ҚР-ға кері қайту куәлігін алу жөніндегі ақпарат

ҚР кері қайту куәлігін алу жөніндегі

А Қ П А Р А Т

(құжаттарды жоғалтқан жағдайда)

Болгария аумағына уақытша сапарға шығып, ҚР паспортын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР кері қайту куәлігін алу үшін ҚР-дің Болгариядағы Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіруі қажет:

Өтініш білдіру үшін жеке өзі келіп, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1.консулдың атына құжаттың жоғалу себебін көрсете отырып, ҚР қайту куәлігін беру туралы еркін үлгідегі өтініш -1 дана;

2.белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама - 1дана;

3.Қазақстан Республикасы азаматы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі (егер бар болса, жеке куәліктің түпнұсқасы);

4.паспорттың ұрланғандығы/жоғалғандығы туралы Сіздің жүгінгендігіңіз жөнінде полиция учаскесі анықтамасының түпнұсқасы және көшірмесі;

5.билеттің көшірмесі (Қазақстан-Болгария);

6.фотосурет 3х4 – 2 дана.

7.төлем жасалғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы 10.

    БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".
    Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
    Банков код (BIC): UNCRBGSF
    Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

Консулдық бөлімнің қабылдау уақыты: ҚР мен Болгария мереке және сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндерден басқа уақытта сағат 9.30 ден 12.30 ге дейін. Дайын құжаттардың берілуі сағат 16.00-17.00 уақыты арасында.

Назар аударыңыз! Қажет болған жағдайда ҚР консулдық мекемесі Сізден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Қосылған : 23.04.2017, 16:40, Өзгертілген : 23.04.2017, 16:40