Экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда айналымы былтырғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көпке өсті және 158,5 млн. АҚШ долларын құрады (ҚР экспорты – 140,6 млн. доллар, ҚР импорты – 17,8 млн. доллар).

ҚР мен Хорватия арасындағы 2011 жылғы сауда айналымы 74,8 млн. долларды құрады, 2010 ж. -36,3 млн. доллар, 2009 г. – 120 млн. доллар. 2010-2011 жж. өзара сауданың азаюы әлемдік қаржылық дағдарыстың теріс салдарымен байланысты.

Өзара сауданың құрамының 90% (140,3 млн. доллар) қазақстандық минерал өнімдерінің – Хорватияға отын-энергетикалық тауарларды экспорттауға түсіп отыр. ҚР сонымен қатар Хорватияға химия өнеркәсібінің өнімдерін, текстиль және текстиль өнімдерін экспорттайды.

ҚР-ға хорват экспорты мал және өсімдік тегі өнімдері, химия өнеркәсібінің өнімдері, аяқ киім және галантереялық тауарлар, құрылыс материалдар, металдар және олардан өнімдер, машина және құралғылардан құрайды.

2001 жылдан бері жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогтың болуы іскерлік байланыстардың дамуына, сондай-ақ бірқатар хорват компанияларының қазақстандық нарыққа шығуына маңызды түрткі болды.

2008-2009 жж. Қазақстанда «Далековод» компаниясының қатысуымен 80 млн. долларға ірі жоба іске қосылды (390 км. ұзақтығымен Ағадыр – ОҚГТЭС учаскесін, «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі транзитімен электр берудің екінші желісін салу» жобасы шеңберінде Солтүстік-Оңтүстік 500 кВ электр берудің жаңа желісін жобалау, салу және қолданысқа енгізу).

«Концепт 90» компаниясы ҚР Теннис федерациясымен бірге бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, компания Алматы қ. теннис орталығы мен Астана қ. футбол алаңын салу жұмыстарын атқарып, қолданысқа енгізді.

«Плива» компаниясы он жылдан аса ҚР-да фармацевтикалық, химиялық және азық-түлік өнімдерін сату саласында қызмет етуде.

«Подравка» компаниясы тамақ өнімдерін сату саласында жұмыс істейді. ҚР-да компанияны «Кисе» ерекше құқығы бар дистрибьютер өкілдік етеді.

«Гидроэлектржоба» компаниясы Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін дайындауға қатысу мүмкіндігін пысықтауда.

Сонымен қатар, хорват компанияларының бірқатарынан («Ингра», «Ина», «Кончар», «Ульяник» және т.б.) энергетика, кеме салу, құрылыс, машина жасау салаларында ынтымақтастық бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Сонымен бірге, қазіргі таңда қазақстандық компанияларының хорват нарығында қызмет етуі іс жүзінде жоқ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Хорватияға сапарларын дайындау дайындау шеңберінде (2001, 2006) қазақстандық бизнестің ОЭК объектілерін жекешелендіруге қатысу, атап айтқанда «Ядран Нафтовод» және «Ина» компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндігі пысықталды. Алайда, бірқатар себептерге байланысты аталған жобалар жүзеге асырылмады.

Айта кететін жайт, соңғы жылдары ХР-ға энерготасымалдаушыларды жеткізу бойынша Әзербайжан алдыңғы қатарлы болып келеді (2012 жылы ӘР экспорты 300 млн. доллар – Хорватияның жалпы мұнай импорты көлемінің 30% құрады). Хорватияның және Балканның энергетикалық нарығына ресей мұнайгаз компаниялары белсенді келуде.

ЕО нарығына мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырларының және Риека, Омишаль теңіз порттарының интеграция жобаларына ҚР-дың ықтимал қатысуы үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, туризм, фармацевтика, құрылыс, ауыш-шаруашылығы және ағаш өңдеу өндірісі, шарап өнімдерін шығару және жеткізу салаларында ынтымақтастықты дамытудың перспективасы бар.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 9.11.2016, 18:32