Мадрид қаласында Таяу Шығыстағы этникалық және діни зомбылық жөніндегі конференция өтті

24 мамырда Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Мадрид қаласында Таяу Шығыстағы этникалық және діни зомбылық жөніндегі конференцияға қатысты.

Бұл халықаралық кездесу 2015 жылы Парижде өткен аттас конференцияның жалғасы болды.

Іс-шара аясында басқа да делагация басшылары қатарында А. Камалдинов Испания Королі VI Фелипемен кездесті.

Халықаралық гуманитарлық дағдарысқа алып келген сириялық жанжал тараптардың басты тақырыбына айналды.

Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары өзінің сөйлеу сөзінде халықаралық қауымдастықтың қолданып жатқан шараларын, сондай-ақ сұхбат пен бітімге келу жолы арқылы қантөгісті жедел тоқтатуға және Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған сириялық биліктер мен оппозициясының әрекеттерін Қазақстанның қолдайтынын атап өтті.

Өз кезегінде, конференцияға қатысушылар Сирия бойынша Астаналық процестің нәтижелерін жоғары бағалап, Қазақстан қабылдап жатқан барлық шараларға өз қолдауларын білдірді.

Аталған аймақтағы этносаралық және дінаралық жанжалдарды талқылау барысында қазақстандық дипломат еліміздің тәуелсіздігінің бірінші күндерінен бастап қолданыстағы азаматтық қоғамның ерекше институты – жоғары деңгейдігі мәдениаралық сұхбаттың жаңа кезеңіне бастау салған Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы хабарлады.

Қосылған : 26.05.2017, 10:50, Өзгертілген : 26.05.2017, 10:50