Грузияға кіру ережелері

Қазақстан Республикасы азаматтарының Грузияға кіру ережелері

Қазақстан азаматының Грузияға кіруі үшін: -ересектерге - ұлттық паспорт; - 16 жасқа дейінгі балаларға - ұлттық паспорт немесе туу туралы куәлік (егер бала ата-анасының біреуінің паспортына тіркелген болса) болуы тиіс. Баланы Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару үшін ата-анасының (немесе біреуінен) ағылшын немесе орыс тілдеріне аударылған және нотариалды куәландырылған ата-анасының рұқсаты болуы тиіс. Қазақстан азаматтарына Грузияға кіру үшін виза керек емес. Қазақстан азаматтары Грузия территориясында 365 күн болуына рұқсаст беріледі.
Қосылған : 18.03.2017, 16:40, Өзгертілген : 18.03.2017, 22:40