ҚР СІМ-де Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті таныстырылды

25 мамырда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті және шетелдік әріптестермен екіжақты ынтымықтыстықты дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің сөз сөйлеуінде еліміздің басшылығы өндеу өнеркәсібінің және өндірістік сектордың, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жеделдетілген дамуына басым мән беретінін атап өтті.

Қ. Әбдірахманов «Қазақстандық компаниялар шетелдік әріптестермен ынтымақтастың перспективаларын үмітпен бағалайды. Біз қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы өз іс-қимылдар үшін жаңа дипломатиялық мүкіндіктер ашудамыз», – деп мәлімдеді.

Б. Атамқұлов «Бүгінгі күнде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені біздің елдің экономикасында белгілі бір тауашаны алатын елеулі экспорттық әлеуеті бар, қазақстандық әскери техниканың қазіргі заманғы үлгілері бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне ие. Қазіргі уақытта республикада байланыс қызметін, сондай-ақ жер бетінің ғарыштық мониторингінің түсірілімдерін көрсетуге қабілетті қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылым, байланыс және жерді қашықтықтан барлаудың спутниктік жүйесі құрылғанын» айтып берді .

Брифинг барысында дипломатиялық корпус өкілдерінің алдында Қазақстанның ғарыштық жобаларын дамыту тақырыбындағы және елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуеті туралы баяндамаларымен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шакшакбаев, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС бас директоры Тарык Зия Кабоглу, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бас директоры Ербол Салимов, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» ЖШС бас директоры Алибек Сұлтанғазы, «Ғалам» ЖШС техникалық директоры Жан-Франсуа Монье сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар өздерінің сөз сөйлеулері барысында ҚӨК және ғарыштық саласындағы отандық жобалардың әлеуеті туралы: бронды доңғалақты машиналар, ірі калибрлі пулеметтер және әскери әрі қосарлы мақсаттағы басқа да өнімдер өндірісі туралы айтты, сондай-ақ қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылымының, «KazSat» және «KazEOSat» сериялы жерді қашықтықтан барлау спутниктік байланыс жүйесінің жұмыстары, Астана қаласында болашақ ғарыштық аппараттардың құрастыру-сынау кешенінің қызметтер көрсетуі таныстырылды.

Б. Атамқұлов «Біздің министрлік ашық сұхбатқа және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды орнатуға дайын. Мүдделі тараптармен біз одан әрі ынтымақтастықты нақты қызықтыратын жобалар бойынша біршама егжей-тегжейлі түрде ұйымдастыруға дайынбыз», - деп мәлімдеді.

Шет мемлекеттердің дипломаттары өздерінің қазақстандық ҚӨК өнімінің экспортын және Қазақстанның ғарыш кәсіпорындарының қызметін дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласына инвестициялар тарту саласындағы өзара іс-қимылға белсенді түрде қатысуға дайындықтарын білдірді.

Шетелдік елшілер Қазақстанның ҚӨК кәсіпорындарына шақырылды.

Іс-шара аясында елдің ғарыштық қызметі және ҚӨК саласындағы жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды.

Қосылған : 25.05.2017, 16:30, Өзгертілген : 25.05.2017, 16:30