​Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2019 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 44,47 млн долларды құрады (импорт – 44,38 млн доллар, экспорт – 96,7 мың доллар). 2018 жылы сауда көлемі – 104,3 млн долларды құрады.

Сауда балансының жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі жеткізілімнің тұрақсыздығы, қазақстандық тауарлардың шектеулі түрі және оларда қосылған құны аз өнімдердің болуы болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, Таиландтың Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 2,2 млн долларды құрайды, Қазақстан Таиланд экономикасына 8,4 млн доллар инвестиция салды.

Экспортқа металл кендері, музыкалық аспаптар, химиялық және минералды өнімдер жатады. Импортты – автомобильдер, авто бөлшектер, принтерлер, телефондар, техника, полиэтилен, дайын өнімдер құрайды. 

ҚР мен ТК Үкіметтері арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия жұмыс істейді (ҮАК). ҮАК-тің қазақстандық бөлігінің тең төрағасы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Таиландтық тарапының – ТК Сыртқы істер министрі Д.Прамудвинай. Комиссияның Бірінші отырысы 2002 жылы 21-22 қазанда Астанада, Екіншісі – 2012 жылғы 21-22 маусымда Бангкокта, Үшіншісі – 2017 жылғы 21-22 маусымда Астанада өтті.

2017 жылғы 27 маусымда Алматыда және 2019 жылғы 14 мамырда қазақстандық-тай бизнес-форумдары өткізілді.

2018 жылдың 27 маусымында Бангкокта PTT Public Company Limited және Қазақстанның «КазСтройСервис» арасында 5-ші магистральдық газ құбырын (екінші фаза, ұзындығы 200 км) салуға келісімшартқа қол қойылды. Бұл қазақстандық компанияның Таиландта жүзеге асыратын алғашқы ірі инфрақұрылымдық жобасы.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 2.03.2017, 06:30