Апостиль туралы

Қазақстан Республикасының мекемелері берген құжаттарды

«APOSTILLE» мөрімен растау жөніндегі

АҚПАРАТ

Қазақстан легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы

Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, Қазақстанның әртүрлі мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Болгария аумағында танылу үшін қазақстандық құзыретті органдарда «APOSTILLE» мөрімен растаулы қажет.

Қазақстандық құжаттарға «APOSTILLE» мөрін қою үшін ҚР-дің Болгариядағы Елішілігінің Консулдық бөліміне жеке өтініш жасап, келесі құжаттарды үш данадағы көшірмесімен бірге тапсыру қажет.

  1. толық мекенжай мен байланыс телефондар көрсетілген еркін үлгідегі Бас консулдың атына өтініш – 3 дана;
  2. жолданатын құжаттың түпнұсқасы және 3 дана көшірмесі;
  3. Паспорттың көшірмесі– 3 дана;
  4. есепшотқа 30,- ЕВРО (бір құжат үшін) аударғандығы туралы түбіршектің түпнұсқасы:

БАНКОВА СМЕТКАна Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235Банков код (BIC): UNCRBGSF
Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

ҚР Елішілігінің есеп шотына қателесіп аударған жағдайда немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).

Апостиль мөрін қою үшін Қазақстан Республикасына жолданған құжаттарды өңдеу мерзімі 3-6 ай және оданда ұзақ мерзімді құрайды.

Қосылған : 16.04.2017, 00:00, Өзгертілген : 16.04.2017, 08:00