Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Жапония Семей өңірі бойынша БҰҰ БА қарарының тең авторы және 1999 ж. қыркүйекте Токио қ. бұрынғы Семей полигоның проблемалары жөніндегі ірі халықаралық конференцияны өткізудің бастамашысы болды. 1998 ж. наурыздан бастап ҚР аумағындағы ядролық сынақтардың зардаптарын зерделеуге қатысты бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Семей, Хиросима және Нагасаки қалаларының медициналық және қоғамдық мекемелері арасында тығыз байланыстар орнатылған.

2002 ж. Алматы қ. бизнес-тренингтер, жапон тілінің курстары мен басқа да мәдени іс-шаралар өткізуге бағытталған Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы өз қызметін бастады.

2005 ж. Нагоя қ. өткен ЭКСПО шеңберінде Қазақстанның ұлттық күні өтті. Оның барысында Қазақстанның танымал әртістері, соның ішінде «Гүлдер», «Ұлытау», «Әлқисса» ансамбльдері өнер көрсетті.

2008 ж. Токио қ. «Отырар сазы», «Қазақстан Камераты», сондай-ақ опералық және орындау өнерінің шеберлері ұжымдарының қатысуымен Қазақстан мәдениеті фестивалі өтті.

2012 ж. Токио қ. сахналарында Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық ұжымы өнерлерін сәтті көрсетіп өтті. Сол жылдың тамыз айында ҚР халық әртісі Р.Рымбаева Хиросима қ. қайырымдылық концертін берді.

2014 ж. Токио қ. Семей филармониясының концерттері, 2015 ж. «Терра» Би театрының Токио қ. гастрольдері өтті.

2016 ж. қазанда «Астана балет» театры «Токио Бунка Кайкан» және «Синджюку Бунка Сента» атты Жапонияның ірі залдарында ойдағыдай өнерлерін көрсетіп шықты.

Қазақстандық режиссерлердің картиналары тұрақты түрде беделді TIFF Токио халықаралық кинофестивальіне және FILMeX Токио фестивальіне қатысып, жоғары наградаларға ие болып тұрады.

«Орталық Азия+Жапония» диалогы шеңберінде 2016 ж. қыркүйек-қазанда «Жаужүрек мың бала» және «Жаңғақ ағашы» кинокартиналары көрсетілді.

Назарбаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Токио университеті, Цукуба, Токай, Васэда және т.б. университеттер арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған.

2016 ж. қарашада ҚР Президентінің Жапонияға сапары шеңберінде Мемлекет басшысы Токай университетінің Құрметті докторы дәрежесімен және Гои бейбітшілік қорының Бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығымен марапатталды.

2016 ж. 5 қарашада 33-ші Бүкілжапондық хризантема фестивальі барысында (Осака преф.) танымал жапондық «Кокка-эн» компаниясы өсірген (Мемлекеттік гүл саябағы) «Президент Назарбаев» атты Жапония ұлттық гүлінің жаңа сұрыпының таныстырылымы өтті.

2017 ж. ақпанда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Жапонияның Білім, мәдениет, ғылым және технология министрлігі арасында Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қосылған : 17.03.2017, 10:50, Өзгертілген : 10.01.2017, 10:50