Грузияда Қазақстанның Тәуелсіздігі күні атап өтілді

Тбилисиде Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне арналған ресми қабылдау болып өтті. Салтанатты шараға дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, Грузия парламентінің депутаттары мен ресми тұлғалары, академиялық және ғылыми орта өкілдері, іскерлер, сондай-ақ Грузияда жұмыс жасайтын қазақстандық компаниялардың қызметкерлері қатысты. 

Өз сөзінде Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов ізгі көршілестік, мүдделерді өзара сыйлау және ынтымақтастық, халықаралық құқық нормаларын сақтау, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу қағидаттарына негізделген Қазақстанның сыртқы саяси бағытының өзгермейтінін мәлімдеді. Елші Қазақстанның интеграция идеяларын белсенді жүргізуші және мемлекеттеріміздің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды халықаралық жобаларды қатысушысы болғанын және болып қала беретінін атап көрсетті.   

Орайлы сәтті пайдаланып, достас Қазақстан халқын және Қазақстан Республикасының Үкіметін шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер, - деп қайырылды шараның басты қонағы, Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили. Біз қысқа мерзімде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Қазақстанның шын мәнінде таң қаларлық өркендеуге қол жеткізгеніне аса қуаныштымыз. Елбасының ел егемендігін қайта қалыптастыру, мемлекеттігін нығайту және Қазақстанның әлемнің жетекші елдері қатарына кіруіне қосқан үлесі теңдессіз, сондықтан да ел астанасына Тұңғыш президент және қаланың негізін қалаушы есімі берілуінің символдық мәні бар,  – деп атап айтты грузин дипломаты.

Қосылған : 6.12.2019, 15:00, Өзгертілген : 6.12.2019, 15:00