Eкіжақты қарым-қатынастар

1991 ж. 28 желтоқсанда Жапония Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

1992 ж. 26 қаңтарда ҚР мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1996 ж. ақпаннан бастап Токио қаласында ҚР Елшілігі өзінің қызметін бастады. 2016 ж. сәуірден бастап Ерлан Баударбек-Қожатаев ҚР Жапониядағы Елшісі болып табылады.

1993 ж. қаңтарда Алматы қаласында Жапония Елшілігі ашылды (2005 ж. қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қызмет етуде). 2019 ж. ақпаннан бастап Тацухико Касаи Жапонияның ҚР-дағы Елшісі болып табылады.

***

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Жапонияға 4 мәрте сапар жасады: 1994 ж., 1999 ж., 2008 ж. және 2016 ж.

2008 ж. ҚР Президенті Императормен кездесуі барысында екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға жеке үлесін қосқаны үшін Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы – «Үлкен лентадағы Хризантема» Орденімен марапатталды. Өз кезегінде, Император Акихитоға Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» Ордені табыс етілді.

Екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге – «кеңейтілген стратегиялық әріптестікке» көтерілуі 2016 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарының басты қорытындысы болды.

2006 ж. және 2015 ж. Жапония Премьер-министрлері Д.Коидзуми мен С.Абэ Қазақстанға ресми сапармен келді.

1992 – 2018 жылдары: Жапонияға ҚР Мемлекеттік хатшысының 2 сапары (2009, 2015 ж.), Премьер-Министрінің 2 сапары (1996, 2005 ж.), Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2 сапары (2002, 2010 ж.), Сыртқы істер министрінің 4 сапары (1992, 1999, 2012, 2014 ж.), сондай-ақ Үкіметі мүшелерінің деңгейінде 12 сапар өтті.

Аталған мерзім ішінде: Қазақстанға Жапония Премьер-министрі орынбасарының 1 сапары (2014 ж.), Сыртқы істер министрінің 2 сапары (2004, 2010 ж.), Үкіметі мүшелерінің деңгейінде 5 сапар (1997, 2007, 2012, 2014, 2017 ж.) және Жапонияның негізгі мемлекеттік органдарында басшылық лауазымда қызмет ететін Парламент депуттатарының 17 сапары өтті.

Қазақстан Орталық Азия + Жапония диалогына (Сыртқы істер министрлерінің деңгейінде) қатысады, оның бірінші кездесуі 2004 жылы Астанада жапон тарапының бастамасымен өтті.

2004 жылдан бері ҚР Парламенті Сенатында Жапониямен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі топ қалыптасқан, 2005 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінде дәл осындай топ құрылған.

1994 жылдан бері Жапонияда Қазақстанмен достық Парламент лигасы қызмет етуде. Қазіргі уақытта Жапония Министрлер кабинетінің бұрынғы Бас хатшысы Т.Кавамура Лига төрағасы болып табылады.

2006 ж. қарашада (Н.Абыкаев) және 2013 ж. сәуірде (К.Мами) Сенат төрағалары, сондай-ақ 2006 және 2010 ж. қарашада Мәжіліс төрағасы (О.Мұхамеджанов) бастаған парламенттік делегацияның Жапонияға сапарлары барысында парламентаралық ынтымақтастықтың дамуы одан әрі өз жалғасын тапты.

2016 ж. 8 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапония Парламентінің қос палатасы депутаттары алдында сөз сөйлеген посткеңес кеңістігінің 1-ші лидері болды.

***

Қазақстан және Жапония жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдары бар. Жапония Қазақстанның ядролық қарусыздану және оны таратпауға бағытталған таңдауын толықтай мақұлдады, сондай-ақ тұрақты негізде өңірлік және халықаралық ұйымдар мен формудар шеңберіндегі еліміздің бастамаларын қолдайды.

Жапония дамыған елдердің ішінде 29 тамызды - «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн» деп жария еткен БҰҰ БА қарауының жалғыз тең авторы болды.

2015-2017 жж. Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСТШ) күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағалары міндеттерін орындады.

2015 ж. 27 қазанда Астана қ. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі С.Абэ ЯСТШ бойынша Бірілескен мәлімдемеге қол қойды. 2016 ж. 1 сәуірде Вашингтон қ. санына қарай 2-ші Қазақстан мен Жапонияның ЯСТШ-ның тез арада күшіне енуіне қол жеткізуі жөніндегі Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Қосылған : 17.03.2017, 09:50, Өзгертілген : 17.03.2017, 10:00