Қазақстан Республикасына қайтып оралу куәлігін ресімдеу

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік шет елдерде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтарына шет елдердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен немесе консулдық мекемелерімен беріледі.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу үшін Жапонияда уақытша болу мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы ҚР Жапониядағы Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіріп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Өтініш (жүктеу);

2. 3,5 х 4,5 см. көлемінде 2 фотосурет;

3. Құжаттың жоғалтылғаны/ұрлатып алынғаны туралы полицияның анықтамасы және оның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы.

4. Өтініш білдірушінің фотосуреті бар құжаттың көшірмесі;

5. 10 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым;

Кәмелет жасқа толмаған балалар үшін де жоғарыда көрсетілген құжаттарды ресімдеу қажет.

Қажет болған жағдайда Елшілік Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына өтініш білдірушіге қатысты сұрау жолдауы мүмкін. Қажеттілікке байланысты өтініш білдірушіден қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстанға бір бағытта бару үшін жарамды және 3 айдан артық емес мерзімге беріледі.

Өтініш білдіруші Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жеріне келген сәттен бастап 3 күннің ішінде куәлікті ҚР ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды.
Қосылған : 15.03.2017, 10:55, Өзгертілген : 15.03.2017, 10:55