Консулдық тіркеуге алу

Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алады

  1. консулдық аумақ территориясында тұрғылықты тұрып жатқандарды;
  2. консулдық аумақ территориясында уақытша тұрып жатқандарды.

Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алу мақсаттары:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау;
  2. Қазастан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамаларымен және Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті мүшесі болып табылатын халықаралық келісімдер бойынша берілген барлық құқықтарын қолдануға жан-жақты көмек көрсету.

Тұрақты консулдық есепке алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

  1. Өтініш;
  2. Толтырылған тіркеу карточкасы;
  3. 3,5 х 4,5 өлшемдегі бір фото сурет;
  4. Паспорттың 1-ші парағының көшірмесі;
  5. Жапонияда тұру туралы ықтиярхат көшірмесі;
  6. Кету парағы (түп нұсқасы және көшірмесі) болған жағдайда.

Уақытша консулдық есепке алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

  1. Өтініш;
  2. Толтырылған (уақытша) тіркеу карточкасы;
  3. 3,5 х 4,5 өлшемдегі бір фото сурет;
  4. Паспорттың 1-ші парағының көшірмесі;
  5. Оқу немесе жұмыс орнынан анықтама;
  6. Жапонияда тұру туралы ықтиярхат көшірмесі;


«Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының байланыс орталығы

Құрметті отандастар!

Бірігей байланыс-орталығы техникалық іске қосылып, қызмет көрсетуде. Байланыс-орталығына Сізді қызықтыратын кез келген сұрақтар бойынша мына байланыс түрлерімен хабарласуға болады:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін)

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін)

+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалар үшін)

E-mail: komek@oq.gov.kz

Skype:komek@oq.gov.kz

Байланыс орталығының жұмыс кестесі:

Жұмыс сағаттары дүйсенбіден жұмаға дейін

9.00-18.00

Демалыс – сенбі, жексенбі

(дауыстық хабарларды қабылдау)

Қосылған : 15.03.2017, 11:10, Өзгертілген : 15.03.2017, 11:10