«Апостиль» мөрімен куәландыру

Қазақстан Республикасының мекемелері мен ведомстволары берген құжаттарды «АПОСТИЛЬ» мөрімен куәландыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын 1961 жылғы Гаага конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) мүше болып табылады.

Конвенцияға сәйкес, бір мемлекеттің құзырлы органдары жасаған екінші мемлекеттің территориясында қолданылатын құжаттарға арнайы «апостиль» мөрі қойылады.

Конвенцияның 5 - бабына сәйкес, апостиль құжатқа қол қоюшы ретінде міндет атқаратын тұлғаның қолының түп нұсқалығын, және тиісті жағдайларда, аталған құжат бекітілген мөр мен мөртабанның түп нұсқалығын куәландырады. Апостильге қойылған құзырлы органдардың қолы, мөрі немесе мөртабаны бұдан әрі куәландыруды немесе ресмилеуді талап етпейді, ал апостиль қойылған құжат Жапонияны қоса алғанда Гаага Конвенциясына мүше кез келген мемлекетте қолданыла алады.

Сөйтіп, Қазақстанның түрлі мемлекеттік органдары тарапынан берілген құжаттар Жапония мойындалуы үшін Қазақстан Республикасының құзырлы органдарында «АПОСТИЛЬ» мөртабанымен куәландырылуы тиіс.

Қазақстандық құжаттарға «АПОСТИЛЬ» мөртабанын қою үшін азаматтар Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Өтініш;
  • «АПОСТИЛЬ» мөртабанын басуға жіберілетін құжаттың түп нұсқасы;
  • Паспорттың немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі;
  • Консулдық алымның төленгені туралы түбіршек.

Ескерту: Төлем әр құжатқа бөлек жүргізіледі. Құжатты қарау мерзімі 4 айдан 6 айға дейін.

Қосылған : 16.03.2017, 11:25, Өзгертілген : 16.03.2017, 11:25