Виза мәселелері

Визасыз режим орнату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «18» қыркүйектегі № 693 Қаулысымен Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ватикан Қасиетті Тағы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Индонезия Республикасы, Италия Республикасы, Канада, Қатар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Корея Республикасы, Кувейт Мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Корольдігі, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Филиппиндер Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтарына визаcыз режим орнатылды.

Осыған орай, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде визасыз кіре/кете алады және транзитпен өте алады.

Көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды береді.

Қазақстанға келуге ниет білдірген шетелдік азаматтар үшін виза таңдау (ҚР СІМ ресми сайтына жолданатын боласыз)

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу ресімі енгізіледі. Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады. Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі (Жапония қосылмайды).

  • Визалық алымдар:
  • -бір мәртелік виза және оны ұзарту (туристік және транзиттік визадан бөлек) – 80$
  • -көп мәртелік виза және оны ұзарту (туристік және транзиттік визадан бөлек) – 1 жылға 200$
  • -туристік (бірмәртелі) виза – 60$
  • -туристік (көпмәртелі) виза – 90$
  • -транзиттік (бірмәртелі) виза – 20$
  • -транзиттік (көпмәртелі) виза – 90$
Қосылған : 16.03.2017, 17:00, Өзгертілген : 16.03.2017, 17:00