Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері

I. Баланың туылуын мемлекеттік тіркеу

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінде баланың туылуын тіркеу екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырылу қажет.

Баланың туылуын тіркеу және ҚР туу туралы куәлігін алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (жүктеу);

2. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

3. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасымен тексеру үшін);

4. Туу туралы медициналық куәлік немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі (қазақша немесе орысша аудармасымен);

5. 25 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым;

Баланың тууын тіркеу мерзімі 2 айдан асқан жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

- ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;

- тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;

- баланың денсаулығы туралы анықтама.

Туу туралы куәлік құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде беріледі.

II. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің өтініш берген күнінен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет өтініш білдірушілердің жеке өтініші негізінде көрсетіледі. Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш (жүктеу);

2. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың некеге құқық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар беретін анықтамалар;

4. 35 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым.

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын қосымша құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады.

III. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Некені бұзу ерлі-зайыптылардың бірлескен келісімі бойынша, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын негізінде тіркеледі. Кәмелетке толмаған балалары болған кезде сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. өтініш (жүктеу);

2. арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

4. 45 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым.

Сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1. өтініш;

2. арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. некені бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

4. 45 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым.

Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. өтініш;

2. арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. сот үкімі жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

4. неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

5. 45 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым.

IV. Әке болуды анықтау

Әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркеуі және тиісті куәліктің берілуі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 «Неке қию және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 26 тарауымен реттеледі.

Әке болуды анықтау Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1. Әке болуды анықтау жөніндегі баланың әке-шешесінің ұжымдық арызы

баланың туу туралы кәулігі (түпнұсқа және көшірме);

әке-шешесінің жеке басын анықтау құжаттары (түпнұсқа және көшірме);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (25$);

Егер әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркелуі туудың мемлекеттік тіркелумен бір уақытта жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігін қосудың қажеті жоқ.

2. шешесінің қайтыс болуы, шешесінің өлгені жөніндегі мәлім болған жағдайындағы бала әкесінің арызы; психикалық ауру немесе ақылының кемділігі нәтижесіндегі шешесін қабілетсіз ретінде танылуы; шешесің ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру; бала шешесінің тұру мекен-жайын анықтаудың мүмкін еместігі;

3. әке болуды анықтау жөніндегі сот шешімі, әке болуды тану фактісін анықтау және әке болу фактісі;

4. психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша әке болуды анықтауға тыйым салынады.

Соттың шешімі негізінде әке болуды анықтау

Соттың шешемі негізінде әке болуды анықтау, әке туралы мәліметтер келесі құжаттардың негізінде соттың шешімі негізінде көрсетіледі:

Еркін түрде жазылған арыз;

Арызданушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

Әке болуды анықтау туралы құзыретті органмен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;

Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

Арызданушының мүддесін қорғайтын жеке тұлғаның атына берілген нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқа);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Балаға ата-тегі соттың шешімі негізінде беріледі, ал осындай жазудың болмау жағдайында арызданушының нұсқауы негізінде беріледі. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ата-тегі соттың шешімі негізінде жазылады.

V. Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Адамның атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды ҚР-дың шет елдегі мекемесі он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді. Өтініште келесі мәлімет көрсетілуі қажет:

-өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты;

-таңдаған аты-жөні, әкесінің аты;

-аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстырудың себебі.

Өтінішке қоса беріледі:

-өтініш берушінің туу туралы куәлігі;

-өтініш берушінің неке қию туралы куәлігі, егер ол некеде тұрса;

-егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік;

-егер көрсетілетін қызметті алушы некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу туралы куәлік;

-екі фотосурет.

Қажетті жағдайда өтініш берушінің аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстыруы өтінішіне байланысты себептерді дәлелдейтін құжаттар сұратылады.

VI. Қайтыс болуды мемлекеттік тікеу

ҚР шет елдердегі мекемелерінде ҚР азаматының қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (жүктеу);

2. Медициналық ұйыммен берілген белгіленген нысандағы қайтыс болу туралы құжат;

3. Қайтыс болған тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған тұлғаның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);

4. Сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;

5. Қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болған жағдайда);

6. Қажет болған жағдайда қайтыс болған адамның өтініш білдірген адаммен жақын туыстығын растайтын құжат.

Қайтыс болу туралы куәлік құжаттарды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде беріледі.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды.
Қосылған : 10.10.2019, 10:00, Өзгертілген : 10.10.2019, 10:00