Әке болуды анықтау

Әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркеуі және тиісті куәліктің берілуі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 «Неке қию және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 26 тарауымен реттеледі.

Әке болуды анықтау Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) Әке болуды анықтау жөніндегі баланың әке-шешесінің ұжымдық арызы (қосымша 2)

баланың туу туралы кәулігі (түпнұсқа және көшірме);

әке-шешесінің жеке басын анықтау құжаттары (түпнұсқа және көшірме);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

Егер әке болуды анықтаудың мемлекеттік тіркелуі туудың мемлекеттік тіркелумен бір уақытта жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігін қосудың қажеті жоқ.

2) шешесінің қайтыс болуы, шешесінің өлгені жөніндегі мәлім болған жағдайындағы бала әкесінің арызы; психикалық ауру немесе ақылының кемділігі нәтижесіндегі шешесін қабілетсіз ретінде танылуы; шешесің ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру; бала шешесінің тұру мекен-жайын анықтаудың мүмкін еместігі;

3) әке болуды анықтау жөніндегі сот шешімі, әке болуды тану фактісін анықтау және әке болу фактісі;

4) психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша әке болуды анықтауға тыйым салынады.

Соттың шешімі негізінде әке болуды анықтау

Соттың шешемі негізінде әке болуды анықтау, әке туралы мәліметтер келесі құжаттардың негізінде соттың шешімі негізінде көрсетіледі:

Еркін түрде жазылған арыз;

Арызданушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

Әке болуды анықтау туралы құзыретті органмен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;

Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

Арызданушының мүддесін қорғайтын жеке тұлғаның атына берілген нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқа);

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Балаға ата-тегі соттың шешімі негізінде беріледі, ал осындай жазудың болмау жағдайында арызданушының нұсқауы негізінде беріледі. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ата-тегі соттың шешімі негізінде жазылады.

Қосылған : 9.03.2017, 10:50, Өзгертілген : 31.03.2017, 06:30