This resolution is not supported.
Ақмола облысы

Жалпы мәлімет
Ақмола облысы Қазақстанның солтүстік аймақтарына жатады. Жер аумағы 146,2 мың км2 құрайды. Еліміздегі жалпы жер көлемінің 5,4 %-ын алып жатқан аймақ облыстардың арасында 9-орынды иеленген.
Ақмола облысы халқының саны 2016 жылдың 1 қаңтарында 744,4 мың адамды құрады. Халықтың қоныстану тығыздығы 1 км2-қа 5,0 адамнан келеді, бұл ел бойынша орташа көрсеткіш болып саналады.
Аймақ тұрғындары арасында ауыл халқының үлесі басым. Қала халқы 47 % болса, ауыл халқы 53 %.
Облыс халқының ұлттық құрамына келетін болсақ, 2016 жылдың басындағы мәлімет бойынша, облыс халқының 50,4 %-ын қазақтар құрайды, екінші орында орыстар - 33,6 %, үшінші орында – украиндар, олардың үлесі 4,54 %.
Атап көрсетерлігі, Ақмола облысында Солтүстік Қазақстан облысындағыдай еліміздегі неміс этносы өкілдерінің үлесі көп. Олар – 3,54 % - ды құрайды.

Әкімшілік бөлініс
Ақмола облысының әкімшілік орталығы Көкшетау қаласы болып табылады. Аумағы 17 ауылдық ауданға бөлінген облыста 10 қала, 5 кент және 613 ауыл бар.
Ақмола облысының аумағында Қазақстанның елордасы Астана орналасқан, алайда ол облыстың құрамына енбейді.
Облыста халық саны 159,5 мың адамды құрайтын Көкшетау қаласынан бөлек, облыстық маңызы бар Степногорск қаласы орналасқан. Оның халқы 69,1 мың адам. Щучинск пен Атбасар да едәуір ірі қала болып табылады.

Облыс орталығы
Көкшетау Ақмола облысының солтүстігінде Қопа көлінің жағасында орналасқан. Оны Бурабай курорттық аймағы кіретін Көкшетау қырат сілемдері қоршап тұр.
Көкшетау жас қала болып саналады. Ол 1824 жылы казактардың әскери бекінісі ретінде құрылып, Кокчетавский приказ деп аталды. 1868 жылы Көкшетау қала мәртебесін алды.
1944 жылы қала Қазақ КСР құрамында Көкшетау облысының әкімшілік орталығы жарияланды.
1997-1999 жылдар аралығында қала Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болды, ал 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Ақмола облысының әкімшілк орталығы атанды.

Облыстың тарихы
Ақмола облысы Ресей империясының құрамында орталығы Омбы қаласы (қазір Ресей Федерациясының құрамында) болып табылатын Дала генерал-губернаторлығының жеке әкімшілік бірлігі ретінде 1868 жылы бөлінді. Ол кезде оның аумағы Солтүстік және Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін қамтыды.
Кеңес кезеңіндегі облыс тарихы 1939 жылдың 14 желтоқсанынан басталады, ол кезде Ақмола облысы КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының жарлығымен бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірген бірқатар аудандардан құралды. 1961-1992 жылдар аралығында Целиноград облысы деп аталды. 1992 жылы Целиноград қаласына Ақмола атауы оралғаннан кейін (линк на с9р1 – Астана-Тарих), облыстың атауы да Ақмола болып өзгертілді.
1999 жылдың сәуірінен бастап облыстың әкімшілік орталығы Көкшетауға ауыстырылды, дәл осы кезде облыстың аумағы бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енген үш аудан есебінен кеңейтілді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Ақмола облысы аумағының басым бөлігі жазық жер, оның негізгі бөлігі Сарыарқаға жатады. Облыстың оңтүстік батысында аласа белестер мен шоқылар басым. Облыстың оңтүстік бөлігінде Теңіз-Қорғалжын ойысы орналасқан. Дәл осы жерде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген атақты көлдер бар (линк на с8р8 – Туризм – ЮНЕСКО нысандары). Облыстың шығысына қарай қыратты жерлер басталып, таулы аймақтар кездеседі.
Мұнда бірқатар өзен аңғарлары, оның ішінде ең ірі Есіл өзен аңғары бар. Алайда облыс ауыз су тапшылығын сезініп отыр (линк на с5р3 – География – Су қазынасы). Ақмола облысының аумағында Есілден басқа, Құланөтпес, Нұра, Сілеті өзендері ағады. Сондай-ақ мұнда көптеген ащы және тұщы көлдер бар. Ащы көлдің ең ірісі – Теңіз көлі (линк на с5р3 – География – Су қазынасы).
Ақмола облысының климаты қатал. Бұл жердің қысы ұзақ әрі суық, ал жазы ыстық. Мұнда континенталды ауа райы үстемдік етеді. Өңірде көктем мен күз қысқа, қазан-қараша айында түскен қар сәуір айына дейін жатады. Ақмола облысының ауа райы қатты желімен де ерекшеленеді.
Жоғарыда сипатталған жер бедері мен ауа райының ерекшелігіне байланысты Ақмола облысының өсімдіктері мен жануарлар әлемі де өзгеше. Өңірдің негізгі бөлігін бетегелі шөп жайлаған дала өсімдіктері құрайды, облыстың солтүстік аймақтарында жазық дала мен тау төскейінде өсетін әйгілі қарағай-қайың ормандары бар. Солтүстігіндегі Бурабай ауданында Астана мен өзге өңір тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (линк на с8р7 – Туризм – Солтүсітк Қазақстан) орналасқан. Облыстың оңтүстік аумағын жайлаған, көлге бай Қорғалжын қорығының еш жерде кездеспейтін бірегей табиғаты көптеген аң мен құстың мекеніне айналған. Мұнда сүтқоректі жануарлар мен түрлі балықтар көп кездеседі.
Пайдалы қазбаларға келетін болсақ, Ақмола облысы аумағында түсті және бағалы металл, темір, уран кен орындары орналасқан.

Экономика
Ақмола облысы елімізде жоғары сапалы бидай өндіретін негізгі ауыл шаруашылығы аймақтарының бірі болып табылады. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі 2015 жылы 263,1 млрд теңгені құрады, бұл – ел бойынша 5-ші көрсеткіш.
Өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2015 жылы 313,5 млрд теңгеге жетті, сөйтіп алдыңғы жылдың көрсеткішінен 6,9%-ға асып түсті.
Өнеркәсіп саласында тау-кен игеру өнеркәсібі елеулі үлеске ие. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі машина жасау, түсті металлургия және азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады.

Туризм
Бірегей табиғат пен дамыған инфрақұрылым бірлесе келе Ақмола облысын ішкі туризмге де, сырттан келетін қонақтарға да тартымды етіп отыр.
Шортанды-Бурабай курорттық аймағы басым туристік бағыт болып табылады. (линк на с8р7 – Туризм – Солтүстік Қазақстан) Себебі оған Астанадан жылдам жетуге болады.
Экологиялық туризмді ұнататын саяхатшылар елордадан автокөлікпен екі сағатта жетуге болатын Қорғалжын қорығына бара алады. Қорықтың көлдері алқызыл қоқиқаз мекендейтін әлем бойынша ең солтүстік жерде орналасқан бірегей өлке болып табылады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген (линк на с8р8 – Туризм – ЮНЕСКО нысандары).
Астанадан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Ақмол кентінде Сталин заманындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешені орналасқан. Мұнда ХХ ғасырдың ортасында «халық жауы» деп айыпталғандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері болған. Ол АЛЖИР деп аталған.
Ақмола облысында 13 мұражай жұмыс істейді, оларда негізгі қорларында 130 мыңға жуық жәдігері бар. Облыс мұражайларының басым бөлігін тарихи-өлкетану мұражайлары құрайды.

Облыстың көрнекі орындары туралы толық мәліметпен Ақмола облысы Туризм басқармасының сайты арқылы таныса аласыздар.
http://www.turakmo.kz/index.php#topcontent
Ақмола облысы әкімдігінің сайты http://akmo.gov.kz

Ақтөбе облысы

Жалпы мәлімет
Ақтөбе облысы Қазақстанның Батыс аймағына жатады. Бұл елдің ең ірі өңірлеріңің бірі, көлемі 300,6 мың км2 құрайды. Аумағы жағынан Ақтөбе облысы тек Қарағанды облысына ғана жол береді. Бірақ ол Қазақстан бойынша ең төмен халық тығыздығының орташа көрсеткішіне ие, 1 км2
небары 2,7 адамнан келеді. Ақтөбе облысының географиялық орналасуының бір ерекшелігі - оның солтүстік және оңтүстік шекаралары бүкіл мемлекет үшін сырт болып саналады. Солтүстігінде аймақ Ресейдің Орынбор облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан құрамындағы автономиялық Қарақалпақстан Республикасымен шекараласады.
2016 жылдың басында облыс халқының саны 834,8 мың адамды құрады. Халық құрамында қала тұрғындарының саны басым, олар 61,3 %, ал ауыл тұрғындары 38,7 % құрап отыр.
Статистикалық мәлімет бойынша, облыс тұрғындарының 81,7 % ¬¬– қазақтар, екінші орында орыстар. Олар 12,1 % құрайды. Үшінші орында 2,8 % көрсеткішпен украиндар тұр.

Әкімшілік бөлініс
Облыстың әкімшілік орталығы Ақтөбе – Батыс Қазақстандағы ең ірі қала. 2016 жылдың басында облыста 8 қала және 367 ауыл болды. Облыс аумағы 12 ауданға бөлінген.
397,6 мың тұрғыны бар Ақтөбе қаласынан бөлек Қандыағаш (33,7 мың адам), Хромтау (25,5 мың адам), Шалқар (28,1 мың адам) және Алға (20,2 мың адам) облыстағы маңызды қалалар санатында.

Облыс орталығы
Облыстың солтүстігінде орналасқан Ақтөбе қаласы Жайық тармағының бірі болып табылатын Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қала әкімшілігінің аумағына бес ауылдық округтан тұратын қала маңы кіреді.
Ақтөбе 1869 жылы негізі қаланған. 1891 жылы Ресей империясы құрамындағы уездік қала болып жасақталды. 1932 жылы облыс орталығына айналды.

Облыс тарихы
Актөбе облысы 1932 жылдың 10 наурызында құрылды. Бастапқы кезде облыс құрамына 17 аудан енді, кейін олардың жартысы Қостанай және Қызылорда облыстарына берілді.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Актөбе облысы аудандарының құрамы нақтыланды. Оған осы күнге дейін өзгеріс енгізілген жоқ.

Табиғи-климаттық жағдайы
Бірнеше жер бедерін қамтитын облыс алып аумағы жүздеген шақырымға созылып жатыр. Алайда оның басым бөлігі шексіз жазық даладан тұрады.
Облыс Каспий маңы алқабынан (линк на с5р2 – География – Рельеф) батысында Тұран алқабына, (линк на с5р2 – География – Рельеф) оңтүстік шығысында Торғай үстіртіне, солтүстік шығысында және оңтүстігінде Орал тау сілемдеріне сондай-ақ солтүстігінде Үстіртке (линк на с5р2 – География – Рельеф) дейін жалғасады.
Ақтөбе облысы су ресурстарына бай емес. Өзендердің басым бөлігі (линк на с5р2 – География – Рельеф) Мұғалжардан бастау алады. Бұл – Орал тауының ең биік нүктесі үлкен Боқтыбайдың (657 м) оңтүстік тарамы. Облыстың солтүстігі мен орталығының басым бөлігін Мұғалжар алып жатыр. Бұл жерден Жем (Ембі), Ор, Елек, Торғай және т.б. өзендер бастау алады. Бұл суы аз өзендер, күзге қарай кеуіп қалады. Көлдер де көп жағдайда маусымдық толуымен ерекшеленеді. Шалқар тұзды көлі облыстағы ең ірі көл болып табылады.
Аумағының ауқымдылығына байланысты Ақтөбе облысы бірнеше табиғи аймақты қамтыған: құрғақ далалық, шөл және шөлейтті аймақ. (линк на с5р6 – География – Флора). Солтүстік батыста бозды-бетегелі және жусан-дәнді дала жатыр. Орталық пен солтүстік шығыс аймақта шөл-астық тұқымдас дала, оңтүстігінде жусан-сортаңды шөлейт орналасқан. Өңірдегі жануарлар әлемінің ерекшелігі осы табиғи аймақтардың өзгешелігімен сипатталады.
Ақтөбе облысының жер қойнауы бай және әралуан, мұнда 340-тан астам түрлі кен орыны бар. Аймақ аумағында отандық хромның барлық қоры шоғырланған, никельдің 50 %, титанның 40 %, фосфориттің 34 % қоры жинақталған. Облыста асыл металдардың, мыс, цинк, мұнай битумдарының ірі кен орындары бар.

Экономикасы
Ақтөбе облысы еліміздің алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік аймақтарының біріне жатады. 2015 жылы өндірілген өнеркәсіптік өнімнің ауқымы 984,1 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы үшін бұл көрсеткіш 142,7 млрд теңгені көрсетті. Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығына басымдық берілген.
Облыста бірқатар ірі тау-кен өндіру мен өңдеу өнеркәсібі орналасқан. Олардың ішінде «Казхром» АФЗ ТҰК, «АХҚЗ», «Актөберентген», «CNPC-Ақтөбемұнайгаз», «Казахойл Ақтөбе», «Урихтау Оперейтинг» және т.б. бар.
Аймақтың жалпы өнеркәсіптік құрылымында өңдеу өнеркәсібі үлесінің өсу қарқыны байқалады: 2014 жылы 20,8 %-дан 2015 жылы 26,1 %-ға дейін. Бұл көрсеткіш жобалық қуатқа «Казхром» ТҰК» АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытының шығуы және «АРБЗ» рельсбелағаш зауыты мен басқа да кәсіпорындардың іске қосылуы есебінен 35%-дан асады деп жоспарланған.

Туризм
Ақтөбе облысы экологиялық туризмді жақсы көретіндерді қызықтыра алатын әлеуетке ие. Облыс аумағында бетпақ даланың ақбөкені мекендейтін (линк на с5р7 – География – Фауна) Ырғыз-Торғай резерваты бар. Ырғыз өзенімен біріктірілген Малайдар көлдер жүйесіне қайықпен саяхат жасау тартымды бағыт саналады.
Көркем табиғат пен геологиялық үдерістің үйлесімін Ақтолағай үстіртінде, сондай-ақ Жаманшин метеорлық кратерінде көруге болады.
Тарихи ескерткіштерге келетін болсақ, ең алдымен Абат-Байтақ және Қобыланды батыр кесенелерін атап өтуге болады. Туристер облыстың тарихи құндылықтарын барлық аудан орталықтарында орналасқан тарихи-өлкелік музейлерден көре алады. 2015 жылы облыстың 19 музейінде негізгі қордың 90 мың жәдігері сақталып тұрды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің сайты http://aktobe.gov.kz

Алматы облысы

Жалпы мәлімет
Алматы облысы – Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағына жатады. Жетісу деп аталатын көрікті мекен бай тарихымен және көз қызықтырар көрнекті орындарымен ерекшеленеді.
Облыстың аумағы – 223,9 мың км2. Бұл – жер көлемі бойынша Қазақстандағы бесінші аймақ.
Халықтың қоныстану тығыздығы 1 км2-қа 8,5 адамнан келеді. Осы көрсеткіш бойынша өңір Оңтүстік Қазақстан облысынан кейінгі орында тұр.
2016 жылдың басында Алматы облысы халқының саны 1,948 млн. адам болды. Тұрғындардың 75,8 %-ын ауыл халқы, 24,2 %-ын қала халқы құрады.
Этникалық құрамына келетін болсақ, Алматы облысы халқының 70,7 %-ын қазақтар құрайды, орыстардың үлесі 14,3 %, үшінші орында 7,9 % үлеспен ұйғырлар тұр.
Алматы облысы екі мемлекетпен шектеседі: шығысында – ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанның Шу және Ыстықкөл облыстарымен шекараласады.

Әкімшілік бөлінісі
Алматы облысының әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. Қазақстанның ең ірі шаһары – Алматы да осы облыстың аумағында орналасқан. Алайда Алматы жалпыұлттық маңызы бар қала болып табылатындықтан оның құрамына кірмейді.
Алматы облысы 16 ауданнан тұрады. 2016 жылдың басында өңірде 10 қала, 731 ауыл болды.
Халқы 140,6 мың адамды құрайтын Талдықорған қаласынан басқа Алматы облысында Қаскелең (66,4 мың адам), Талғар (48,4 мың адам), Қапшағай (45,4 мың адам), Жаркент (43,4 мың адам), Есік (39,2 мың адам), Текелі (31,3 мың адам) сынды бірнеше ірі қалалар бар. Ал Қапшағай мен Текелі облысқа бағынысты қалалардың қатарына жатады.

Облыс орталығы
Талдықорған қаласы Жоңғар Алатауының бөктеріндегі Қаратал өзенінің бойында орналасқан. Ол тарихы XIX ғасырдың ортасынан бастау алатын Гавриловка тұрағының орнында пайда болды. 1920 жылы ауылға Талдықорған атауы берілді. Бұл қазақша «талды қорған» атауының орыс тіліндегі нұсқасы «ивовый холм немесе тальниковый холм» дегенді білдіреді.
1930 жылдары және 1940 жылдардың басында Алматы облысы Талдықорған ауданының орталығы болды. 1944 жылы Талдықорғанға қала мәртебесі берілді.
1967 жылы қала Талдықорған облысының орталығы атанады.
2001 жылы Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшіріледі, сол кезден бастап қала облыстың әкімшілік орталығы болып табылады.

Облыстың тарихы
Алматы облысы 1932 жылдың 10 наурызында құрылды. Ол кезде облыстың әкімшілік орталығы Алматы қаласы болды, өңірдің құрамына 18 аудан кірді.
1930 жылдары өңірде белсенді әкімшілік қайта құру орын алып, нәтижесінде жаңа аудандар пайда болды, бірқатар аумақтар өзге облыстарға, дәлірек айтсақ Жамбыл және Семей облыстарына бөлінді.
1944 жылы Алматы облысының құрамынан Талдықорған облысы дараланып шығып, құрамына 11 аудан көшті.
1959 жылы Алматы қаласы облыс құрамынан шығарылды, ал облыс Талдықорған облысына біріктірілді. Алайда 1968 жылы дербес әкімшілік бірлік ретінде қайта жасақталды.
Осы екі аймақ Қазақстанның жаңа тарихында қайта бірікті. 1997 жылы Талдықорған облысы Алматы облысымен қосылып, құрамына 16 аудан және Талдықорған, Қапшағай, Текелі сынды үш облыстық бағынысты қала кірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 585 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болып жарияланды.

Табиғи-климаттық жағдайы
Алматы облысының табиғаты сан алуандығымен ерекешеленеді. Ол өз ішінде шөл даладан мәңгілік қар жататын аймаққа дейінгі 5 климаттық белдеуді қамтиды. Биік тау алқабындағы көгалдар мен тау мұздықтары облыстың оңтүстігінде және шығысында Тянь-Шань таулары мен оның бөктерінде орналасқан. Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы да (линк на с5р2 – География – Рельеф) осы жерде. Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік Балқаш жазығы мен Алакөл ойпаты, батысында – Кіндіктас жотасы жатыр.
Алматы қаласы – Қазақстанның ірі елді мекені, Тянь-Шань тауларының солтүстік-батысындағы тау жотасы Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Өңірдің өсімдіктер әлемі сан алуандығымен ерекшеленеді және табиғи-климаттық белдеулерге байланысты өзгеріп отырады. Тау етегіндегі шөлейтті аймақтарда жусан-сораңды өсімдіктер мен сексеуіл бұталары өседі, облыстың ірі өзені - Іле өзенінің (линк на с5р3 – География – Водные богатства) сағасы мен аңғарында қамыс, тоғайлы орман кездеседі. Тау бөктерінің өсімдіктер әлемі жапырақты орманнан басталып, өрге өрлеген сайын қылқан жапырақты орманға ауысады. Олар өз кезегінде биік тау алқабының көгалдарына ұласады.
Алматы облысының жануарлар әлемі де әр алуан. Мұнда мекендейтін жануарлардың ондаған түрі ерекше қорғауға алынған және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына өңірдің шығысындағы таулы аудандарды мекендейтін барысты (линк на с5р7 – География – Фауна) жатқызуға болады. Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктың екеуі – Іле Алатауы мен Алтын Емел парктері орналасқан (линк на с5р7 – География – Фауна – гипер «заповедники»).
Өңірдің су ресурстары біркелкі емес. Солтүстік пен солтүстік-батыстағы ең ірі өзен Балқаш көліне құятын Іле өзені болып табылады (линк на с5р3 – География – Водные богатства). Оңтүстік пен шығыс өңірде өзен торабы әлдеқайда тығыз, өзендердің басым бөлігі тау мұздықтарынан бастау алады. Облыста жерді суландыру жүйесі жақсы дамыған. 2015 жылы 144 су қоймасы жұмыс істеп тұрды, олардың ең ірісі – Қапшағай су қоймасы болды.
Облыстың ауарайы құбылмалы. Жазық далада қаңтар айындағы орташа температура -10-16 ºС құраса, шілде айындағы орташа температура +25 ºС; тау бөктерінде сәйкесінше, -5-9 ºС және +21+23 ºС.
Алматы облысының жер қойнауында полиметалл, вольфрам кені, молибден, барит, отқа төзімді саз, тас және қоңыр көмір қоры бар.

Экономикасы
Алматы облысының индустриалды саласында өңдеу өнеркәсібі басымдыққа ие. Өнім өндірудегі өнеркәсіптің үлесі 2015 жылы шамамен 20 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, 2015 жылы шығарылған жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 450 млрд. теңгеге пара-пар болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5,8 %-ға жоғары көрсеткіш.
Облыс аумағында «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағы (АЭА), «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы орналасқан. Алты индустриалды аймақ қарқынды дамып жатыр.

Туризмі
Алматы облысы өз туристеріміз үшін де, шетелден келген қонақтар үшін де тартымды туристік аймақ болып табылады. Ұлы Жібек жолының бір бөлігі саналатын өңір бірегей табиғи нысандармен үйлескен тарихи ескерткіштермен ерекшеленеді (линк на с8р8 – Туризм – Объекты ЮНЕСКО).
Әкімдіктің мәліметі бойынша, облыста 550-ден астам туристік нысан шоғырланған, оларды көруге 2015 жылы 900 мыңға жуық адам келген.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында облыс аумағында бірқатар жаңа туристік бағыттар ашылды. Ол «Алтын-Емел», «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері», «Шарын» және «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне бару жолын қамтиды.
Облыстағы ең танымал, табиғаты ерекше орындардың қатарына Шарын шатқалы, Алакөл, Үлкен Алматы, Көлсай, Ыстық көлдері; Түрген шатқалы кіреді (линк на с8р4 – туризм – Окрестности Алматы).
Облыс аумағында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген Таңбалы петроглифтері орналасқан (линк на с8р8 – Туризм – Объекты ЮНЕСКО).

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://zhetysu.gov.kz

Атырау облысы

Жалпы мәлімет
Атырау облысы Қазақстанның батыс аймақтарының қатарына кіреді. Оның аумағы салыcтырмалы түрде үлкен емес – 118,6 мың км2. Бұл – 14 облыстың ішіндегі 12-ші орын. Халықтың орналасу тығыздығы ел бойынша орташадан төмен - 1 км2 -қа 4,8 адамнан келеді.
2016 жылы Атырау облысы халқының саны 594,6 мың адамды құрады. Ауыл халқының үлесі қала халқына қарағанда көп. Ауылда 52,2%, қалада 47,7% халық тұрады.
Атырау облысы этникалық жағынан біркелкі, 2016 жылдың басында халықтың 92,1%-ын қазақтар құрады. Орыстардың үлесі 5,7%. Үшінші орында кәрістер тұр, олардың жалпы үлесі 0,5%.
Атырау облысы батысында Ресейдің Астрахань облысымен шекараласады, оңтүстік шекарасы Каспий теңізінің жағалауымен өтеді.

Әкімшілік бөлінісі
Аймақтың облыс орталығы – Атырау қаласы. Облыста 2 қала және 165 ауыл бар. Облыс аумағы 7 ауылдық округтен тұрады. Мұнда 226,1 мың тұрғыны бар Атырау қаласынан бөлек 57,4 мың адам мекендейтін Құлсары қаласы бар.

Облыс орталығы және облыс тарихы
Көбінесе «Қазақстанның мұнайлы астанасы» деп аталатын Атырау қаласы Атырау облысының оңтүстігінде, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құйылатын сағасында орналасқан.
Қала тарихы XVII ғасырдан бастау алады. Бұл жерге 1640 жылы көпес Гурий Назаров ағаш елді мекенін салған, кейін мұнда Яицк казак әскерилерінің басқаруында болған Яицк тас қалашығы пайда болған (кейін Төмен Яицк болып өзгертілген).
XIX ғасырдан бастап елді мекен негізін қалаушысының есімімен Гурьев қалашығы, кейін жай ғана Гурьев деп аталған. Бұл атауға қала 1991 жылға дейін ие болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қалалық Халық депутаттары Кеңесі шаһардың атын Атырау деп өзгертті. Бұл сөз қазақ тілінен аударғанда «өзен сағасы» «дельта реки» деген мағынаны білдіреді.
1938 жылы ҚазКСР құрамында орталығы Гурьев қаласы болған Гурьев облысы құрылды. Ол кезде облыс қазіргіге қарағанда кең аумақты алып жатты. Оның құрамына қазіргі Маңғыстау облысының аумағы, бірқатар Ақтөбе аудандары кіретін және ол Ресей, Түркменстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шекараласатын.
Маңғышлақ табиғи байлығының ашылуы мен Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласының құрылысынан кейін облыс аумағы Маңғышлақ және Гурьев облыстарына бөлінді. 1991 жылдың 9 қазанынан бастап Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Облыс Каспий маңы алқабының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан (линк на с5р2 – География – Рельеф). Ол Жем қыраты мен Үстірттің батыс бөлігін алып жатыр. (линк на с5р2 – География – Рельеф). Аумақтың басым бөлігі жазық дала, солтүстіктен оңтүстікке қарай көлбеу. Солтүстік аймағының жер бедері теңіз деңгейінен 200 метр биіктік, ал оңтүстігінде 20 метр төмен орналасқан.
Атырау облысы жерлерінің басым бөлігін қырқа және барқан құмдары алып жатыр. Облыстың солтүстігінде жусан-сортаңды, ал оңтүстігінде жусан-бұталы өсімдіктер басым. Каспий теңізі жағалауында (линк на с5р3 – География – Су байлығы) қамыс қопасы, өзен және көл алқаптарында терек мен тал көп өседі. Жануарлардан бұл жерде қасқыр, түлкі, қосаяқ, қабан, ақбөкен мекендейді, құстардан дала қыраны мен дуадақ тіршілік етеді. Каспий теңізі мен Жайық өзенінен бекіре, ақсерке, шоқыр сияқты асыл тұқымды кәсіптік балық ауланады.
Облыста тұщы су қоры жеткіліксіз. Каспий теңізі бассейініне жататын өзендер аз. Аймақтың ең ірі өзені - Жайық (линк на с5р3 – География – Су байлығы). Өзен аңғарлары мен Каспийдің жағалауында жаз мезгілінде кеуіп, сортаңға айналатын шағын көлдер көп.
Облыстың климаты континентальды, Мұнда қыста қар аз, жазы құрғақ әрі ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -3-5 ºС, шілде айының орташа температурасы – 24-25 ºС көрсетеді.
Атырау облысының жер қойнауы көмірсутекке бай. Теңіз, Құлсары, Байшонас, Қараарна, Кеңбай (линк на с6р3 – Экономика – Энергетика) және т.б. кен орындарында мұнай мен газ қоры бар. Сонымен қатар облыста натрий және калий тұздарының кен орындары кездеседі.

Экономикасы
Аймақ экономикасы негізінен мұнай өндірісіне бағытталған. 2015 жылы өнеркәсіптік өнім мөлшері 3,612 трлн теңгені құрады. Осы көрсеткіш арқылы Атырау облысы еліміздің басқа аймақтарының алдында көш бастады. Алайда 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 52,4 млрд теңгені ғана құрады. Бұл – аймақ экономикасының нақты қай бағытқа бағытталғанының нақты көрсеткіші.
Облыстың ірі кәсіпорындарына «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Аджип ККО», «Атырау Нефтемаш» және т.б. жатады. Мұнайхимия өнеркәсібінен басқа облыста машина құрастыру, азық-түлік өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамыған. Облыс аумағынан Атырау-Ор, Өзен-Атырау-Самара, Атырау- Новороссийск мұнай құбырлары өтеді.

Туризмі
Атырау облысының аумағы Қазақстанның бірқатар көне тарихи ескерткіштеріне бай мекен. Мысалы, мұнда зерттеушілер тарихын Алтын Орда дәуірімен байланыстыратын көне Сарайшық қалашығы орналасқан (линк на с3р7 – Тарих – Моңғол дәуірі). Бірнеше нысаннан тұратын кешен Атырау қаласынан 50 шақырым қашықтықта. Аймақтың көрнекті жерлеріне XIX ғасырда салынған Ақмешіт Бекет жерасты мешіті мен Артық кесенесі сынды XIX ғасырдағы қазақ мәдени-жерлеу сәулет өнерінің ескерткіштері жатады.

Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты http://atyrau.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы

Жалпы мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы шекара бойындағы аймақ, оның Ресей және Қытай аймақтарымын шекарасының ұзындығы еліміздің көршілес облыстарымен шекарасынан әлдеқайда ұзын. Атап өткенде, облыс солтүстігі мен солтүстік шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, шығысында Қытай Халық Республикасының Шыңжан– Ұйғыр автономды ауданымен шекараласады.
Көлемі бойынша Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) еліміздегі ең ірі аймақтардың үштігіне кіреді. Облыс көлемі – 283,2 мың км2. Ол Қарағанды мен Ақтөбе облыстарынан кейінгі орында тұр. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км2- ге 4,9 адамнан келеді.
2016 жылдың басында аймақ халқының саны 1,396 млн адам екені анықталды. Қала тұрғындарының үлесі ауыл тұрғындарына қарағанда едәуір басым. Қала халқы – 59,9%, ауыл халқы – 40,1% -ды құрайды.
Шығыс Қазақстан халқының арасында қазақ ұлты өкілдерінің үлесі – 59,4%. Екінші орында 37,1% көрсеткішпен орыстар тұр. Үшінші орынға 1,2%-бен татарлар тұрақтаған.

Әкімшілік бөлінісі
15 ауылдық ауданға бөлінген аймақтың облыстық орталығы – Өскемен қаласы. Жалпы, облыс аумағында 10 қала, 3 кент және 752 ауыл бар. Аталған он қаланың төртеуі облысқа бағынышты. Бұл 321,6 мың халқы бар Өскемен, 318,1 мың тұрғыны бар Семей, 49,7 мың адам тұратын Риддер және 12,3 мың адам қоныстанған Курчатов қалалары.

Облыс орталығы
Өскемен облыстың солтүстік шығысында Үлбі өзенінің Ертіс өзеніне құйылатын сағасында орналасқан. Қала тарихы XVIII ғасырдан бастау алады. 1720 жылы Усть-Каменная деп аталатын әскери қорған салынған. Қала мәртебесін 1868 жылы иеленді. XIX ғасырдың соңынан бастап өңірдің өнеркәсіптік және көлік саласы қарқынды дами бастады.
1939 жылы Өскемен Семейдің орнына Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналды.

Облыс тарихы
Әу баста қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағы 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР құрамындағы Семей (Семипалатинск) облысына кірген.
Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік орталығы Семей қаласы болып 1932 жылдың 20 ақпанында құрылған. Ол кезде оның құрамына 21 ауылдық аудан енген. 1939 жылы бұл аумақтан орталығы аттас қала бекітілген Семей облысы бөлінді. Ал Өскемен көлемі кішірейтілген Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналды.
1997 жылы Семей облысының аумағы ШҚО құрамына енгеннен кейін екі аймақ қайта біріктірілді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Облыс аумағының басым бөлігін таулы және ұсақ төбелі бедер алып жатыр. Бұл – Кенді және Оңтүстік Алтай жоталары (линк на с5р2 – География – Рельеф). Аймақтың оңтүстігінде Тарбағатай мен Сауыр жоталарының арасында Зайсан орналасқан. Облыстың батыс аймағын Сарыарқа жерлері алып жатыр (линк на с5р2 – География – Рельеф). Облыс аумағына өзендер мен көл алқаптары жиі кездеседі.
Шығыс Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі бай болып келеді. Биік тауларда қылқан жапырақты ормандар мен көгалдар, далалы жерде бетегелі-дәнді шөп басым болса, солтүстігін – таспа шоққарағай жайлаған. Бұл жерлерді аю, түлкі, қасқыр, марал, ақбөкен, құну мекендейді.
Шығыс Қазақстан облысы су ресурсы бойынша ел аймақтары арасында көш бастап тұр. Мұнда еліміздегі тұщы судың 40% шоғырланған. Суы ең мол өзен – Ертіс (линк на с5р3 – География – Су байлығы), оның облыс аумағындағы ұзындығы шамамен 1300 шақырымды құрайды. Суы біршама мол өзендердің қатарына Ертіс алабындағы Бұқтырма, Үлбі, Оба өзендері жатады. ШҚО аумағында барлығы 880 өзен мен 1000-нан астам көл бар.
Шығыс Қазақстан облысының көлдері аймақтың мақтанышы саналады. Олардың ішінде ең ірілері: Зайсан, Алакөл, Марқакөл (линк на с5р3 – География – Су байлығы).
Облыстың ауарайы континенталды. Қаңтардағы орташа температура -16-20 ºС, ал шілде айының орташа температурасы – 20-23 ºС құрайды. Мұнда температура күрт өзгереді: жазда +35 ºС-ға, қыста -50 ºС-ға дейін барады. Бұл жерде жауын-шашын мөлшері де бірқалыпты емес, үнемі құбылып тұрады.
Облыстың жер қойнауы мырыш, қорғасын, вольфрам, марганец сынды түсті металдарға бай. Өскемен аумағына алтын қоры көп шоғырланған.

Экономикасы
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің өнеркәсібі жоғары дамыған аймақтарына жатады.
2015 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің ауқымы 1,023 трлн теңгені құрады.
Түсті металл кен орындарына бай болуына байланысты ондаған жылдар бойы облыстың жетекші өнеркәсіптік саласы түсті металлургия болып келеді.
Аймақтың ірі өнеркәсіп орындарына «Қазцинк», «Үлбі металлургия зауыты» сияқты алпауыттар мен «Шығысқазмыс», «Өскемен титан-магний комбинаты» сынды кәсіпорындар жатады.
Аймақта машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару өнеркәсібі де қарқынды дамыған. Шығыс Қазақстанда «Азия-Авто», «Өскемен конденсатор зауыты», «Семей машина зауыты» және т.б. кәсіпорындар бар. Ертісте орналасқан Өскемен, Үлбі және Бұқтырма сынды үш ірі гидроэлектрстанция – облыстағы энергетика саласының негізгі нысандары болып табылады.
2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылымы 290,6 млрд теңгені құраған, оның 61,8 %-ы мал шаруашылығына, 38,2 % өсімдік шаруашылығына тиесілі болды. Мал шаруашылығы саласында ет-сүт және ет-жүн өнеркәсібіне, ал өсімдік шаруашылығында – суарылмайтын, астық шаруашылығына басымдық берілген.

Туризмі
Шығыс Қазақстан облысының табиғи байлығы сыртқы және ішкі туризмнің негізгі нысаны болып табылады. Экологиялық туризмнің ең танымал бағыты - Марқакөл табиғи қорығы (линк на с5р7 – География – Фауна – гипер «қорықтар»). Бұл жерде Оңтүстік Алтай табиғаты жаратылған қалпында сақталған. Мұнда еліміздегі ең ірі Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркі (саябағы) (линк на с5р7 – География – Фауна – гипер «қорықтар») бар. Спорттық және экстремалды туризмді жаны сүйетіндер Алтайдың ең биік нүктесі болып табылатын Мұзтау (Белуха) шыңымен (4506 м), Зайсан, Алакөл, Марқакөл көлдерімен таныса алады.
Аймақтың мәдени-тарихи жеріне Абай музейін, Достоевский музейін, Қозы Көрпеш-Баян сұлу кешенін, Ақбауыр ежелгі астрономиялық кешенін, Берел қорымын, Шығыс Қазақстан облысы Невзоров әулеті атындағы бейнелеу өнері музейін, Семей ядролық полигон сынақтарының құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументін жатқызуға болады.
2015 жылы Шығыс Қазақстан облысында негізгі қордың 330 мыңға жуық жәдігері жинақталған 15 музей тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты - http://www.akimvko.gov.kz/ru/

Жамбыл облысы

Жалпы мәлімет
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік аймақтарына жатады. Облыс шекараға жақын орналасқан: оңтүстігінде Қырғызстанның Шу және Талас облыстарымен шектеседі.
Жамбыл облысының аумағы 144,3 мың км2 құрайды, жер көлемі жағынан ел бойынша 10-шы орынды иеленген. Халықтың қоныстану тығыздығы 2015 жылы 1 км2-ге 7,0 адамнан келді. Осы көрсеткіш бойынша өңір Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Облыс халқының саны 2016 жылдың басында 1,111 млн адамды құрады. Ауыл халқының саны қала халқына қарағанда жоғары: алғашқысы 59,5 % болса, екіншісі 40,5 % құрайды.
Жамбыл облысының этникалық құрылымында ұлт саны бойынша қазақтар 72,6 % үлеспен бірінші орынды иеленген, екінші орында орыстар, олардың үлесі 10,3 %, ал үшінші орында 4,9 % үлеспен дүнгендер тұр. Сонымен қатар облыс аумағында өзге өңірлермен салыстырғанда түрік, күрд және өзбек этностарының өкілдері едәуір көп тұрады.

Әкімшілік бөлініс
Жамбыл облысының әкімшілік орталығы – Тараз қаласы. Аймақтың аумағы 10 ауылдық ауданға бөлінген, жалпы облыста 4 қала және 373 ауылдық елді мекен бар.
Тараздың халқы 2016 жылдың басында 362,9 мың адамды құрады. Облыстағы өзге үш қала аудандық бағыныстағы қалаларға жатады, олар: Шу (35,9 мың адам), Қаратау (28,8 мың адам) және Жаңатас (21,9 мың адам).

Облыстық орталық
Тараз – Қазақстанның ең ежелгі шаһарларының бірі. Ол облыстың оңтүстігінде, Қырғызстанмен шекаралас аймаққа жақын орналасқан. Қала Талас өзенінің бойында тұр, оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань, батысында Қаратау тауларымен қоршалған.
Зерттеушілер бұл топырақта қала мәдениеті сақтар мен үйсіндер кезеңінде біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда пайда болған деседі (линк на с3р3 – Тарих – Сақ тайпалары). Алғаш рет қаланың атауы ежелгі жазбаларда VI ғасырда атала бастады. Қазақстанның сан мың ғасырлық тарихында Тараз ірі сауда және саяси орталық болып келді.
XV-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының (линк на с3р8 – Тарих – Қазақ хандығы) құрамына кірді. Кейін XIX ғасырдың екінші жартысына дейін қала Қоқан хандығының билеушілеріне бағынды, ал 1864 жылы қаланы орыс әскері жаулап алды (линк на с3р9 – Тарих – Ресей империясының құрамында).
Ол кезде Әулие-Ата деп аталды, яғни осы жерде жерленген өзінің құрметіне аталып кеткен әулеттің негізін салушы Қараханның құрметіне қойылған.
Кейін 1936-1938 жылдары, Қазақ КСР құрамында, қала Мирзоянның атымен аталды. Ал 1938 жылы әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне атауы Жамбыл деп ауыстырылды (линк на с4р5 – Мәдениет – Әдебиет).
1939 жылы қала Жамбыл облысының орталығы атанды.
Ал 1997 жылы оған ежелгі Тараз атауы қайтарылды.

Облыстың тарихы
Жамбыл облысы 1939 жылдың 14 қазанында құрылды. Облыс Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан бөлінген аудандардан құрылды.
Кейін аймақ бірнеше әкімшілік қайта құруды бастан өткерді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Жамбыл облысының басым бөлігін жазық дала алып жатыр. Өңірдің солтүстік бөлігін Шу өзенінің алқабынан Сарыарқаға (линк на с8р8 – Туризм –ЮНЕСКО нысандары) дейінгі жерді Бетпақдала (линк на с5р2 – География – Рельеф) сазды шөлі жайлаған. Шу өзенінен оңтүстікке қарай Мойынқұм құмды шөлі созылып жатыр. Жамбыл облысының оңтүстігінде таулы аймақтар кездеседі: Батысында Қаратау, оңтүстігінде Қырғыз Алатау жоталары, ал оңтүстік шығысында Желтау, Айтау және т.б. таулар бар.
Облыс су ресурстарына бай аймаққа жатпайды. Мұндағы негізгі өзендер: Шу, Талас, Асы. Бұл жердегі көптеген көлдер жазда тартылып, сораңға айналады, олардың ең ірілері Ақжар, Ащыкөл, Бибікөл, Ақкөл. Облыста бірнеше су қоймасы бар, солардың ең ірісі Тасөткел мен Теріс-Ащыбұлақ.
Солтүстік аймақтарда жусан-сораңды және жусан-дақылды өсімдіктер өседі, құмдақ жерлерде сексеуіл бұталары кездессе, өзен аңғарларында тоғай ормандары басым. Таулар мен тау бөктерінде тал-шілікті, жапырақты ормандар өседі. Мұнда арқар, барыс, аю, қасқыр, түлкі мекендейді. Жалпы, облыстың өсімдіктер әлемі 3 мың түрден асады.
Жамбыл облысының климаты континенталды. Солтүстігіндегі қыс суық алайда қар аз түседі, ал оңтүстігінде қыс қысқа және жайлы. Облыстың барлық аумағында жаз өте ыстық әрі құрғақ.
Аймағына қарай жауын-шашын мөлшері де өзгеріп отырады: солтүстікте жаңбыр өте аз жауса, оңтүстіктегі тау бөктерінде, керісінше, көп, жылына 900 мм-ге дейін жетеді.
Облыс аумағында фосфорит (ел қорының 70%-нан көбі), шпат (жалпы қордың 68 %), алтын, мыс, магнийге бай кен орындары орналасқан. Мұнда гипс, барит, селитра, техникалық тас және түрлі құрылыс материалдарының кен орындары топтасқан.

Экономика
Жамбыл облысы – Қазақстанның индустриалды-аграрлы өңірі. Облыс экономикасына көпсалалы өнеркәсіп тән. 2015 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 274,5 млрд теңгені құрады. Жетекші орынды өңдеу өнеркәсібі алады, жалпы өнеркәсіптік өндірістегі кәсіпорынның үлесі 74,7 %-ға пара-пар.
Химиялық, металлургиялық және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары басымдыққа ие.
«Қазфосфат», «Еурохим-Тыңайтқыш», «АмангелдіГаз», «KazFerro» және т.б. аймақтың ірі кәсіпорындарының қатарына жатады.
Ауыл шаруашылығындағы негізгі кәсіп түрі суармалы егіншілік пен жайылымдық мал шаруашылығы. 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 172,364 млрд теңгені құрады, ал мал шаруашылығы мен егіншіліктің үлесі 53,4 % және 46,6 % шамасында болды.

Туризм
Бай тарихи мұрасының арқасында облыс өз туристеріміз үшін де, шетелден келген қонақтар үшін де тартымды болып табылады. Облыс және оның әкімшілік орталығы Тараз қаласының бойымен Ұлы Жібек жолының бір бөлігі өткен. (линк на с3р5 – Ұлы Жібек жолының тарихы), Бұл жерде бірқатар қызықты тарихи ескерткіштер орнатылған. Облыстың өзі Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
Дәл осы Жамбыл облысының аумағында осыдан 550 жыл бұрын Талас пен Шу өзендерінің арасында Қазақ хандығы құрылған (линк на с3р8 – Тарих – Қазақ хандығы). Осының құрметіне 2015 жылы Таразда хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың 30 метрлік еңселі ескерткіші орнатылды.
Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Тараз қаласында ежелгі және орта ғасыр тарихын құрметтейтіндердің ерекше ықыласына ие «Ежелгі Тараз» археологиялық паркі ашылды.
Өңірдің дәстүрлі ескерткіштерінің ішінде тек мәдени-тарихи жағынан ғана емес, сонымен қатар діни маңызы бар кесенелер көп кездеседі. Бірінші кезекте бұл Тараз қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан «Айша-Бибі» кесенесі (XI-XII ғ.ғ.) (линк на с8р5 – Туризм – Оңтүстік Қазақстан), Бабаджа-қатын кесенесі (XI ғ.), Қарахан кесенесі (XI-XII ғ.ғ.) және т.б.
Жалпы, Жамбыл облысында 1000-нан астам ескерткіш бар, оның ішінде археологиялық ескерткіш – 844, тарихи – 111, сәулет өнері – 97, монументтік өнер ескерткіші – 28.
Сондай-ақ облыс аумағында үш мемлекеттік табиғи қорықша: «Берікқара» шатқалы», «Қарақоңыз» шатқалы» және бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемімен ерекшеленетін Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасы орналасқан.

Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты
http://www.zhambyl.gov.kz/index.php?lan=rus

Батыс Қазақстан облысы

Жалпы мәлімет
Батыс Қазақстан облысы немесе БҚО – Қазақстанның солтүстік-батыс аймағы болып табылады. Оның аумағының басым бөлігі географиялық тұрғыдан Шығыс Еуропаға жатады. Облыстың 1500 шақырымнан астам бөлігі Ресей Федерациясының бес аймағымен шекараласады. Ішкі шекараға келетін болсақ, БҚО оңтүстігінде Атырау облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен шектеседі.
Батыс Қазақстан облысының аумағы 151,3 мың км2 құрайды, бұл ел бойынша 8-ші орын. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км2 4,1 адамнан келеді. Бұл – елдегі орташа көрсеткіштен төмен нәтиже.
Аймақта 636,9 мың адам тұрады. Ауыл және қала тұрғындарының үлесін тең деуге болады. Олар 50,2 % және 49,8 %-ды құрайды.
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының этникалық құрамына келетін болсақ, қазақтар - 75,2 %, орыстар – 20,2 %, ал украиндар 1,6 % көрсеткішпен үштікті түйіндеп тұр.

Әкімшілік бөлінісі
Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласы. Облысқа 16 ауылдық аудан кіреді. Жалпы, облыс құрамында 2 қала, 3 кент, 443 ауыл бар.
Халық саны 232,5 мың адамды құрайтын Орал қаласынан басқа БҚО-да 33,6 мың тұрғын мекендейтін Ақсай қаласы бар.

Облыс орталығы
Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Ол Жайық (Орал) өзенінің оң және Шаған өзенінің сол жағалауында тұр.
Ресми түрде қаланың негізі 1613 жылы қаланған. Бұған дейін қазіргі Оралдың орнында қорған ретінде салынған Жайық (Яицкий) қалашығы қоныс тепкен.
1773-1775 жылдары бұл аумақ Ресей империясында Емельян Пугачевтың жетекшілігімен өткен патшайым Екатерина ІІ қарсы шаруалар көтерілісінің орталығы болған. 1775 жылы көтеріліс басылғаннан кейін, Екатеринаның жарлығымен Яицкий қалашығы Уральск, ал Жайық (Яик) өзенінің ресми атауы Урал болып өзгертілген. 1864 жылы Орал Ресей империясының ірі қалаларының тізіміне енген, ал 1868 жылдан бастап Орал облысының орталығына айналған. Сол кезден бастап қала көлік және өнеркәсіп орталығы ретінде дамыған.
1992 жылы Орал облысының атау Батыс Қазақстан облысы болып өзгертілді. Ал Орал қаласы облыстың әкімшілік орталығына айналды.

Облыс тарихы
Әу баста Батыс Қазақстан облысы Орал облысы деп аталды. Облыс 1867-1868 жылдары Ресей империясының құрамындағы жеке әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде құрылды. 1920 жылы облыс Қазақ АКСР құрамында Орал губерниясы болып өзгертілді. 1932 жылдың 10 наурызында облыс атауы Батыс Қазақстан облысы болып ауыстырылды. 1962 жылы аймақ қайтадан Орал облысы болып аталды. Ал 1992 жылы Қазақстан Парламентінің шешімімен қазіргі атауы ресми бекітілді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Облыс аумағының басым бөлігі Каспий ойпатында орналасқан. Облыстың солтүстігінде және солтүстік шығысында Жалпы сырт қыраты (линк на с5р2 – География – Рельеф) мен Орал алды үстіртінің тау сілемдері (линк на с5р2 – География – Рельеф) бар. Оңтүстікте Каспий ойпатында (линк на с5р2 – География – Рельеф) Нарынқұм құмдақ алқабымен шектеседі.
Облыстың өзендері Каспий теңізі алабына жатады. Ең ірісі – Жайық (Орал) (линк на с5р3 – география – Су байлығы). Оның Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1084 шақырымды құрайды. Басқа ірі өзендер: Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өленті, Бұлдырты, Шыңғырлау.
Ірі көлдер: Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және басқалары.
Батыс Қазақстан облысының аумағында астық тұқымдас, жусан және жусан-тұқымдас өсімдік түрлері көп.
Жайықтың және басқа да өзендердің алқаптарында терек, көктерек, шегіршін, емен және талдар мен бұталар өседі. Аймақта бөкен, бұлан, елік, қабан сияқты тұяқтылар және түлкі, қасқыр, күзен сынды жыртқыштар мекендейді.
Облыстың ауарайы континенталды, жыл бойы қатты жел соғады, жазда үнемі аңызғақ тұрады. Қаңтардағы орташа температура -11-14ºС, шілде айының орташа температурасы – 22-25 ºС. Алайда температура ауытқып отырады. Төменгі температура -40 ºС, ал жоғары температура – +40 ºС көрсетеді.
Облыстың жер қойнауы мұнай мен газ конденсатына бай. Ел бойынша осы екінші шикізаттың 90 % қоры осында орналасқан. Қарашығанақ – (линк на с6р3 – Экономика – Энергетика) әлем бойынша ең бай кен орны. Сондай-ақ аймақта әктас, цемент шикізаты және керамзит сазының қоры шоғырланған.

Экономикасы
Аймақтың экономикалық құрылымын табиғи қазба байлықтары қамтамасыз етеді. 2015 жылы БҚО өнеркәсіптік өнімнің өндірісі 1259,8 млрд теңгені құрады. Бұл ел бойынша көмірсутек өндірумен айналысатын Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейінгі үшінші көрсеткіш.
Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 1120,8 млрд теңгені немесе 88,9 %, ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі 7,6 % құрайды.
Облыста ірі көлемде өнеркәсіптік өнім өндірісін қамтамасыз ететін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Конденсат» холдингі, «Жайықмұнай», «Зенит» зауыты», «Гидромаш-Орион-МЖБК» және т.б. өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары бар.
Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 91,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 63,5 % мал шаруашылығының үлесінде.

Туризм
Батыс Қазақстан облысы – керемет табиғаты мен тартымды тарихы бар өлке. Облыс орталығы – Орал – Қазақстанның ескі қалаларының бірі. Қаланың Курени ауданында бірқатар ескі сәулет өнерінің ескерткіштері орналасқан.
1833 жылы қалаға ат басын тіреген А.С. Пушкиннің музейін ерекше атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштердің ішінен Шақпақ ата жерасты мешітін, әйгілі Шолпан Ата мешітін (линк на с8р6 – Туризм – Батыс Қазақстан), Сұлтан апа мешіті мен қорымын, «Жайық» қалашығын, Қырық Оба патша қорған кешенін атап айтуға болады.
Табиғи ерекшеліктерден облыс Қаракие ойпатын, Ақмыш шатқалы мен Шерқала шыңын және Шалқар көлін мақтан тұтады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
http://bko.gov.kz/ru/

Қарағанды облысы

Жалпы мәлімет
Қарағанды облысы - Қазақстанның орталық аймағы. Аумағы бойынша еліміздің әкімшілік бірліктері арасында бірінші орынға ие. Жер көлемі - 428 мың км2. Сонымен бірге, облыс Қазақстандағы халықтың қоныстану тығыздығы өте төмен. Мұнда 1 км2 - ге 3,2 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Ақтөбе облысының алдында тұр.
2016 жылдың басында халқы 1,385 млн адамды құрады. Қала халқының үлесі айтарлықтай жоғары, тұрғындардың 20,9%-ын ауыл, 79,1%-ын қала халқы құрайды.
Этникалық құрамына келетін болсақ, облыс халқының басым бөлігін қазақтар құрайды, олардың үлесі – 50,4 %. Орыс ұлты 36,5 % көрсекішпен екінші орында тұр. Үшінші орынды 2,4 % үлеспен немістер иеленген. Төртінші орында татарлар тұр. Қарағанды облысында олардың үлесі 2,3%-ды құрайды.

Әкімшілік бөлінісі
Облыстың әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы. Облыс аумағында 11 аудан, 11 қала, 10 кент және 421 ауыл орналасқан.
2016 жылдың басында Қарағанды қаласының халқы 497,8 мың адамды құрады.
Теміртау (178,4 мың. адам), Жезқазған (86,4 мың адам), Балқаш (71,9 мың адам), Сәтпаев (61,6 мың адам), Саран (43,9 мың адам), Шахтинск (38,7 мың адам), Абай (28,5 мың адам) облыстың ірі қалалары болып табылады.

Облыс орталығы
Қарағанды қаласы облыстың орталық бөлігінде, Бұқпа өзенінің бойында орналасқан, бұдан бөлек бұл жерде Ертіс-Қарағанды арнасы бар. Қаланың атауы қазақтың «қараған» деген сөзінен шыққан деп есептеледі. Бұ묬 –дәл осы жерде өсетін сары дала мамыргүлінің атауы.
Қарағанды – ХХ ғасырдың бірінші жартысында кеншілер кентінің орнында пайда болған жас қала. 1931 жылы Қарағанды атты кеншілердің қонысы жұмысшылар кенті болып қайта құрылды, ал 1934 жылы кент және оның айналасындағы елді мекендер дербес қала мәртебесін алды.
1931 жылдың 20 наурызы Қарағанды қаласының негізі қаланған күн болып есептеледі.
Бұл – тұрғындар саны жағынан ел бойынша төртінші орында тұрған қала. Өнеркәсіптік, көлік және интеллектуалдық әлеуеті зор.

Облыстың тарихы
Қарағанды облысы 1932 жылдың 10 наурызында құрылды. Сол кезде оның орталығы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы болды. 1936 жылдың 3 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін оның әкімшілік орталығы Қарағанды қаласы болып табылады.
Құрылған сәттен бастап облыстың аудандық құрамы өзгеріске көп ұшырады. Соңғы өзгеріс 1997 жылы Қарағанды облысына Жезқазған облысын қосқан кезде болды. Бұдан кейін өңірдің шекарасы өзгерген жоқ.
Тарих беттерінің қайғылы оқиғасы 1930-1940 жылдармен тығыз байланысты. Мұнда қуғын-сүргін заманындағы сталиндік «еңбекпен түзету» лагері және әйгілі КАРЛАГ орналасқан. Облыс аумағына Кеңес Одағының түкпір-түпкірінен көптеген өзге ұлт өкілдері жер аударылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс, жапон, итальян және румын тұтқындары Спасск лагеріне орналастырылған. Қазір бұл жерде қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіштер бар.

Табиғи-климаттық жағдайы
Қарағанды облысы географияда Қазақтың ұсақ шоқысы деген атпен танылған Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде орналасқан (линк на с5р2 – География – Жер бедері). Облыс шығысында Қарқаралы тауларынан бастап, батыста Теңіз көлімен, (линк на с5р3 – География – Су байлығы), солтүстігінде Есіл өзенінің алқабымен, (линк на с5р3 – География – Су байлығы) оңтүстігінде балшықты әрі шөлді өңір Бетбақдала (линк на с5р2 – География – Жер бедері) мен Балқаш көліне дейінгі жерді алып жатыр.
Облыс қыратты жерде орналасқан. Жер бедері көбінесе жоталы болып келеді. Аласа таулар өзен алқаптары мен көлді ойпаттарды бөліп тұрады.
Климаты континенталды, қысы – суық, жазы – ыстық. Қыс айларында қатты аяз бен сұрапыл борандар жиі болады. Қаңтар айының орташа температурасы -16-17 ºС. Жазы әдетте ыстық, құрғақ әрі желді болып келеді. Шілденің орташа температурасы +20-21 ºС. Сонымен қатар ең жоғарғы температура қыста -45 ºС, ал жазда +38 ºС-ға дейін жетуі мүмкін.
Облыста 200-ден астам ірі және шағын өзендер бар. Ең ірісі - Нұра өзені. Ол облыстың батыс бөлігіндегі Теңіз көліне құяды. Өңірде сондай-ақ 1900 көл бар. Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын ірі көлдердің қатарына жатады.
Қарағанды облысы минералды ресурстарға бай. Оның аумағында елдің марганец қорының 100 %-ы, мыс қорының 36 %-ы, вольфрамның 80 %-ы , молибденнің 64%-ы, қорғасынның 54%-ы, көмірдің 40 %-ы (оның ішінде кокстелетін көмір қорының 100 %) шоғырланған. Облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде 3 мұнай және газ кен орны ашылды, олар: Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл және Майбұлақ.

Экономикасы
Қарағанды облысы еліміздің жетекші өнеркәсіптік аймағы болып табылады. 2015 жылы жалпы өңірлік өнімнің 44,1%-ы өнеркәсіп үлесіне тиді. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі жыл қорытындысы бойынша 1,365 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы Атырау облысынан кейінгі орынды иеленді.
Қарағанды көмір бассейні - Қазақстан металлургиялық кәсіпорындары үшін кокстелген көмірдің негізгі жеткізушісі. Мыс кенін өндіру және өңдеудің толық циклі Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясында жүзеге асырылады.
«АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» корпорациясы, «Шұбаркөл көмірі», «Қазмарганец» облыстың ірі кәсіпорындары саналады.
2015 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 162,9 млрд теңгені құрады, оның 58,6 %-ы мал шаруашылығының үлесіне тиді. Жалпы аймақтық өнім көрсеткішінде ауыл шаруашылығының үлесі көп емес – бар болғаны 3,3 %. Бұл – бірінші кезекте облыста жоғары құнды өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың көп болуымен түсіндіріледі.

Туризмі
Қарағанды облысы туристерге тарихи ескерткіштерді тамашалаудан бастап, спорттық және экологиялық туризмге дейінгі аралықты қамтитын демалудың сан түрлі нұсқасын ұсынады.
Беғазы қорымы, Теректі әулие петроглифтері, Жошы хан күмбезі көне тарихи ескерткіштерге жатады. Ал қазіргі заманның тарихи ескерткіштері ретінде тұтқындарды еске алу үшін салынған Долинка елді мекеніндегі КАРЛАГ мұражайы мен Спасск мемориалын атауға болады.
Табиғи көрікті жерлерінің қатарына Балқаш көлі, Шайтанкөл, Шұнақ метеорит кратері, Бектау-ата шатқалы, Ақсораң шыңы, Ұлытау өлкесі кіреді. Сондай-ақ облыс аумағында Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі бар. (линк на с5р7 – География – Фауна – гипер «Қорықтар»).

Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты: http://karaganda-region.gov.kz/rus/

Қостанай облысы

Жалпы мәлімет
Қостанай облысы Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жатады. Ауданы 196 мың км2 құрайды. Бұл – жер көлемі бойынша облыстар арасындағы 6-шы орын. Халықтың тығыздығы 1 км2 -ге 4,5 адамнан келеді.
Қазақстанның төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) және Ресейдің үш облысымен (Қорған, Челябинск, Орынбор) шекараласады.
2016 жылдың басында Қостанай облысының халқы 883,7 мың адам болды. Қала халқының үлесі айтарлықтай жоғары, тұрғындардың 47,1 %-ын ауыл халқы, 52,9 %-ын қала халқы құрайды.
Қостанай облысының саны ең жоғары этнос - орыстар, олардың үлесі – 41,6 %. Екінші орында – қазақтар (39, 7 %), үшінші орында – украиндар (8,6 %).

Әкімшілік бөлінісі
Қостанай облысының әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы. Қостанай облысының аумағына 16 аудан кіреді. 2016 жылдың басында облыста 5 қала, 3 кент және 590 ауыл болды.
Қостанай қаласы тұрғындарының саны 231,9 мың адам. Облыста Рудный (116,1 мың адам), Лисаковск (36,8 мың адам), Жетіқара (35,1 мың адам) және Арқалық (29,7 мың адам) сынды қалалар бар.

Облыс орталығы
Қостанай қаласы Тобыл өзенінің бойында орналасқан, солтүстік бөлігін Торғай үстірті алып жатыр (линк на с5р2 – География – Жер бедері).
Қала тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады, сол кезде болашақ қаланың орнына Ресей империясы Торғай облысының құрамына кірген Николаевск қонысын сала бастаған.
Қостанай қаласының негізі 1879 жылы қаланған. Содан бері қала ірі сауда орталығы, көлік торабы ретінде дамыды. 1912 жылы Оңтүстік-Сібір теміржол жүйесіне енгізілгеннен кейін қала ерекше қарқынмен қарыштай бастады.
1920 жылы қала Ақтөбе облысы Қостанай округінің орталығы болды, ал 1936 жылы Қостанай облысының әкімшілік орталығына айналды. 1878 жылдан бастап 1905 жылға дейін қала Николаевск деп аталды, содан кейін қазіргі атауына ие болды.

Облыстың тарихы
Ол кезде облыс Қостанай деп аталды, содан бері орталығы Қостанай болып келеді.
Облыс құрылған сәттен бастап Қазақстанның жетекші аграрлық өңірлерінің біріне айналды. 1950-1960 жылдары «тың игеру» кезеңінде өңірдің ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.
Бұл кезеңде темір кен орындары да белсенді түрде игеріле бастады. Нәтижесінде облыстың индустриялық келбетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Дәл сол кезде 1957 жылы облыс картасында Рудный қаласы пайда болды, бүгінде ол облыстағы қалалардың ішінде халық саны бойынша екінші орынды иеленіп отыр.

Табиғи-климаттық жағдайы
Қостанай облысы жазық жерде орналасқан. Облыстың негізгі бөлігі далалы аймақта Торғай және Орал алды үстіртін (линк на с5р2 – География – жер бедері), солтүстігінде Батыс-Сібір жазығын алып жатыр (линк на с5р2 – География – жер бедері).
Қостанай облысында су ресурстарының тапшылығы байқалады. Облыс аумағында шамамен 300-дей ұсақ өзен бар. Облыстың ірі су арналары Тобыл, (линк на с5р3 – География – Су байлықтары) және Торғай өзендері болып табылады. Облыста бес мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Сарыкөл, Алакөл, Құсмұрын, Қойбағар, Ақкөл, Теңіз және т.б.
Қостанай облысының климаты құбылмалы. Қысы ұзақ, аязды, қатты желді және қарлы боранды болып келеді, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 18-19 ºС, ал шілде айының орташа температурасы – +20-21 ºС.
Облыста алуан түрлі өсімдік өседі. 1960 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты ауданның көп бөлігі жыртылды. Солтүстік бөлігінде қайың, селеулі өсімдіктер басым, көктерек тоғайлары мен қарағайлы ормандар бар; орталық бөлігінде шөпті өсімдіктер, Наурызымқарағай орманы, оңтүстік бөлігінде-бетегелі-селеулі және жусан өсімдіктері өседі.
Қостанай облысының жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда магнетит және оолит темір кені, қоңыр көмір, асбест, боксит, отқа төзімді және сазды кірпіш, шыны құмы, құрылыс тасы және т.б. кездеседі. Облыс бойынша барлығы шамамен 400 пайдалы қазба мен минералды шикізат игеріліп отыр.

Экономикасы
2015 жылы Қостанай облысында өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 431,3 млрд теңгені құрады.
Облыс өнеркәсібінің құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі – 41,8 %-ға, ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 48,3 %-ға жетті.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, металлургия, машина жасау сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру бағыттарын қамтиды.
Тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарына «ССКӨБ», «Варваринское» АҚ, «Алюминий Қазақстан» АҚ филиалы, Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы, «Қостанай минералдары» АҚ, «Орион Минералс» ЖШС жатады. Облыстың басқа ірі кәсіпорындарының құрамына «АгромашХолдинг» АҚ, «Сарыарқаавтоөндіріс» ЖШС, «Агротехмаш» ЖШС және т. б. кіреді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 261,3 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылық құрылымында дәстүрлі өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесі 71,6 % құрайды. Осы салада дәнді және бұршақты дақылдарға басымдық берілген. Қостанай облысы бидай өсіру бойынша еліміздің жетекші аймақтарының бірі болып табылады.

Туризмі
Қостанай облысының табиғаты бірегей. Оның аумағында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан (линк на с5р7 – География – Фауна – гипер «Қорықтар»). Ол қарағайлы арал ормандар және далалы экожүйемен ерекшеленеді. Бұдан бөлек Қостанай облысының аумағында облыстық маңызға ие 9 мемлекеттік ботаникалық нысан бар. Оның жалпы ауданы 31,5 га құрайды.
Облыста Бестамақ қорымы, Лисаков археологиялық кешені, ХХ ғ. басына жататын Сахана Маката кесенесі сынды тарихи ескерткіштер бар.
Қостанай облысында барлығы 10 мұражай бар, оларда негізгі қордың 188 мың экспонаты сақталған.

Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайты: HYPERLINK "http://kostanay.gov.kz" http://kostanay.gov.kz

Қызылорда облысы

Жалпы мәлімет
Қызылорда облысы – Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің бірі. Облыс солтүстік және шығыс бөлігінде Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарымен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысында Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасы және Науаи облысымен шекараласады.
Қызылорда облысының аумағы 226 мың км2 құрайды. Осы көрсеткіш арқылы облыс өңірлер арасында 4-ші орынды иемденіп тұр. Мұнда халықтың қоныстану тығыздығы 1 км2 - ге 3,3 адамнан келеді. Бұл – республика бойынша ең төмен көрсеткіш.
2016 жылы Қызылорда облысының халқы 765,2 мың адамды құрады. Ауыл халқының үлесі қала тұрғындарына қарағанда айтарлықтай жоғары екені анықталды. Халықтың 56,3 %-ы ауыл, 43,7 %-ы қала тұрғыны ретінде тіркелді.
Қызылорда облысы этникалық тұрғыдан еліміздің біртекті өңірлерінің бірі болып табылады. 2016 жылдың басындағы мәлімет бойынша, халықтың 95,9 % -ын қазақтар құраған. Орыс ұлтының үлесі 1,9 % болса, 1,02 % көрсеткішпен корей ұлты үшінші орыннан көрінген.

Әкімшілік бөлінісі
Аймақтың әкімшілік орталығы – Қызылорла қаласы. Облыс аумағы 7 ауылдық ауданға бөлінген. Оның құрамына 4 қала, 2 кент және 260 ауыл кіреді. 227,5 мың тұрғыны бар Қызылорда қаласынан басқа облыс аумағында Байқоңыр (39,6 мың адам), Арал (32,1 мың адам) және Қазалы (6,8 мың адам) қалалары орналасқан.
Байқоңыр қаласы (линк на с8р9 – Туризм – Байқоңыр) Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Мұнда қаланың атымен аттас «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар. Ол Ресей Федерациясына ұзақ мерзімге жалға берілген. Қалада шамамен 76 мың 255 адам өмір сүреді, оның 35 %-ы Ресей, 62,5%-ы Қазақстан, 2,5%-ы басқа мемлекеттердің азаматтары.
Байқоңыр Ресейдің федералдық маңызы бар қаласы деген мәртебеге ие. Осыған байланысты қазіргі уақытта Байқоңырда Ресей заңнаманасы қолданылады (Қазақстан азаматтарына қатысты қазақстандық заңнама қолданылады) және (қазақстандық теңгемен бірге) Ресей рублі пайдаланылады. Бұл жаққа тек арнайы рұқсат қағазбен ғана кіруге болады, сондықтан туристерге алдын-ала барлығын ойластырып алған жөн. Мұнда арнайы нысандар мен кәсіпорындардың және ұйымдардың жұмыс істеуіне сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне тең жағдай жасалған.

Облыс орталығы
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің жағасында орналасқан. Оның тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Ол кезде бұл жерлер Қоқан хандығының иелігінде болған. 1817 жылы Сырдария жағасында Ақмешіт бекінісінің құрылысы қолға алынды. Сырдария және Арал теңізінің айналасындағы аумақтар Ресей империясының құрамына енгеннен кейін, (с3р9 – Тарихы – Ресей империясының құрамында) 1852 жылдан бастап бекініс Перовск деп атала бастады. Бекіністің аты оны басып алуға басшылық жасаған генерал Перовскийдың құрметіне қойылды. 1862 жылы Перовск бекінісі қала мәртебесін алды. Ал 1922 жылы Перовск қаласына өзінің бұрынғы Ақмешіт атауы қайтарылды, алайда 1925 жылдан бастап қала Қызылорда деп аталды. 1925 жылдың 15 сәуірде Қызылордаға РСФСР Қазақ автономиялық республикасының астанасы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Бұл мәртебені Қызылорда 1929 жылға дейін ұстап тұрды, осыдан соң астана Алматыға ауыстырылды, ал Қызылорда округтің орталығына айналып, 1931 жылдан бастап аудан орталығы атанды. 1938 жылы Қызылорда қаласы Қызылорда облысының әкімшілік орталығы деп танылды.

Облыстың тарихы
1938 жылдың 15 қаңтары облыстың құрылған күні болып саналады, оның аумағы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан шығарылған бірқатар аудандардың тобынан қалыптасқан.
1930-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде (с3р10 – Тарих –КСРО-ның құрамында) Қызылорда облысы халқының саны Кеңес Одағының басқа аймақтарынан жер аударылғандардың есебінен, әсіресе Қиыр Шығыстан келген кәрістер мен Еділ немістері арқылы айтарлықтай өсті.

Табиғи-климаттық жағдайы
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатының шегінде орналасқан (с5р2 – География – Жер бедері), батыста Арал теңізінің жағалауы бар (с5р3 – География – байлығы). Өңірдің оңтүстік-шығысын Қаратау сілемі жайлаған, ал солтүстік-батысын Арал қарақұмы алып жатыр. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында Қызылқұм шөлі орналасқан.
Облыстың ірі су артериясы ұзындығы 1000 километрден асатын Сырдария өзені болып табылады (с5р3 – География – байлығы). Облыстың тағы бір үлкен су айдыны Арал теңізі. (с5р3 – География – байлығы – гипер «Арал теңізінің тарихы»). Қызылорда облысында кіші Арал теңізі орналасқан.
Бұл Арал теңізінің солтүстік бөлігі, оған Сырдариядан келетін су 2005 жылы салынған Көкарал бөгеті арқылы жетеді (с5р3 – География – Су байлығы – гипер «Көкарал бөгеті»). Кіші Аралда су деңгейі айтарлықтай өсті, ал су тұщыланып келеді.
Облыстың климаты континенталды, қыста қар көп жаумаса да ызғарлы, жазда ыстық әрі құрғақ болады. Қаңтар айының орташа температурасы -13 ºС, шілденің орташа температурасы +26-28 ºС, алайда жаздың ыстығы көбіне +40 ºС-тан жоғары көрсеткішті көрсетеді. Облыста жауын-шашын аз жауады.
Қызылорда облысында минералды-шикізат қорының әлеуеті зор. Қорғасын, мырыш, уран, ванадий, ас тұзы облыстың маңызды пайдалы қазбалары болып саналады.
Облыстың аумағына мырыш қорының 15,1 %-ы, қорғасын қорының 9,6 %-ы, уранның 13,7%-ы, мұнай, газ және конденсаттың 4,7 %-ы және жер асты су қорының 3,4 %-ы шоғырланған.

Экономикасы
Қызылорда облысында тау-кен өнеркәсібі мен карьер аршу ісіне басымдық берілген. 2015 жылы осы сектордың жалпы өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 80 % - ды құрады, ал өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 13,9 % болды. Айта кету керек, соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсіп келеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 62,9 млрд. теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығының үлесі – 52,5 %, ал мал шаруашылығының үлесі 47,5 % болды.
Қызылорда облысында негізгі ауыл шаруашылық дақылы күріш болып табылады, сондай-ақ бұл жерде дәнді-дақылдар, көкөністер, бақша дақылдары өсіріледі.
Мұнда маңызды және үнемі дамып келе жатқан сала - балық шаруашылығы. Бұл іс Арал маңында қатты дамыған. 2015 жылы облыс бойынша балық аулау көлемі 8394 тоннаны құрап, 20 % - ға ұлғайды. 2014 жылмен салыстырғанда Кіші Аралға байланысты өсім 30 %-ға жетті. Облыс аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі өтеді. Соңғы жылдары өңір экономикасына құрылыс салу және оған қызмет көрсету ісі елеулі серпіліс берді.

Туризмі
Қызылорда облысының туристік бағдары 15 бағытты қамтиды. Бұл жер Арал ауданының туристік әлеуетімен (Барсакелмес аралы, Қайықтар моласы, Арал теңізі, Көкарал көпірі), Қамбаш көлі жағалауындағы демалыс аймағымен, Қорқыт ата мемориалдық кешенімен (с4р5 – Мәдениет – Әдебиет– гипер «Қорқыт-ата»), сонымен қатар Жаңақорған ауданының тау массивтерімен ерекшеленеді.
Маңызды туристік бағыттың бірі болып Байқоңыр ғарыш айлағы табылады. (линк на с8р9 – Туризм – Байқоңыр) Көпшілік зымыранның ұшу сәтін тамашалау мүмкіндігіне қатты қызығады.

Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты: http://e-kyzylorda.gov.kz/?q=ru

Маңғыстау облысы

Жалпы мәлімет
Маңғыстау облысы елдің оңтүстік-батысында, басым бөлігі Маңғышлақ түбегі мен Үстірт жонында орналасқан. Облыстың шығыс шекарасы Каспий теңізінің жағалауын тұтас алып жатыр. Облыс Қазақстанның екі өңірі – Атырау және Ақтөбе облыстарымен, сонымен қатар Түркменстан, Өзбекстан сынды екі шет мемлекетпен шектеседі.
Маңғыстау облысының жер көлемі 165,6 мың км2 құрайды. Бұл – аумағы бойынша Қазақстандағы жетінші облыс. Халықтың қоныстану тығыздығы өзге өңірлермен салыстырғанда төмен - 1 км2-ге 3,6 адамнан келеді. Өңір халқының саны 2016 жылдың басындағы мәлімет бойынша, 626,8 мың адамды құрады. Облыстағы жалпы халық санының 51,8 %-ы ауыл халқына, қалған 48,2 %-ы қала тұрғындарына тиесілі.
Маңғыстау облысының этникалық құрамы негізінен біркелкі. 2016 жылдың басында жалпы халық санының 90,3 %-ын қазақтар құрады. Орыс ұлтының үлесі 6,1 %-ға жетсе, әзербайжандар 0,9 % үлеспен үшінші орынды иеленді.

Әкімшілік бөлінісі
Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласы. Облыстың аумағы 5 ауданға бөлінген. Өңірде 3 қала және 61 ауыл бар.
Ақтау қаласы тұрғындарының саны 183,2 мың адам. Бұдан бөлек облыс аумағына Жаңаөзен (113,4 мың адам) және Форт-Шевченко (5,6 мың адам) қалалары жатады.

Облыс орталығы
Ақтау қаласы Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Бұл –Қазақстанның «теңіз қақпасы».
Ақтау – Қазақстанның ең жас қалаларының бірі. Қала мұнай және уран кен орындары ашылып, зерттеушілер мен жұмыскерлер келе бастағаннан кейін пайда болды.
1957 жылы Каспий теңізінің жағалауында Ақтау атты жұмыскерлердің кенті қалыптасты. Бірнеше жылдың ішінде ол қала үлгісіндегі кент ретінде дамыды. Ал 1963 жылы Ақтау қала мәртебесін алды.
Қала бірыңғай бас жоспар аясында, яғни тақыр жерден өсіп өнді. Әрқайсысының өз нөмірі бар ондаған шағын ауданнан тұратын қаланың жоспарын Ленинград жобалау институты әзірледі.
1964 жылы Ақтау қаласының атауын XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп ауыстыру туралы шешім қабылданды. Одан кейінгі онжылдықта қала мен порт қарқынды дамып, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық әлеуетін жетілдіріп отырды. 1991 жылы қалаға Ақтау атауы қайтарылды.

Облыстың тарихы
Маңғыстау облысы – Қазақстанның ең жас аймағы. Оның пайда болуы мен республика құрамынан жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлінуіне 1950 жылдары уран, сирек кездесетін жер элементтері, мұнай және газ кендеріне бай Маңғышлақ түбегінің ашылуы түрткі болды. Жер қойнауын игеру жүзеге асырыла бастағаннан кейін өңірдің негізгі елді мекендері: Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас кенттері пайда болды.
Облыс 1973 жылдың 20 наурызында құрылды деп есептеледі. Ол кезде Маңғышлақ облысы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының құрамынан оңтүстіктегі бірнеше ауданды бөліп беру арқылы жасақталды.
1988 жылы облыс таратылды, алайда 1990 жылы қайта құрылды. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін облысқа Маңғыстау атауы берілді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Маңғыстау облысының жер бедері әртекті. Оның солтүстік бөлігі Каспий маңы ойпаты аумағында (линк на с5р2 – География – Жер бедері), оңтүстік бөлігі, керісінше қыратта орналасқан. Оңтүстігінде Маңғыстау таулары, Кендірлі-Қаясан үстірті, шығысында Үстірт жоны (линк на с5р2 – География – Жер бедері) жатыр. Өңірдің орталық бөлігін Маңғышлақ түбегі жайлаған, мұнда Қазақстанның ең төменгі нүктесі - Қарақия ойысы (теңіз деңгейінен 132 м төмен) (линк на с5р2 – География – Жер бедері) орналасқан.
Облыс аумағында өзен торабы жоқтың қасы, сөйте тұра бұл өңірде жер асты суларының қоры мол.
Облыстың ауарайы континенталды, тым құрғақ. Қысы қысқа, қаңтар айындағы орташа температурасы шамамен -3 ºС, жазы ыстық әрі құрғақ, шілде айындағы орташа температура +26 ºС-қа жетеді. Алайда жыл сайын жаздағы температура аяқ астынан +40-45 ºС-қа дейін көтеріледі.
Облыстың пайдалы қазбалар қоры бірегей және саналуан, олардың әлемдік геологияда баламасы жоқ деуге болады. Өңірдің пайдалы қазбаларының негізгі түрі көмірсутек болып табылады, мұнда шамамен 70 кен орны бар, солардың есебінен Қазақстан мұнайының шамамен үштен бір бөлігі өндіріледі. Өзен, Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас (линк на с3р6 – Экономика – Энергетика) ірі кен орындары саналады. Жалпы Каспий теңізі қайраңындағы кен орындарының болашағы зор.
Бұдан бөлек Маңғыстау облысында уран мен сирек кездесетін жер металдарының ірі кен орындары орналасқан. Сондай-ақ бұл жерде темір, фосфорит, қоңыр көмір, минералды және ас тұзының кен орындары игеріледі.

Экономикасы
Маңғыстау облысы көмірсутекті шикізат өндірісіне басымдық беретін өнеркәсіптік өңір болып табылады. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылы 1552,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы тек Атырау облысына ғана жол берді. Елдің жалпы өнеркәсіптік өнімінің 10,6 % осы облыста шығарылады.
Тау-кен өндірісі мен кен орындарын аршу үлесі жалпы өнеркәсіп көлемінің 88,6 %-ын құрайды. 2015 жылы мұнай өндірісі 18,5 млн тоннаға жетті. Өндірілген мұнай құбыр арқылы ішкі нарыққа да, экспортқа да тасымалданды.
«Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «Қаражанбасмұнай», Маңғышлақ атом энергетикалық комбинаты өңірдің ірі компаниялары болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 5,4 %-ды құрайды, мұнда химиялық өнеркәсіп, машина жасау, азық-түлік өнімдерінің өндірісі басым.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2015 жылы 11,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің 80,8 % үлесі мал өсіру саласына тиесілі. Дәстүрлі төрт түлік малдан басқа облыста түйе өсіру ісі өте жақсы дамыған.
Өңірдің экономикасында көлік-инфрақұрылымдық саласының рөлі зор. Ақтау теңіз порты облыстың ғана емес, тұтас Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие. Соңғы жылдары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қарқынды дамып келеді.

Туризмі
Маңғыстау облысы – тарихы ежелден бастау алатын өңір, кезінде осы топырақ арқылы Ұлы Жібек жолының бөлігі де өткен (линк на с3р5 –Тарих – Ұлы Жібек жолы).
Облыстың ең танымал тарихи ескерткіштерінің ішінде Бекет-Ата жер асты мешітін айтуға болады (линк на с8р6 – Туризм – Батыс Қазақстан), табиғи көрікті жерлері – Шерқала тауы, Қарақия ойысы, Үстірт жоны (линк на с8р6 – Туризм – Батыс Қазақстан), Тасты шарлар алқабы.
Бұдан бөлек 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасы аясында Маңғыстау облысында жағажай туризмін ілгерілету көзделген. Нақтырақ айтсақ «Кендірлі» демалыс аймағын дамыту жоспарланған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты http://mangystau.gov.kz/

Павлодар облысы

Жалпы мәлімет
Павлодар облысы – Қазақстанның солтүстік аймағына жатады. Ол солтүстігі мен шығысында Ресеймен шекараласады. Басқа аймақтармен салыстырғанда оның аумағы кішкентай. Республика бойынша 11-ші орында тұрған облыстың көлемі 124,8 мың км2. Мұнда халықтың тығыздығы 1 км2-ге 6,0 адамнан келеді. Бұл – Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш.
2016 жылдың басында облыс халқының саны 758,6 мың адам деп көрсетілді. Павлодар облысының 70,5 % қала, 29,5 % ауыл тұрғыны. Этникалық құрамы бойынша Павлодар облысының 50,9 %-ын қазақтар құрайды. Екінші орында орыстар тұр. 2016 жылдың басында олардың үлесі 36,5 % болды. Үшінші орынға 4,6% көрсеткішпен украиндықтар орналасқан.

Әкімшілік бөлінісі
Облыс орталығы – Павлодар қаласы. Бұл жерді 335,2 мың адам мекендейді.
Облыста Павлодардан бөлек екі шаһар бар: оның бірі 134,1 мың тұрғын өмір сүретін Екібастұз, екіншісі 43,2 мың халқы бар Ақсу қаласы.
Павлодар облысы 10 селолық ауданға бөлінген. Жоғарыда аталған үш қаладан бөлек облыста 4 кент және 394 ауыл бар.

Облыс және облыс орталығының тарихы
Ертіс өзенінің жағасында орналасқан Павлодар қаласының тарихы өте бай әрі қызықты. Қаланың тарихы Ертіспен тығыз байланысқан.
Қала тарихы 1720 жылдан бастау алады. Осы жылы Ертіс әскери бекінісі аясында жаңа форпост (линк на с3р9 – Тарих – Ресей империясының құрамында) салу туралы шешім қабылданды. Бекініс орыс казактарының жүзбасысы Никита Коряковтың құрметіне Коряковск деп аталды. Осы атауға таяу маңдағы тұз өндіретін көл де ие болды.
Жүз жыл өткен соң форпост Коряковск стансасы болып өзгертілді, ал 1861 жылдан бастап Павлодар штаттан тыс қала мәртебесіне ие болды. Бұл атау император ІІ Александрдың ұлы жаңа туылған князь Павелдің құрметіне қойылды.
Кейін қала Семипалатинск облысының уездік орталығына айналып, қарқынды дами бастады. Қалада Ертіс бойында кеме қатынасын қалыптастырған өзен порты салынып, көмір мен тұздың тасымалын іске асыратын және аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізетін темір жол байланысы түзілді. Қалаға қоныстанған көпестер оның ажарын айшықтай түсті. Мұнда зәулім ағаш үйлер, мешіттер мен шіркеулер бой көтерді. Бұл ғимараттар күні бүгінге дейін шаһардың ескі бөлігін шырайландырып, оның сәніне салтанатын жарастырып тұр.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де Павлодар өзінің экономикалық және саяси маңыздылығын сақтап қалды.
Павлодар облысы 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Оның әкімшілік орталығы атанған Павлодар қаласы осы уақытқа дейін әу бастағы мәртебесіне ие болып отыр.
1950 жылдардың ортасынан бастап Павлодар облысы елдің «тың» (с3р10 – Тарих– КСРО құрамында) аймақтарының бірі болды. Тың игеру – 1950-1960 жылдар аралығында Кеңес Одағында бұған дейін өңделмеген жерлерді жырту арқылы ауыл шаруашылығы көрсеткішін арттыру үшін жүргізілді. Бұл шара аймақтың дамуына жаңа серпін берді. Облыста тау кен өндірісін дамыту ісі де қарқынды жүрді. 1957 жылы Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістік кешені құрылды. Ол көмір мен электр қуатын өндіруге және осы бағыттағы өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берді.
Бүгінгі таңда Павлодар облысы жоғары өндірістік әлеуетімен ерекшеленеді. Өңірдің көпсалалы ауыл шаруашылығы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде көш бастап тұр.

Табиғи-климаттық жағдайы
Павлодар облысының басым бөлігі Батыс-Сібір жазығының (линк на с5р2 – География – Рельеф) оңтүстігінде Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан.
Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі Сарыарқа аумағында, яғни қазақтың ұсақ шоқысында жатыр.
Аймақтың негізгі су арнасы – облыстың оңтүстік шығысынан солтүстік батысына ағып жатқан Ертіс өзені (линк на с5р3 – География – Су байлығы).
Облыста бұдан басқа 140 шағын өзен бар. Облыс және жалпы солтүстік пен орталық Қазақстан аймағы үшін ауыз судың негізгі қайнар көзі Ақсу қаласының маңынан бастау алатын Ертіс-Қарағанды арнасы болып табылады.
Павлодар облысының климаты құбылмалы. Қысы – суық әрі ұзақ, жазы – ыстық әрі қысқа.
Павлодар облысы Қазақстанның минералды-шикізат кешенінде жетекші орын алады. Пайдалы қазбалар қорының басым бөлігі жалпыұлттық маңызға ие. Облыста пайдалы қазбалардың қоры расталған 142 кен орны бар, оның ішінде көмірдің (жалпыұлттық баланстық қордың 35,7 %-ы), ас тұзының, никельдің, алтынның, мыстың, молибденнің қорын ерекше атап көрсетуге болады.

Экономикасы
Павлодар облысы экономиканың әртараптандырылған құрылымымен ерекшеленеді. Мұнда еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің 7,3 %-ы шоғырланған. 2015 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісі 1,031 трлн теңгені құрады. Бұл – ел бойынша бесінші орын.
Облыстың экономикалық құрылымында басымдық өнеркәсіпке берілген. Ол – 35,0 %-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібі – 24,2 %-ға, энергетика – 7,5 %-ға, тау кен өндіру өнеркәсібі – 2,7 %-ға пара-пар.
Өңірдің үлесіне елде өндірілетін көмірдің – 59,5 %-ы, ферроқорытпа өндірісінің – 73,7 %-ы, бензиннің – 43,3 %-ы және глинозем мен өңделмеген алюминийдің - 99,9 %-ы тиесілі.
«Қазақстан электролиз зауыты», «Қазақстан алюминиі», «Қазхром», «Богатырь Аксес Көмір», «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы», «Павлодар мұнай-химия зауыты» аймақтың ірі кәсіпорындарының қатарына жатады.
Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 128,4 млрд теңгені құрайды. Өнімділік үлесінің –36 %-ы ірі қара өсірудің еншісінде, одан кейін картоп өсіру - 16,3 %-ды және дәнді дақыл өсіру - 8,8 %-ды құрайды.
Облыстың көлік әлеуеті өте мықты. Оның аумағынан Оңтүстік-Сібір және Орта Сібір темір жол магистральдары мен төрт ірі автомагистраль өтеді. Ертіс бойында кеме қатынасы жақсы дамыған, халықаралық аэропорт та өз міндетін мінсіз атқарып тұр.
Облыста «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Оның негізгі бағыты – жаңа экспортқа бағдарланған өндіріс енгізу. Қазіргі кезде АЭА аумағында 5 жоба белсенді түрде іске асырылып жатыр.
Шет ел арасында Ресей, Қытай, Түркия, Нидерланд, Германия, Италия елдері облыстың негізгі сауда серіктестері болып табылады.

Туризм
Павлодар облысы әртүрлі қызығушылығы бар туристерді қызықтыра алатын керемет әлеуетке ие өңір.
Аймақтың табиғаты алуандылығымен, әсемдігімен және жаратылысындағы келбетінің сақталуымен айрықшаланады.
Ең алдымен керемет табиғатымен қатар этнографиялық және археологиялық нысандарымен тамсандыратын Мемлекеттік Ұлттық Баянауыл паркін (линк на с8р7 – Туризм – Солтүстік Қазақстан ) атап өткен жөн.
Жол түссе белгілі геолог, академик Қаныш Сәтпаевтың (линк на c2p12) мемориалды музейін тамашалауға болады. Мұнда өңірдің танымал тұлғалары философ Мәшһүр Жүсіп Көпейге, әнші Жаяу Мұса Байжановқа, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа, археолог Әлкей Марғұланға, кинорежиссер Шәкен Аймановқа арналған бөлімдер бар.
Облыстың табиғи көрікті жерлеріне Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығын, «Ертіс орманы» табиғи орман резерватын, «Гусиный перелет» жалпыұлттық маңызы бар табиғи палеонтологиялық ескерткішін, «Ертіс өзенінің алқабы» табиғи қорығын жатқызуға болады.
Индустриалды-өндірістік кешен туризмнің қызықты нысаны саналады. Екібастұзда ені 5 километр, тереңдігі 300 метр болатын «Богатырь Аксес Көмір» разрезі орналасқан. Бұл жерден халықаралық танымал арналардан көрсетілген, роторы 11 м дейін жететін алып экскаваторды сонымен қатар әлемдегі ең биік мұржа ретінде рекордтар кітабына енген Екібастұз ГРЭС-2-нің түтін мұржасын (420 м) көруге болады.
Өңірге келген туристер Мәшһүр Жүсіп Көпейдің, Исабек Ишан Хазреттің, Габдулуәхит Хазреттің кесенелерін және Қоңыр әулие үңгірін тамашалай алады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Жалпы мәлімет
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) – еліміздің солтүстік аймағы болып табылады. Облыстың басым бөлігі Ресеймен шекараласады.
Көлемі бойынша Қазақстанның ең кішкентай аймағы саналады, аумағы 98 мың км2 құрайды. Халқының орналасу тығыздығы ел бойынша орташадан жоғары - 1 км2-ге 5,9 адамнан келеді.
2016 жылдың басында СҚО халқы 569,5 мың адамды құрады, оның 56,3 % – ауыл, 43,7 % – қала тұрғыны болды.
Облыс халқының этникалық құрамы мынадай: бірінші орында орыстар тұр, олардың үлесі 49,8 %. Екінші орынға 34,6 % көрсеткішпен қазақтар орналасқан. Үшінші орын украиндықтарға тиесілі. Олардың үлес салмағы 4,4 % құрайды.
СҚО-да еліміздң басқа аймақтарымен салыстырғанда немістер (3,5 %) мен поляктардың (2,2 %) үлес салмағы жоғары келеді.

Әкімшілік бөлінісі
Облыстың әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы (қазақша кеңінен қолданып жүрген атауы – Қызылжар). СҚО құрамына 13 аудан, 5 қала және 673 ауыл кіреді. Мұнда 215,3 мың тұрғыны бар Петропавлдан басқа Тайынша (11,5 мың адам), Булаев (7,6 мың адам), Сергеевка (7,3 мың адам) және Мамлютка (7,0 мың адам) қалалары бар.

Облыс және облыс орталығының тарихы
Петропавл қаласының тарихы XVIII ғасырда солтүстік Қазақстан жерлерінің Ресей патшалығының (линк на с3р9 – Тарих – Ресей империясының құрамында) құрамына кіруінен бастау алады. XVIII ғасырдың 50-ші жылдары бұл жерлерде бекініс шебі салына бастады, оның орталығы 1752 жылы Есіл өзенінің жағасында бой көтерген әулие Петр қамалы болды. 15 жыл өткен соң бекіністі Петропавловск деп атай бастады.
1807 жылы елді мекеннің мәртебесі қала болып өзгертіліп, 1824 жылдан бастап Омск облысы Петропавл округінің орталығына айналды. Бұл мәртебе 1838 жылға дейін, яғни Омск облысы жабылғанға дейін сақталды. Ал Петропавловск Тобыл губерниясының құрамына өтті.
30 жылдан кейін 1868 жылы қала жаңа Ақмола облысының уездік қаласына ауысты.
XIX ғасырдың соңында Транссібір темір жолының құрамында Петропавл станциясының құрылысы қаланың дамуына ерекше серпін берді. Бұл қаланың көлік және сауда-өнеркәсіптік орталық ретінде дамуына түрткі болды. Қазақстанға кеңес билігінің келуі Петропавловдың саяси маңызын арттырды. Әр жылдары ол Ақмола губерниясының және Қарағанды облысының әкімшілік орталығы атанып, республикалық бағыныста болды.
1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылды. Содан бері Петропавлов облыстың әкімшілік орталығы болып келеді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Солтүстік Қазақстан облысы Батыс сібір жазығының оңтүстік атырабында (линк на с5р2 – География – Рельеф) және географтарға Қазақтың ұсақ шоқысы деген атпен танымал Сарыарқа (линк на с5р2 – География – Рельеф) аумағында орналасқан.
Өңірдің ірі су күре жолы облыстың оңтүстігінен солтүстігіне ағып жатқан Есіл өзені (линк на с5р3 – География – Су байлығы) болып табылады.
СҚО су ресурсы Есіл бассейінінің, оның салаларының, сонымен қатар Сілеті, Шағалалы, Қарасу және басқа да өзендердің есебінен қалыптасады. Облыс аймағында туристік демалысқа сай келетін 2300-ден астам көл бар.
СҚО ауарайы құбылмалы: қысы – ұзақ әрі суық, жазы – қысқа әрі ыстық. Қаңтар айындағы орташа температура -18ºС, шілде айының орташа температурасы +19 ºС құрайды. Сонымен қатар температуралық шек -45 ºС мен + 40 ºС -дан асып тұрады.
Облыстың пайдалы қазбаларына кен, құрылыс және технологиялық шикізат, минералды су жатады. СҚО-дан елімізде бар қалайының 65 %, цирконийдің 37 %, уранның 19 %, титанның 5 % қоры табылған.
Облыстың оңтүстік шығысында алтын, күміс, техникалық және зергерлік алмаздардың, түсті және сирек кездесетін металдардың және қоңыр көмірдің маңызды кен орындары бар.

Экономикасы
СҚО өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығы саласында да еліміздің экономикалық жағынан дамыған аймақтарының бірі болып табылады. 2015 жылы өңірдің жалпы ішкі өнімі 856 млрд теңгені құрады.
Бұған қоса облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 168,51 млрд теңгенің өнімін өндірді. Облыста өңдеу өнеркәсібі көш бастап тұр. Оның үлесі 72 %, ал тау-кен өндіру кәсіпорнының үлесі 2 %-дан аспайды.
Өңдеу өнеркәсібінің жетекші салаларына тамақ өнеркәсібі мен машина жасау саласы жатады.
2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 311,1 млрд теңгеге жетті, бұл көрсеткіштің 72 %-ы өсімдік шаруашылығына тиесілі болды. Облыс астық өндірісіне - бірінші кезекте бидай, картоп, майлы және жем-шөп дақылдарын өсіруге мамандандырылған.
Жыл қорытындысы бойынша облыс Қазақстан өңірелірің ішінде инвестицияның өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр. Аймаққа 154,5 млрд теңге инвестиция тартылған, бұл 2004 жылға қарағанда 60 % артық.

Туризмі
Облыстың туристік бағыттары жақсы ойластырылған жəне əр алуан. Табиғатпен сүйсенетіндер Имантау, Шалқар демалыс аймақтарына жиі барады. Танымал бағыттардың қатарында: «Буян шатқалы», «Казачий аралы», «Айыртаудың бірегей көріністері» бар.
Туристер облыстың тарихи жәдігерлерімен археологиялық Ботай қонысына, Қарасай, Ағынтай батырлардың мемориалдық кешендеріне және Айғаным Сарғалдаққызының (Шоқан Уәлихановтың әжесі) үйіне бару арқылы таныса алады.
Облыс орталығына келушілер Петропавлдың музейлері мен ғибадатханаларына (мешіт, православтар мен католиктердің шіркеуі) ерекше қызығушылық танытады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты - http://sko.gov.kz/index.php

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жалпы мәлімет
Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) еліміздің жер көлемі жағынан ең кіші өңірі, небары 117,3 км2. Алайда республика бойынша халқы ең тығыз орналасқан аймақ болып табылады. Мұнда 1 км2-ге 23,5 адамнан келеді.
2016 жылдың басындағы мәлімет бойынша, облыста 2,84 млн адам тұрады, оның 55 % – ауыл, 45 % – қала тұрғындары.
Оңтүстік Қазақстан облысының ең ірі этносы – қазақтар, олардың үлесі 72,9 %. Екінші орында 16,9 % көрсеткішпен өзбектер тұр.
Үшінші орын орыстарға тиесілі. Олар 4,6 %-ды құрайды.

Әкімшілік бөлінісі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы. Халқының саны 885,8 мың адам. Бұл Алматы мен Астанадан кейінгі халық саны жағынан үшінші қала. 15 ауданға бөлінген ОҚО-да 8 қала, 836 ауыл бар.
Шымкенттен бөлек Түркістан (159,6 мың адам), Кентау (67,1 мың адам), Арыс (42,9 мың адам), Сарыағаш (39,7 мың адам) сияқты қалалар бар.

Облыс және облыс орталығының тарихы
Оңтүстік Қазақстан аумағы Қазақстан мәдениеті мен тарихы үшін ерекше маңызға ие. Ежелде бұл жерден Ұлы Жібек жолы (линк на с3р5 – Ұлы Жібек жолы) өткен, дәл осы жерде қалалық мәдениеттің талбесігі Отырар, Сығанақ, Сайрам, Сауран, Түркістан (Яссы) сияқты қалалар бой көтерген. Бұл өлке әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауи (линк на линк на с4р5 – Мәдениет – Әдебиет) сияқты ұлы ғұламалардың туған жері болды.
Бадам және Сайрам өзендерінің аралығында орналасқан Шымкент - еліміздің ең әдемі және қонақжай қалаларының бірі. Зерттеушілер оның тарихын XI−XII ғасырлардан бастайды.
XVI ғасырдың басында Шымкент Қазақ хандығының (линк на с3р8 – Тарих – Қазақ хандығы) құрамына кірді. XVIII ғасырдың соңы мен екінші жартысына дейін Шымкент Бұхар, кейін Қоқан хандығының қарамағында болды. Ал 1864 жылы қаланы Ресей әскерлері алды.
1914-1924 жылдар аралығында қала қоқандықтардан Шымкент қамалын тартып алған Ресей империясы генералының құрметіне Черняев аталды. Қалаға өз атауы 1924 жылы қайтарылды.
1932 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды, оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласы болды. 1962-1992 жылдар аралығында облыс Шымкент облысы деп аталып келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы болып атала бастады.

Табиғи-климаттық жағдайы
Облыс Тұран жазығының (линк на с5р2 – География – Рельеф) оңтүстік бөлігі мен Тянь-Шань тау сілемдерінің батысында орналасқан. Бұл өлкеде құмдақ пен саз шөлдері, жазық дала мен тау сілемдері іргелес орналасқан.
Сырдария мен Шу аймақтың ірі өзендері саналады (линк на с5р3 – География – Су байлығы). Аймақты сумен қамтуды жақсарту үшін ОҚО-да Шардара, Бадам, Бөген, Березовское сынды су қоймалары салынған.
Облыстың ауа райы құбылмалы. Қысы – жұмсақ, қысқа, жазы – ұзақ, ыстық.
Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы – 12 °С, оңтүстігінде -4-2 ºС, шілде айының орташа температурасы +30-35 ºС.
ОҚО кен орындары мен пайдалы қазбалар көп шоғырланға өңір. Республика бойынша уран қорынан бірінші, фосфорит пен темір кені бойынша үшінші орынды иеленген. Бұған қоса барит, көмір, полиметалл кен орындарына, құрылыс материалдарын өндіруге арналған минералды шикізат ресурстарына бай. Олардың арасында әктас, отқа төзімді және бентонитті саз, гипс, кварцты құм, гранит, мәрмәр және т.б. бар.
Облыста минералды су қоры да көп. Сарыағаш шипажайының суы аймақтың мақтанышы саналады. Облыстағы аудандардың терминалды минералды сулары да белсенді пайдаланылады.

Экономикасы
ОҚО өңірлік экономикада дамыған индустриалды-өнеркәсіптік кешен мен республика бойынша жетекші аграрлық секторды үйлестіріп отыр.
2015 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 668,4 млрд теңгені құрады. Облыс өңдеу өнеркәсібіне бейімделген, ол жалпы құрылымда 62,9 %-ды алып отыр, ал тау кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 27,4 %.
Шымкент мұнай өңдеу зауытына ие болып отырған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс», «Оңтүстік полиметалл», «Шымкентцемент», «Асбоцемконструкция», «Шымкентмай», «Санто» (бұған дейін «Химфарм» АҚ, «Польфарма» тобының құрамына кіреді), «Шымкентсыра» ЖШС облыстың ірі кәсіпорындарының қатарына кіреді.
Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, агрошаруашылықтың жетекші бағытына суармалы егіншілік пен жайылымды қой шаруашылығы жатады. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2015 жылы 344,6 млрд теңгені құрады. Оның 53,6 %-ы егіншілік пен бақташылық және 46,4 %-ы мал шаруашылығына тиесілі.
ОҚО ауыл шаруашылығы саласының жоғары әртараптануымен мақтана алады. Облыстың аграрлық өндіріс кешені мақта және күріш өндірісіне мамандандырылған, сондай-ақ жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік майы мен темекі және т.б. өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.

Туризмі
Оңтүстік Қазақстан облысы - еліміздің ең танымал туристік аймақтарының бірі. Оңтүстік өңірі тарихи ескерткіштер мен табиғи көрнекілікке, тәу ететін жерлерге және шипалы туризм нысандарына бай.
Аймақтың аса танымал жерлеріне – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кешені (линк на с8р8 – Туризм – ЮНЕСКО нысандары), Арыстан баб (линк на с8р5 – Туризм – Оңтүстік Қазақстан), «Домалақ ана» және Отырар мен Сауран қалашықтары жатады.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы (линк на с8р5 – Туризм – Оңтүстік Қазақстан), Қаратау мемлекеттік қорығы, Сырдария-Түркістан аймақтық табиғи паркі, Ақсу аңғары, Мақпалкөл, Сусіңген көлдері, Ақ мешіт үңгірі ОҚО-ның табиғи байлығы саналады.
Сарыағаш шипажайы өзінің минералды емдік суымен отандастарымыздың арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Жеке туристік бағытқа Шымкенттің және оның ескі қаласының көрікті жерлері, сондай-ақ дендропарк, «Тәуелсіздік саябағы», «Шәмші әлемі» саяжолы, «Бәйдібек би» ескерткіші, «Даңқ мемориалы» және т.б. кешендер жатады.

Астана

Жалпы мәлімет
Қазақстанның елордасы Астана елдің орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Ақмола облысының аумағында тұрса да, (линк на с11р1 – Аймақтар – Ақмола облысы) жалпыұлттық маңызға ие болғандықтан қала әкімшілік жағынан облыстың құрамына кірмейді.
Астана – әлемнің ең жас елордаларының бірі. Ол ресми түрде 1998 жылдан бастап Қазақстанның бас шаһары атанды. Астананың тарихымен мына жерден танысуға болады (линк на с9р1 – Астана – Тарих).
Астана халқы ерекше қарқынмен өсіп жатыр. Елорда ретінде танылған 18 жылда тұрғындардың саны 281,3 мыңнан 1 млн. адамға дейін көбейді, яғни халық саны үш есе өсті.
Астана қаласының аумағы 722 шаршы километр. Оның Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан бөлігі елорда көшірілгеннен кейін салына бастады.
Дәл осы аумақта Президенттің резиденциясы Ақорда орналасқан. Еліміздің басты әкімшілік ғимараттары мен 2017 жылғы «EXPO» халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандары да осы жерде бой көтерді.

Табиғи-климаттық жағдайы
Астана Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан, сондықтан өңірдің климаты жыл мезгілдерінің белгілері айқын аңғарылатын шұғыл континенталдығымен ерекшеленеді.
Астананың қысы өте суық және желді болып келеді, қаңтар айындағы орташа температура шамамен -15°C, алайда аязды күндері температура -35°C-қа дейін жетеді. Жаз мезгілі қысқа, алайда жиі ыстық әрі қапырық болады.
Шілде айындағы орташа температура – 20°C. Күз және көктем мезгілдері жауын-шашынның көп болуымен және қатты желмен ерекшеленеді. Сондықтан елордаға қонақ болып келетін адамдар сырт киім мен аяқ киім таңдауда мұқият болуы тиіс.
Астана кең-байтақ Сарыарқада (линк на с5р2 – География – Жер бедері), Есіл өзенінің жағасында (линк на с5р3 – География – Водные богатства) орналасқан.
Өңірдің климаты айтарлықтай қатал болғандықтан, елорданы Астанаға ауыстырған сәттен бастап ауарайының жайсыздығын жұмсарту мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілді. Сөз Астананың «жасыл белдеуін», яғни қаланы қоршайтын ауқымды орман белдеуін өсіру жайлы болып отыр. 1998 жылдан бері үздіксіз кеңейтіліп келе жатқан «жасыл белдеу» 70 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Астана тұрғындары оның жағымды әсерін байқап отыр: қалада шаң-тозаң азайды, желдің ұйытқуы бәсеңдеді, ауарайы қолайлы бола бастады.

Астананың гипер жасыл белдеуі
Бүгінгі күні «жасыл белдеудің» жалпы аумағы шамамен 73 мың гектар жерді құрайды, оның 15 мың гектары тікелей Астана аумағына кіреді. 20 жылға жуық уақыт аралығында мұнда 11,5 млн . ағаш пен көшет отырғызылып, солардың есебінен бірте-бірте өсімдіктер мен жануарлар әлемі бар нағыз орман қалыптасты.
«Жасыл белдеуде» бұлан, елік, марал, қоян, суыр, дала қарсағы және жануарлардың өзге де түрлері мекендейді. Бұл жерде мақсатты түрде қырғауыл өсіріліп, жыл сайын орман алқабына жіберіледі.
Қала тұрғындарының жайлы демалуы үшін «жасыл белдеудің» аумағында бірнеше велосипед жолы салынған. Ең ұзақ жолдың ұзындығы 23 километрды құрайды. Алдағы уақытта бұл жерде шаңғы трассасы болады.
Қазіргі кезде «жасыл белдеуді» кеңейтудің жаңа кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Оны Бурабай ұлттық саябағына қосу, Павлодар, Қостанай, Қарағанды қалаларына қарай кеңейту жоспарланған.
2017 жылы Астана халықаралық әуежайының аумағын «жасыл белдеумен» қоршау туралы шешім қабылданды. Болашақта елімізге келген қонақтар жасампаз орман алабын ұшақтан ғана емес, жақыннан да көре алатын болады.

Экономикасы
Астана – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан қала. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Астана әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтар арасында көшбасшы атанды. Елордамыздың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) өткен жылға қарағанда 5%-ға ұлғайып, 4,5 млрд. теңгеге жетті.
Елдің жалпы ішкі өнімінде Астананың жалпы өңірлік өнімінің үлесі 11,2%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша елорда 21,2%-ға қол жеткізген Алматы қаласына ғана жол берді.
Қаланың экономикалық құрылымында ең көп үлесті сауда мен қызмет көрсету саласы алады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, олардың үлесі ЖӨӨ құрылымында 65%-дан асты. Қаланың қарқынды дамуының арқасында экономикалық қызмет, құрылыс және жылжымайтын мүлік салалары ерекше екпінмен дамып келеді. ЖӨӨ құрылымында олардың жиынтық үлесі 21,4%-ды құрады.
Елорда экономикасының келесі маңызды сегменті өнеркәсіптік өндіріс, көлік және байланыс салалары. Өнеркәсіптік өндіріс негізінен құрылыс материалдарын шығаруға, азық-түлік өндіруге және машина жасауға бағытталған.
Қаланың ірі кәсіпорындары ретінде вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-ның тікұшақ құрастыратын зауытын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.

Қаланың қоршаған ортасы
Астананың суық әрі қатал климаты тұрғындардан үлкен шыдамдылықты талап еткенмен, қаланың қоршаған ортасы жылдан жылға жайлы әрі шырайлы болып келеді. Соңғы жылдары елорда да «Smart Astana» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама Астананы әлемнің жетекші «ақылды» қалаларының немесе Global Smart Cities қатарына қосуды көздейді. Ол денсаулық сақтау, білім беру, көлік инфрақұрылымы, шоттарды төлеу жүйесі, театрға, концерт залдарына және экскурсияға билет сатып алу сынды салаларды қамтитын толық жобалар кешенінен құралған. Онлайн камералардың көмегімен нақты уақыттағы жағдайды бақылау арқылы қаланың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі өз міндетін мінсіз атқарып тұр. «Smart Astana» жобасы бюджеттік қаржыландырусыз іске асырылатындығымен ерекшеленеді.
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуіне байланысты қалаға «ақылды» технология енгізудің өзектілігі артты (линк на с10 – ЭКСПО). Астананың көрнекті жерлері негізінен қала елорда атанғаннан кейін салына бастады. Қаланың көрнекті орындары жайлы мына жерден оқуға болады (линк на с9 – Астана).
Қалада 95 жалпы білім беретін орта мектеп, 34 колледж, сондай-ақ 13 жоғары оқу орны бар, онда 50,5 мың студент білім алады. Астананың ЖОО арасынан жоғары білімнің ұлттық брэнді болып табылатын Назарбаев университетін ерекше атап өтуге болады (линк на с2р5 – Қоғам – Білім беру – гипер «Назарбаев университет»).

Инвестициялар
Астана қаласы инвестиция тартуда қарқынды дамып келе жатыр. 2015 жылы Астана экономикасына салынға инвестиция көлемі 773 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 17%-ға жоғары. Қала экономикасына тартылған барлық инвестицияның шамамен 60%-ы жекеменшік капитал болып табылады.
Инвестиция тарту міндетін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) шешеді. АЭА 2002 жылдан бері жұмыс істейді, оның әрекет ету мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылған. АЭА-ның жалпы ауданы 7634,7 га құрайды, бұл Астана қаласының жалпы жер көлемінің шамамен 10%-ын құрайды. Оның құрамына № 1, № 2 өнеркәсіптік парктер, сондай-ақ ауданы 72,4 га қамтитын қалалық жеңіл рельсті желі кіреді. АЭА құрылғаннан бері 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды.

«Астана - жаңа қала» - гипер АЭА
Астана қаласы әкімдігінің құрамындағы «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілік басқармасы» АЭА-ға басшылық жасайды. Басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда АЭА-ның аумағында 94 қатысушы тіркелген. АЭА-ның инвестиция көлемі 2,2 трлн. теңгені құрайды. Бүгінге дейін 279 жоба іске қосылып, 390 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
2015 жылы № 1 индустриалды паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылып, 800 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы алғанда, № 1 индустриялық паркте 187,5 млрд теңге инвестицияға 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Астана - жаңа қала» АЭА қатысушылары кедендік баж салығын төлеуге міндетті емес, сонымен қатар импорттық тауарларды әкелу кезіндегі салықтан және корпоративтік табыс салығынан, мүлік салығы мен жер салығынан және т.б. босатылған.
«Астана - жаңа қала» АЭА аясында іске асырылған табысты жобалар ішінде: жүк магистралдық тепловозын құрастыратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, жүрдек вагон құрастыратын «Тұлпар-Тальго» ЖШС, тікұшақ құрастыратын «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, фотоэлектрлі модуль шығаратын «Astana Solar» ЖШС және тағы басқалар бар.
АЭА туралы толық ақпаратты инвесторларға қызмет көрсету орталығының сайтынан (линк http://investinastana.kz/ru/pagesez), сондай-ақ Астана әкімдігінің сайтынан оқи аласыздар (линк http://astana.gov.kz/ru/modules/material/11273# ).

Астана әкімдігінің ресми сайты http://astana.gov.kz/ru/

Алматы

Жалпы мәлімет
Алматы – еліміздегі ең ірі шаһар. Бейресми түрде «Оңтүстік астана» деп аталатын қала Қазақстанның іскерлік, қаржылық және мәдени орталығы саналады. Бұған қоса Алматы – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған мегаполис.
2016 жылдың басында Алматы халқының саны 1,7 млн адамды құрады. Бұл –жалпы ҚР халқының шамамен 9,7 %-ы. Ал Алматы агломерациясының халық саны шамамен 2,5 млн адамға пара-пар.
Іле Алатауы бөктерінің көрікті жерінде орналасқан қала (линк на с5р2 – География – Жер бедері) 683,5 шаршы километр аумақты алып жатыр.
Алматы көлбеу ландшафтта орналасқандықтан оңтүстіктен солтүстікке қарай төмендеп, тау бөктерінен жазыққа түсіп бара жатқандай әсер қалдырады.
Алматының климаты құбылмалы. Қысы – жұмсақ, жазы – ыстық. Қала тау бөктері қоршаған шыңырауда орналасқандықтан, ауа айналымына және түтінге қатысты қиындықпен жиі бетпе-бет келеді.

Қалалық орта
Алматы соңғы бір жарым ғасырда қалыптасқан қайталанбас сәулеттік бейнесімен ерекшеленеді. Мұнда 130-дан астам мәдени, тарихи және сәулет ескерткіштері орналасқан. Бұл туралы толық әрі маңызды ақпаратты мына жерден білуге болады (линк на с8р3 – Туризм – Алматы).
Алматы – өңірдің ең «жасыл» қаласының бірі. «Оңтүстік астанада» саябақтар мен гүлзарлар көп кездеседі, көше бойында, аулаларда терек, емен, қарағаш қалың өседі. Сол себепті қалада ыстық күндері серуендесеңіз де жаныңыз жайланып жүресіз.
Алматы – еліміздің мәдени орталығы болып табылады. Онда 16 музей, 15 театр, 20-дан астам кинотеатр бар. Қаланың танымал мәдени орталықтары: ҚР Мемлекеттік орталық музейі; (линк на с4р7 – Мәдениет – Музейлер) Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі; (линк на с4р7 – Мәдениет – Музейлер) Халық музыкалық аспаптарының мемлекеттік музейі; (линк на с4р7 – Мәдениет – Музейлер) Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры; (линк на с4р8 – Мәдениет – Театрлар) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры; (линк на с4р8 – Мәдениет– Театрлар) М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры; (линк на с4р8 – Мәдениет– Театрлар).
Алматы қаласы Алматы облысының аумағында орналасқан, (линк на с11р3 – Өңірлер – Алматы облысы), бірақ оның құрамына кірмейді. Себебі шаһар «Республикалық маңызы бар қала» деген мәртебеге ие.

Экономикасы
Алматының Қазақстанның экономикасы үшін маңызы зор. Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі бойынша Алматы өңірлер арасында бірінші орын алады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 9,1 трлн теңгені құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда ЖӨӨ жан басына шаққанда 29 мың АҚШ долларына жетті.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-гі Алматының үлесі 22,3 % болды. Бүгінгі таңда Алматы мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салық түсімдерінің 27 %-ын қамтамасыз етіп отыр.
Алматының экономикасы сауда-саттық пен қызмет көрсету сияқты салаларға бағытталған, аталмыш салалар ЖӨӨ-нің 85 %-ын қамтиды. Сонымен қатар мұнда тек Қазақстанға ғана емес, одан тысқары аймақтарға да танымал кәсіпорындар орналасқан. 2015 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 646,3 млрд теңгені құрады, ал сауда-саттық жөніндегі статистикалық көрсеткіш бойынша көтерме сауда көлемі 7782,1 млрд, бөлшек сауда көлемі 1754 млрд теңге болды.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Алматы және оның агломерациясы жалпы Қазақстанның еңбекке жарамды халқының 15 %-ын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Алматы еліміздің ең ірі көлік және логистика орталығының бірі болып табылады. Алматының әуежайы елге келетін барлық жолаушылардың 50 %-ын және жүктің 44 %-ын тасымалдайды. Қалада 28 сыртқы және ішкі бағыт бойынша жүретін пойыздарға қызмет көрсететін екі теміржол вокзалы жұмыс істейді. Қазақстанның аса ірі автокөлік және логистикалық компаниялары қызмет көрсетеді. 2016 жылдан бастап қалада Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы жүріп жатыр, ол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Инвестициялар және инновациялар
Алматы Қазақстан бойынша инвестиция көлемі жағынан үшінші орынды иеленген. 2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 532,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 %-ға артық. Алматы әкімдігі (қалалық әкімшілік) шетелдік инвестиция ағынын ұлғайту мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыс орнатып жатыр. Алматыда басым жобалар үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер, субсидия және гранттар қарастырылған.
Қалада «Инновациялық технологиялар паркі» («ИТП» АЭА) арнайы экономикалық аймағы қызмет етеді, ол бүкіл Қазақстанның ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту үшін құрылған. «ИТП» АЭА 163 гектар аумақты алып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 151 компания жұмыс істейді. АЭА-ның артықшылықтары: қатысушылар жер салығынан, мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан (КТС), сондай-ақ қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатылады.
10 жыл ішінде «Инновациялық технологиялар паркі» қызмет көрсету арқылы 95 млрд теңгенің өнімін өндірді және жекеменшіктен 20,5 млрд теңге инвестиция тартты.

Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты - http://almaty.gov.kz/