Азаматтық

I. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Жеке мәліметтер көрсетілген өтініш (жүктеу);

2. Толтырылған анкета (жүктеу);

3. Фотосурет (1 дана), көлемі 4х5 см;

4. Туу туралы куәліктің көшірмесі;

5. Шетелдік паспорт бойынша тегі, аты немесе әкесінің аты өзгертілген жағдайда, оны растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын өзгерту туралы сертификат және т.с.с.);

6. Шетелдік паспорттың немесе Канаданың азаматтығын (немесе басқа мемлекеттің азаматтығын) қабылдағаны туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7. Қазақстандық ұлттық паспорттың немесе КСРО паспортының түпнұсқасы (төлқұжат жоғалтылған/ұрлатып алынған болса, оны растайтын полицияның құжатын ұсыну қажет. Бұл құжат қазақ/орыс тіліне аударылуы және нотариалды куәландырылуы тиіс), жеке куәліктің (ҚР-дан тыс тұрақты тұруға рұқсатты ресімдемеген азаматтар үшін. Құжат жоғалтылған жағдайда жазбаша түсініктеме ұсыну қажет) және әскери билеттің түпнұсқасы (Әскери билеті бар азаматтар үшін. Құжат жоғалтылған жағдайда жазбаша түсініктеме ұсыну қажет);

8. ҚР азаматтығын жоғалту туралы анықтаманы алу қажет болған жағдайда, ол туралы тиісті өтініш білдіру қажет (жүктеу), сондай-ақ оған 50 АҚШ доллары көлемінде консулдық төлем жасалуы тиіс;

II. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылған Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш;

2. Толтырылған сауалнама-өтініш;

3. Өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

4. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 1-бабында қарастырылған шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;

6. 3,5 х 4,5 см. көлемінде фотосурет;

7. Заңдастырылған сотталғандығы болуы/болмауы туралы анықтама (қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс);

8. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

9. Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама (заңдастырылылуы және қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс);

10. Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

11. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;

12. Консулдық алым - 100 АҚШ доллары;

Жоғарыда көрсетілген құжаттар 2 данада ұсынылуы тиіс.

Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының қарауына жіберілетін болады. Өтінішті қарастыру мерзімі - 6 ай.

Кәмелет жасқа толмаған балалар үшін құжаттар бөлек толтырылады.

III. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш;

2. Толтырылған сауалнама-өтініш;

3. Өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

4. 3,5 х 4,5 см. көлемінде фотосурет;

5. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;

7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12055 болып тіркелген);

8. Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

9. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері;

10. Жапония азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат (заңдастырылылуы және қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс);

11. Консулдық алым - 150 АҚШ доллары.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар 2 данада ұсынылуы тиіс.

Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының қарауына жіберілетін болады. Өтінішті қарастыру мерзімі - 6 ай.

Кәмелет жасқа толмаған балалар үшін құжаттар бөлек толтырылады.
Қосылған : 16.03.2017, 12:15, Өзгертілген : 16.03.2017, 12:15