Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан-грузин қатынастары

1992 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы Грузияның ҚР-дағы елшілігі Алматыда ашылып, 2003 жылы Астанаға ауыстырылды.

1996 жылғы қыркүйекте ҚР Әзербайжандағы елшілігі және Грузияда қоса міндетін атқарушы елшілігі ашылды.

2003 жылы Қазақстанның Тбилисидегі Дипломатиялық өкілдігі ашылып, 2008 жылы қаңтарда Қазақстанның Грузиядағы елшілігі болып құрылды.

2018 жылғы маусымда ҚР Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Бауыржан Мұхаметжанов тағайындалды.

2017 жылғы наурызда Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Зураб Абашидзе тағайындалды.

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасы мен Грузия өзара қатынастарын әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттары негізінде дамытып келеді.

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 60-тан астам құжатқа қол қойылған. Негізгі құжат 1993 жылғы 1 маусымда қол қойылған Қазақстан мен Грузия арасындағы қатынастардың негіздері туралы Шарт болып табылады.

Қатынастарды жүзеге асыруға екі мемлекет арасындағы визасыз тәртіп ықпал етуде.

Екіжақты қатынастар тарихында жоғары деңгейдегі сапарлар айрықша маңызға ие.

2005 жылғы қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Грузияға ресми сапары болып өтті.

Екіжақты ынтымақтастық жылдары тараптар түрлі деңгейлердегі ресми және жұмыс сапарларымен алмасты.

Соңғы жылдары да жоғары деңгейдегі байланыстар үзілген емес. 2014 жылғы қарашада Грузияның Премьер-Министрі И.Гарибашвилидің Қазақстанға ресми сапары өткізілді.

2016 жылғы қаңтарда Давос халықаралық экономикалық форум шеңберінде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов пен Грузия Премьер-Министрі Г.Квирикашвилидің кездесуі өткізіліп, оның нәтижесі бойынша екіжақты қатынастарды жандандыру үшін жұмыс тобы құрылды.

Аталмыш уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін 2016 жылғы ақпанда Грузияға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Сағынтаев бастаған делегация келді.

2017 жылғы 13 маусымда Грузия Президенті Г.Маргвелашвили ҚР-ға ресми сапармен болып, Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Грузияның Ұлттық күніне қатысты.

2018 жылғы мамырда Грузияның Вице-Премьер-Минстрі, Сыртқы істер министрі М.Джанелидзенің Қазақстанға ресми сапары болды.

2017 жылғы қазанда Тбилисиде Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияың 9-шы отырысы өткізілді.

2018 жылғы 6-7 желтоқсанда Астанада екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізілді. Оның барысында тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін және оларды дамыту келешегін талқылады. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға арналған ҚР СІМ және Грузия СІМ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес, 2018 жылғы қарашада екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын инвентаризациялау болып өтті.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 4.01.2019, 10:00