Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанда 4,5 мыңға жуық этникалық болгарлар тұрады (2009 жылғы халық санағына сәйкес). Ең ірі диаспоралар Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында (1500 ден 2500 дейін) тұрады. Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Талдықорған қалаларында этномәдени орталықтары жұмыс істейді. Бейресми ақпарат бойынша шамамен 30-40 мың адамның болгар тегі бар (аралас неке).

Болгарлардың ұлттық тілін, мәдениеті мен халықтық дәстүрлерін жаңғырту мақсатында 1995 жылы Қазақстанда мәдени іс-шараларға белсенді қатысатын Болгар этномәдение орталығы құрылды.

Білім беру саласындағы келісімдердің негізінде екі елдің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастығы жүзеге асырылуда. Қазақстандық студенттер София, Варна, Пловдив, Бургас және Благоевград қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алуда.

2015 ж. 18 наурызда София университетінің Шығыс тілдері мен мәдениетін зерделеу орталығында Қазақ тілі және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығы ашылды. Дипломатиялық комиссияның басшысы және София университетінің ректоры И.Ильчев ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясы мен Сен-Климент Охридский атындағы София университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

2018 ж. 15 наурызда Дипломатиялық миссияның белсенді қолдауымен Софияның Маслихаты Кеңесінің №167 шешіміне байланысты София қаласының Триадица аймағындағы көшелердің біріне «Астана» атауы берілді. 2018 ж. 28 желтоқсанда «Астана» көшесі салтанатты түрде ашылды. «Hilton Hotel Sofia» қонақүйінде тиісті қабылдау өткізілді.

2018 ж. 3-4 сәуірде Дипмиссия София мен Пловдив қалаларында Түркия, Әзірбайжан өкілдіктерімен және «Тюрсксой» халықаралық ұйымымен бірге қазақ және түрік халықтарының дәстүрлері мен ұлттық билерін көрсететін мәдени концертті өткізді.

2018 ж. 18 қыркүйекте Дипломатиялық миссия Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетімен (Семей қаласы) бірлесіп София техникалық университетінде қазақ тілі мен мәдениетін зерделеу орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты - қазақ халқының қазақ тілін, әдебиетін, мәдени және рухани құндылықтарын танымал ету.

2018 ж. 16 қазанда Тбилиси қаласында (Грузия) өткен Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерінің спорт министрлерінің конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Болгария Республикасы Жастар және спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоылды.

Қазақстан және Болгария арасында спорт саласындағы қарым-қатынастың тарихы тамаша оқиғаларға ие. Атап айтқанда 2005 жылдан бері ҚР Премьер-лига футбол клубтарында кәсіпқой болгарлық футболшылар ойнайды. Қазақстандың спортсмендер Болгария өткізілетін жарыстарғы тұрақты түрде қатысып отырады. Осылайша, 2018 жылғы 22 тамызда Болгарияда Қазақстан шаңғы жарысы бойынша ұлттық құрама командасының спортшылары «Сивен Кубогі» халықаралық жарысына қатысты. Олар 9 жүлделі орынға ие болды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 2.04.2019, 13:00