Экономикалық ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық

Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ел ретінде көреді. Ал Қазақстан Болгарияны Балқандағы транзиттік энергия орталығы ретінде және ЕО көлік жобаларындағы байланысы ретінде қызығушылығымен қарайды. Болгария Еуропалық Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан мемлекет бола отырып, Болгарияның 2007 жылы ЕО-ға кіргеннен бері сауда-экономикалық әріптес ретінде маңыздылығы өсті.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Болгария арасындағы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 165,5 млн. АҚШ доллар құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстарғанда 28,2 млн. АҚШ долларға төмен (193,7 млн. АҚШ доллар). 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Болгарияның инвесторларынан келген тікелей инвестициялардың жалпы табысы 2,5 млн. АҚШ долларын құрады.

2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның Болгарияға экспорты 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстарғанда 22,7 млн. долларға төмендеп, 141,5 млн. АҚШ долларын құрады. Болгарияның Экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстаннан Болгарияға экспортталатын негізгі тауар шикі мұнай (97,6 %) болып табылады.

2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның Болгариядан импорты 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстарғанда 5,4 млн. АҚШ долларына төмендеп, 24 млн. АҚШ долларын құрады. Болгарияның Экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстаның Болгариядан импортталатын негізгі тауар мынадай: дәрі-дәрмектер - 32%, тақталар, панельдер, консолдықтар, үстелдер, шкафтар - 13,5%, сымды телефонияға арналған электр жабдықтары - 8,2%, электрбатареялар - 5% болып табылады.

Анықтама: Болгарияның Ұлттық статистика институтының деректеріне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-қазаң аралығында екіжақты тауар айналымы 24,7 млн. еуроны құрады. Қазақстанға тауар экспорты 20 млн. еуроны құрады. Бұл 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстарғанда 1,8 %-ға артық (19,9 млн. еуро). Қазақстаннан тауар импорты 4,45 млн. еуроны құрады. Бұл 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстарғанда 62,6 %-ға төмен (11,9 млн. еуро).

Қазақстан Респубоикасында болгар тарапының қатысуымен 95 заңды тұлға, филиал және өкілдік тіркелген. Соның ішінде: көтерме және бөлшек сауда 27 компания; қызметтер көрсететін 17 компания; 11 құрылыс компания; кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы 10 компания; әкімшілік және қолдау қызметтері саласындағы 9 компания; өңдеу өнеркәсібіндегі 5 компания; тасымалдау және сақтау жөніндегі 4 компания; жылжымайтын мүлікпен операциялардағы 4 компания; сумен жабдықтау бойынша 2 компания; ақпараттық және коммуникациялық 2 компания; тұрғын үй және тамақтану саласындағы 2 компания; тау-кен қазу өнеркәсібіндегі 1 компания; өнер, ойын-сауық және демалыс салаларындағы 1 компания.

Өз кезегінде, Болгарияда 36 қазақстандық компания және 250 сауда өкілдігі тіркелген. Оның ішіндегі ең ірі – «Ромпетрол Болгария», оның ел бойынша жанар-жағармай кұйю станциялар желісі бар.

2015 жылғы сәуірден бері Софияда Болгар-Қазақстандық сауда палатасы (БҚСП) жұмыс жасайды, сол жылғы қараша айынан бері Нұр-Сұлтанда Қазақстандағы БҚСП кенсесі ашылды.

Қазақстан-Болгар экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттары тоқыма өнімдері, халық тұтынатын тауарларды (фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, энергетика, инженерия мен технология, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, туризм, заманауи бальнеология және курортология) өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру болып табылады. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі қызығушылық туындауда.

2015 жылғы 21-22 мамырда Болгария Республикасының Экономика министрі Б.Лукарски 8-ші Астана экономикалық форумына қатысты. Форум шеңберінде Б.Лукарски және оның қазақстандық визави Е.Досаевпен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерді бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы, сондай-ақ екі ел арасындағы тұрақты рейстерді ашу мүмкіншіліктерді талқылады. Б.Лукарски Болгария-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасын ашты және Қазақстанда жұмыс істеп жатқан екі Болгар компаниясының өкілдері – «TAL Engineering Kazakhstan» және «PraymSolar» өкілдерімен кездесті.

Анықмата: «TAL Engineering Kazakhstan» компаниясы қасбалық металл және пластикалық конструкциялар түрінде жоғары технологиялық өнімдер шығаруға мамандандырылған және «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын салуға инвестициялады. «PraymSolar» компаниясы жаңартылатын энергия көздері саласында жұмыс істейді, ол суды сорғылар мен тұзсыздандыру жүйелеріне фотоэлектрлі жасушалар шығарады.

2018 жылғы 2 қарашада Софиядағы Сауда-өнеркәсіп палатасында және 26 қарашада Бургас қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасында «Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізу мен экономикалық ынтымақтастық» атты бизнес-брифингтер ұйымдастырылды. Қатысушыларға Қазақстандағы экономика әлеуеті, сондай-ақ әлеуетті инвесторларға еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалдар жаң-жақты жеткізілді. Бұл ретте, Түркістан облысының инвестициялық ұсыныстары ұсынылды.

Үкімераралық комиссия.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгар ҮАК Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген. Комиссияның болгар бөлігінің тең төрағасы - Болгария Республикасының Экономика министрі Е.Караниколов, ал қазақстандық тарапынан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова.

ҮАК-тің бірінші отырысы 1998 жылғы 12-13 наурызда Софияда өтті, ал екінші отырыс 2004 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылды. Болгария 2007 жылы Еуропалық Одағына кіруіне байланысты экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім Болгария тарапынан күші жойылды, ал ҮАК уақытша тоқтатылды. Дегенмен 2011 жылы экономикалық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылып, 2012 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енді.

2014 ж. 24-25 наурызда София қ. Қазақстан-Болгар ҮАК-тің үшінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі К.Абсаттаров, ал болгар тарапын БР Өңірлік даму министрі Д.Терзиева басшылықтарымен өтті. Бұл отырыста екі елдің үкімет және іскер топтарының өкілдері қатысты.

2016 ж. 9-10 маусымда ҮАК-тің төртінші отырысы Нұр-Сұлтанда өтті. ҚР делегациясын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дуйсенова, ал болгар делегациясын БР Өңірлік даму министрі Л.Павлова басқарды. Аталған Комиссия отырысында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, спорт саласындағы ынтымақтастық және құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар екі жақты теміржол және көліктік ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕООД «БДЖ-Грузовые перевозки» және «KTZ Express» АҚ арасындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеті туралы меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы сәуір айында София қаласында ҮАК-тің 5-ші отырысын өткізу жоспарлануда.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 2.04.2019, 13:00