This resolution is not supported.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу Қазақстан үшін маңызды жалпыұлттық жобалардың бірі болып табылады. Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. 2012 жылдың 12 маусымында Париж қаласында ХКБ-нің (Халықаралық көрмелер бюросы) 151-Бас Ассамблеясында Астана қаласының ресми таныстыру рәсімінің басында Қазақстан Президенті делегаттарға арнайы бейне-үндеу жіберді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жеңіске жетуі жағдайында жобаның сәтті жүзеге асуы үшін бар күш-жігердің жұмсалатынына кепілдеме берді. Астананың ұсынған тақырыбы – «Болашақ энергиясы» – баламалы қуат көздері мен «жасыл» технологияларға арналған.
2012 жылдың 22 қарашасында халықаралық бюроның 161 мүше-мемлекетінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астана қаласы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны деп тағайындалды. Астананың өтінішін 103 мемлекет қолдады. EXPO-2017 бұрынғы кеңес мемлекеттерінің бірінде өтетін жоғары деңгейдегі алғашқы көрме болмақ.
Көрме үш айға созылады. Оған әлемнің шамамен 100 мемлекет және 15-тен астам халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда. Көрмеге 5 миллиондай келіп кетушілер боладыдеп күтілуде.
EXPO-2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы» әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен технологияларын тартуға мүмкіндік береді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ. Сонымен қатар, көрме мемлекеттің ғылыми базасы мен өндірістік қуатының технологиялық жаһандануы және экономиканың жүйелік әртараптандыруы үшін қуатты түрткі болмақ.
Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз. Энергия социумдар моделін сақтауды қамтамасыз етеді, яғни, көптеген аспектілерді біріктіретін түсінік ретінде ғаламзат, жекелей алғанда, адамзатқа қатысты қызықтырушы мәселелерді тудырады.
«Болашақ энергиясы» жобасы қуаттың тұрақты көздерін дамытуға бағытталған стратегиялар, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуат көзімен қамтудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру,қуатты үнемдеу өндірісінің және энергетикалық қорларды тиімді пайдаланудың жоспарын жасақтау мен жүзеге асыруда олардың белсенді қатынасының қажеттілігін көрсету секілді нақты мақсаттарды белгілейді.
EXPO-2017 көрмесі энерготасымалдаушыларға тек қана денсаулық пен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуды жылдамдату секілді мәселелер мен міндеттерді есепке алу секілді жаһандық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Аталмыш міндеттер мен мәселелердің тиімді шешілуі көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде әрқайсымыздың жеке қатынасымыз маңызды.
Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына жаңа байыпты импульс тудырады. EXPO көрме нысандары мен Астана инфрақұрылымы құрылыстарына қомақты жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
ЕХРО-ны өткізу кезінде Қазақстан Астанасы әлемнің әр бұрышындағы әртүрлі мәдениеттің әуендері мен дыбыстарына толады. Күн сайын көрме аймағында концерттер, шоулар, ұлттық күндер және өзге де сауықтыру іс-шаралары өтеді.
Халықаралық ЕХРО көрмелері – маңызына қарай бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығына қарай ең танымал әлемдік жарыстармен салыстырылатын жаһандық масштабтағы іс-шара.
1851 жылдан бастап Лондон қаласында бірінші Бүкіләлемдік өндірістік көрме өтті. Жыл сайын ЕХРО халықаралық көрмелері танымал бола бастады, сонымен қатар, барлық қалаған жандарға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көрмелер инновациялық идеялармен алмасу үшін және болашаққа ұжымдық көзқарастың мүмкіндіктерін дәлелді ұсыну үшін ерекше платформа болып табылады.
ЕХРО-ны миллиондаған туристер келіп қарайды, сол себепті әрбір мемлекет мәдениеттерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін көрсете алатын бірегей павильон құруға және бүкіл әлемге өздерінің экономикалық және технологиялық даму жолдарын көрсетуге тырысады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі және 2005 жылдан бастап ЕХРО-ға қатысып келеді. Испандық Сарагосада өткен ЕХРО-2008 нәтижесінде 104 қатысушы мемлекет ішінде, «С» санатында біздің мемлекетіміз ішкі және сыртқы рәсімделу қағдиттарына сәйкес қола жүлдеге ие болды.

ЭКСПО-2017: ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ШАҚЫРУ БАРЫСЫ

2015 жылдың ортасына қарай ҚР Президенті және Премьер-Министрі атынан 149 мемлекет және 38 халықаралық ұйымға шақыру хаттары жіберілді.
Халықаралық қатысушыларды тартудың Стратегиясы мен ЭКСПО Комиссары сапарларының Жол картасы жасақталды.

Қазақстан қатысушыларды шақыру құқығына 2014 жылдың 11 маусымында Парижде өткен Бас ассамблеяның Көрмелердің халықаралық бюросы 155-сессиясы нәтижесінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі ретінде ресми танылғаннан соң қол жеткізді.
Сол уақыттан бастап 105 мемлекет және 17 халықаралық ұйым Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындықтарын растады.

Олардың арасында:
- Австрия
- Алжир
- Ангола
- Антигуа және Барбуда
- Армения
- Ауғанстан
- Әзірбайжан
- БАӘ
- Беларусь
- Белиз
- Бельгия
- Бенин
- Боливия
- Бразилия
- Буркина Фасо
- Вануату
- Ватикан
- Вьетнам
- Габон
- Гаити
- Гайана
- Гамбия
- Гана
- Гватемала
- Гвинея
- Германия
- Гренада
- Грузия
- Джибути
- Доминика
- Доминикан Республикасы
- Египет
- Жапония
- Израиль
- Индонезия
- Иордания
- Иран
- Испания
- Италия
- Катар
- Кения
- Кирибати
- Колумбия
- Комор аралдары
- Конго
- Коста-Рика
- Кот-д'Ивуар
- Куба
- КХДР
- Қырғызстан
- Қытай
- Латвия
- Лесото
- Либерия
- Литва
- Маври-тания
- Мадагаскар
- Мажарстан
- Малайзия
- Маршалл аралдары
- Монако
- Моңғолия
- Мысыр
- Науру
- Нидерланд
- Оңтүстік Африка Республикасы
- Орталық Африка Республикасы
- Палау
- Парагвай
- Панама
- Пәкістан
- Польша
- Ресей
- Румыния
- Самоа
- Сауд Арабиясы Корольдігі
- Сейшелл аралдары
- Сенегал
- Сент-Винсент және Гренадин
- Сент-Китс және Невис
- Сент-Люсия
- Сингапур
- Словакия
- Соломон аралдары
- Суринам
- Сьерра Леоне
- Таиланд
- Тәжікстан
- Тонга
- Түркия
- Түрікменстан
- Украина
- Ұлыбритания
- Үндістан
- Фиджи
- Финляндия
- Франция
- Чили
- Швейцария
- Шри-Ланка
- Эквадор

Сонымен өздеріні қатысатындықтары жөнінде ақпаратты Дүниежүзілік Банкі, Дүниежүзілік мұнай кеңесі , ХҒТО, ИСЕСКО, МАГАТЭ, БҰҰДБ, ОПЕК, ЭЫДҰ, ОПЕК қоры (OFID), Энергетикалық Хартия, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, ЮНИДО, IRENA, SE4ALL (БҰҰ), ЮНИСЕФ, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдар растады.
ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттерді тарту үшін келіссөз барысы 2016 жылы жалғасатын болады.
Негізінен ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса мемлекет пен кем дегенде 10 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде.

КӨРМЕ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Астананың Бас жоспары (Генплан) шеңберінде EXPO кешені құрылысына қала сыртынан ауданы 175 га жер учаскесібөлінді. Іргелес аумақтың 150 га ауданын көлік инфрақұрылымы мен қосалқы нысандар үшін бөлінді.
Павильондар шамамен көрме кешенінің жалпы ауданының 42%-ын алады. Көрмеге қатысушы мемлекеттердің дәстүрлі павильондарынан бөлек аталмыш аймақта «Қазақстан» ұлттық павильоны мен «Үздік тәжірибелер аймағы» орналастырылатын болады. Әрбір павильонның ауданы шамамен 8 мың шаршы метрді құрайды.
Екінші қабаттарда ресторандар мен кеңселерді, ал жер асты жолын экспонаттарды сақтау үшін арналады. Кешеннің негізгі көрме бөлігінен басқа мәдени және сауықтыру іс-шаралары үшін ғимараттар құрылатын болады.
Бұдан бөлек, әртүрлі іс-шаралар өткізілетін Өнер институты, Энергетика залы мен Шеру залы құрылады. Өнер инстиуты жақын жерде орналастырылатын болады. Ол жерде заманауи өнердің көрмесі өтеді.
«Энергетика залы» ерекше назар аударуды қажет етеді. Ол жерде театр сахнасында әртүрлі концерттер, музыкалық және драмалық қойылымдар қойылатын көп функциялы театр орналастырылады.. Көрермен залының сыйымдылығы – 1000 адам.
Қонақтарды орналастыру үшін EXPO қалашығының солтүстік және батыс бөліктерінде 3 жұлдызды қонақүйлер және тұрғын үй кешендері салынады..

«ЭКСПО 2017» ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КҮНДЕР


11 маусым, 10:00 - Люксембург
12 маусым, 10:00 - Тәжікстан
14 маусым, 10:00 - Аустрия
15 маусым, Күні бойы - Украина
17 маусым, 10:00 - Маршалл аралдары
20 маусым , Күні бойы - Финляндия
21 маусым, Күні бойы - Франция
22 маусым, Күні бойы - Нидерланд
23 маусым , Күні бойы - Литва
25 маусым, Күні бойы - Монако Княздығы
26 маусым, Күні бойы - Ұлыбритания
27 маусым, 15:00 - Катар
28 маусым, 10:00 - Кения
28 маусым, 15:00 - Сербия
29 маусым, 10:00 - Израиль
29 маусым, 15:00 - Түркменстан
30 маусым, 10:00 - Мадагаскар
30 маусым, 10:00 - Грузия
1 шілде, 10:00 - Сомали
1 шілде, 15:00 - Таиланд
2 шілде, 10:00 - Джибути
3 шілде, 15:00 - Мысыр
4 шілде, 15:00 - АҚШ
5 шілде, Күні бойы - Қытай
7 шілде, 10:00 - Сүлеймен аралдары
8 шілде, 10:00 - Венесуэла
9 шілде, 10:00 - Әзербайжан
9 шілде, 15:00 - Латвия
10 шілде, 10:00 - Малайзия
12 шілде, 10:00 - Германия
12 шілде , 15:00 - Гана
13 шілде, 10:00 - Буркино-Фасо
13 шілде, 15:00 - Кирибати
14 шілде, 10:00 - Кариб теңізі қауымдастығының (КАРИКОМ) елдері : Белиз, Сент-Винсент және Гренадин, Гренада, Антигуа және Барбуда, Доминика, Суринам, Гайана, Гаити, Сент-Люсия, Сент-Китс және Невис, Барбадос, Ямайка
15 шілде, 15:00 - Чехия
16 шілде, 10:00 - Сауд Арабиясы
16 шілде, 15:00 - Комор аралдары
17 шілде, Күні бойы - Испания
18 шілде, 10:00 - Словакия
18 шілде, 15:00 - Орталық Африка Республикасы
19 шілде, Күні бойы - Корея Республикасы
20 шілде, 15:00 - Шри-Ланка
21 шілде, 15:00 - Грекия
22 шілде, Күні бойы - Жапония
23 шілде, 15:00 - Папуа - Жаңа Гвинея
24 шілде, 10:00 - Уганда
24 шілде, 15:00 - Армения
25 шілде, 10:00 - Сингапур
25 шілде, 15:00 - Коста-Рика
26 шілде ,10:00 - Куба
26 шілде, 15:00 - Либерия
27 шілде, Күні бойы - Иордания
28 шілде, Күні бойы - Румыния
29 шілде, 10:00 - Парагвай
29 шілде, 15:00 - Ангола
30 шілде, 10:00 - Габон
30 шілде, 15:00 - Конго Демократиялық Республикасы
31 шілде, 10:00 - Лесото
31 шілде, 15:00 - Вануату
1 тамыз, 10:00 - Гамбия
1 тамыз, 15:00 - Бенин
2 тамыз, 11:00 - Чили
4 тамыз, 15:00 - Иран
5 тамыз, 15:00 - Тонга
6 тамыз, 15:00 - Боливия
7 августа, 10:00 - Доминикан Республикасы
9 тамыз, 10:00 - Гвинея
10 тамыз, 10:00 - Түркия
11 тамыз, 10:00 - Швейцария
14 тамыз, 10:00 - Пәкістан
15 тамыз, 10:00 - Үндістан
15 тамыз, 15:00 - Конго Республикасы
16 тамыз, 10:00 - Фиджи
16 тамыз, 15:00 - Беларусь
17 тамыз , 11:00 - Самоа
18 тамыз, 15:00 - Мажарстан
19 тамыз, 15:00 - Ауғанстан
21 тамыз, 11:00 - Сенегал
23 тамыз, 10:00 - Бангладеш
23 тамыз, 15:00 - Йемен
24 тамыз, 10:00 - Оңтүстік Африка Республикасы
24 тамыз, 15:00 - Сьерра-Леоне
25 тамыз, 10:00 - Аргентина
26 тамыз, 10:00 - Эфиопия
28 тамыз, 10:00 - Мексика
29 тамыз, 10:00 - Вьетнам
29 тамыз, 15:00 - Науру

31 тамыз, 11:00 - Қырғызстан
2 қыркүйек, 11:00 - Гондурас
3 қыркүйек, 10:00 - Гватемала
3 қыркүйек, 15:00 - Палау
4 қыркүйек, 10:00 -Тувалу
4 қыркүйек, 10:00 - Италия
5 қыркүйек, 15:00 - Өзбекстан
6 қыркүйек, 10:00 - Біріккен Араб Әмірліктері
7 қыркүйек , Күні бойы - Польша
8 қыркүйек, Күні бойы - Ресей

Барлығы – 115 мемлекет

МӘДЕНИ-ОЙЫН-САУЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


10 - 14 маусым - «Ұлы Дала Симфониясы» шоуы. Амфитеатрда
10 маусым - 10 қыркүйек - Этноауыл жұмысы. Этноауылда
10 - 11 маусым - А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы . «Астана Опера» театрында
10 маусым - 7 шілде 19:00 - «Ромео мен Джульетта» мюзиклі . Бейбітшілік және келісім сарайында
11 - 13 маусым - ҚР президентінің жүлдесіне бәйге түрлерінен «ЭКСПО» кубогы . Этноауылда
11 - 15 маусым - «Spirit of Tengri» фестивалі. Этноауылда
15 маусым - Ашық алаңда Дж. Вердидің «Аида» операсы. Бейбітшілік және келісім сарайында
15 - 18 маусым - Аударыспақтан әлем кубогы. Этноауылда
17 маусым - 9 қыркүйек - «Цирк дю Солей» шоуы. Дю Солей циркінің павильонында
18-21 маусым - «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті, «The Beatles Go Baroque» ерекше бағдарламасы. Энергия Холлында
20 маусым 19:00 - П.И. Чайковский атындағы Х мерейтойлық Халықаралық жасөспірімдер сайысы аясында С. Ролдугина мен А.Мұсаходжаеваның концерті. «Астана Опера» театры
22 - 28 маусым - Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты. «Дәулет» спорт кешенінде
23 маусым -3 тамыз - «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесі. Ұлттық мұражайда
23 маусым 19:00, 5 шілде 21:00 - Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы. «Астана Опера» театрында
24 маусым 18:00 , 23 маусым 19:00 - «Astana Ballet EXPO GALA» концерті. «Астана Балет» театрында
24 маусым - Виолончельші Миша Майский мен Лили Майскидің концерті (Израиль). Энергия Холлында
24 маусым, 29 маусым - Eurasia Dance Festival Халықаралық балет фестивалінің ашылуы. «Астана Балет» театрында
24-28 маусым - Көркем гимнастика. «Дәулет» спорт кешенінде
25 маусым 21:00 - Ашық алаңда Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті. Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаңда
26-27 маусым - Халықаралық балет фестивалі аясында Корейлік «Universal Ballet» тобының балеттік қойылымы (Оңтүстік Корея). «Астана Опера» театрында
27 маусым - Димаш Құдайбергеннің жеке концерті. Астана Арена стадионында
28 маусым - Eurasian Dance Festiva –l балет өнерінің халықаралық фестивалі (Bad Boys Dance – АҚШ ұжымы). «Қазақстан» ОКЗ (фестиваль күндері)
30 маусым - Maurice Steger (швейцариялық дирижер) және The Lautten Compagney (неміс аспаптар ансамблі) концерті. Энергия Холлында
1 шілде - Астана опера бал . «Астана Опера» театрында
1 шілде - 10 қыркүйек 15:00 - «Сақтар алтыны» түпнұсқа артефактардың халықаралық көрмесі. ҚР Ұлттық музейінде
1 шілде - А. Масляковтың қатысуымен КВН ойынынан халықаралық жазғы кубок. Қазақстан ОКЗ
1 шілде 18:00 - «Би-2» және «Мумий Тролль» рок топтарының концерті. «Сарыарқа» республикалық велотрегі
2 шілде 19:00 - Америкалық «30 Seconds to Mars» тобының концерті. Астана Арена Стадионында
5-9 шілде - Мариинский театрының гастролі. Дж. Вердидің «Симон Боккаегра» операсы/ Ф. Мендельсонның «Жазғы түннің түсі» балеті (Санкт Петербург). «Астана Опера» театрында
3 шілде - 10 қыркүйек - Мемлекеттік Эрмитаж қорынан алынған Шығыс және Батыс қару-жарақ өнерінің көрмесі (Санкт Петербург). Ұлттық музейінде
4 шілде - 4 тамыз - «ART ENERGY» халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі. Бейбітшілік және келісім сарайында
4 шілде - «ASTANA ART FEST 2017» қазіргі заманғы өнер фестивалі . Нұржол Бульварында
6 шілде 21:00 - Астана күніне арналған концерт. Амфитеатрда
8 шілде - Француз пианисі David Fray концерті. Энергия Холлында
8 шілде 17:00 - «Black Star Mafia» шоуы. «Сарыарқа» республикалық велотрегінде
10 шілде - 10 тамыз - «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» Ислам өнері музейінің көрмесі. ҚР Ұлттық музейінде
11 шілде - AFROJACK голландиялық диджейдің концерті. Амфитеатрда
15 шілде - «Сан Ремо жұлдыздары» итальян әншілерінің концерті. «Астана Арена» стадионында
17 шілде 21:00 - Шведтық диджей AXWELL-дің концерті. Амфитеатрда
24-26 шілде - «Пласидо Доминго Опералиясы» Халықаралық жас вокалистер байқауы. «Астана Опера» театрында
25 шілде - 25 тамыз - «Астана» мюзиклы. Бейбітшілік және келісім сарайында
28-30 шілде - «Comedy Club» әзіл-сықақ шоуы. Энергия Холлында
29 шілде 21:00 - Steve Aoki концерті (американдық диджей, композитор және музыкалық продюсер). Амфитеатрда
1, 3 тамыз - Дж. Вердидің «Травиата» операсында әлемге әйгілі опералық әнші Пласидо Домингоның өнер көрсетуі. «Астана Опера» театрында
1-6 тамыз - «Kungfu Revelations-9 Scrolls» бірінші қытайлық шоу (Қытай). «Қазақстан» ОКЗ
12 тамыз 20:00 - Limp Bizkit американдық нью-метал/рэп-рок-тобының концерті. «Сарыарқа» республикалық велотрегінде
12-16 тамыз - «А Studio» тобының «Сила музыки» мюзиклі. Конгресс орталығында
13 тамыз 21:00 - GAKKU ТА қазақстандық эстрада орындаушыларының фестивалі. Амфитеатрда
15-17 тамыз 20:00 - Халықаралық джаз фестивалі. Энергия Холлында
20 тамыз 19:30 - «The Spirit of Tengri» қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі. Энергия Холлында
20 - 28 тамыз - Көкпардан Әлем чемпионаты. «Қазанат» ипподромында.
25 шілде - 2 тамыз - «Алладин және от әміршісі» мұз айдынындағы мюзикл (Ресей). «Барыс Арена» стадионында
25 - 27 тамыз - «Астана Дауысы» Халықаралық фестивалі . «Қазақстан» ОКЗ
26 - 28 тамыз - The magic of nomads тобының «Менің Қазақстаным» атты концерті. Энергия Холлында
26 - 27 тамыз - «Әлем Барысы» қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионаты. «Барыс Арена» стадионында
31 тамыз - «TURKVISION» эстрадалық ән байқауы (Финал). «Сарыарқа» республикалық велотрегінде
1 қыркүйек 19:00, 4, 7 қыркүйек 19:00, 9 қыркүйек 18:00 - Ла Скала театрының гастролі –Дж. Вердидің «Фальстаф» операсы. «Астана Опера» театрында
2- 9 қыркүйек - Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. «Radisson SAS» қонақ үйінде
2 - 3 қыркүйек 18:00 - С. Рахманиновтың «Фортепиано мен оркестр үшін № 2 концерт» әуеніне балет премьерасы. «Астана Балет» театрында
6, 8 қыркүйек 19:00 - Ла Скала театрының гастролі – Л. Бетховен № 9 Симфония. «Астана Балет» театрында.