Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасында инвесторлардың (бұдан әрі - инвестор) 2 санаты бар:

Инвестор

Ірі инвестор

ҚазақстанРеспубликасында АЕК-тің* екімиллионнан аспайтынмөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.

Қазақстан Республикасында АЕК-тің* кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.

*АЕК - Айлық есептiк көрсеткiш (Қазақстанның 2018 жыоғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК-тің мөлшері 2525 теңгені құрайды)


Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қолдау шараларын жүзеге асырады және инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.


Инвестициялық преференциялар

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты:

  • экономиканы дамыту үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту;
  • қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру;
  • қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялардың преференцияларын беру болып табылады және төменде көрсетілген мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
  • «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
  • басқа да уәкілетті органдар.

Инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар болып табылады және төменде көрсетілген ұйымдарға беріледі:

  • Инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары*;
  • инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік компаниялар;

*Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумығында инвестициялық жобалардың келесі түрлері іске асырылады:

Инвестициялық жоба

Инвестициялық

басым жоба

Арнайы инвестициялық

жоба

Инвестициялықжоба мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобасын, оның ішіндеконцессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілгенжәне (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңаөндiрiстер құруға, жұмыс iстептұрғандарынкеңейтуге және (немесе) жаңартуғаинвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.

Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызметтүрлерi бойынша инвестициялық басым жоба деп:

  • жаңаөндірістердіқұру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына АЕК-тің екімиллион еселенгенмөлшерінен кемемес мөлшердегіинвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;
    • жұмысістептұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңартубойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішіндеөнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) АЕК-тің бесмиллион еселенгенмөлшерінен кемемес мөлшердегіинвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.

Арнайы инвестициялық жоба деп АЭА-ға* қатысушынемесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманыиеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлікқұралдарын өнеркәсіптікқұрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.

*АЭА – арнайы экономикалық аймақ.


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАҒА арналған преференциялар

1.төменде көрсетілген жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босату:
  • технологиялық жабдықтың (инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлардың) импорты кезінде - инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге;
  • технологиялық жабдықтың жинақтауыштары бөлшектерiнiң (технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктердің) импорты кезiнде - инвестициялықкелiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарттiркелген кезденбастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге;
  • технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiңимпорты кезiнде - 5 жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарайжәне инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы Үкiметiтің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерiнiңтiзбесiнесәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi;
  • шикiзаттыңжәне (немесе) материалдардың (кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауардың) импорты кезiнде - жұмыс бағдарламасы (өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымша) бойынша тіркелген активтер пайдалану берілген күннен бастап 5жыл мерзімге.
2.шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын ҚҚС-тан* босату – инвестициялық келісімшартқа сәйкес мерзім бойынша.

3.мемлекеттiк заттай гранттар (инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берілетiн Қазақстан Республикасының мүлігі*) – оның ең жоғарымөлшерi ҚазақстанРеспубликасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң 30 %-нан аспайды.

*ҚҚС - Қосылған құн салығы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің 422-бабына сәйкес, ҚҚС ставкасы 12%-ны құрайды);

*жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАҒА арналған преференциялар

1.төменде көрсетілген жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босату:
  • технологиялық жабдықтың (инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлардың) импорты кезінде - инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге;
  • технологиялық жабдықтың жинақтауыштары бөлшектерiнiң (технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктердің) импорты кезiнде - инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге;
  • технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде - 5 жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы Үкiметiтің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi;
  • шикiзаттың және (немесе) материалдардың (кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауардың) импорты кезiнде - жұмыс бағдарламасы (өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымша) бойынша тіркелген активтер пайдалану берілген күннен бастап 5 жыл мерзімге.
2.шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын ҚҚС-тан босату – инвестициялық келісімшартқа сәйкес мерзім бойынша.

3.мемлекеттiк заттай гранттар (жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар) – оның ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң 30 %-нан аспайды.

4.басқа салықтардан босату: корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы.

5.инвестициялық субсидия (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобалардан басқа) – АЕК-тің 5 миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде Қазақстан Үкіметінің қауоысы бойынша берілетін бюджеттік субсидия. Субсидияның мөлшері - инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін.


АРНАЙЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАҒА арналған преференциялар

1.төменде көрсетілген жабдықтардың импорты кезінде арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап 15 жылдан аспайтын мерзімге (бірақ АЭА-ның әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге) кедендік баждар салудан босату:
  • технологиялық жабдықтың (инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлардың) импорты кезінде;
  • технологиялық жабдықтың жинақтауыштары (технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктердің) мен қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде;
  • шикiзаттың және (немесе) материалдардың (кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауардың) импорты кезiнде;
  • арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде.
2.шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын ҚҚС-тан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босату.



Преференциялар

Инвестициялық жоба

Инвестициялық басым жоба

Арнайы инвестициялық жоба

Жаңа өндірістерді құру (фабрика, зауыт, цех)

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту)

Кедендік баждар салудан босату

+

+

+

+

Мемлекеттiк заттай гранттар

+

+

+

Инвестициялық субсидия

+

Келесі салықтардан босату:

импорт бойынша ҚҚС

+

+

+

+

Корпоративтік табыс салығы

+

+

+

Жер салығы

+

+

+

Мүлік салығы

+

+

+


Инвестициялық преференциялар беру шарттары

Инвестициялық преференциялар Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерiнің тізбесіне сәйкес инвестициялық жобалардың іске асыруына ниет білдіретін қазақстандық заңды тұлғаларға (жоғарыда көрсетілген ескертпені қараңыз) ғана беріледі.

Инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:

Инвестициялық жоба бойынша –

1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;
2) заңды тұлға Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерi тізбесінің 1-бөлігіне сәйкес қызметті жүзеге асырады;

Инвестициялық басым жоба бойынша –

1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;

2) заңды тұлға АЕК-тің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады;

3) заңды тұлға Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерi тізбесінің 2-бөлігіне сәйкес қызметті жүзеге асырады;

4) заңды тұлға:

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;

5) мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі 26 %-дан аспайды.

Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.

Осы тармақшаның ережелері мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;

6) лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмайды;

7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.

Арнайы инвестициялық жоба бойынша –

1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес АЭА-ға қатысушы ретінде тіркеледі;

2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркеледі;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;

4) заңды тұлға Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерi тізбесінің 1-бөлігіне сәйкес қызметті жүзеге асырады;


Болгарияның азаматтары үшін визасыз режим

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде визасыз кіре/кете алады және транзитпен өте алады.


Шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі

2017 жылы Қазақстанның ҮкіметіДүниежүзілік банкімен бірлесіп 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Осылайша, инвестициялық стратегияның ережелеріне сәйкес, экономиканың басым салалары:

  • Тамақ өнеркәсібі
  • Пайдалы қазбаларды терең өңдеу
  • Металлургия
  • Химия және мұнай химиясы
  • Машина жасау

Жоғарыда аталған басым секторлардағы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде шетелдік жұмыс күшін тарту квоталар мен рұқсаттарсыз жүзеге асырылады (жоғарыда көрсетілген артықшылықтарға қосымша).


Инвестициялық омбудсмен

Қазақстан Республикасында Инвестициялық омбудсмен құрылды және табысты жұмыс істейді. Ол Қазақстандағы инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Мәселелерді объективті қарастыру және оларды шешу үшін алқалы ұсынымдарды шығару мақсатында Инвестициялық омбудсмен жұмыс тобын құрды, оның құрамына Қазақстанның келесі мемлекеттік органдары бірінші басшыларының орынбасарлары кірді: Бас прокуратурасы, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


«Бір терезе» арқылы инвесторларға қызмет көрсету

Қазақстан Республикасында инвесторлар үшін «бір терезе» тетігі жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 282 - бабына сәйкес:

Инвесторлар үшiн «бiр терезе» қағидасы деп инвесторлардың құжаттарды жинау және дайындауға қатысуын барынша азайту және олардың мемлекеттік органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, уәкiлеттi орган тарапынан инвесторларға мемлекеттік қызметті көрсететін орталықтандырылған нысан болып табылады.

Бүгінгі күні, инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барлық мемлекеттік қызметті және Инвесторларға қызмет көрсету орталығында (Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр, 32/1, «Transport Tower» ғимараты, 1-ші қабатында) және Қазақстан Республикасының Инвесторларға қызмет көрсету секторларында ала алады, сондай-ақ оларды алу мәселелері бойынша консультация алуына болады.


Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының тізбесі:

1) Нұр-Сұлтан қаласында: Есіл ауданының бөлімі, «Санкт-Петербург» бизнес орталығы, Достық көшесі, 20; Есіл ауданының бөлімі, (Сауран көшесі, 7);

2) Алматы қаласында: Медеу ауданының бөлімі, (Марков көшесі 44); Бостандық ауданының бөлімі, (Ходжанова көшесі, 9А); Әуезов ауданының бөлімі, (Жандосов көшесі, 51);

3) Ақмола облысында: №2 бөлім, Көкшетау қ., Абай көшесі, 96 мекенжайында орналасқан;

4) Ақтөбе облысында: №1 бөлім, Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 109 мекенжайында орналасқан;

5) Алматы облысында: Талдықорған қалалық бөлімі, Тәуелсіздік көшесі, 67В мекенжайында орналасқан;

6) Атырау облысында: № 1 бөлім, Атырау қ., Сәтбаев көшесі, 23 мекенжайында орналасқан;

7) Шығыс Қазақстан облысында: №3 қалалық бөлім, Өскемен қ., Белинская көшесі, 37а мекенжайында орналасқан;

8) Жамбыл облысында: №1 бөлім, Тараз қ. К.Қойгелді көшесі, 158А мекенжайында орналасқан;

9) Батыс Қазақстан облысында: №1 бөлім, Орал қ., Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан;

10) Қарағанды облысында: №7 бөлім, Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі, 10/5 мекенжайында орналасқан;

11) Қостанай облысында: № 1 бөлім, Қостанай қ., Таран көшесі, 114 мекенжайында орналасқан;

12) Қызылорда облысында: № 1 бөлім, Қызылорда қ., Мұратбаев көшесі, 2е мекенжайында орналасқан;

13) Маңғыстау облысында: Ақтау қалалық бөлімі, 15 мкр. 67б мекенжайында орналасқан;

14) Павлодар облысында: № 3 бөлім, Павлодар қ., Павлов көшесі 48 мекенжайында орналасқан;

15) Солтүстік-Қазақстан облысында: №1 бөлім, Петропавл қ., М.Әуезов көшесі 157 мекенжайында орналасқан;

16) Түркістан облысында: №2 бөлім, Шымкент қ., Мәделі Қожа көшесі, 1г мекенжайында орналасқан.

Қосылған : 11.02.2019, 19:00, Өзгертілген : 11.02.2019, 19:00