Астанада Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары «сағаттарын сәйкестендірді»

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті. Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келді.

«Қазақстан үшін Қырғызстан – стратегиялық әріптес және одақтас. Бүгін елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық дамуының қарқынды үдерісі байқалуда», – деді Қ. Әбдірахманов сұхбат басында.

Кездесу барысында министрлер қазақстан-қырғыз күн тәртібінің өзекті мәселелерін конструктивті және сенімді сипатта қарастырды.

Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушылар шекаралас ынтымақтастығын кеңейту және екі ел азаматтарының қатынасуы мен өзара сапарлар үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен 14 сәуірде Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияның ортақ мүдделерін жылжыту бойынша соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2017 жж. мүшелігі мәнмәтінде үйлестіруді жалғастырудың мәнділігін атап шықты.

Қосылған : 22.04.2017, 10:25, Өзгертілген : 22.04.2017, 09:25