Экономикалық ынтымақтастық

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты тауар айналымы 1,73 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,3 млрд. АҚШ доллары, импорт - 447 млн. АҚШ доллары).

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2005 – 2018 жылдар ішінде Жапониядан Қазақстанға келген жалпы ТШИ ағыны 6,03 млрд. АҚШ долларын құрады. 2018 ж. 9 айының қорытындысы бойынша жапондық ТШИ көлемі шамамен 304,1 млн. АҚШ долларын құрады.

2019 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстанда жапондықтардың қатысуымен 74 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың ішінде 48 компания мұнай, газ, мұнай химиясы, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автокөліктердің көтерме бағада сатылуы, электр байланыс, жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау, логистика, медицина, ауылшарушылығы және т.б. салаларда қызмет етеді.

2008 ж. желтоқсаннан бері «Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ» ірі жапон банкі ҚР-да жұмыс жасайды.

Қазақстан мен Жапонияның Үкіметтік және жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясы (ҮАК) қызмет етеді.

Қосылған : 17.03.2017, 09:50, Өзгертілген : 17.03.2017, 09:55