"Астана Опера" балет труппасы «Карло Феличе» театрының сахнасында өнер көрсетті

Ағымдағы жылдың 20 -23 желтоқсаны аралығында «Астана Опера» балет труппасы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Италияда қазақстандық өнер көрсетті. «Карло Феличе» генуэз театрының сахнасында П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» жаңа жылдық балеті жоғары деңгейде өтті.
Гастроль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Италия көрермені әлем бойынша ең сүйікті және сұранысқа ие балеттердің бірін аты аңызға айналған КСРО Халық әртісі Юрий Григоревичтің орындауында көрді. «Щелкунчиктің» барлық спектакльдеріне билеттер гастрольдер басталмай –ақ сатылып кеткен еді. Залда балет өнерінің мәнін түсінетін және де өздері үшін театрдың ғажайып әлемін енді ғана ашып жатқан өте жас көрермендер жиналды.
Көрермендер көлемді декорацияларды, жасанды бутафорияны және сахна жиһазының басты құндылығы – көз алдарында өскен шыршаға жоғары баға берді, ол шырша жанында балериналар ғажайып ертегідегі балалар тәрізді көрінді.
Басты партияларды Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері орындады. Мари рөлінде - Әйгерім Бекетаева, Мәдина Бесбаева, Әнел Рүстемова, Щелкунчик-Ханзада рөлінде Бахтияр Адамжан, Таир Гатауов, Еркін Рахматтулаев өнер көрсетті.
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресей Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. «Карло Феличе» театрының симфониялық оркестрі және хоры «Астана Опера» театрының дарынды дирижерлері Қазақстанның Еңбегі сіңген қайраткерлері Абзал Мухитдинов пен Арман Оразғалиевтің басшылығымен өнер көрсетті.

Қосылған : 23.12.2018, 21:00, Өзгертілген : 23.12.2018, 21:00