ҚР азаматтары үшін

Қазақстан Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтарына Хорватия аумағына хорват немесе көп мәртелік шенген визасының негізінде кіруге болатынын хабарлайды.

Шенген визасы негізінде Хорватия аумағына кіру және шенген аумағына (Австрия, Германия, Словения және т.б.) қайта шығу қажеттілігі болған жағдайда, паспорттарыңызда көпмәртелік шенген визасы болуы тиіс.

Қазақстан Елшілігі Қазақстан азаматтарына Хорватия аумағына бір мәртелік шенген визасымен кірмеуді ұсынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерін алуға мұқтаж азаматтарға консулдық бөлімге келу уақыты мен күнін consul.zagreb [at] mfa.kz немесе +385 1 48 39 337 e-mail арқылы ескерту қажет.

СІМ жасап шығарған «SmartTravelKZ»тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп,жәрдемдесуді көздейді

IOS Android

Анкета для получении свидетельства о рождении

Анкета для постановки на временный консульский учет

Анкета для постановки на постоянный консульский учет

ИНФОРМАЦИЯ по обмену паспорта РК


Консулдық сұрақтар бойынша сенім телефоны: +385 993 350 599

Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтарына Хорватия аумағына хорват немесе көп мәртелік шенген визасының негізінде кіруге болатынын хабарлайды.

Шенген визасы негізінде Хорватия аумағына кіру және шенген аумағына (Австрия, Германия, Словения және т.б.) қайта шығу қажеттілігі болған жағдайда, паспорттарыңызда көпмәртелік шенген визасы болуы тиіс.

Қазақстан Елшілігі Қазақстан азаматтарына Хорватия аумағына бір мәртелік шенген визасымен кірмеуді ұсынады.

Сұрақтар болса Хорватия Елшілігімен хабарласуға болады: Мәскеу қаласы, Коробейников пер., 16/10, тел.: +7 495 785 40 70; +7 495 785 40 75.


Қазақстан Республикасының азаматтары Босния және Герцеговина аумағына босния визасымен кіре алады. Виза алу үшін Босния және Герцеговинаның Мәскеудегі Елшілігіне хабарласу қажет.


Қазақстан Республикасының азаматтары Черногория аумағына черногориялық визамен кіре алады. Виза алу үшін Черногорияның Мәскеудегі Елшілігіне немесе Нұр-Сұлтандағы Болгарияның Елшілігіне хабарласу қажет.

Черногорияға 30 күнге дейін мерзімге баратын Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 ж. 15 сәуірден – 31 қазаңға дейін визалық рәсімдеуден босатылатынын хабарлаймыз.

Назар аударыңыз: міндетті түрде тіркелу қажет!

Черногорияда алғашқы 24 сағатта (виза бар – жоқтығына қарамастан) шетелдік туристтерге тіркелу қажет. Уақытша тіркеуді тұрғылықты жеріңіздегі туризм ұйымының өкілдігінде, тікелей қонақ үйде немесе Черногорияның кез-келген полиция бөлімінде істеуге болады.

Аталған процедура ақылы, ал тіркелусіз немесе одан кеш қалған адамдарға айыппұл салынады.


Хорватияда, Черногорияда, Босния және Герцеговинада тұратын Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу

Консулдық есепке тұру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Анкета;
  2. Жеке мәліметтері бар паспортының, ҚР-нан шығуы туралы шекара қызметінің белгісінің көшірмесі (болған жағдайда ҚР ІІМ көші-қон полициясы басқармасының шығу туралы құжатын ұсыну қажет);
  3. 3 х 4 көлеміндегі фото – 1 дана.

Аталған консулдық қызмет ақысыз болып табылады.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету туралы АҚПАРАТЫ

Шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстаннан құжаттарды тұратын мекен-жайы бойынша ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы талап етеді.

Қазақстаннан құжаттарды талап ету мерзімі 3 ай және одан көп болуы ықтимал.

Егер өтініші қанағаттандырылмаған болса, консулдық алымның сомасы қайтарылмайды.

Қазақстаннан құжаттарды талап ету үшін арызданушы ҚР Хорватиядағы Елшілігіне жеке келіп, келесі құжаттарды 3 нұсқада ұсынуы қажет:

  • Арыз – 3 дана
  • Талап ету сауалнамасы – 3 дана
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер бар болса) – 3 дана.
  • Жеке басын куәландыратын құжат – түпнұсқа мен көшірме – 3 дана.
  • Консулдық алымды төлеу туралы түбіртек (құжаттарды тапсырған соң).

Жеке азаматтардың талап ету туралы келесі өтініштері қанағаттандырылмайды:

  • Егер арызданушы үшіне емес, өзге тұлға үшін сұратылса, азаматтық хал акті туралы қайта куәліктер;
  • Неке бұзылса, неке қию туралы куәліктер (тиісті анықтама берілуі мүмкін);
  • Қайтыс болғандардың туу туралы куәлігі;

Қайтыс болу туралы куәліктер ресми мақсаттарда қайтыс болған адамның туыстары немесе заңды тұлғалар сұрата алады.

16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктері ата-анасымен, асырап алушымен, қамқоршымен, жебеушімен және балалар әкімшілігі мекемесімен талап етіле алады. Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің түпнұсқасы мен көшірмелері талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігін алу туралы ақпарат

  1. Ата-анасынан арыз, ҚР азаматтарынан туу туралы куәлікті беру туралы арызы баланың Хорватияда, Черногорияда, Босния және Герцеговинада туғаннан 2 айдан аспаған мерзімде берілуі тиіс.
  2. Ауруханадан берілген құжаттарды ұсыну, орыс немесе қазақ тіліне ресми түрде аударылуы тиіс;
  3. Баланың фотосуреті 2 дана, мөлшері 3,5х4,5;
  4. Туу туралы куәлік үшін сауалнаманы толтыру;
  5. Ата-анасының паспорттарының көшірмелері.
  6. Неке қию туралы куәлік көшірмесі;
  7. Өзге балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  8. Консулдық алым төлемі (құжаттарды тапсырған соң)

Туу туралы куәлік 3 -5 күн ішінде беріледі.


Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының өздерi немесе олардың заңды өкiлдерi тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

1)өтiнiш-сауалнама;

2)Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері;

егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.

Ескертпе: Кодекске сәйкес алимент алушы отбасы мүшелеріне:

кәмелетке толмаған балалар;

ата-ана;

еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайы (зайыбы);

жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбы, оның ішінде бұрынғы зайыбы;

ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы);

неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайы (зайыбы);

көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған аға-інілер мен апа-сіңлілер, қарындастар;

көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелер;

көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-әжелер;

кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және асыраған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар;

өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және асыраған, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шеше жатады;

4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама;

5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

7) мемлекеттiк баждың немесе консулдық салықтың төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда кету туралы өтініш білдірген азамат олардың ел аумағында тіркелу фактісін анықтау үшін ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінеді.

В случе смерти гражданина Республики Казахстан на территории Хорватии, Боснии/Герцеговины, Черногории, просьба незамедлительно обращаться в Посольство РК в г.Загреб по телефону +385 91 93 1 64 60.

Похоронное агентство, с которым сотрудничало Посольство РК ранее на территории Черногории: Pogrebno Barlovic, +382 67 300 600, +382 69 081 246, pogrebnobarlovic@gmail.com, Totosi b.b., Ulcinj, Crna Gora.

Қосылған : 1.03.2017, 11:00, Өзгертілген : 1.03.2017, 11:00