Жапонияға жол жүретін ҚР азаматтарына арналған ақпарат

Мемлекеттің ресми атауы:

Жапония

Астанасы:

Токио

Ресми тілі:

Жапон тілі

Аумағы:

377 944 км²

Халық саны:

125,9 млн. (01.01.2016)

Уақыты:

UTC+9.

Астанамен айырмашылық + 3 сағат

Демалысы және мереке күндері:

1 қаңтар – Жаңа жыл;

қаңтардың екінші дүйсенбісі – Кәмелеттік жас күні;

11 ақпан – Мемлекеттің құрылған күні;

20 немесе 21 наурыз – Көктемдегі күн мен түннің теңесу күні;

29 сәуір – Сёва күні (дүниеден өткен Император Сёваның туған күні);

3 мамыр – Конституция күні;

4 мамыр – Жасыл күні;

5 мамыр – Балалар күні;

шілденің үшінші дүйсенбісі – Теңіз күні;

11 тамыз – Тау күні;

қыркүйектің үшінші дүйсенбісі – Үлкендерді қадірлеу күні;

22 немесе 23 қыркүйек – Күздегі күн мен түннің теңесу күні;

қазанның екінші дүйсенбісі – Дене шынықтыру күні;

3-қараша – Мәдениет күні;

23 қараша – Еңбекке алғыс ету күні;

23 желтоқсан – Императордың туған күні.

сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Валютасы:

Йен

Климаты:

Жапон аралдары бірнеше климаттық белдеулерді қиылыстырады. Олар солтүстік аралдардағы бірқалыпты және оңтүстік аралдардағы субтропиктік белдеулер болып табылады.

Қазақстанмен көліктік қатынастар:

Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы жоқ.

Транзиттік рейстер Сеул, Бейжің, Бангкок, Абу-Даби, Мәскеу және т.б. арқылы.

Келу, болу және транзиттік жол жүру талаптар:

Визалық мәселелер:

Қазақстан Республикасы азаматтарының Жапонияға келуіне виза талап етіледі.

Қысқа мерзімді визалар (болу мерзімі 90 күннен аспайды) іскерлік сипаттағы сапарды жүзеге асыру мақсатында, туыстарға және таныстарға

- «іскерлік сипатта қысқа мерзімге келу» дегеніміз - ол Жапонияда жұмыс бабындағы кездесулер өткізуге, конференциялар мен жиналыстарға қатысуға, іскерлік келіссөздер жүргізуге, сату қызметінен, жарнамалардан, маркетингтік зерттеулерден кейінгі келісім-шарттарға қол қоюға арналған іскерлік сапарлар, сондай-ақ мәдени алмасуды, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы алмасуды, спорттық алмасуды және басқа да соған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыруға арналған сапарлар болып табылады.

- «туыстарға немесе таныстарға бару» дегеніміз – ол шақырушы туыстарының (әдеттегідей, жұбайы мен зайыптарының, қандас туыстарының немесе үшінші буынға дейінгі неке негізіндегі туыстардың) және шақырушы таныстарының сапарлары (достарын қоса алғанда), немесе туристік сапар болып табылады.

- «туристік фирманың кепілі негізіндегі туристік сапар» дегеніміз – ол Жапониядағы туристік фирманың кепілгер болуы арқылы жүзеге асырылатын туристік сапар болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгені Жапонияда табыс табуға немесе сыйақы алуды көздейтін қызметті жүзеге асыруға жол бермейді.

Жұмыс визасын алу үшін өтінім берушінің болашақ тұрғылықты жері бойынша көші-қонды бақылау органында Certificate of Eligibility for Resident Status деп аталатын арнайы құжатты алдын ала алу қажет. Оның түпнұсқасы визаға өтініш білдіру кезінде Жапонияның шет елдегі мекемесіне тапсырылады.

Жапонияда өтінім білдірушінің өкілі осы сертификатты ала алады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері визалық талаптардан босатылады.

Толық ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігіне өтініш білдіру қажет:

010000 Астана, Шұбар шағын ауданды, Космонавтов көшесі 62, 5-қабат

Тел. +7 (7172) 97-78-72,

сайты: http://www.kz.emb-japan.go.jp/jp/index_r.htm

Паспорттың жарамдылығы:

Жапония визасын алуға арналған құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік паспорттың қолданыс мерзімі Жапониядан қайтып келу сәтінен бастап кемінде 3 айды құруы қажет.

Кедендік бақылау:


Жапония заңнамасына сәйкес, шетелдік жеке және заңды тұлғаға тиесілі жүктер мен жеке заттар кедендік тексерістен өтеді.

«Жасыл» және «қызыл» дәліздер деп аталатын жүйе көзделген.

«Жасыл» дәліз арқылы жүгі жоқ немесе кедендік баждарсыз өткізілетін заттары бар жолаушылар өтеді.

«Қызыл» дәлізді кедендік декларациялауға жататын немесе Жапонияға әкелуге шектеу қойылған немесе тыйым салынған заттарға ие жолаушылар пайдаланады.

Жапонияда қолданыстағы кедендік қағидалар туралы Жапония Кеден қызметінің сайтынан білуге болады: http://www.customs.go.jp/english/summary/passenger.htm (ағылшын тілінде), http://www.customs.go.jp/kaisei/youshiki/form_C/C5360-Er.pdf (орыс тілінде).

Әкелуге/шығаруға тыйым салынатын заттар:

- жаппай қырып жоятын қаруды шығаруға мүмкіндік туғызатын химиялық заттарды және биологиялық материалдарды;

- есірткілер мен психотроптық заттардың барлық түрлерін, сондай-ақ оларды шығаруға және пайдалануға арналған заттарды;

-жалған бағалы қағаздарды және ақша белгілерін;
-адамгершілікке жат мазмұнға ие кітіптарды, журналдарды, суреттерді және нақыштарды, балалар порнографиясын;

- қоғамыдық тәртіпке зиян келтіретін баспасөз басылымдарын (зорлыққа, теріс сипаттағы жаппай сөз сөйлеулерге және мемлекеттік билікті құлатуға әкеп соқтыратын және т.б.);
- зияткерлік меншікке нұқсан келтіретін заттарды (сауда маркасына, авторлық және патенттік құқыққа) және жалған тауар бұйымдарын Жапонияға әкелуге тыйым салынады.

Жапониядағы қолданыстағы қағидаларға сәйкес, елге мынадай дәндер мен өсімдіктерді әкелуге тыйым салынады:
- картоптың кейбір түрлерінің түйнектерін;
- күріш көшеттерін, күріш сабандарын, соның ішінде күріш сабандарынан жасалаған бұйымдарды (жүк орауыштары, қапшықтар, кілемшелер және т.б.);
- кейбір жеміс-жидектердің тұқымдарын (өрік, шие ағашының, шиенің, шабдалдың, алмұрттың, айваның, грек жаңғағының);
- Hordeum, Triticum и Secale өсімдіктерінің сабандары мен жапырақтарын (соның ішінде, қаптау материалдары мен одан жасалған ұқсас тауарлар түріндегі сабандары), сондай-ақ бидайық түріне жататын өсімідіктердің сабандары мен жапырақтарын;
- жаңа сойылған жануар етін және одан жасалған жартылай фабрикатты өнімдерді, сондай-ақ Animal Health Certificate деп аталатын халықаралық стандартқа сай сертификаттары жоқ ет өнімдерінің тез бұзылатын түрлерін Жапонияға әкелуге толықтай тыйым салынады.

Толық ақпаратты Карантиндік бақылау қызметінің сайтынан алуға болады.

http://www.maff.go.jp/aqs/english/product/import.html

(ағылшын тілінде).

Санитариялық бақылау:

Қазақстан азаматтарынан денсаулық жағдайын, сондай-ақ егілгендігін растайтын қандай да бір арнайы медициналық құжаттарды көрсетуге талап етілмейді.
Өткізу пункттерінің қызметкерлері Жапония шекарасынан өту сәтіне дейін ұшып келген азаматтардың жағдайына бақылау жүргізуге арналған техникалық құралдармен, соның ішінде дене температурасын түйіспесіз өлшеу арқылы жылуға ден қоятын құрылғымен жабдықталған «санитариялық кардондарда» жолаушылар денсаулығына қатысты карантиндік сипаттағы негізгі шараларды қолданады.

Фитосанитариялық бақылау:

Кейбір өсімдіктерді, яғни оларды Жапонияға әкелуге дейінгі вегативті мерзім ішінде Қазақстан аумағында карантиндік тексеру рәсімінен өткізу және олар бойынша тиісті сертификат алу қажет.
Мұндай өсімідіктерге:

- өсірілетін қант қызылшасының кейбір түрлерінің тірі түйнектері және жер астындағы бөлігі;

- өсірілетін қызанақтардың кейбір түрлерінің жер астындағы көшеті;

-өсірілетін картоптың кейбір түрлерінің тірі түйнектері және көшеті;

- егуге арналған бұршақ дәнектері;

- егуге арналған үрме бұршақтары жатады.

Жапонияға әкелу алдында шекарадан өткізу сәтіне дейін өсімдік мінддеті түрде фитосанитариялық бақылаудан өтуге тиіс.

Бұл ретте, шекара қызметінің басшылары өткізу пунктінде сол және өзге өңірлерден тасымалдайтын өсімдіктер мен олардың дәндеріне арналған белгілі ауруларды тарату қауіпінің жоқ екендігі туралы тиісті фитосанитариялық сертификаттарды ұсынуды талап етеді. Фитосанитариялық бақылау рәсімінен өту үшін Жапонияға келуге дейінгі жоспарланып отырған күннен жеті күн бұрын Фитосаниятариялық бақылау қызметінде Application for Import Plant Inspection деп аталатын фитосанитариялық бақылауға арналған өтінімді ресімдеу қажет. Жапония аумағынан сондай немесе өзге де өсімдіктер түрлерін шығару кезінде ұқсас рәсімдер жүргізіледі.

Толық ақпарат Фитосанитариялық бақылау қызметінің сайтында орналастырылған. http://www.pps.go.jp/english (ағылшын тілінде).

Ветеринарлық бақылау:

Жапонияға әкелінетін кез келген жануарлар әуежайларда және теңіз порттарында карантиндік инспекциядан өтеді.
Жануарлардың кейбіреулерін елге әкелуге тыйым салынады (мысалы, кеміргіштер тұқымдарын).

Егер жануарларды әкелуге рұқсат берілсе, онда оларға ауру фактілерінің жоқ екендігін дәлелдейтін экспорттаушы елдердің құзыретті мемлекеттік органы берген ветеринарлық куәлік міндетті түрде ресімделуге тиіс.

Елдегі жануарларды әкелу (шығару) туралы қолданыстағы қағидаларға сәйкес, әрбір жануарға Жануарларды карантиндік бақылау қызметінен (Animal Quarantine Service) алынған Approval of Import Inspection of Animals сертификаты талап етіледі.

Аталған сертифакатты алу үшін жоспарланып отырған жануарды елге әкелуге дейін 40 күн бұрын AQS-ке өтінім (Notification of Import Inspection) жолдау қажет. Үй жануарын Жапония аумағынан шығару кезінде де ұқсас рәсімдерді жүзеге асыру қажет.

Жапония аумағына(нан) үй жануарларын әкелу/шығару кезіндегі ветеринарлық бақылау қағидалары туралы толық ақпаратты Карантиндік бақылау қызметі сайтынан табуға болады http://www.maff.go.jp/aqs/english/index.html (ағылшын тілінде).

Саяхатшының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер:

Лаңкестік қауіп:

Қатаң көші-қон заңы мен жоғары деңгейдегі құқықтық тәртіптің арқасында Жапония айтарлықтай тыныш ел болып саналады. 2020 жылғы Жазғы Олимпиадалық ойындарды өткізу қарсаңында Токионың және басқа ірі қалалардың қауіпсіздік сақтау және құқық қорғау органдары болуы ықтимал лаңкестік қауіп-қатерлерге, жаппай бағынбаушылықа ден қою үшін тұрақты жаттығулар өткізуде. Сондай-ақ, халықаралық әуежейлер мен теңіз порттарындағы өткізу пунктерінде бақылау күшейтілді.

Қылмыс:

Жапонияда қылмыс біршама төменгі деңгейде. Қылмыстық коэффициенті бойынша дамыған елдер рейтингісінде Жапония әлемде соңғы орындардың біріне орналасқан.

Жапония Бас полиция басқармасының деректері бойынша, 2015 жыл соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде қылмыс көрсеткіші ең төменгі деңгейде көрініс табуда. 1,09 млн қылмыс, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға аз болғандығын көрсетіп отыр. Соңғы уақытта ақшалай қаражаттарды аударуға байланысты телефон арқылы туындаған алаяқтылық, сондай-ақ банктік және несиелік карточкалармен айла шарғы жасаудың өсіп отырғандығы байқалуда.

Елдің әртүрлі аудандарына бару:

Жапонияда шетелдік туристерге баруға болмайтын аудандар жоқ.

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайдағы Сіздің әрекетіңіз:

Жапониядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімімен байланысу қажет

Жол қозғалысы:

Ерекшелігі:

Жапонияда қозғалыс сол жақ беттік болып табылады.

Жол қозғалысы қағидалары халықаралық жол қозғалысымен сәйкестендірілген.

Отынның негізгі түрі:

2016 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 1 литр жоғары сапалы бензиннің құны (қазақстандық ұқсастық АИ-98) 120 йен тұрады, әдеттегі бензин (ұқсастық АИ-95) - 130 йен, 1 литр дизель отынының құны - 85 йен.

Баға АЖҚС ке (автожанармай құю станциясы) және олардың орналасуына байланысты айырмашылықтары болуы мүмкін.

Тұрақ орындарының болуы:

Тегін автотұрақтарды іс жүзінде жоқ деуге болады, тек қана кейбір жағдайларда ірі дүкендер мен мейрамханалар, сондай-ақ, бірқатар қалалық парктер, сауықтыру және медициналық мекемелер өз клиенттеріне тегін көлік қоятын орын мүмкіндігін береді.

Көлік қоятын орын тәртібін бұзғандарға 15 мың. йен көлемінде айыппұл жазылады. Тиісті емес орындарға көлік қойғанда автомобиль айып пұл алаңына жіберілуі мүмкін.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі

Қазақстандық жүргізуші куәлігі Жапонияда мойындалмайды.

Қазақстан азаматтары Жапонияда машина жүргізу үшін халықаралық үлгідегі жүргізуші куәлігін (Жапонияда мойындалған) немесе жапондық жүргізуші куәлігін, оны қазақстандық куәлікті жапондыққа қайта ресімдеу арқылы алуы қажет.

Автомобильді сақтандыру:

Сақтандыру болмайынша автокөлік құралдарын басқаруға жол берілмейді.
Сақтандыру полисі автосақтандырумен айналысатын кез келген сақтандыру компанияларында ресімделеді.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Автомобильдерді прокатқа беру қызметін ұсынатын компаниялардың ауқымды желісі бар.

Шетелдікке көлік құралдарын жалға алу үшін:

- халықаралық үлгідегі жүргізуші куәлігі (Жапонияда мойындалған) немесе Жапонияда ресімделген жүргізуші куәлігі;

- паспорт немесе шетелдікті тіркеу карточкасы өзінде болуы керек.

ЖКО жағдайында Сіздің іс әрекетіңіз:

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, ЖКО жөнінде сақтандыру агентіне мәлімдеу, оқиға болған жерге полицияны шақыру керек, қажет болған жағдайда – жедел медициналық көмекті шақыру қажет. Консульдық-құқықтық көмек көрсетуді алу үшін Жапониядағы ҚР Елшілілігінің консулдық бөлімімен байланысу қажет.

Жергілікті заңдар мен әдет-ғұрыпы:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Жапон қоғамы жалпы кез келген саяси және діни көзқарастарға (егер олар экстремизм мен күш қолданумен байланысты болмаса), сондай- ақ басқа тәртіп нормалары көрінісіне төзімділік танытқан.

Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарына қалыпты тәртіп нормаларын сақтау, жергілікті әдет ғұрып пен пейілге құрметпен қарау, жалпы қабылданған әдептілікті бұзбау, қоғамдық орындарда тазалық сақтау ұсынылады.

Әр түрлі қылмыс түрлері үшін жазалау:

Жапонияда елге оқ атылатын және суық қару, сондай-ақ есірткі заттарын әкелгені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Оқ атылатын суық қаруды алып жүру және сақтау, бұған қоса, оны қолданудың кез келген фактісі қоғамдық пікір тудырады. Кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады және ұзақ мерзімге түрмеде қамауға кесіледі (10 жылға дейін және одан да көп бас бостандығынан айрылу).

Заңсыз ескірткі айналысы және психотроптық заттар саласындағы қылмысы үшін және ұзақ мерзімге түрмеге қамау (15 жылға дейін) кесіледі.

Шетелдік азаматтардың Жапонияға заңсыз келуі, кемінде елден шығаруға әкеледі, қасақана тәртіп бұзу жағдайында – қылмыстық жауапкершілікке және түрмеге қамауға кесіледі.

Автомобильді заңсыз басқару, мастық күйде жүргізу, осындай жағдайда ЖКО жасау, материалдық шығынға ұшырмаса да және қоршағандар денсаулығына зиян келтірмесе де, әдеттегідей қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Шетелдіктердің ел аумағында меншік алу жөніндегі жергілікті заңнамасы:

Жапония заңамасында шетелдік азаматтардың қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік алуын реттейтін қандай да бір арнайы нормалар жоқ.

Резидент мәртебесін алған (Жапония аумағында 90 күннен артық тұрған) муниципальды органдарда тіркелген тұлғалар мәміле жасай алатындығы жөніндегі жалпы ереже ерекшелік болып саналады.

Сол мезетте қаржылық қамтамасыз етілу және қозғалмайтын нысандар меншігін иеленуі Жапонияда түруға ықтиярхат алу немесе жапон азаматтығын алуға автоматты түрде мүмкіндік бермейді, тек қана кейбір деңгейде оларды алуға тиісті өтініш хатты қарастыруда ықпал етеді

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіп, әдеттегі аурулар:

Жапонияда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты болып табылады.

Денсаулық сақтау органдары тарапынан эпидемиологиялық бақылау өте жоғары деңгейде жүргізіледі.

Су құбырының сулары қауіпсіз, бірақ, ішу үшін минералды суларды пайдаланған жөн.

Медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері:

Мемлекеттік ірі ауруханалардан бастап шағын жекеменшік мамандандырылған клиникаларға дейінгі денсаулық сақтау мекемелерінің кең тобы бар.

Түнгі уақытта, сенбі күндерінің екінші жартысында, сондай-ақ жексенбіде және мереке күндері медициналық мекемелер жабық.

Мезгілсіз уақытта медициналық көмек алу үшін кезекші емханаға бару қажет.

Қалалық дәріхана дәрігердің рецептісіз шектеулі мөлшерде кәдімгі дәрілерді алуға болады: суық тигендегі, азқазан бұзылғандағы, қызуды түсіретін дәрілерді, әртүрлі жақпа майды, кремді және т.б алуға болады.

Антибиотиктер және неғұрлім маңызды дәрмектер дәріханада жергілікті дәрігерге қаралғаннан кейін және қатаң түрде рецептпен сатылады.

Дәрі егу:

Азаматтарды вакцинациялауға баса назар аударылады

Медициналық сақтандыру:

Жапонияда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген. Медициналық сақтандыру бойынша, әдеттегідей 70% медициналық қызмет көрсету құны төленеді, бірақ ол, алдын ала тексеруден өткенде, егу, косметикалық хирургия, босану, протездеу, сондай-ақ, медициналық көрсеткіштерден тыс аборт жасағанда қолданылмайды.

Медициналық көмек алу кезінде медициналық сақтандыру карточкасын көрсету немесе емделудің толық құнын төлеу қажет.

Жедел медициналық немесе өрт сөндіру көмегі:

Кенеттен ауырып қалған, жарақаттанған жағдайда, өртте және басқа жағдайда, шұғыл медициналық немесе өрттен көмек қажет болғанда 119-ға телефонмен хабарласып:

1. не болғанын (жарақат, ауруы, өрт және т.б.)

2. сіз қай жерде тұрсыз (мекенжайыңыз немесе көз алдыңыздағы жолдың бағыт-бағдары)

3. өзіңіздің есіміңізді атап өту қажет.

119 нөмірі бүкіл ел бойынша бірдей тегін, шұғыл қызметтің тәуліктік нөмірі. 119 диспечерлік қызметі компьютердің арнайы бағдарламасын пайдалануы мүмкін, онда оператордың сұрақтары шетел тілдерінде айтылады (қолданылатын тілдер: ағылшын, қытай, кәріс, орыс және тай тілдері) және қысқаша жауаптарды «иа / жоқ», «өрт / жедел жәрдем» түрінде қолдана отырып, әңгімелесуді жалғастыруға болады. 2016 жылғы 1 қазаннан бастап 6 шет тілі бойынша ауызша аударма жасауды қолдау енгізілді (ағылшын, қытай, кәріс, орыс, тай және малай). Егер қасыңызда жапон тілінде сөйлейтін адам тұрса, оған телефонды беру дұрыс саналады.

Қосымша ақпарат:

Пайдалы телефондар:

Полиция — 110.
Жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі — 119.

Басқалары:

Жапония тарамдалған көлік желісіне ие.

Автомобиль, теңіз және әуе қатынасы, сондай-ақ, темір жол көлігі жақсы дамыған. Іс жүзінде барлық аралдар темір жолмен және автомобиль магистралымен байланысқан. Барлық ел бойынша жылдам жүруге арналған ақылы жол тарамдары бар, қалаларда қоғамдық көлік жүйесі қалыпқа келтірілген.

Қоғамдық көлік. Барлық қалаларда автобустық маршрут қатынастары жеткілікті дамыған, кейбір қалаларла трамвай қозғалысы бар. Автобустар мен трамвайлар әдеттегідей кондукторсыз, төлем тиянақталған (бір жол жүру құны 200 йен) кіргенде (автобуспен жүрген жағдайда) немесе шығарда (трамвайман жүрген жағдайда) жүзеге асырылады.

Үлкен қалаларда мерополитен бар, метрода жүру билетпен, тікелей станцияда алынады, билеттің құны жол жүрудің қашықтығына байланысты анықталады. Жапонияда таксимен жүру тарифы әлемдегі ең жоғарылардың бірі болып саналады. Қызметін ұсынатын компанияларға байланысты есептегіш 660-730 йеннен басталып, одан әрі 200-300 метрге 80-90 иеннен есептеледі. Егер такси кептеліске тұрса, әрбір 1,5-2 минут жай тұрғанына 80-90 йен есептейді. 23 сағаттан таңғы 6 дейін тарифтік жоспар көптеген таксомоторлы компанияларда 30 % ға дейін өседі. Жапонияда жекеменшік жүк тасымалы жоқ.

Азық түлік және өнеркәсіп магазиндерінің жұмыс уақыты. Ірі дүкендер мен универмагтар 10.00 ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.Тәулік бойынша сауда жасайтын шағын дүкендер желісі бар.

Ұтқыр байланыстың болуы. Іс жүзінде Жапонияның барлық аумағы жергілікті стандарттық ұтқыр байланыс қамтылған аймақта орналасқан.

Халықаралық әуежайда дүкендер бар, онда жалға жапондық ұтқыр телефонды жергілікті нөмірмен немесе сим картамен алуға болады.

Телефон-автоматты пайдалану тәртібі. Қалаларда телефон-автоматта бар, олардан бүкіл ел бойынша қоңырау шалуға болады (қалалық кодты теру арқылы)
Сөйлесуге ақы төлеу 10 немесе 100 йен монетасы номиналымен немесе кез келген тәуліктік дүкендерден алуға болатын телефон картасы арқылы жүзеге асырылады.

Тек қана телефон карталарын қабылдайтын таксофондар да кездеседі.
Халықаралық сөйлесу үшін арнайы таксафондарды (сұр түсті) қолдану қажет, олармен сөйлесу кез келген дүкендерден алуға болатын арнайы телефон карталары арқылы мүмкін. Кейбір осындай аппараттарды жеке компьютерлерге қосуға болады.

Банкоматтардың болуы және несиелік карталардың таралуы.

Несиелік карталармен төлем барлық ірі әмбебап дүкендерде, сауда орталықтарында, мейрамханалар мен мейманханаларда жүзеге асырылады.

Неғұрлым кең таралған несие карточкалары Visa және Master card болып табылады. Көптеген сауда нүктелері мен банк бөлімдерінде банкоматтар орнатылған.

Валюта айырбастау.

Жұмыс күндері банктер әдеттегідей 09.00-ден 15.00-ге дейін ашық. Валюта айырбастауды дәл сондай халықаралық әуежайда, сауда орындарында және т.б. жүзеге асыруға болады.

Тax free ресімдеу тәжірибесі.

Tax Free немесе Duty Free көрсеткіштері бар дүкендер паспорт болғанда тұтыну салығын (тауардың бағасының 8 %-ын) қайтаруды ресімдейді. Төленген салықты қайтару әуе жайларда жүзеге асырылмайды.

Желідегі электр кернеуі.
Желідегі кернеу 100 В.

Қоғамдық дәретханалардың болуы.

Ақысыз сауда нүктелерінде, метро станцияларында, өткелдерде, адам көп жиналатын басқа да орындарда орналасқан.

Жапонияда шайпұл беру жоқ.

Қала орталығынан теміржол, автобус вокзалдары мен әуежайдың қашықтығы және олармен көлік қатынасы:

«Нарита» әуежайынан Токионың негізгі мейманханаларына сағат сайын жүретін Airport Limousine Bus немесе Airport Express Bus автобустарымен жетуге болады.

Кесте бойынша жол уақыты - 90 минут, алайда қалалық кептелістен жол жүру жиі екі сағат шамасындағы уақытты алады.

Билетті кедендік бақылау зонасынан шығуға қарсы орналасқан әуежай холынан алуға болады.

Сондай-ақ, «Нарита» әуежайы мен астана арасында электр поезд жүреді, онымен Уэно станциясына және Токионың орталық темір жол вокзалына дейін жетуге болады.

Поезд қозғалысының аралық интервалы 30-40 минут, жолға уақыт мерзімі бір сағат шамасында.
Билетті перронға шығардан бұрын кассадан немесе автоматтан алады.

«Ханэда» әуежайынан Токио орталығына дейін монорельспен, поездбен немесе Limousine Bus автобусымен жетуге болады. Такси шамамен 6000-8 000 йенге түседі.

Қосылған : 16.03.2017, 11:35, Өзгертілген : 16.03.2017, 11:35