 3 жыл – 1800 астам студент.

«Болашақ» бағдарламасы
1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда әлемнің үздік университеттерінде білім алуға арналған ел президентінің «Болашақ» атты арнаулы стипендиясына ие болу жүйесі әрекет етеді. Бағдарлама стипендианттың оқуына, өмір сүруіне және жолына кететін барлық шығындарды көтереді. Қазіргі кезге дейін барлығы 11,1 мың қазақстандықтар әлемнің 33 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында білім алған. Бүгінде мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық және ірі жеке компаниялардың басқарушы құрамында «Болашақ» бағдарламасының көптеген түлектері бар.

Назарбаев Зияткерлік мектептері
Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) – дарынды балаларды экономикалық және саяси салада оқыту үшін құрылған мемлекеттік интеллектуалдық мектептер желісі.

Назарбаев Университет(НУ)
Назарбаев университет – Ұлттық білім беру жүйесі мен үздік әлемдік ғылыми білім беру тәжірибесі артықшылықтарын біріктіре отырып жоғары білімнің ұлттық брендіне айналуы тиіс Астанада орналасқан университет.

1993 жылдан бастап қазірге дейін Қазақстанда шетелде білім алу үшін ел президентінің арнайы «Болашақ» стипендиясына ие болу жүйесі әрекет етуде.
Бағдарлама жұмысының алғашқы онжылдығында жас қазақстандықтар әлемнің 13 елінде білім ала алды немесе оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды, алайда гранттар саны салыстырмалы түрде шектеулі болған еді: 1994 жылдан 2004 жылға дейін бар болғаны 780 стипендия бөлінген болатын.
Бағдарлама тарихындағы шұғыл бетбұрысты кезең 2005 жыл болып табылды, онда Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында шетелде білім алуы керек талантты қазақстандықтардың саны жыл сайын 3000 адамды құрау керек деген еді. Бұл тапсырманы іске асыру үшін стипендианттармен оқуды аяқтаған соң елге оралып, ие болған стипендияны 5 жыл көлемінде қызмет етіп өтеуі туралы келісімшарт базасы жасақталған болатын. Шетелдік жоғары оқу орындарының географиясы да мейлінше кеңейе түсті: енді әлемнің 33 еліндегі оқу орындарында білім алу мүмкін болды.
2011 жылы Астанадағы Назарбаев университетінің белсенді дамуына байланысты «Болашақ» шеңберінде бакалаврлардың дайындауға жаңа стипендиялар бөлу тоқтатылды. Жұмыс берушілердің нақты сұраныстары бойынша дайындайтын бағдарламалы-мақсатты механизм енгізілді.
Жалпы алғанда, 1993 жылдан 2013 жылға дейін халықаралық «Болашақ» стипендиясы 11,1 мың қазақстандыққа әлемнің 33 еліндегі үздік 200 жоғары оқу орнында білім алу үшін берілген еді.

«Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның бәсекеге қабілетті мамандардың әлеуетін дайындауға маңызды үлес қосады.
Бағдарлама түлектерінің шамамен жартысы отандық жеке меншік немесе мемлекеттік үлесі бар компанияларда жұмыс атқарып келеді. Төрттен бір бөлігі мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде вице-министрлер, әкімдер мен әкімдердің (қалалар мен аудандар басшыларының) орынбасарлары лауазымында, 20 – ұлттық компаниялардың аға менеджерлері қызметінде жұмыс істейді. «Болашақтықтардың» қатарында халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес секторда қызмет етушілер де бар.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша дайындалған кадрлардың қатарында – 27000-ден астамы инновациялық технологиялар, металлургия, телекоммуникация, энергетика, мұнайгаз секторында қызмет етеді, 540 медицина саласында, 300-ге жуығы мемлекеттік қызметкер болып еңбектенеді.
«Болашақтықтар» сонымен қатар білімді таратушылар болып табылады, себебі бағдарламаның мыңдаған түлектері еліміздің жоғары оқу орындарында жұмыс істейді, 400-дейі мектептер мен колледждерде, 52-сі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық және әкімшілік ұжымдарында қызмет атқарады. Шамамен 300 адам Назарбаев университетінің ғылыми қызметкерлері, 77-сі Ph.D. докторлар болып табылады.

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) – дарынды балаларды экономикалық және саяси салада оқыту үшін құрылған мемлекеттік интеллектуалдық мектептер желісі.
Бірінші интеллектуалды мектеп Президент Н.Ә. Назарбаевтың шешімі бойынша Астанада 2008 жылы құрылған болатын. Мұндай мектептерді бүкіл ел бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды баларды іздеу мен оқытуға арналған мектептер желісін қалыптастыру туралы хабарландырылған болатын.
Зияткерлік мектептері Президенттің ойы бойынша, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға атсалысуы керек. Ал мектеп түлектері Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен әл-ауқатын арттыруға өзіндік үлестерін қосуы керек.

НЗМ-де үздік отандық және әлемдік тәжірибені біріктірген инновационды білім беру үлгісі жасақталды.
Бұл мектептер орта білімді тәжірибені тарату жолымен реформалау стратегиясында маңызды өзек болып табылады. Басқаша айтқанда, интеллектуалды мектептердің басты міндеті тек қана бәсекеге қабілетті түлектерді дайындаумен шектелмейді, сонымен қатар Қазақстандағы орта білім беру жүйесін баршаға арналған сапалы орта білімге бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етудегі өзінің табысты тәжірибесін жариялау арқылы дамыту да оның міндетіне кіреді.

Бүгінде Қазақстанда 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі балаларды оқуға қабылдау жүзеге асырылатын 17 НЗМ қызмет етуде.
Оқыту үш тілде жүзеге асырылады – қазақ, орыс және ағылшын. Мектеп негізгі екі бағытта маманданған: физика-математикалық және химия-биологиялық бағытта. Мектепке қабылдану үшін барлық балалар байқау сынағынан өту керек.

Назарбаев Университет (НУ) - Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Астанада ашылған жоғары оқу орны.
НУ ұлттық білім беру жүйесі мен үздік әлемдік ғылыми білім беру тәжірибесі артықшылықтарын біріктіре отырып жоғары білімнің ұлттық брендіне айналуы тиіс. Университетте оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
Бұл университеттің бірегейлігі оның Қазақстандағы халықаралық академиялық стандарттарға сай жұмыс жасайтын және автономдық қағидаттары мен академиялық бостандықты басшылыққа алатын бірінші университет болуында.
НУ жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мен әлемнің гүлденуі мен дамуына қажетті ғалымдарды, басшыларды және кәсіпкерлерді дайындау» болып табылады.
Назарбаев Зияткерлік мектептері орта білім жүйесіндегі алға басушы тәжірибенің тасымалдаушысы мен үлгісі болуға шақырылғаны сияқты, Назарбаев Университет Қазақстанның ғылымы мен жоғары білім беру жүйесіндегі реформа жүргізу моделіне айналуы тиіс.
НУ зерттеушілік бағытындағы жоғары оқу орны екенін айта кеткен жөн, сондықтан онда ғылыми-зерттеушілік бағытқа үлкен көңіл бөлінеді. Университеттің стратегиялық міндеттерінің қатарына мыналар жатады – әлемдік үздік ғалымдары мен зерттеу орталықтарымен бірге әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру. Тағы да бір маңызды мақсат «Қазақстандағы инновацияның негізгі қозғалтқышы болу және Астананың инновацияның аймақтық орталығына айналуына негіз қалыптастыру».
НУ оқуға түсушілерге өте жоғары талаптар қояды Жыл сайын университет студенттері ретінде еліміздің 500-дей түлегі қабылданады.
Қабылдау емтихандарынан табысты өткен студенттер студенттің барлық оқу кезеңіндегі шығындарды жабатын мемлекеттік білім гранты шеңберінде ғана білім алады. Ақылы оқу түріне түскен жағдайда оқу ақысы жылына шамамен 21 500 долларды құрайды.

НУ серіктестерінің арасында Кембридж Университеті, Карнеги-Меллон Университеті, Колорадо тау-кеніш ісі Университеті, Дьюк Университеті, Сингапур Ұлттық Университеті, Лондон Колледж Университеті, Пенсильвания Университеті, Питтсбург Университеті, Висконсин-Мэдисон Университеті және Берклидегі Лоуренс Ұлттық зертханасы, Аргон Ұлттық зертханасы, Ұлттық онкология институты және т.б..

Жоғары оқу орнының ашылғанынан бастап онда оқитындардың жалпы саны 2800-ге артты.
Студентердің біразы Инженерия және технология ғылымдары Мектебінде, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар Мектебінде білім алады, сонымен қатар Мемлекеттік саясат және бизнес Жоғары мектебінде оқиды. Оқушылар арасындағы ең керек етілетін мамандық компьютерлік ғылымдар, иженерлік механика, робототехника және мехатроника, білім беруді басқару, биологиялық ғылымдар, электрлік және электронды инженерия, сонымен қатар құрылыс инженериясы болып табылады.
2015 жылдың 15 маусымында Назарбаев Универстетінің бірінші түлектеріне салтантты диплом табыстау рәсімі болып өтті. Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерінің саны 446 студент болды.