Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату тәртібі
Қазақстаннан құжаттарды сұрату тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің 2002 ж. 22 мамырдағы №08-1/1 және Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2002 ж. 28 мамырдағы №98 Бірлескен бұйрықтарымен бекітілген ережемен реттеледі (бұдан әрі – Ереже).
Жапонияда тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату үшін Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне жүгінеді.
Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату мерзімі 3 және одан көп ай уақытты құрайды.
Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Құжаттарды сұрату бойынша сауалнама;
- Сұратылып отырылған құжаттың көшірмесі (егер бар болса);
- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар – түпнұсқасы және көшірмесі;
- Консулдық алымның (30$) төленгені туралы түбіршектің түпнұсқасы.
Ереженің 3-тармағына сәйкес, азаматтар келесі құжаттарды сұрату туралы өтініш бере алады:
- Азаматтық жағдайын тіркеу актісі туралы құжаттарды (тууы, қайтыс болу туралы, неке қию және бұзғаны, әкелігін анықтау, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер);
- Құқықтық сипаттағы әлеуметтік мәліметтер (еңбек өтілімі, еңбек ақысы, зейнеткерлігі, білімі, ғылыми дәреже берілуі, ғылыми атақтың берілуі және біліктілігін арттыруы, мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, негізсіз қуғын-сүргін фактілері, азаматтарды жер аудару және мүліктерін тәркілеу, әскери қызметі, еңбек әскеріне қатысуы және т.б. туралы);
- Емдеуде болуы, кәсіби аурулары және жазатайым уақиғалар туралы мәліметтер;
- Ереженің 4-тармағына сәйкес, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түп нұсқалары мен көшірмелерін шығаруға, сұратып алуға, жіберуге болмайды.
Ереженің 16-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың келесі құжаттарды сұратып алуы қанағаттандырылмайды:
- Азаматтық жағдайын тіркеу актісі туралы қайта берілген куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа тұлғаларға рәсімделген болса;
- Некеге тұру туралы куәліктер, егер неке бұзылған болса (тиісті анықтама беріледі);
- Қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
Консулдық алым сұратып алудың нәтижелеріне қарамастан алынады.
Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату мерзімі 3 және одан көп ай уақытты құрайды.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды.
Қосылған : 16.03.2017, 11:25,
Өзгертілген : 16.03.2017, 11:25