Азаматтық мәселелер

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы

АҚПАРАТ

(құжаттарды тапсыру барысында жеке өзі келуі қажет)

Қазақстан Республикасының, қос азаматтықты қарастырмайтын, ҚР азаматтығы туралы Заңына сәйкес, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

ҚР азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресімдеу үшін шетелде тұрақты тұратын тұлға жеке өзі ҚР-дің Болгариядағы Елшілігіне келуі қажет және келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада тапсыруы керек:

1.консулдық тіркеуі туралы белгісімен бірге паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы. Егер паспорт ауыстырылған болса, ауыстыру барысында ол консулдық бөлімге тапсырылмаса, онда Қазақстаннан шыққан кездегі паспортты да тапсыру керек – 2 дана;

2.Қазақстан Республикасы Президентінің атына ҚР азаматтығынан шығару туралы (қолдаухат берудің себебін түсіндіре отырып) өтініш;

3.толтырылған сауалнама-өтініш - 2 дана;

4.өмірбаян - 2 дана;

5.туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана;

6.неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер бұл құжатты болгралық құзыретті мекемелер берген болса, «Apostille» мөрі, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасы болуы міндетті - 2 дана;

7.балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары және көшірмелері. Егер бұл құжаттарды болгарлық құзыретті мекемелер берген болса, «Apostille» мөрі, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармалары болуы міндетті - 2 дана;

8. болгар азаматтығын беретін кепілдіктің түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармалары бар көшірмесі - 2 дана;

9.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10.өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе оның қамқорлығында біреу (ата-аналары) болған жағдайда, ол адамдардан материалдық және басқа да талаптары жоқ екендігі туралы нотариат куәландырған өтініш тапсыру қажет.

11.жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), (өзіңіздің ЖСН туралы мәліметті Сіз http://egov.kz/wps/portal/P40.05 мекенжайы бойынша орналасқан ҚР үкіметтік

электрондық порталы арқылы ала аласыз).

12.фотосурет 3,5х4,5 – 4 дана;

13.Есепшотқа 130,- ЕВРО аударғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы мен көшірмесі:

БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".
Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
Банков код (BIC): UNCRBGSF
Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

ҚР Елішілігінің есеп шотына қателесіп аударған жағдайда немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).

Сауалнама мен өмірбаянның барлық даналарына өтініш білдіруші, өтініш білдірген күнді көрсете отырып, өзі қол қою керек.

14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) жазбаша өтініштеріне өздерінің жазбаша келісімдерін тапсырады (18 жасқа дейінгі балалар ҚР азаматтығынан ата-аналарымен бірге тегін шығады). Егер азаматтықтан шығу туралы баламен бірге ата-аналарының біреуі өтініш білдірсе, екінші ата-анасының қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен нотариат куәландырған келісімі қажет – 2дана. Егер ата-аналар азаматтықтан шығу туралы өтінішті балаларынсыз берсе, онда балалардың туу туралы куәліктерін тапсырудың қажеті жоқ.

Консулдық бөлім өтініш білдірушіден тізімдемеде көрсетілмеген құжатты талап етуге құқылы.

Егер өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда консулдық алым кері қайтарылмайды.

Өтінішті қарастыру мерзімі 1 жыл және одан да ұзағырақ


Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жөніндегі АҚПАРАТ

Қазақстан азаматтығынан айырылғандығы туралы анықтаманы ресімдеу үшін Сіз жеке өзіңіз немесе сенімді өкіліңіз арқылы (нотариат куәландырған, сенімхатпен) ҚР -дің Болгариядағы Елішілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада тапсыру керек:

1.Консулдың атына жазылған жеке өтініш - 2 дана;

2.Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, егер ол болмаған жағдайда, Қазақстан азаматы деген мөртаңба қойылған КССР үлгісіндегі паспорт;

3.орнатылған үлгідегі толтырылған сауалнама - 2 дана.

4.болгар паспортының немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасы - 2 дана;

5.қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасымен бірге Болгар азаматтығын алғандығыңызды дәлелдейтін құжат - 2 дана;

Азаматтықтан айыру жөнінде ата-аналар балаларымен бірге өтініш білдірген жағдайда, қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасымен бірге балалардың паспорттарының түпнұсқасын тапсыру керек -2 дана. Кәмілетке толмаған балалардың қатысуы міндетті емес.

Назар аударыңыз:

Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру тек паспортта ҚР ІІМ-нің Болгарияға тұрақты тұруға шығуға рұқсаты туралы мөрі немесе консулдық тіркеуі болған жағдай да ғана ресімделеді!

Қосылған : 23.04.2017, 15:50, Өзгертілген : 23.04.2017, 15:50