Елші











РАУШАН КӘКІМСЕЙІТҚЫЗЫ ЕСБОЛАТОВА
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі

1988 жылы Ұлттық экономика институтын (Қазақстан, Алматы) және 1995 жылы Менеджмент және туризм институтын (Аустрия, Симмеринг) бітірген.

1998 жылдан бері дипломатиялық қызметте. ҚР СІМ орталық аппаратында, ҚР Бельгиядағы Елшілігінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

2001-2005 – Екінші, Бірінші хатшы, Қазақстан Республикасының Нью Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі;

2005-2006 – Кеңесші, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі;

2006-2009 – Кеңесші, Қазақстан Республикасының Нью Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі;

2009-2017 – Қазақстан Республикасының Нью Йорк қаласындағы Бас консулы.

2017 жылы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Бір ұлы бар.



Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.10.2017, 14:30