Елші «Азия болашағы» 23-ші Халықаралық конференциясына қатысты

Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев «Жол айырығында тұрған жаһандану – Азия қандай іс-әрекет жасайды» тақырыбында Никкей холдингінің бастамасымен өткен «Азия болашағы» 23-ші Халықаралық конференциясына қатысты. Аталған конференция Азия Тынық мұхиты өңірінің саясаты, сондай-ақ экономика әлеміндегі лидерлердің өңірлік дамудың өзекті мәселелері туралы сөз қозғайтын орыны болып табылады. Жапония Үкіметі атынан Премьер-министр Синдзо Абэ сөз сөйледі.

(Елшінің Никкей холдингінің Басқарушы директоры Нобуюки Танакемен түскен суреті)

Қосылған : 6.06.2017, 11:20, Өзгертілген : 6.06.2017, 11:20