Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі ел арасында тұрақты негізде мәдени іс-шаралар (концерттер, кино және мәдениет күндері, көрмелер және т.б) өткізіліп тұрады.

Қазіргі уақытта бірқатар қазақстандық университеттер Миландағы Санта Куоре Университетімен әлеуметтік жұмыс менеджменті саласында бірге қызмет істеп келеді.

Феррара және «КИМЭП» университеті арасында салық заңнамасы саласындағы ынтымақтастық жалғасуда. Әл-Фараби атындағы ҚАЗМУ Рим, Флоренция, Болонья, Катания, Падова, Триест, Венеция және Пиза сияқты қалаларының Университеттерімен табысты қызмет істеп келеді. Болонья Университеті мен қазақстандық Халықаралық бизнес университетінің (UIB) арасындағы өзара іс-қимыл жалғасуда. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Рим қаласындағы Сильвио Д'Амико атындағы Драмалық өнердің Ұлттық академиясымен және Флоренция қаласының Әсем өнерлер академиясымен әріптестікті дамытуда. «Астана медицина университеті» АҚ және «Ла Сапиенца» Рим университеті арасында орнатылған стратегиялық әріптестік шеңберінде ынтымақтастық жалғасуда.

«Астана Опера» және Генуя қаласындағы Карло Феличе театрының арасында ынтымақтастық дамуда. «Астана Опера» театрының Милан қаласының "Ла Скала" және Неаполдағы "Сан Карло" театрларымен өзара әрекеттестігі жалғасуда. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 ж. қараша айында «Карло Феличе» театрында генуялық көрерменге «Астана Опера» әртістері «Париж Құдай анасының соборы» балетін ұсынды.

2017 ж. сәуірде КЕАҚ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» және «Accademia Teatro alla Scala» арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. 2017 ж. мамырда Қазақ ұлттық өнер университеттерінің студенттеріне Италияның Өнер туындыларын жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу Институты Халықаралық оқыту жобалары бағдарламасы бойынша тегін теориялық және тәжірбиелік курстары Флоренция қаласындағы институт қарамағындағы зертханаларында ұйымдастырылды.

Итальяндық коғамдастық Қазақстанның мәдени жетістіктерімен белсенді танысуда. 2017 ж. сәуірде Рим және Милан қалаларында қазақстандық кино күндері сәтті өтті, оның аясында алғаш рет еуропалық жұртшылыққа «Анаға апарар жол» атты фильмінің тұсау кесер көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 2017 ж. мамырда Лекко және Эзино-Ларио қалаларында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерге сәйкес, еліміздің рухани құндылықтары мен мәдениетіміздің озық үлгілерін насихаттау, сондай-ақ ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында мәдени байланыстарды дамыту мақсатында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртістері Италия халқына Ұлы дала әуендерін таныстырды.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына орай 2017 жылғы желтоқсан айында Рим, Фермо, Ези және т.б. қалаларында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, сондай-ақ, Павлодар облыстық филормониясының симфоникалық оркестрінің гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды.

2018 жылдың қаңтар айында, Ка Фоскари Университетінің кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылуы орын алды. Орталыққа ҚР Президентінің халықаралық саяси аренадағы рөлі туралы кітаптары, сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде белгілі қазақ жазушыларының шығармалары ұсынылды. Кітапханаға жалпы 200-ден астам кітап сыйға тартылды.

2018 ж. қаңтарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің делегациясы Италияның үздік университеттерімен ынтымақтастық орнату мақсатында Рим қаласына жұмыс сапары орын алды.

2018 ж. сәуірде «Болашақ» бағдарламасының делегациясы Италияның үздік университеттерімен ынтымақтастық орнату мақсатында Рим, Флоренция және Пиза қалаларына жұмыс сапары орын алды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 14.05.2018, 16:40