Тұрақты тұрғылыкты тұру мәселелері

Уақытша сапарға шығып, Болгария аумағында тұрақты тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға (бұдан әрі - ТТТ) ниет білдіргендер Қазақстанның құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне тапсырулары қажет.

Болгарияда ТТТ-ға құжаттарды тапсыру үшін ҚР-дің Болгариядағы Елшілігіне келесі құжаттар тізімін көшірмемен үш данада тапсыру қажет:

1. Консулдың атына Болгария аумағында тұрақты тұрғылықты тұру туралы еркін нысанда өтініш - 3 данада;

2. шетелдік паспорттың түпнұсқасы және өзекті ақпараттары бар беттерінің көшірмесі - 3 данада;

3. ҚР азаматының жеке куәлігінің түпнұсқасы ЖСН-мен бірге немесе осы құжат тиісті органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 3 данада;

Егер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі жоғалып немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, өтініш білдіруші жазбаша түрде түсініктеме беру қажет.

4. әскери есептен шығарылғандығы туралы анықтама - 3 данада;

5. толтырылған сауалнама көшірмесімен бірге (сауалнаманы толтыру барысында жақын туыстарыңыздың деректерін толық көрсету қажет (шешесі, әкесі, аға-інісі, әпке-сіңілісі, жұбайы, сондай-ақ неке айырылысқан болса да), олардың ҚР, сонымен қатар шетелдегі мекенжайлары, Қазақстаннан шыққан күні) - 3 данада;

6. Егер заң бойынша Сіздің асырауыңызда отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жетілмеген кезде Сізге алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не Сіздің кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.

жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жылбойы зайыбы, оның ішінде бұрынғы зайыбы;

Ескертпе; Кодекске сәйкес алимент алушы отбасыларына:

Кәмелетке толмаған балалар;

ата-ана;

еңбекке жарамсыз мұқтаж жандар;

жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жылбойы зайыбы, оның ішінде бұрынғы зайыбы;

ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы);

неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болыпқалған көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайы (зайыбы);

көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған аға-інілер мен апа-сіңлілер,қарындастар;

көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелер;

көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-әжелер;

кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және асыраған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар;

өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген жәнеасыраған, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шеше жатады;

7. он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмiнің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет. Келiсiм болмаған кезде,кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

8.ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысының түпнұсқасы және көшірмесі - 3 данада;

9.Егер де Сіз ажырасып ортақ балаларыныз болған жағдайда, Сізге сот үкімінің шешімін немесе некені бұзу туралы куәлігінің түпнұсқасын және көшірмесін, сонымен бірге бұрыңғы жұбайынан Болгария аумағында жазбаша рұқсат қағазының түпнұсқасын және көшірмесін алу қажет - 3 данада;

10. Сіздің туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы және көшірмесі - 3 данада;

11. Сіздің неке туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы және көшірмесі;

12. фото Зх4 — 4 данада;

13. 120 евро төлем жасалғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы:

БАНКОВА СМЕТКАна Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".

Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
Банков код (BIC): UNCRBGSF
Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

ҚР-дің Болгариядағы Елшілігінің есеп шотына қателесіп аударған жағдайда немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себебтермен қабылданбаса,консулдық алым кері қайтарылмайды. Бірақ Сіз бір жылдан кейін қосымша төлем жасамай өтінішті қайтадан тапсыруыңызға болады.

Сіздің өтінішіңізді қарастыру мерзімі 1 жыл және оданда көп уақытты құрайды.

Сіздің өтінішіңіз бойынша оңды шешім қабылданғаннан кейін, Сіз Болгарияда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде келесіге құқыңыз бар:

1. ҚР-дің Болгариядағы Консулдық мекемесіне паспортты консулдық тіркеуге коюға.

Бұл Сізге:

жаңа паспорт алуға (мысалы, тегін ауыстыру барысында, паспорттың барлық беттері қолданылған жағдайда, паспорттың мерзімі аяқталғанда немесе Сіздің балаларыңызға) мүмкіндік береді;

2. ҚР азаматтығынан шығу үшін консулдық бөлімге өтініш білдіруге.

Назар аударыңыз! Қажет болған жағдайда ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі Сізден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Қосылған : 23.04.2017, 01:40, Өзгертілген : 23.04.2017, 01:40