Экономикалық ынтымақтастық

2017 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9,6 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт – 8,6 млрд. АҚШ доллары, импорт – 945,2 млн. АҚШ доллары). Италия бүгінгі күнге дейін ҚР сауда әріптестері елдері арасында үшінші орында тұр (Қытай мен Ресейден кейін). Энергетика, табиғи ресурстарды барлау және өндіру, құрылыс, инфрақұрылым, көлік, коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, консалтингтік қызметтер мен т.б. екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары болып табылады.

Қазақ-итальян сауда тауарлық құрылымы көптеген жылдар бойы негізінен өзгеріссіз қалды. Қазақстандық экспорт отын және шикізат бағытын (шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминозды материалдардан алынған мұнай өнімдері, сұйық отын (мазут), сондай-ақ бидай) қамтиды. Екінші маңызды топқа - металлдар мен олардан жасалған бұйымдар (мырыш, алтын, мыс және ферроқорытпалар). Италиядан әкелінетін негізгі тауарлар – халықтық тұтыну тауарлары. Машиналар мен жабдықтар да басым.

Италия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында экономикалық және өнеркәсіп ынтымақтастығы мен алмасу жөнінде үкіметаралық жұмыс тобы құрылған (ҮЖТ). 2018 жылғы ақпанда Рим қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары А.Жұмағұлов пен Италия Республикасының Министрлер Кеңесі Президенті жанындағы министрінің орынбасары Паола Де Микеленің төрағалығымен ҮЖТ 8-ші отырысы өтіп, оның аясында жақын келешекке екіжақты қарым-қатынастың негізі қаланды. ҮЖТ 9-ші отырысы 2019 жылы Астанада өткізілуі жоспарланған.

2017 жылдың соңында Қазақстандағы қазақстандық-италиялық бірлескен кәсіпорындар саны 368 жетті.

2018 жылдың ақпан айында «Бәйтерек ҰБХ» АҚ делегациясының Италия Республикасына сапары орын алып, оның аясында Қазақстан-итальян Іскерлік кеңесі құрылды.

Италия Республикасы “Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына белсене қатысуы ұлттық павильонның ұйымдастырылуында (жарты миллионнан астам келуші, 3 миллион еуро көлемінде инвестиция), итальяндық өңірлердің (15 аймақ) өкілдігін ұйымдастыруында, әртүрлі іскерлік делегациялар мен елдің мәдени мұрасын кеңінен таныстыруында көрініс тапты.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 23.12.2016, 16:38