Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың айрықша ерекшеліктерінің бірі мәдени-гуманитарлық байланыстардың берік болуы болып табылады. Бұл саладағы қарым-қатынасымыз жоғары деңгейге жетті. Халықтарымыз арасындағы, әсіресе мәдени-гуманитарлық салада, бірқилы көпір рөлін атқаратын Қазақстандағы корей диаспорасы үлкен маңызға ие.

Каннам университетінде Қазақстантану кафедрасы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Хангук шет тілдер университетінің Орталық Азияны зерттеу кафедрасында қазақ тілі оқытылады.

Тараптар тұрақты түрде түрлі мәдени шаралар өткізеді. Соңғы жылдары Корея Республикасына А.Мұсаходжаева мен «Солистер академиясы», Г.Мурзабекова, Ж.Әубәкірова, Н.Усенбаева, «Елимай», «Іскер», «Нарын», «Адырна», «Алтынай», «Дидар», «Наз» және «Дәурен» топтары концерттерімен келді. Қазақ мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі мен Сеул филармониялық оркестрі арасында серіктестік орнатылды. Қазақстанның Корея Республикасында және Корея Республикасының Қазақстандағы мәдени жылдары өтті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның өңірлері арасында қарым-қатынастар дамуда.

Екі елдің астаналары арсында бауырлас-қатынастар орнатылды (2004 ж.). Сонымен қатар, Ақтау мен Чханвон қалалар арасында достастық протоколына қол қойылды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және басқа да областардың қатысуымен екі ел арасында сауда –инвестициялық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Қосылған : 21.12.2017, 18:50, Өзгертілген : 28.11.2018, 18:50