Нотариат

Өтініш білдірушінің құжатқа қойған қолын куәландыру (Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа)

Өтініш білдірушінің құжатқа қойған қолын куәландыру үшін келесіні орындау қажет:

1. Өтініш білдіруші ҚР Жапониядағы Елшілігінің консулдық бөліміне тікелей қатынасуы керек;

2. Нотариалдық әрекетті орындау туралы өтініш (жүктеу);

3. Өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (паспорт немесе жеке куәлік);

4. Куәландыруған жататын құжаттың электрондық нұсқасы (Word форматында);

5. 30 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым.

Құжаттың көшірмесін нотариалды куәландыру;

Құжаттың көшірмесін нотариалды куәландыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Нотариалдық әрекетті орындау туралы өтініш (жүктеу);

2. Құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі;

3. Өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт немесе жеке куәлік);

4. 30 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берген құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру (Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Қайтыс болу туралы куәлік, паспорт, жүргізу куәлігі және т.б.).

Құжаттың бір тілден екінші тіоге аудармасының дұрыстығын куәландыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Нотариалдық әрекетті орындау туралы өтініш (жүктеу);

2. Өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт немесе жеке куәлік);

3. Аударуға жататын құжаттың түпнұсқасы және оның электрондық нұсқадағы аудармасы (Word форматында) (жүргізу куәліктерінен басқа);

4. 40 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым;

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды.

Қосылған : 10.10.2017, 10:00, Өзгертілген : 10.10.2017, 10:00