Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәлімет


1992 жылғы 21 тамызда - Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым - қатынастар орнатылды.

1992 жылғы қазанда – Италия Республикасының Қазақстан Республикасында Елшілігі ашылды.

1996 жылы - Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі ашылды.

2015 жылғы қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып С.Нұртаев тағайындалды.

2018 жылғы сәуір айынан бастап П.Д'Авино Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті.

Саяси қарым-қатынастар

ҚР Президенті Н.Назарбаев Италияға ресми сапармен 1994, 1998, 2003, 2009 жылдары барды. Аталған сапарлардың барысында екіжақты қарым-қатынастардың негізі қаланды. 2009 жылы Мемлекет басшысының сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды.

1997 жылы Италияның Президенті О.Л.Скальфаро Қазақстанда ресми сапармен болды.

Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Проди 1997 жылы және 2007 жылы Қазақстанға сапармен келді. 2008 жылы (қысқа мерзімді) және 2010 жылы (ЕҚЫҰ саммиті) Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы С.Берлусконидің Қазақстанға сапары өтті. 2014 жылдың 12 маусымында Италияның Министрлер Кеңесінін Төрағасы М.Ренци Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. 2014 жылғы 17 қазанда Миланда «Азия-Еуропа» Форумының 10-шы Саммиті шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаев Италия Премьер – министрі М.Ренцимен екіжақты кездесу өткізді.
2015 жылғы 27 маусымда ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР-ның көп салалы ЭКСПО көрмесінің жұмысына қатысу шеңберінде Милан қаласында сапарымен болды. Сапар барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев Италия Премьер – министрі М.Ренцимен екіжақты кездесуі орын алды. "Милан ЭКСПО-2015" халықаралық көрмесі алаңында Қазақстан Республикасы Президенті мен Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасының қатысуымен қазақстандық-италиялық бизнес-форум өткізілді.

Италияның Парламентінде және ҚР Парламенті Мәжілісінде парламентаралық достық топтары құрылған. Парламентарилердің арасындағы байланыстардың нығаюына 2017 ж. мамыр айында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.Исимбаеваның Италия Республикасына жұмыс сапары септігін тигізді.

Екіжақты ынтымақтастықтың дамуына «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрменің өткізілуі айтарлықтай серпін жасады. Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Б.Делла Ведова (көрменің ашылу рәсімі) мен Экономикалық даму министрінің орынбасары И.Скальфаротто (Италияның ұлттық күні) бастаған италияндық ресми делегациялардың сапары қазақстан-италияндық екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 14.05.2018, 16:35