Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат

ҚР азаматының паспортын айырбастау үшін ҚР азаматы құжаттарды толық жинап, Консулдық бөлімге жеке өзі келуі қажет. Төмендегі құжаттардың бәрі екі данадан болуы тиіс:

  1. Орнатылған үлгідегі жаңа паспортқа арыз – 2 дана;
  2. Туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және көшірмесі – 2 дана.;
  3. ҚР азаматының паспорты және оның көшірмелері (паспорттың жеке мәліметтер туралы парақтары, Жапонияға тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің белгісі, консулдық тіркеу және де тұруға ықтиярхаты) – 2 дана;
  4. Неке қию туралы куәлігінің төл нұсқасы және оның көшірмесі – 2 дана. Егер неке қию Жапония аумағында болса, неке қию туралы куәлігіне қоса фамилияңызды өзгерткенді растайтын отбасы кітабынан көшірменің төл нұсқасы мен көшірмесін қоса тапсыру қажет (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен ) – 2 данадан;
  5. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және олардың көшірмелері (Егер балалар Жапонияда туылса, туу туралы куәліктерінің қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен) – 2 дана;
  6. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек.
  7. Есеп-шотқа 50 АҚШ долл. ақы төлегеніңізді растайтын түбіртегіңіздің төл нұсқасы және көшірмесі
  8. Ақшаны төмендегі есеп-шотқа аударуды сұраймыз:

Beneficiary's name: Embassy of the Republic of Kazakhstan

Beneficiary's account number: 3903002

Bank account: The Bank of Tokyo –Mitsubishi UFJ,LTD.,

Shibuya – Meijidori Branch

(Swift code: BOTKJPJT)

Қосылған : 15.03.2017, 11:20, Өзгертілген : 15.03.2017, 11:20