ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 шілдеде орнатылды.

Қазақстан Республикасының Бангкоктағы дипломатиялық миссиясы 1997 жылы ашылды (2012 жылы Елшілік болып қайта құрылды). 2017 жылдан бастап Қазақстанның Таиландтағы Елшісі – Р.Есбулатова.

Қазақстандағы Таиланд Корольдігінің Елшілігі 2012 жылы ашылды. 2019 ж. қаңтар айынан бастап Таиландтың Қазақстандағы Елшісі – Расс Джаличандра.

Ең жоғарғы деңгейдегі сапарлар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1993 жылғы шілде айында Таиланд Корольдігінде ресми сапармен болды.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар 

Таиландтың Ханшайымы Маха Чакри Сириндхорн Қазақстанға ресми сапармен (2005 ж. 17-20 сәуір) және екі рет жеке сапармен (2015 ж. 6 сәуір және 2016 ж. 10 сәуір) келді. 

Таиландтың Премьер-министрі Т.Чинават 2006 ж. маусымда АӨСШК 2-ші Саммиті шеңберінде Қазақстанда ресми сапармен болды. 

Таиланд Премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Қазақстанға С.Сатиратай (2005 ж. мамыр), Т.Патимапракорн және П.Джунтонг (2017 ж. тамыз, ЭКСПО-2017 Көрмесіндегі Таиландтың мәдени күндері шеңберінде) келді (EXPO 2017-де Таиланд мәдени күнінің аясында).

Министрліктер деңгейіндегі байланыстар

2004 ж. қазан айында ТК Сыртқы істер министрі С.Сатиратайдың Қазақстанға сапары болды. ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев БҰҰ АзТМЭӘК-тің 61-сессиясына қатысу үшін 2005 жылғы мамырда Таиландқа жұмыс сапарымен барды. Таиландтың Сыртқы істер министрі К.Пиромия 2010 жылы шілдеде Қазақстанда өткен ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жұмысына қатысты. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Тілеуберді Бангкокта өткен БҰҰ АзТМЭӘК-тің 74-ші (2018 жылғы 11-16 мамыр) және 75-ші (2019 жылғы 27-28 мамыр) сессияларына қатысты.

Парламентаралық ынтымақтастық

2016 жылғы 2-4 қараша мен 2018 жылғы 3-5 мамырда (Парламентшілердің тұрғын халық және даму жөніндегі Азия форумы Атқару комитетінің жұмысына қатысу) ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.Исимбаеваның Таиландқа сапарлары болды.

2017 жылғы 20-23 наурызда Парламентшілердің тұрғын халық және даму жөніндегі Азия форумының аймақтық конференциясының жұмысына қатысу мақсатында ҚР парламенттік делегациясының депутаттар құрамынан тұратын А.Жайылғанова мен Ш.Өтемісовтің Таиландта сапармен болды. 

2019 жылғы 13-15 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.Құртаев Бангкокта өткен Азия Парламенттік Ассамблеясының Әлеуметтік және мәдени істер жөніндегі тұрақты комитетінің отырысына қатысты. 

Көп-жақты ынтымақтастық

Қазақстан мен Таиланд 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу үшін бәсекелес болды. 

2015 ж. 21-23 мамырда Азиядағы бейбітшілік пен келісім жөніндегі Азия Кеңесінің бас хатшысы К.Чутикул Қазақстанға сапармен болып, ҚР Премьер-министрімен кездесіп, АЭФ-қа қатысты.

2016 жылғы 8-10 қазанда ҚР делегациясы Азиядағы ынтымақтастық диалогының мемлекет және үкімет басшыларының саммитіне қатысты.

Таиланд БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында Қазақстанның терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін тәртіп ережелерін қабылдау жөніндегі бастамаларын және БҰҰ-ның «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларация» туралы қарарын қолдады.

ТК Премьер-министрінің Арнайы өкілі бастаған Таиланд делегациясы Душанбеде (2019 жылғы 15 маусым) өткен АӨСШК саммитіне қатысты.

Туризм

Таиландқа жыл сайын келетін қазақстандық туристердің саны 70 мыңға жуық. «Эйр Астана» Нұр-Сұлтан – Бангкок пен Алматы – Бангкок тікелей рейстерін жасайды. 2016 жылы Елшіліктің қолдауымен «Эйр Астана» Thai Airways және Bangkok Airways тай авиакомпанияларымен кодты бөлісу туралы келісімдерге қол қойды.

2016 жылы қонақ үй бизнестегі тай ірі «Minor Group» атты компаниясы Қазақстанда қонақ үйлер желісін ашу бойынша «Алмалы» холдингімен серіктестік орнатты.

2016 жылдың 4-5 тамызда Таиландтың Туризм және спорт министрі К.Ваттанаврангкул Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

2017 жылғы 16 шілдеде Таиландтың Туризм және спорт министрі К.Ваттанаврангкулдың Қазақстанға (ЭКСПО-2017 шеңберінде) кезекті сапары болды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 12.12.2017, 11:35