​Балалардың деректерін паспортқа енгізу туралы ақпарат

2013 жылғы 29 қаңтардағы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының паспорттарына он алты жасқа дейінгі балалар туралы жазба, тек ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда ғана, фотосуреттері жапсырылып енгізіледі

Болгария аумағында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, егер бала туылған жағдайда, балаға жеке паспорт ресімдеу үшін құжаттар тапсыру қажет.

Егер Болгария аумағында уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының баласы туылған жағдайда, ерекшелік ретінде Қазақстанға бірге қайту үшін баланың деректері паспортқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына баланың деректерін енгізу үшін жақын жердегі ҚР Елшілігіне өзіңіз келуіңіз керек және келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

1.белгіленген үлгідегі өтініш;

2.паспорттың түпнұсқасы және көшірмесі;

3.неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Аталған құжатты болгарлық құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы, 1 дана көшірмесімен бірге болуы міндетті;

4.баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі. Аталған құжатты болгарлық құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы, 1 дана көшірмесімен бірге болуы міндетті;

5.Қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасымен бірге бала ҚР азаматы деп танылатын және болгар азаматтығын алуға өтініш бермегендігіз туралы болгар биліктерінің анықтамасының түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана. Аталған анықтама берілген уақыттан бастап 30 күнтізбе аралығында ҚР Елішілігіне тапсырылуы қажет;

6.баланың фотосуреті 3,5х4,5 көлемінде – 2 дана;

7.баланың деректерін ата-анасының біреуінің паспортына енгізуге қарсылығы жоқ екендігі жөніндегі екінші ата-анасының нотариуспен куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударылған келісімі.

Ескерту: консулдық бөлімге ата-анасының екеуі де жүгінген жағдайда, жұбайының-зайыбының келісімін нотариуспен растаудың қажеті жоқ.

8. 15 € төлем жасалғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы:

БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".
Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
Банков код (BIC): UNCRBGSF
Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

Төлем барысында ҚР Елішілігінің есеп шотына артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).

ҚР Елішілігі Консулдық бөлімнің қабылдау уақыты: ҚР мен Болгарияның мереке және сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндерден басқа уақытта сағат 9.30 ден 12.30 ге дейін. Дайын құжаттардың берілуі сағат 16.00-17.00 уақыты арасында.

Қажет болған жағдайда ҚР консулдық мекемесі Сізден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Қосылған : 23.04.2017, 16:55, Өзгертілген : 23.04.2017, 16:55