​Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге шығуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 5 маусымда Астана қаласына екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапармен келген Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді қарастырды.

Астана мен Санто-Доминго арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде өзара ықыласы расталды. Тараптар екіжақты сауда мен инвестициялардың көлемін экономикалық дипломатияның шеңбнрінде арттыруды қамсыздандыруда, олардың құрылымдарын әртараптандыруда, сондай-ақ экономикалық әрекеттестіктің ұзақ мерзімді формаларын дамыту, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен әріптестік жолындағы екіжақты ынталарын білдірді. М. Варгас Доминикан Республикасы ҚазақстандыОрталық –Азиялық өңірдегі негізгі әріптесі ретінде қарастыратындығын, және доминикандық тараптың Астанадағы «ЭКСПО-2017» қатысуы екіжақты байланыстарды кеңейтуде жәрдемдесетінін атап өтті..

Халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау барысында екі тарап мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар, соның ішінде 2017-2018 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясында бірлескен күштерді үйлестіру қажеттілігі атап өтілді.

Қ. Әбдірахманов Қазақстанның қауіпсіздік және өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері бойынша Доминикан Республикасымен ортақ ұстанымын ескере отырып, Қазақстанның Латын Америкасының және Кәріб бассейні өңірімен тығыз әрекеттесуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов және М. Варгас Саяси декларацияға қол қойды.

Астана қаласына доминикандық делегация құрамында СІМ өкілдерімен қатар «Haciendas Rivera» ірі компания басшысы және «Banco Atlantico» банк иесі келді.

Қосылған : 5.06.2017, 15:05, Өзгертілген : 5.06.2017, 15:05