Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің Малта Республикасына жұмыс сапары туралы

2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы (Мальта Республикасын қоса алғанда) Төтенше және өкілетті елшісі С.Нұртаев Малта Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Мальта парламентінің депутаттары палатасының спикері А.Фарруджиамен екіжақты кездесу өткізіп, қазақстан-мальта арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударылды.

Қазақстан-мальта парламентаралық диалогты әрі қарай дамыту, сондай-ақ тараптар арасында серіктестік қарым-қатынастарды орнату перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Екі елдің халықтары мүддесінде белсенді өзара іс-қимылдарды жалғастыру және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында мальта-қазақстан парламентаралық достық тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сұхбат қорытындыларының нәтижесінде елші С.Нұртаев Мальта парламентінің спикері А.Фарруджиаға 2019 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің 4-ші кездесуіне қатысуға шақырды.

Қосылған : 5.03.2019, 14:00, Өзгертілген : 5.03.2019, 14:00