Нотариаттық мәселелер

ҚР-дің Болгариядағы Елшілігінің жүргізетін нотариаттық iс-әрекеттер туралы

ақпарат

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» заңының 36 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады (консулдық алым 45 Еуро);
  2. мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бередi(консулдық алым 45 Еуро);
  3. ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi (консулдық алым 45Еуро);
  4. құжаттардың көшiрмелерiмен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады(консулдық алым 25Еуро);
  5. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады (консулдық алым 25 Еуро);
  6. құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады: а) аударманың дұрыстығын бір мезгілде нотариаттық куәландыру, әр парақ үшін 35 Еуро; б) консулдық лауазымды тұлғаның қатысуынсыз жасалған аударманың дұрыстығын куәландыру, әр парақ үшін 35 Еуро);
  7. азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады (консулдық алым 20 Еуро);
  8. азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады (консулдық алым 20 Еуро);
  9. құжаттар берiлген уақытты куәландырады (консулдық алым 20 Еуро);
  10. жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi (консулдық алым 25Еуро);
  11. ақшаны депозитке қабылдайды (консулдық алым жалпы соманың 0,2% құрайды);
  12. сақтауға құжаттар қабылдайды (консулдық алым 45 Еуро);
  13. сақтауға бағалы қағаздар қабылдайды (консулдық алым жалпы соманың 0,2% құрайды);
  14. теңiз наразылықтарын жасайды (консулдық алым 55 Еуро);
  15. дәлелдемелердi қамтамасыз етедi (консулдық алым 25 Еуро);
  16. Заңды мәні бар басқа да анықтамаларды жасайды (консулдық алым 45 Еуро).

Жоғарыда аталған нотариаттық әрекеттер бойынша Сіздерге консулдың атына еркін үлгідегі өтініш, сонымен қатар төлем жасалғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы:

БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".
Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
Банков код (BIC): UNCRBGSF
Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

ҚР-дің Болгариядағы Елшілігінің есеп шотына қателесіп аударған немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).

Қосылған : 16.04.2017, 22:10, Өзгертілген : 16.04.2017, 22:00